Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№13 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Ұлттық мүддені жоғары қойған қайраткер

«Жақсыдан – шарапат» дейді дана халқымыз. Халықаралық академиялардың толық мүшесі, жаны жайсаң, жүзінен нұр төгіліп тұрған, шығыстық-тибеттік инемен емдеудің шеберлігін білгірлікпен меңгерген, мүгедек, кемтарлықтың алдын алу, оны емдеу барысында науқастардың зор алғысына бөленіп жүрген Жасан азаматымыздың тектілігіне, шипагерлігіне, азаматтық кісілігіне тәнті болған көптің бірімін. Ол ұйымдастырған, нағыз академик Жасан басқаратын ұжым – шынайы сауықтыру, ауыр сырқаттарды емдеп жазуда республикамызда алдына жан салмайтын ұжым екеніне көзім жетіп, қуандым. Ұлттық мүддені бәрінен жоғары қою – сирек қасиет. Бұл тұрғыда Жасанның азаматтық парасаты басқаларға үлгі, өнеге, ғибрат болатынына сенімдімін.

 

Мен сол көзім жұмылып, жағым қисайып қалған сәтте жедел жәрдем шақырып, Қалқамандағы ауруханаға барып, он күн емделдім. Дәрігерлері біліксіз, аппараттары тозған. Емі қонбады. Содан үш ай бойы біраз жерді шарлап, ине салғызып, дәрі-дәрмек алып емделген болдым. Өзгеріс байқалмады. Құдай қолдап, бір атақты азаматқа ұшырасып қалдым да, соның ақыл-кеңесімен Жасан басқаратын емдеу орталығына келдім. Бас директор, академик өте кішіпейілділікпен жылы қабылдады. Емі қонды. Көзім, бетім, жағым түзеле бастады. Екі курстан жақсы өттім. Енді толық сауығатыныма көзім жетіп, рухым көтерілді, сенімім артты.

Бәрі басшының іскерлігіне, қас-қабағына байланысты. Ұжым соған қарап бой түзейді. Адал еңбек етеді. Мұндағылар шетінен инабатты, өз істерінің маманы. Денсаулық саласындағы ірі қайраткер, ұлы бастама көтеруші оқымысты, талант иесі, үлкен жүректі азамат Жасан Зекейұлына зор денсаулық, ол басқаратын ұжымға мол табыс тілеймін. Үкімет тарапынан қолдау, жеке азаматтардан демеушілік болуын қалаймын. Алла Жар, айналайындар!!!

Ізгі ниетпен, Назарбек Қанафияұлы,

Шоқантанушы,  ғалым, публицист,  қайраткер, қаламгер.

Алматы, 20.01.2011 жыл

 

Безгек безілдетпесін

Безгек індеті  бүгінде әлем халқының 40 пайызына қауіп төндіруде. Жыл сайын әлемде 500 миллионнан астам адам безгекке шалдығып, 1 миллион адам осы індеттен көз жұмады екен. Әсіресе, Африка, оңтүстік-шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде бұл дерт көп кездеседі. Біздің елде бірнеше жылдан бері жергілікті деңгейде безгек ауруына шалдығу дерегі тіркелмегенімен, өзге мемлекеттерден дерт қоздырғышын жұқтырып әкелу оқиғалары бар. Қазақстанда безгекке шалдығу қаупі жоғары аймақтарға Оңтүстік өңірлер, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы жатады екен.

 

Безгек (малярия) – безгектік ұстамалармен, дене қызуының көтерілуімен, қанның қызыл түйіршіктерінің азаюымен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен сипатталатын өткір  протозойлы, паразитарлық ауру. Індет қайталануы мүмкін. Безгекпен ауырған адам немесе ауру тасымалдаушы, инфекция таратушысы болып табылады, яғни сау адамға науқас адамнан масаның шағуы арқылы беріледі. Инфекция түрлі масалардың шағуы арқылы жұғады. Инкубациялық кезеңі – 1-6 апта (кейде бір жыл). Безгек күнде, күнара, үш-төрт күнде денені құрыстырып, тоңдырып, дірілдетіп, дене қызуы 40С-қа дейін көтеріледі. Науқас сандырақтайды, денесі сарғаяды. Негізінен, тропикалық аймақтарда кең тараған. Осыған орай  тропикалық безгек ең қауіпті саналады. Себебі адам өліп кетуі мүмкін.

Безгек түрлері

Аурудың ағымы мен белгісі аталған дерттің қоздырғышы болып табылатын плазмодия түріне байланысты.

