Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№25 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Киелі кәсіп иесі

Мен «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына көзімнің ағы мен қарасы – екі бірдей құлыншағымды «балалардың сал ауруы» (ДЦП) деген диагнозбен алып келдім. Екеуінің де көзі жақсы көрмейтін әрі қыли болатын.  Үлкен қызым 2010 жылдың қараша айына дейін жүре де, сөйлей де, тіпті басын дұрыс ұстай да алмайтын.  Қызымның оң жағы толық салданып қалған еді. Қол-аяғын  қанша тырмысса да еркін қимылдата алмады.   Бір беті үнемі ісіп тұратын. Жергілікті және шалғайдағы емханаларды түгел араладық. Мамандар қызымның  бір көзі көрмейтінін растап берді. «Жас-Ай» медицина орталығына қараша айының басында келіп, бірінші курс ем қабылдадық. Шипалы ем алтын ине алудан, шөптермен қыздырудан басталды. Нүктелі уқалау, тоқ массаж және аяқ массажы жасалды. Шөп дәрілерін үнемі ішіп тұрдық. Банкі қойды.


Алғашқы курстан кейін-ақ қызымның аяғы қимылға келіп, бір көзі көре бастады. Бұрын барған жерлеріме қайта барып тексеріліп едім, дәрігерлер қызымның шырағы жана бастағанын айтты. Тілі ләм-мим деп сөйлеуге келді, сөздерді жайлап айтып, бірте-бірте өздігінен  жүре бастады. Қолы да еркін қимылдай бастады. Ұйқысы тынышталды. Ал екінші курс емнен кейін қызым жүріп кетті. Қазір шөлдеп тұрғанын жеткізеді, қандай тамақ ішкісі келетінін айтады.

Балалардың сал ауруынан теперіш көріп отырған ұлым да осы орталыққа келгенде  еңбектемек түгіл, отыра да алмайтын. Басында сары су болды. Басы жиі ауыратын. Бірінші курстан соң ұлым еңбектей бастады, кереуетке өзі шығып-түсетін болды. Айналасына зер салып, ойыншықтарға қызығушылығы артып, ойнай бастады. Екінші курстық емді 2011 жылдың наурыз айының соңында келіп қабылдадық. Осы емнен кейін ұлым жүріп кетті. Сөйлей бастады. «Мама», «папа», «ата» деп айтып,  бәрімізді шексіз қуанышқа бөледі.

Қызым да, ұлым да бұрын № 2 балалар емханасында есепте тұрды, ауруханаға жылына екі рет жататынбыз. Ақ халаттылар «бұл дерт емделмейді, мүмкін болған күннің өзінде 5-6 жасында бірақ жүреді. Онда да бір жағына қарай қисайып жүретін болады, тілі шықпайды, жасы келгенде мүгедек балалардың  арнаулы мектебіне оқуға бересіңдер» деді. Кейіннен «Ақсай» Республикалық клиникалық балалар ауруханасына, кейіннен Астанадағы ауруханаға барып жаттық. Ол жерде де осы диагноз бойынша ем қабылдағанбыз, бірақ нәтиже болмады. Біз Алматы қаласында «Жас-Ай» деген киелі емдеу мекемесі бар екенін осы «Ақсай» ауруханасында  жатқанда бір әжейден естідік. Ол кісінің айтуынша,  жиенінің екі аяғы салданып жүре алмай қалыпты. Жасанның емінен кейін жүріп кеткендігін айтты. Мен ол баланы өз көзіммен көрдім де, қазір мектепке барып жүр екен. Содан кейін бірден осы орталыққа көңіліміз ауды. «Жас-Ай» медицина орталығына келіп емделгеннен кейін көзіміз ашылды, бетімізге шырай кіріп, тұнжыраған қабағымыз ашыла бастады. «Жас-Айда» алған алғашқы емнен кейін квота бойынша Астанадаға оңалту орталығына қайта барып жаттық. Сонда  дәрігерлер баламыздың денсаулығының жақсарып келе жатқанын, толық жазылып кетуге әлі де үміт көп екенін айтты. Мұның барлығы, құрметті Жасан Зекейұлы және сіз тәрбиелеп отырған шәкірттердің арқасында деп білемін.  Кешенді емнің нәтижесі деген осы. Киелі кәсіп иесінің бізге істеген  жақсылығын еш ұмытпаймыз.

Жасан Зекейұлы, қазақтың сіздей ұлы болғанына мың тәубе. «Бала – бауыр етіміз» емес пе?. Осылардың өмірге деген құштарлығын оятып, денсаулығын дұрыстап бергендеріңіз үшін мың алғыс.

Қасенова Динара Ғабитқызы

 

Балалардың асқазан қабынуы

Асқазан қабыну жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бұл ауру оқу жасынан жоғары балаларда көп кездеседі.

 

Кейбір ата-аналар балаларын өте еркелетіп жібергендіктен, олардың жеймін деген ұсақ-түйек жемектіктерін көптеп алып береді.Кейбір жарнамалардағы «мына ішімдік, ана қуаттандырғыш дәрі балалардың тәбетін арттырып, дене қуатын күшейтеді» деген мақтауларға артық сеніп, оларды артық тұтынудан балалардың асқазан қызыметі бұзылады. Яғни асқазан қабынуы пайда болады. Оның мынадай түрлері бар:

А) Асқазанның жедел қабынуы. Бұл көбінесе шикі, суық тағамдарды артық мөлшерде жеуден және тазалығы нашар тағамдарды жеуден туылады. Тамақ ішкеннен кейінгі бір сағаттан бір тәулікке дейінгі аралықта ауру белгісі байқалады. Көбінде құсады, жоғарғы құрсақ бөлімі ауырады, асқа тәбеті тартпайды. Бұған үнемі ішек қабыныу, іш өту қосылып келеді, ауыр болғанда сусыздану  туылып денесі қызады. Денелік тексеру жүргізгенде, тек жоғары құрсақ бөлімі мен кіндіктің айналасын басқанда аздап ауырады, ішек шұрылдайды.

Бұл түрдегі асқазан қабынуға үнемі іш өту қосылып келетіндіктен, емдеу қағидасы негізінен іш өтуді емдеу әдістерімен ұқсас болады.

Б) Созылмалы асқазан қабынуы. Балалардың көбі іші қайта-қайта ауру себепті шипагерге тексеріледі. Басқадай типтік ауру белгісі бомлағанда, көбінде ішек жолы паразит құрт ауруы, асқазан-ішек жолдарының түйіліп қалуы, ас қорытуы нашар болу қатарлы қате диагноздар қойылып қалады.

Таяудағы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, асқазан қақпақшасы бұранда тәрізді таяқша бактериясының(HP) инфекциялауы созылмалы асқазан қабынуының негізгі ауру себебі екендігі анықталды.

Қайта-қайта іш аурудың негізгі белгісі, кіндіктің айналасы немесе кіндіктің үсті ауырады, жасырын немесе өтпелі сипатты түйіліп ауырады. Асқа тәбеті тартпай, құсады әрі арықтайды. Өңі бозарып, қуарып кетеді. Денелік тексеру жүргізгенде, жоғарғы құрсақ бөлімін немесе кіндіктің айналасын басқанда жеңіл ауырады, қанын тексергенде қан аз болады. Мұнда асқазан айнасы арқылы ауру ошағын тіке көруге, ткан алып тексеріп диагноз қоюға болады. Мұның дұрыстық дәрежесі жоғары болады. ал рентгенде сәуле түсіріп тексергенде, көп санды балалардың ауру өзгерісі байқалмай қалатын жағдайлары болады, сондықтан диагнозды тұрақтандыруда асқазан айнасы және тірі ткан алып тексеруге сүйену керек.

Емдеу шаралары:

1)      Ауру себебін жоғалту. Астың тазалығына мән беру, аздап тамақтанып тұру, қара астықпен ақ астықты аралас тұтыну. Өте суық, өте ыстық тағамдардан және тітіркендіргіштігі күшті тағамдардан аулақ болу, оңай қорытылатын тағамдарды көбірек жеу керек.

2)      Дәрі арқылы емдеу.HP бактериясымен жұғымдалушыларға амолсиллинды қолдануға болады. Оны 0,25 грамнан 6 сағатта бір реттен ішеді, бұған метронидазолды күніне әр килограм дене салмағы бойынша 705 мг-нан қосып ішсе де болады.

3)      Запыраны күшті, өт сұйықтығы кері қойылу сипатты асқазан қабынуына домперидион гастрокинның сұйық дәрісіне урсодезоксихолык қышқылын қосып ішкізу арқылы емдеуге де болады.

Бұлшық еттер семуі

Қаңқа мен бұлшық ет – адам денесінің тірегі. Адам денесіндегі сүйектер бұлшық еттердің көмегімен қимылдайды. Бұлшық еттердің негізгі қызметі:  сүйектерді қозғалтады, ішкі мүшелерді жұмыс істетеді.  Қозғалысы: жиырылады, созылады, босайды, қатаяды. Бұлшық ет баста, мойында, кеудеде, аяқ-қолда, жүректе, бетте, ішкі ағзада т.б. болады. Адам денесі қимыл-қозғалыссыз қалса немесе бұлшық еттерге дұрыс күтім жасалмаса, семиді.

Бұлшық еттер семуі(атрофия мышц) – бұлшық ет талшықтарының біртіндеп жіңішкеруімен, бұлшық ет күш-қуатының кемуімен, тонусының өзгеруімен жүретін, бұлшық ет көлемінің кішіреюімен сипатталатын ауру. Сему әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Мәселен, көбіне жүріс-тұрысы азайған, дене белсенділігі төмендеген қарт адамдарда кездеседі, сондай-ақ буын ауруларына, түрлі жарақаттарға байланысты  қимыл-қозғалыссыз, төсек тартып  жатқан науқастар  шалдығады. Бұлшық еттер семуінің негізгі себептері: перифериялық нервтердің зақымдануы, жүйке-бұлшық еттер аурулары, жүйке қабынуы(полиневрит), ауыр металдардан улану,  зат алмасудың бұзылуы, эндокриндік және созылмалы аурулар(инфекциялық және паразиттік,  ішкі сөлденіс бездері, асқазан-ішек жолдары, біріккен тіндер аурулары т.б.), жүйелі аурулар, бұлшық ет тіндерінің зат алмасу процесіне қатысатын ферменттердің туабітті немесе жүре пайда болған жетіспеушілігі(миопатия), полиомиелиттің салдарынан жасушалардың зақымдануы, дұрыс тамақтанбау, бұлшық еттердің зақымдануы, дәрі-дәрмектер мен уыттардың (стероидтар, алкогольдік ішімдіктер,статиндер), жарақаттың салдары. Тіпті аз ғана семуден бұлшық еттердің күші кеміп,  қимыл-қозғалысы қиындайды. Балаларда бұлшық ет семуі негізінен туабітті ауру, яғни тұқымқуалаушылық бұлшық еттер нәрсізденуінен(дистрофиясы) болады.

Аурудың негізгі белгілері және клиникалық сипаты:

Аурудың бастапқы формасы бұлшық еттердің тікелей зақымдануынан көрінеді. Бұл көбіне тұқымқуалаушылық, сондай-ақ сыртқы факторлар – жарақаттану,  ұрып-соғып алу, зорығудан болуы мүмкін.   Науқас бірден қажиды, шаршайды, әлсірейді, бұлшық ет тонусы бірте-бірте кемиді, кейде саусақтардың еріксіз дірілдеуінен білінеді, яғни бұл қозғауыш жүйке жасушаларының зақымданғанын білдіреді. Бастапқыда жүгіргенде немесе көп жүргенде аяқ бұлшық еттерінде шаршағандық байқалады, кейде бұлшық еттердің еріксіз жыбырлағаны, дірілдегені білінеді. Баспалдақтан жоғары көтерілгенде аяқта ауырсыну, шаршап-шалдығу  байқалады.

Бұлшық еттер семуінің клиникалық көрінісі: жалпы әлсіздік, бұлшық еттер көлемінің айтарлықтай кішіреюі,  жүрістің бұзылуы.