  • Тропикалық безгек қоздырғышы – P. falciparum. Асқынулар жиі, өлім-жітім жоғары болып келетін өте қауіпті түрі. Безгектің бұл түрі әлемде көп таралған әрі жиі кездеседі.
  • Төрткүндік безгек қоздырғышы – Plasmodium malariae. Ұстамалар әдетте 72 сағаттан кейін болады.
  • Үшкүндік безгек қоздырғышы және оған ұқсас овале-безгек – Plasmodium vivaxжәне Plasmodium ovale. Ұстамалар әрбір 40-48 сағаттан кейін болады.

Безгектің бұл түрлері аурудың инкубациялық кезеңі, белгілері мен ауру ағымына байланысты жіктеледі.

Аурудың клиникалық белгілері:

Безгек өте ауыр түрде өтеді. Науқастың дене қызуы (40°-қа дейін және одан да жоғары) күрт көтеріледі, қалтырап-дірілдейді, аяқ-қол және бүкіл дене еттері, буындары ауырады, басы жиі ауырады, әлсірейді, терісі сарғаяды, түрі солғын тартады,  сандырақтайды, демалысы өзгереді, жиілейді. Кейде ұшықтық бөртпелер шығуы мүмкін.   Ыстығы  түскеннен кейін қатты терлейді, жалпы әлсіздік пайда болады. Дене қызуының көтерілуі мен түсуі оқтын-оқтын болып тұрады. Дер кезінде және дұрыс ем алмаса, қан аздық, ағзаның жалпы әлсіреуі, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, қан қысымы төмендеуі, тамырлардың  тарылуы, қанның қоюлануының өзгеруі, ас қорыту және жүйке жүйесінің бұзылуы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюына ұласуы мүмкін. Ауру асқынған жағдайда безгектік кома, көкбауырдың жарылуы, гемоглобинуриялы безгек, тіпті  арты өліммен аяқталуы мүмкін. Яғни безгек бір күшке мініп алса, оған тосқауыл қою қиынға соғады. Безгек диагнозы қан препараттарында безгек плазмодийлерінің анықталуымен расталады.

Алдын алу:

1.                  Шетелге шықпас бұрын, әсіресе безгекке шалдығу қаупі жоғары мемлекеттерге бармас бұрын аурудың алдын алатын дәрі-дәрмекті қабылдау қажет. Алдын алу мақсатында заманауи емдік құралдарға  мефлохин (Лариам®), доксициклин и атовакуон-прогуанил гидрохлорид (бигумаль, Маларон®) жатады. Бұл препараттар қауіпті аймаққа барар алдында 1-2 апта бұрын және келгеннен кейін 1-4 аптадан кейін салынады).

2.                  Ас тағамдарына шыбын-шіркей қондырмаңыз.

3.                  Алматы қаласы безгек ауруына қолайлы аймақта орналасқан. Қала маңында безгек масаларын тарататын суаттар бар. Сондықтан табиғат аясына демалуға барғанда сақтық шараларын ұмытпаған абзал.

4.                  Жеңі ұзын көйлек, балағы ұзын шалбар кию керек.

5.                  Денеге масаға қарсы крем жағу, аэрозоль, инсектицидтер қолдану.

6.                  Жазды күндері маса-сона шағудан қорғаныңыз.

7. Маса-сона шаққаннан кейін, жоғарыда айтқан ауру белгілері байқалса (дене қызуы көтіру, қалтырау-дірілдеу, т.б.), емханаға барып, қан тапсырыңыз.

Емдеу:

Бүгінде безгекке қарсы, яғни алдын алуға бағытталған нақты вакцина жоқтың қасы. Бірақ әлемдік медициналық ғылымда зерттелу үстінде. Бірақ безгек масалары шағып, ауруға шалдыққан күнде оны емдеу жолдары бар. Мәселен, тропикалық безгек кезінде хингамин (делагил, хлорохин) тағайындайды: 1-ші күні 1 г, 6 сағаттан кейін  тағы 0,5 г, одан кейін 4 күн бойы тәулігіне 0,5 г. Үш және төрткүндік безгекті емдеу барысында алғашында хингаминмен үшкүндік ем курсын жүргізеді: 1-ші күні 0,5 г-нан  тәулігіне 2 рет, 2-ші және 3-ші күндері 0,5 г-нан 1 рет. Бұл курс безгек ұстамаларын қысқартады, бірақ паразиттің тіндік формасына әсер етпейді. Толық емдеу үшін хингамин қабылдауды бітіре салысымен, 10 күндік примахинмен (тәулігіне 0,027 г) немесе хиноцидпен (тәулігіне 0,03 г) ем курсы тағайындалады. Жа­сушадағы нуклеин қышқылының синте­зін тежейтін хлорохин препараты безгек қоз­­дырғыштарын өлті­ріп, оның қан құрамында да­муына жол бермейді. Сөйтіп адам ағза­сында ау­руға қарсы имму­ни­тетті ны­ғайтады. Хлорохин қол­дан­ған адамды шаққан масаның індетті тарату қабі­леті де төмендейді. Дәрілік-тұрақты плазмодия тудырған тропикалық безгекті емдеу үшін хинин препараты пайдаланылады. Бүгінде хинин безгекті емдеуде кең тараған дәрі-дәрмек болып табылады. Бір кездері ол хлорохин препаратымен алмастырылып еді, соңғы кездері қайта қолданыла бастады.