Екіншілік бұлшық еттер семуі кезінде аурудың туындауына не түркі болғанын білу маңызды.   Екіншілік түрі көбіне жарақаттан кейін және ауысқан инфекциялардан дамиды. Науқастың  табан, балтыр-сирақ, білек қозғаушы  жасушалары зақымданады, соның салдарынан осы ағза мүшелерінің белсенділігі шектеліп, жекелей немесе толық салдануға алып келуі мүмкін. Көп жағдайда ауру бәсең жүріп, асқынуға ұласуы мүмкін. Мұндай жағдайда қатты ауырсыну байқалады.  Екіншілік бұлшық еттер семуі  бірнеше түрге бөлінеді:

  • Невральды миотрофия. Бұлшық еттер семуінің бұл түрінде  табан мен балтырдың өзгеруі, қисаюы  байқалады. Науқастың жүрісі бұзылады. Уақыт өте келе табан рефлексі өшіп, ауру аяқ-қолдың басқа жеріне таралады;
  • Үдемелі бұлшық еттер семуі. Негізінен ауру белгілері балалық шақта біліне бастайды. Ауру ауыр өтеді, өткір гипотониямен бірге жүреді, сіңір рефлекстерінің жоғалуы және саусақтардың дірілдеуі байқалады;
  • Аран-Дюшен бұлшық еттер семуі негізінен аяқ-қолдың жоғары бөлігінде орнығады. Емделушінің сүйекаралық бұлшық еттері және саусақ-бармақтары семиді. Қолы «маймыл қолы-білегінің» пішініндей болады.   Аяқ-қолдың сезімталдық қасиеті сақталады, бірақ сіңір рефлектері толығымен жойылады. Сему процесі үдей түседі және уақыт өте келе мойын және дене, кеуде бұлшық еттеріне зиянын тигізеді.

Семудің барлық түріне тән басты белгілері – зақымданған бұлшық еттер көлемінің кішіреюі. Әсіресе бұл ағзаның сау бөлігі мүшесімен (жұп мүшесімен,  мәселен бір қолдың екінші қолмен) салыстырғанда көзге бірден білінеді. Сондай-ақ ол аурудың жүру ағымына байланысты болады. Ауыр түрінде ауыр жүреді, бұлшық еттер тонусы кішірейеді, қолмен басып көргенде ауырғаны білінеді.

Емдеу:

Емдеу әдісі науқастың жасы мен процестің ауырлығына, аурудың түріне байланысты жүргізіледі. Бір айта кетерлігі, бүгінде аяқ-қол бұлшық еттер семуін кепілді түрде емдейтін, нақты жазып шығатын  дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Дәрігерлер де бұл ауруды нақты емдеу жолын әзірге толық білмейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу түрінде аденозинүшфосфорлы қышқылының динатрийлі тұзы (бұлшықет ішілік  инъекция) В1, В12 және Е дәрумендері, галантамин (теріасты  инъекция) және прозерин (ауыз арқылы немесе теріасты инъекциясы түрінде) тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс тамақтануға көңіл бөлу қажет. Физиотерапиялық емдеу шаралары, массаж,емдік жаттығулар, электрмен емдеу,психотерапия және рухани емдеу шаралары да жүргізіледі. Егер бұлшық еттің семуі баланың интеллектуалдық дамуының артта қалуына әкеліп соқтырса, онда оған нейропсихологиялық сеанстар тағайындалады, ол қарым-қатынастағы келеңсіздіктерді шешіп, жаңа, жақсы  ойлар ойлауға ықпал етеді. Егер ем дер кезінде жүргізіліп, емдеу әдісі дұрыс таңдалса, онда сему процесіне тосқауыл қоюға, бұлшық ет талшықтарын қалпына келтіруге, науқасты оңалтуға болады. Ол үшін дәрігердің айтқан кеңестеріне құлақ түріп, берген дәрі-дәрмектерін уақытылы ішіп тұру керек. Ең бастысы көңіл-күйді түсірмеу, жан-жүйкені жұқартпау,  аурудың дегеніне көнбеу, асқынуына жол бермеу керек. Қандай ауру болмасын оны ішкі сезім, рухани байлық, өзін-өзін қамшылау арқылы жеңуге болады.

Қызықты мәлімет

Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейінгі мөлшерді құрайды.

Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.

Ең үлкен бұлшық ет – бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.

Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1» санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

Адам ағзасындағы ең мықты бұлшық ет – тіл.

Шамамен адам денесінде 400 бен 680-нің арасында бұлшық ет болады. Саны қанша болса да, ер адам бойындағы бұлшық еттің үлесі – 40 пайызды құраса, әйел­дер­де – 30 пайызды алады. Бірақ қы­зығы, ірі денесіне қарамастан, адам бойында ең көп дегенде 700-ге жуық бұлшықет болса, кіп-кішкентай шегірткеде 900-дей бүлшық ет бар екен, ал кейбір жұлдызқұрттарда, тіпті бұлшық ет саны 4 мыңға дейін барады. Қалыпты жағдайда адам бойындағы барлық қан көлемінің ширек бөлігі бұлшық еттерде болады.

Зерттеу: Саумалдық (шпинат) адамның бұлшық етін жетілдіреді. Каролина университе­тінің ғалым­дарының айтуынша, шпи­наттың 300 грамының өзі бұлшық еттегі оттегі қажеттілігін 5 пайызға азайта­ды, соның әсерінен ет ұлпалары жылдам дами­ды. Тіпті оң нәтижеге көз жеткізу үшін көкөністі үш күн қатарынан осындай мөл­шерде жесек, жетіп жатыр екен. Ши­па­лы өнімнің құпиясы – оның құрамын­дағы нитраттар мен минералдарда. Бұл заттар ұлпаның қоректенуіне жауапты бөлшектері есебінен жасушаның энер­гиялық тиімділігін арттырады.

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

 

Ағзаны күрішпен тазалау

Ағзаны тазалау – денсаулық сақтаудың ең жақсы тәсілі. Тазаланудың қолжетімді әдісінің бірі – күрішпен тазалану. Оны жылына 1-2 рет екі аптадан бір айға дейінгі мерзімде жасау керек. Нәтижесі бірнеше күннің ішінде көрінеді. Тұла-бойыңыз жеңілдеп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Зат алмасуды, бауыр мен бүйректің қызметін жақсартады, буындарды, тамырларды, теріні тазартады. Артық салмақтан да біртіндеп құтыласыз.

 

Күрішпен тазаланудың құпиясы

Ағзаны тазалау күріштің сіңіріп алу қасиетіне бағытталған. Крахмал мен балауыздан арылған жібітілген күріш ағзадағы керексіз заттарды өз бойына сіңіреді. Тазалануға өңделмеген күрішті пайдаланған абзал. Тұзсыз диета күріштің әсерінін арттырады. Ағзаны тазалау барысында спирттік ішімдік пен темекіден бас тартқан жөн. Майлы, сүрленген, ащы тағамдарды да шектеу керек.

Күрішті дайындау тәсілі

Күріштің тазалау күші арту үшін крахмал мен балауыздан артылту қажет. Ол үшін 5 стаканды номерлеңіз. Себебі күріштің дайындалуына 5 күн кетеді. Тек алтыншы күні ғана ағзаны тазалауды бастай аласыз.

Бірінші күн.

№1 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Екінші күн.

№1 стакандағы күрішті дұрыстап жуып, суық су құйып, бетін жауып қоямыз. №2 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Үшінші күн.

№1 және №2 стакандағы күрішті жуып, үтіне таза су құямыз. №3 стаканға күріш салып, су құямыз.

Төртінші күн.

№1-3 стакандағы күрішті жуып, суын ауыстырамыз. №4 стаканға күріш салып, су құямыз.

Бесінші күн.

№1-4 стакандардағы тәртіпті қайталаймыз. Сол сияқты №5 стаканды дайындаймыз.

Алтыншы күн.

№1 стакандағы күрішті тұз, қант, май – ештеңе қоспай әзірлейміз. Ал босаған стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, бұқтырып қоямыз. Егер гастрит, асқазанның ойық жарасы сияқты аурулармен ауырмайтын болсаңыз, күрішті пісірмей жеу керек. Күрішке қайнаған су құйып, 15-20 минут бұқтырамыз. Бұл жағдайда күріштің тазалаушы қасиеті жоғары болады. Піспеген күріш ағзаны тұздар, холестерин мен қоқыстардан ғана тазалап қоймайды, сонымен қатар іштегі паразиттерді кетіреді.

Күрішпен тазалану кезінде қалай тамақтану керек?

Таңғы ас ішпестен жарты сағат бұрын қайнаған су немесе шөп шай ішу қажет. Сусынға лимон шырынын қосуға болады.

Тазалану барысында таңғы асыңыз тек күріш болады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін асықпай шайнап жеу керек. Таңертеңгі аста да, содан кейінгі 4 сағат аралығында да ештеңе жемеңіз, су да ішпеңіз. Күріш ағзаңызда қызмет етсін.

4 сағаттан кейін не қаласаңыз, соны жеуге болады. Бірақ жасанды қосындалары бар және қанты көп тағамнан тартынған жөн. Күріш ағзадағы керексіз қалдықтармен қоса денеге қажетті калий тұздарын да шығарып тастайды. Сол үшін құрамында калийі жоғары дәрумендер мен минералдарды тұтынған дұрыс. Бұлар: жас картоп (буға не суға піскен), кептірілген өрік, мейіз, інжір, банан. Калийге бай кепкен жемістерден денсаулыққа өте пайдалы жеміс тортын дайындауға болады. кепкен жемістің әрқайсысынан бірдей мөлшерде (апельсин мен лимонның қабығын қосуға да болады) алып, еттартқыштан өткізіп,  балмен араластырамыз. Тоңазытқышта сақтап, тәттіге тәбет тартқан кезде жеу керек.

Дайындаған Құралай Омар

 

Жаз мезгіліне арналған маскалар

Жаз… Жанға жайлы жайдары болғанымен, тері үшін аса қолайлы емес. Жыл мезгілінің осы кезеңінде тері бездері мен май тарамдары бар қуатымен жұмыс істейді, күннің зиянды әсерінен қорғану үшін тері қабаты жиі жаңарып, белсенділігі артады. Дәл осы кезде теріде қамқорлықты қажет етеді. Жаздың аптап ыстығында төмендегі маскаларды жасасаңыз, теріңіз жібектей жұмсақ әрі әдемі болады.

 

Құрғақ теріге арналған маска:

  • Екі ас қасық балға екі шай қасық сүт қосып, араластырып, бетке және мойынға жағамыз. 10 минуттан соң жылу сумен жуу керек.
  • Жаздың ортасына қарай мына масканы жасаған жөн. Өріктің жұмсағын зәйтүн майымен әбден араластырамыз. Бетке жағып, 10 минут ұстап, жуып тастаймыз.

Майлы теріге арналған маска:

  • Алманы үккіштен өткізіп, 5 ас қасық бал қосамыз. Бетке жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастасаңыз, теріңіз құлпырып шыға келеді.
  • Жұмыртқаның ақуызына 1 шай қасық лимон шырынын, 5-10 тамшы грек жаңғағының тұнбасын қосып, араластырамыз. Көздің айналасына жақындатпай, бетке жағып, 15 минут ұстаймыз. Жылы сумен жуамыз.
  • Помидор піскен кезде мына қарапайым масканы жасап көріңіз. Ол үшін етті бір помидорды езіп, бетке жағамыз. Әдеттегідей 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастаймыз.
  • Безеуді кетіру үшін сода қосылған сумен бетті бірнеше минут сүру керек.
   

Сезімтал тері үшін:

  • Балды қыздырып, біраз салқындаған соң бетке, мойынға жағамыз. 15 минуттан соң алдымен жылы сумен, содан кейін суық сумен жуамыз.
  • Өте сезімтал терілерге 2 салат жапырағын зәйтүн майына салып, лимон суын қосамыз. Дайын болған жапырақты бетке жапсырып, минералды суға шыланған қағаз майлықпен жабамыз. 10 минуттан соң майлықты сүтке малып, бетті сүріп, соңынан жылы сумен жуамыз.
  • Терінің серпінділінін арттыру үшін 1 ас қасық балға жұмыртқаның саруызын, біраз глицерин және ұн қосып араластырамыз. Бетке, мойынға жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуу керек.
  • Бананды езіп, біраз бал қосып, бетке, мойынға, кеудеге жақса, тернінің серпінділігін арттырады.
  • Теріні жұмсарту үшін сұлы жармасына су, екі-үш тамшы бал қосып, бетке жағып, бірнеше минуттан соң салқын сумен жуып тастаймыз.