Құрамында артемизинин және оның синтетикалық ұқсас заты бар Artemisia annua (бір жылдық жусан) өсімдік сіріндісінің тиімділігі жоғары, бірақ оны өндіру өте қымбат. Бүгінде артемизинин негізінде жаңа препараттар өндіру мүмкіндігі мен клиникалық әсері зерттелуде.

Безгек масасы (Anopheles) – масалар тобының қосқанаттылар тұқымдасына жататын бір туысы. Жер шарында безгек масасының 360-тай түрі, ал Қазақстанда 6 түрі мекендейді, солардың ішінде көп тарағаны және безгек ауруын тарататыны кәдімгі безгек масасы (A. maculіpennіs) және бояулы безгек масасы (A. superpіctus).

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

 

 

Бұлшық еттер семуі

Қаңқа мен бұлшық ет – адам денесінің тірегі. Адам денесіндегі сүйектер бұлшық еттердің көмегімен қимылдайды. Бұлшық еттердің негізгі қызметі: сүйектерді қозғалтады, ішкі мүшелерді жұмыс істетеді. Қозғалысы: жиырылады, созылады, босайды, қатаяды. Бұлшық ет баста, мойында, кеудеде, аяқ-қолда, жүректе, бетте, ішкі ағзада, т.б. болады. Адам денесі қимыл-қозғалыссыз қалса немесе бұлшық еттерге дұрыс күтім жасалмаса, семиді.

Бұлшық еттер семуі (атрофия мышц) – бұлшық ет талшықтарының біртіндеп жіңішкеруімен, бұлшық ет күш-қуатының кемуімен, тонусының өзгеруімен жүретін, бұлшық ет көлемінің кішіреюімен сипатталатын ауру. Сему әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Мәселен, көбіне жүріс-тұрысы азайған, дене белсенділігі төмендеген қарт адамдарда кездеседі, сондай-ақ буын ауруларына, түрлі жарақаттарға байланысты  қимыл-қозғалыссыз, төсек тартып жатқан науқастар шалдығады. Бұлшық еттер семуінің негізгі себептері: перифериялық нервтердің зақымдануы, жүйке-бұлшық еттер аурулары, жүйке қабынуы (полиневрит), ауыр металдардан улану, зат алмасудың бұзылуы, эндокриндік және созылмалы аурулар (инфекциялық және паразиттік, ішкі сөлденіс бездері, асқазан-ішек жолдары, біріккен тіндер аурулары, т.б.), жүйелі аурулар, бұлшық ет тіндерінің зат алмасу процесіне қатысатын ферменттердің туабітті немесе жүре пайда болған жетіспеушілігі (миопатия), полиомиелиттің салдарынан жасушалардың зақымдануы, дұрыс тамақтанбау, бұлшық еттердің зақымдануы, дәрі-дәрмектер мен уыттардың (стероидтар, алкогольдік ішімдіктер, статиндер), жарақаттың салдары. Тіпті аз ғана семуден бұлшық еттердің күші кеміп, қимыл-қозғалысы қиындайды. Балаларда бұлшық ет семуі негізінен туабітті ауру, яғни тұқымқуалаушылық бұлшық еттер нәрсізденуінен (дистрофиясы) болады.

Аурудың негізгі белгілері және клиникалық сипаты:

Аурудың бастапқы формасы бұлшық еттердің тікелей зақымдануынан көрінеді. Бұл көбіне тұқымқуалаушылық, сондай-ақ сыртқы факторлар – жарақаттану,  ұрып-соғып алу, зорығудан болуы мүмкін. Науқас бірден қажиды, шаршайды, әлсірейді, бұлшық ет тонусы бірте-бірте кемиді, кейде саусақтардың еріксіз дірілдеуінен білінеді, яғни бұл қозғауыш жүйке жасушаларының зақымданғанын білдіреді. Бастапқыда жүгіргенде немесе көп жүргенде аяқ бұлшық еттерінде шаршағандық байқалады, кейде бұлшық еттердің еріксіз жыбырлағаны, дірілдегені білінеді. Баспалдақтан жоғары көтерілгенде аяқта ауырсыну, шаршап-шалдығу  байқалады.