Әзірлеген – Құралай Омар

 

Рухани және психологиялық тазалану

«Жазылмайтын ауру жоқ, жазылмайтын адам бар»

Тибет даналығы

Тибет ғибадатханаларында рухани, физикалық және психологиялық тазалануға баса көңіл бөлінеді. Тибет сопылары уақытының көп бөлігін медитацияға, рухани тазалануға арнайды.  Медитация дегеніміз – «дзо-дзен» немесе «лотос» қалпында отырғандағы дене мен ақылдың күйі. Дүниедегі болып жатқандардың ешқайсысын елемей, сананың биік дәрежеге жетуі. Адам физкалық және рухани тұрғыда таза болса ғана бақытты бола алады. Барлық сырқаттан айығу үшін тибет діндарлары тазаланудың мынадай ережелерін ұсынады.
1. Ешкімге жамандық жасамау.
2. Тән мен жанды тазалау.
3. Қайырымдылық.
Бұл ереже денсаулық пен сәттіліктің кепілі бола алады. Әрқашан деңің сау, жас болып жүру үшін ғаламның заңдылықтарына бағыну керек. Ол бар жоғы 108 ғана. Соның бірнешеуін жариялауды жөн көріп отырмыз.
1. Ешбір тіршілік иесіне іспен де, сөзбен де, ойша да қастық жасама.
2. Сұрамаса – істеме. Өтінішті орында.
3. Қолыңнан келмесе, уәде берме.
4. Адамдардың бәрін өзіңдей көр.
5. Сынама, мінеме.
6. Кездесуге шын ықыласыңмен бар.
7. Ортамен санас.
8. Өзің тұратын елдің салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сыйла.
9. Сыр сақтай біл.
10. Жаман ойдан аулақ бол, ондай ойлар бумеранг сияқты, өзіңе қайтып оралады.
11. Өзіңнің де, өзгелердің де бақытты болуын тіле.
12. Рухани, маңызды нәрселерді ойла, ұсақ-түйекке уақытыңды жоғалтпа.
13. Қасиетті кітаптарды оқы (Құран, Інжіл, Тәурат)
14. Бір-біріңді жақсы көріңдер.
15 Кешірімді бол, кек сақтама.
16. Қиналма, қиналудың өзі өліммен тең, рахаттану – өмір.
17. Ешқашан ренжіме. Реніш – үлкен қателік.
18. Қызғаныш – өз-өзіңді құрытудың құралы.
19. Аурудың көбі іштарлықтан туындайды. Мысалы: геморрой.
20. Көп сөйлеме. Сөзуар адам – тыңшының таптырмас олжасы.
21. Ешқашан қайғырма.Мұң өкпе ауруына алып келеді.
22. Өмірге сүй. Өмір керемет емес пе.

Күлкі және күлкі терапиясы

Барлық адам күле алады. Күлкі арсыз дегенімізбен, күлкінің адам денсаулығына пайдасы өте көп. Үндінің бір оқымыстысы 21 жыл бойы осы күлкі туралы зерттеп, күлкінің пайдасын анықтапты. Күлкі бұлшық еттерді босаңсытады, астың қорытылуын жылдамдатады, жүйке қызметін жақсартады. Адам күніне ең аз дегенде 17 минут күлуі керек. Ол денсаулықты сақтап қана қоймайды, сонымен қатар жасты ұзартады. Кейбір елдерде күлкі ауруды емдеуге қолданылады екен.

 

Әйелдердің суыққа төзімсіз болуының себебі неде?

Кейбір әйелдер етженді болғанымен тоңғақ болады. Бұл – ағзада темір жетіспеушіліктің белгісі. Ас-судағы белок, май, қант сияқты заттар адам денесінің энергиясы. Ол тотықтанып, энергия өндіріп, адам денесінің қажетін қамдайды. Денедегі қызыл клетка оттегін жеткізетін дәнекер, темірлі белок. Адам денесінде темір жетіспесе, қызыл клетканың болуына ықпал жетеді. Туыт жасындағы әйелдер етеккір келген кезде, темірдің патологиялық құрауы еркектердікінен көп болады. Оған қоса әйелдердің тамағы еркектердікінен аз болатындықтан тамақтан қабылдаған темір қажетін қанағаттандыра алмай, ағзада темір жетіспеу туылады. Сондықтан әйелдерде қан аздық еркектікінен көп болады.

 

Ұйықтап жатқан адамның әрекетіне сәл қарамаңыз

Адам ұйықтағанда әр түрлі әрекет жасап, қилы-қилы дыбыс шығарады. Алайда бұл әрекеттердің қалыптан тыс болуы кейбір аурулардың алғашқы белгісі болуы мүмкін.

Тіс қайрау. Кейбіреулер тіс қайрағанда қатты шықырлатады. Бұл дене қуатының әлсірегендігінен, нервтің жақсы болмауынан, қан айналыстың іркілісінен пайда болады.

Қорылдау, пысылдау. Қатты қорылдау мен пысылдау ұзақ уақытқа дейін басылмаса, тыныс жолының тосылғандығының белгісі. Бұл жағдай ұзақ уақыт жалғасса, қан аздық пайда болады.

Аунақшу. Дөңбекшіп, аунақшу нервтің орнықсыздығын, қан айналыстың іркілісті екендігін білдіреді. Сіңірі оңай тартылады.

Аузын ашу. Кейбіреулер еріксіз аузын ашып ұйықтайды. Бұл есте сақтау қуатының әлсірегендігінің, мұрын қуысы тыныс жолының тосылғанын білдіреді.

Сандырақтау. Мамандар сандырақтауды нерв қалыпсыздығы ауруы, ол жүрек ауруына оңай шалдықтырады деп қарайды.

Осындай қалыпсыз жағдайлар байқалғанда, көңіл-күйді жақсы сақтап, тамаша ұйықтау дағдысын қалыптастырып, кішігірім ауруларды дер кезінде емдетіп, ағзада қатерсіз қан айналым қалыптастыруға тырысу керек.

Тер өңінің қалыпсыздығы неден дерек береді?

Қалыпты жағдайда адам денесінен шыққан тер түссіз, мөлдір болады. адам денесінен шыққан терде белгілі түс пайда болу ағзаның ауруға шалдыққанынан дерек береді.

Сары тер. Қатты терлеп тұрғанда, суық суға шомылғанда денеге ызғар өтіп, тердің шығуын бүлдіріп, тердегі несеп заты молайып, тер сарғаяды. Ал тер сарғайып ерекше күлімсі иіс шығу бауыр қатаюдың белгісі.

Ақ тер. Бұл жүрек, өкпе қуатының әлсіреуінен болуы мүмкін.

Қызыл тер. Бауыр ыстығы күшті, тұрақты емес адамдардың тері қызарып кетеді. Осы заманғы медицинада ол ішкі сецрация бездерінің бұзылуынан деп қаралады. Қызыл тер дененің кейбір бөлімдерінен қан шыққандығының белгісі болып табылады.

Жасыл тер. Бұл бауыр, өт сұйықтығының жайылуынан болады. клиникада бұл – «бауырдың төңкерілуі» делінеді. Өт түтігі жедел іріңді қабынғандардың тері жасыл болады. тердің өңінде бөгде түс пайда болғанда ықлас қоя қадағалап, әрі аурудың басқа белгілеріне ұштастырып дер кезінде диагноз айыртып емету қажет.

 

1.Cәлеметсізбе, Жасан аға! Менің қызым бастауыш сыныпта оқиды. Өте әлсіз. Тістері ерте түсіп еді, шығуы кешеуілдеп жатыр. Жасы өтіп бара жатқан соң, қатарластарынан қалмасын деп мектепке бердім. Аузында жөнді тіс болмағаннан кейін сақауланып сөйлейді. Ауыз қуысын, тіс түптерін УДЗ-ге (УЗИ) түсіріп едім, әзір көрінбейді дейді. Дәрігерлер сүйегінен кальций шайылып кеткен дейді. Мұндай сұмдықты естіген емеспін. Біз тұрмысымыз жақсы отбасымыз. Қызымның аузынан ағарған үзілген емес. Ол неден болуы мүмкін? Кальцийдің орнын қайтып толтыруға болады?

Әсемгүл Әбекенова

Арыс қаласы

Жауабы: Гендік, яғни тұқымқуалаушылық  әсер, кальцийді қабылдау әлсіздігі  болуы мүмкін. Кальцийді қабылдау тамақтың сапасында емес, оның адам ағзасына берілетін дәрумендердік қордың, яғни кальций, магний, иондық әсеріне де байланысты. Сол үшін балаңыздың тамақ ішуін қадағалаңыз. Әсіресе, етті, майлы немесе уылдырық(икра), ақ нан емес, керісінше, еті сылынып тасталған болса да сүйектер шағылып,  арасындағы кемігі шыққан сорпа беру керек. Тістердің шығуының кешеуілдеуі адам ағзасындағы фосфор мен калийдің, кальцийдің  дұрыс жетілмеуінен, яғни фосфор мен калийді қамтып отыратын сүйектің жіліншік ішкі майларының жұмысының нашарлығынан болады. Оның үстіне асқазан және он екі бармақ ішектерің кальцийлік құрамы бар заттарды денеге сіңіру процесінің бұзылуына байланысты. Қысқаша айтсақ, кальцийдің сүйекке сіңу, айналу процесінің бұзылуы деген сөз.  Сондықтан бұл баланы нақтылы тексеріп, зерттеп көру керек. Диагноз қою үшін біздің орталыққа алдын ала жазылу арқылы келіп, себебін анықтатып, себебіне қарай, кальцийдің жұмыс істеу процесінің төмендігіне байланысты болса, оны ашатын арнайы каналдар бар, сол арқы ине қойдырып, жан арналарын жандандырып, қосымша шөптер және түрлі биологиялық заттарды қосып емдеуге болады. Ине терапиясы арқылы фосфор мен кальцийді денеге сіңіру процесін жақсартуға болады. Мұндай аурулар біздің емдеу тәжірибемізде кездесті. Сүйектері бекіп, қуаттары артып, өсуі, дамуы жетіліп қайтқан балалар, жасөспірімдер көп.

2. Мен бірнеше рет инсульт алдым. Денсаулығым нашар, бөгде иістерді, у-шуды ұнатпаймын. Бір күн олай, бір күн былай құбылып тұрамын. Оң жағымнан салданып, жастай мешел болып қалғаныма қатты қиналамын. Енді өмір бойы туыстарыма масыл болып өтемін бе деп қорқамын. Есте сақтау қабілетім мүлде «нөл». Ауруханаларға жатып емделдім, жиі-жиі массаж алып тұрамын. Бәрібір бәз баяғы. Оң жақ аяқ-қолыма жан кірер емес. Қазақтың қаракөз қызы екен деп аяушылық танытып, көрсетер көмектеріңіз бар ма?

Аяулым Асқар

Алматы қаласы Алатау ауданы

Жауабы: Біз қазақтың қаракөз қыздары ғана емес, отбасылық тұрмысы нашар көптеген мүгедектерге тегін ем көрсетіп жатырмыз. Сіз тұрған тұрғылықты орныңыз бойынша әлеуметтік мекемелерден  жағдайыңызды растайтын куәлік қағаздар және емханалар берген дәрігерлік тексеру анықтамаларын біздің журналда жазылған мекен-жайларға факспен немесе электронды поштамен жіберуіңізге болады. Бізге өтініш жазыңыз. Біз ұжым дәрігерлері болып,  Сіздің жағдайыңызбен жіті танысамыз, өтінішіңізді қараймыз. «Үмітсіз сайтан» деген, бір-екі курс ем алып көріңіз. Бір-екі курстық емнен кейін буындарыңыз, жан каналдарыңыз, жүйке жүйелеріңізде тірілу байқалса, жансызданған аяқ-қолдарыңыз қимылдайтын халге жетсе, емді одан әрі жалғастыруға болады. Қазіргі жағдайыңыз тым ауыр екен.Созылмалы характерге ұласқан ауруды емдеу өте қиын. «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығын инсульттан кейінгі салдануды емдейді. Ауруынан құлан таза айығып, қызметіне оралған бауырларымыз көп.

3. Менің әкем 40-та. Он жыл бұрын көру қабілеті жайлап төмендей бастады. Қазір мүлдем көрмейді.  Бірінші топтағы мүгедек. Он жылдан бері көз ауруханаларының барлығына көрсеттік. Мүйізі қарағайдай білікті дәрігерлердің барлығы оның неден болғанын білмейді, яғни себебі белгісіз. Айтуларынша, көз жанарына баратын тамыр солып қалған, нервтері өлген. Ине терапиясы арқылы мұны емдеуге болады ма? Көру қабілетін қайта қалпына келтіру мүмкін бе?

Бейбіт  Байжұман

Бейнеу

Жауабы: Көз ауруханаларының берген диагнозын, жасалған операциялар қағазын, барлық тексеру құжаттарын бізге салып жіберсін. Көз жанарына баратын тамырлардың солып қалуы жалпы сипаттама. Көз жанарына баратын тамырлардың солып қалуы қан тамырлардың тосылуынан ба,  көзге қатты зақым келтіретін бөгде заттардан ба, химиялық-лазерлік, сәулелік әсерлерден бе, нақты неден, соны білу, анықтау, зерттеу маңызды.Біздің емдеу тәжірибемізде қандай себептерден болсын, көз көру жүйесінің әлсіреп, нервтердің солып, қан тамырлардың жүрмей қалу ауруларын нәтижелі емдеп, жанарларына жан бітіп, сауығып кеткен адамдар бар. Сондықтан біз Сіз жіберген диагностикалық қағаздарды мұқият қарап, қандай ем алу керек екендігін айтамыз.

4. Армысыз, Жасан аға! Мен 20 жасымда тұрмысқа шығып, бала көтердім. Жүктіліктің 2-3 айында ішімнің қуық жағы ауырды. Дәрігерлерге көрініп едім, ешқандай қауіп байқалмайды деді. Сөйтсем соқырішек болыптым. Соқырішек жарылып, түсік тастадым. Қазір 15 жыл өтті. Содан бері бала көтере алмай жүрмін. Етеккірім де дұрыс келмейді. Күйеуіміз екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз, бірақ ортада бала болмаған соң, ұрысып-керісіп қала береміз. Маған сәби сүю бақыты енді бұйырар ма екен?

Айнұр Ықылас

Астана қаласы

Жауабы: Сіздің жағдайыңыз сияқты аурулар бізде болды. Бір ғана мысал, бір жақтық аналық безі бүтіндей алынып тасталып, екінші жақтық аналық безінің үштен бірі қалған (100 пайыздан бір пайыз ғана үмітті) жағдайларда да ине тарапиясы емін алып, бала сүю бақытына кенелген, бір ұл, бір қыздың анасы атанған  Ботагөз деген жас келіншек болды.. Операция кезінде тиген зардаптар, жатырға зиян келу, жабысқақ жағдайымен трубалардың бітелуі,  осыларды толық тексеріп, диагноз бойынша үш курс ем алу керек. Менің ғылыми диссертация тақырыбымның өзі «Операциядан кейінгі болған асқынулар» деп аталады. Сондықтан Сіздің жағдайыңызды да тексеріп көру керек. Операциядан кейінгі асқынуларды жойып, гормондарды қалпрына келтіріп,  емдеп, бала көтеруге көмектесу жағдайын жан-жақты қарастыру  керек.

5. Мен үйдің еркесі болып өстім. Өте күйгелек адаммын. «Сабыр» деген санамда жоқ. Біреуге ашулансам немесе өмірде сәл қиындық көрсем бітті, шешімін арақтан іздеймін. Сөйтіп жүріп араққа тәуелді болып қалғандаймын. Шөп шегетінім де бар. Әйел, бала-шағамнан айрылдым. Отбасыма қайта оралғым келеді. Бірақ келіншегім «ұрттайтын, шегетін болсаң, босағадан бас сұқтырмаймын» дейді. Наркодиспансерлерге барып ем қабылдағандай боламын, бірақ санамнан сол жаман әдет кетер емес. Сіздер емдейді деп естідім. Барсам бола ма?

Сарбаз

Алакөл

Жауабы: Кез келген зиянды  затқа құмартудың себебі болады. Біріншіден, рухани көңіл-күйдің дұрыс болмауы, екіншіден, құмарлық затты артық мөлшерден қабылдап, соған тәуелді болып қалу, қанға сіңіп қалу. Ең алдымен жүйке жүйесін емдеу керек. Әрбір адам алдына мақсат қою білуі тиіс. Егер « жеңемін» деп тырмасса, адам алмайтын қамал жоқ. Шығыс-Тибет медицинасының емдейбін бірден-бір жолы – нервтерді қалпына келтіру.  Мидан  нервтік жүйе арқылы құмартып отырған сигналдарды алып тастау керек. Сондай-ақ қан тазалап, қандағы тұрып қалған уыттарды, қалдықтарды тазалап, денедегі арам, жаман қандарды алып тастап, құлақ, қол, табан, аяқтардағы нүктелерге ине қою арқылы зиянды, кесапатты заттарға жиіркендіруге, екінші соған жоламайтындай етуге (мәселен, арақ көрсе, жүрегі айнып, құсатындай жағдай)болады.  Бір-екі курс ем алып көріңіз. Нәтижесін өзіңіз байқайсыз.

 

Қайыңтоз

Қайыңтоз – қайың ағашының қабығы. Мұның да емдік қасиеті бар.

Ем болатын аурулары

1. Ішектің жедел қабынуына қайың қабығынан белгілі мөлшерде алып 12 г. суға қайнатып ішеді.

2. Омырау безі мен тамақтың жедел қабынуына, өкпенің қабынуына, шиқанға 250 г. қайың қабығын 1 литр суға қайнатып, 500 грамдай қалғанда аздаған қант салады да, 25 мл-ден күніне екі рет ішеді.

3. Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына 30 г. қайың қабығының белгілі мөлшерін суға қайнатып, суын екіге бөліп ішеді.

Емдеу мерзімі – 10 күн. Бірінші емдеу мерзімінде нәтижесі шамалы болса, екінші емдеу мерзімін қабылдау керек. Ем кезінде кейбір адамдардың аузы құрғап, жүректері айниды.

Қарағай шекілдеугі

Қарағай шекілдеуігі өсіп шығатын ағашты балқарағай деп атайды. Ол қызыл қарағай мен самырсынға қарағанда аласалау, бұтақтары ретсіздеу болады. Қылқан жапырағы қарағайдың жапырағына ұқсас келеді. Басында өсетін жемісінің үлкендігі жұдырықтай, бүршігінің ішіне тізіліп орналасады. Тамыз, қыркүйек айларында піскен кезінде шекілдеуігін қағып алады. Тұқымының сырты қызыл күрең, дәні ақ болады. Дәмі тәтті, майлы, жегенде бал татиды.

Ем болатын аурулары

Тамаққа тәбетті арттырады, жүректің қызметін күшейтеді, жыныстық қуатты арттырады. Сонымен қатар, асқазан, бауыр, бүйрек қызметін күшейтеді, ағзадағы бөгеттерді ашады. Қарағай шекілдеуігінің құрамында май, ақуыз тәрізді заттар болады.

Көкнәр

Көкнәр – көпжылдық шөптектес өсімдік. Биіктігі – 30-50 см. Өнбойы түкті, сындырсаң ақ түсті сұйықтық ағып шығады. Жапырақтары сабағының түп жағында топтасып өседі. Гүлі сары түсті, төрт жапырақшалары болады. Жемісі сопақтау, шар тәрізді, сырты түкті, кейде түксіз де болады. Тау беткейлерінде, шөпті жерлерде, өзен жағаларында өседі.

Жинау және өңдеу

Көкнәр жемісінің емдік қасиеті бар. Жемісті күзде жинап алып кептіреді.

Ем болатын аурулары

Жүйке әсерінен бас ауырғанда, етеккір шаншуына, асқазан ауруына, ұзақ уақыт жөтелу және депікпеге, іш өткенде, үлкен дәретке қан аралас келгенде, шауһат тоқтамағанда 6 грамнан суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 3-6 г.

Жаңғақ

Жаңғақ жылы үйектерде өседі.

Жинау және өңдеу

Дәні, дән бөлгіші, көк қабығы, бұтағы дәрі болады.

Ем болатын аурулар

Жаңғақ бүйректі қуаттандырып, шауһатты күшейтеді. Өкпені тазартады.

1.      Дене әлсірегенде, бел қақсап ауырғанда, бас айналып, құлақ шыңылдағанда 600 г. жаңғақ дәні мен 300 г. әлбұршақты талқандап, балға араластырып, салмағы 9 грамнан оқ дәрі жасап, күніне 2 реттен ішеді.

2.      Созылмалы жөтелге 350 г. жаңғақ дәнін, 150 г. алтынтамырды қосып талқандап, балға араластырып 9 грамдық оқ дәрі жасап ішеді.

3.      Бүйрек қызметінің әлсіздігінен шауһат тоқтамағанда жаңғақ және убейзінің 7 дәнін балмен араластырып, жатар алдында шайнап жейді.

4.      Несеп жолына тас байланғанда, бір үлес жаңғақ дәніне, бір үлес күріш көже қосып, бірнеше күн ішеді.

5.      Несеп жиі келгенде жаңғақ дәнін пісіріп, жатар алдында жылы арақпен ішеді.

Пайдалану мөлшері: 9-15 г. Жаңғақтың құрамында ақуыз, май, қант, А, С, Е дәрумендері бар.

Жаңғақ жапырағы

Ем болатын аурулар

1. Ақ кір көп келгенде 10 жаңғақ жапырағы мен 2 жұмыртқаны суға қайнатады да, жұмыртқаны жейді.

2. Жаңғақ жапырағынан белгілі мөлшерде алып, суға қайнатып, қотырды жуады.

3. Белдің, аяқтың қақсап ауырғанына 60 г. жаңғақ жапырағы мен 3 жұмыртқаны суға бірге қайнатып, піскеннен кейін жұмыртқаның қабығын аршып тастап, өңі қоңыр түске өзгергенше қайта қайнатады. Жұмыртқадан күніне  үш рет 14 күн бойы жейді. Емдеу барысы – 14 күн.

 

Жаңғақ қабығы

Ем болатын аурулары

1.      Етеккір кірнесіне жаңғақтың 60 г. қатты қабығынан отқа күйдіріп, күлін талқандап ішеді.

2.      Жаңғақ қабығын қайнатып, қотыр, теміреткі үшін ішеді.

Жаңғақ бұтағы

1.      Лимфа туберкулезіне жаңғақтың жіңішке бұтағы мен аюбас тікеннен тең мөлшерде алып, суға қайнатып шай орнына ішеді.

2.      Жаңғақтың бұтақтарын қайнатып, қайнатпасымен шиқан мен сыздауықты жуады.

3.      Жатыр мойнының рагына да жаңғақ бұтағы қолданылады. Ол үшін жаңа жаңғақ бұтағынан 30 см. кесіп алып, 4 сағат қайнатады. Әр жолы 30 см. кесіп алып, 4 сағат қайнатады. Әр жолы екі жұмыртқаны күніне екі рет жеу керек.

Жаңғақ майы

Ем болатын аурулары

Жаңғақ майы дәнінен алынады.

1.      Құлақтың ішіне жара шығып ауырғанда, су аққанда жаңғақ дәнін жаншып, майын шығарып құлаққа жылыдай тамызады.

2.      Орта құлақ қабынғанда жаңғақ дәнін жаншып, майын шығарып 3 грамына биік пиян қосып құлақтың ішіне тамызады.

Пайдалану мөлшері: 9-18 г.

Борпылдақ саңырауқұлақ

Домалақ шар тәрізді, жаңадан өсіп шыққанда ақ түсті, сыртынан қарағанда

жылтыр келеді. Піскенде жеңіл тартады. Сыртқы қоңыр борпылдақ қабығы қағаздай жұқа болады, ішіндегі сары күрең түсті тозаңы жарылғанда түтін тәрізденіп шығады.

Бұл саңырауқұлақ орман арасында, тау беткейлерінде, елі көшкен жайлаудың жұрттарының маңайында, дымқыл жерлерде өседі.

Жинау және өңдеу

Күзде сыртындағы қабығы сарғыш күрең түске өзгергенде жинап алып сақтайды.

Ем болатын аурулары

1. Тік ішектен қан келгенде вазелин жағылған дәкеге борпылдақтан сеуіп, қан шыққан жерге басады.

2. Жараланып қан аққанда, жара аузына борпылдақты сеуіп, біраз басып тұрған соң, дәкемен таңып тастау керек.

3. Бадамша без қабынғанда борпылдақ саңырауқұлақтан 3 г., сары марал шөптен 6 г., қызыл миядан 6 г., жалбыздан 3 г., қоңырау гүлден 6 г. араластырып, қайнатып ішеді.

4. Табан мүйізделгенде борпылдақтан 3 г., иісті тамырдан 3 г., қызыл шыланнан 7 дана (қайнатып, дәнін алып тастау керек) қосып, оны езіп, қоймалжың дәрі жасап, мүйізгекке таңады.

5. Жұтқыншақ қабынғанда, дыбыс пердесі қабынып үн шықпай қалғанда борпылдақ саңырауқұлақ пен тазаланған сордан 3 грамға тиісті мөлшерде бал қосып араластырып, ауызға салады.

Пайдалану мөлшері: 1,5-3 г. борпылдақ саңырауқұлақтың құрамында фосфорлы натрий, гемнатий, тирозин бар.

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80