Бұлшық еттер семуінің клиникалық көрінісі: жалпы әлсіздік, бұлшық еттер көлемінің айтарлықтай кішіреюі,  жүрістің бұзылуы.

Екіншілік бұлшық еттер семуі кезінде аурудың туындауына не түркі болғанын білу маңызды. Екіншілік түрі көбіне жарақаттан кейін және ауысқан инфекциялардан дамиды. Науқастың табан, балтыр-сирақ, білек қозғаушы жасушалары зақымданады, соның салдарынан осы ағза мүшелерінің белсенділігі шектеліп, жекелей немесе толық салдануға алып келуі мүмкін. Көп жағдайда ауру бәсең жүріп, асқынуға ұласуы мүмкін. Мұндай жағдайда қатты ауырсыну байқалады. Екіншілік бұлшық еттер семуі бірнеше түрге бөлінеді:

  • Невральды миотрофия. Бұлшық еттер семуінің бұл түрінде табан мен балтырдың өзгеруі, қисаюы байқалады. Науқастың жүрісі бұзылады. Уақыт өте келе табан рефлексі өшіп, ауру аяқ-қолдың басқа жеріне таралады;
  • Үдемелі бұлшық еттер семуі. Негізінен ауру белгілері балалық шақта біліне бастайды. Ауру ауыр өтеді, өткір гипотониямен бірге жүреді, сіңір рефлекстерінің жоғалуы және саусақтардың дірілдеуі байқалады;
  • Аран-Дюшен бұлшық еттер семуі негізінен аяқ-қолдың жоғары бөлігінде орнығады. Емделушінің сүйекаралық бұлшық еттері және саусақ-бармақтары семиді. Қолы «маймыл қолы-білегінің» пішініндей болады. Аяқ-қолдың сезімталдық қасиеті сақталады, бірақ сіңір рефлекстері толығымен жойылады. Сему процесі үдей түседі және уақыт өте келе мойын және дене, кеуде бұлшық еттеріне зиянын тигізеді.

Семудің барлық түріне тән басты белгілері – зақымданған бұлшық еттер көлемінің кішіреюі. Әсіресе бұл ағзаның сау бөлігі мүшесімен (жұп мүшесімен,  мәселен бір қолдың екінші қолмен) салыстырғанда көзге бірден білінеді. Сондай-ақ ол аурудың жүру ағымына байланысты болады. Ауыр түрінде ауыр жүреді, бұлшық еттер тонусы кішірейеді, қолмен басып көргенде ауырғаны білінеді.

Емдеу:

Емдеу әдісі науқастың жасы мен процестің ауырлығына, аурудың түріне байланысты жүргізіледі. Бір айта кетерлігі, бүгінде аяқ-қол бұлшық еттер семуін кепілді түрде емдейтін, нақты жазып шығатын дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Дәрігерлер де бұл ауруды нақты емдеу жолын әзірге толық білмейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу түрінде аденозинүшфосфорлы қышқылының динатрийлі тұзы (бұлшықет ішілік  инъекция) В1, В12 және Е дәрумендері, галантамин (теріасты инъекция) және прозерин (ауыз арқылы немесе теріасты инъекциясы түрінде) тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс тамақтануға көңіл бөлу қажет. Физиотерапиялық емдеу шаралары, массаж, емдік жаттығулар, электрмен емдеу, психотерапия және рухани емдеу шаралары да жүргізіледі. Егер бұлшық еттің семуі баланың интеллектуалдық дамуының артта қалуына әкеліп соқтырса, онда оған нейропсихологиялық сеанстар тағайындалады, ол қарым-қатынастағы келеңсіздіктерді шешіп, жаңа, жақсы ойлар ойлауға ықпал етеді. Егер ем дер кезінде жүргізіліп, емдеу әдісі дұрыс таңдалса, онда сему процесіне тосқауыл қоюға, бұлшық ет талшықтарын қалпына келтіруге, науқасты оңалтуға болады. Ол үшін дәрігердің айтқан кеңестеріне құлақ түріп, берген дәрі-дәрмектерін уақытылы ішіп тұру керек. Ең бастысы көңіл-күйді түсірмеу, жан-жүйкені жұқартпау, аурудың дегеніне көнбеу, асқынуына жол бермеу керек. Қандай ауру болмасын оны ішкі сезім, рухани байлық, өзін-өзін қамшылау арқылы жеңуге болады.

Қызықты мәлімет

Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейінгі мөлшерді құрайды.

Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.

Ең үлкен бұлшық ет – бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.

Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1» санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

Адам ағзасындағы ең мықты бұлшық ет – тіл.

Шамамен адам денесінде 400 бен 680-нің арасында бұлшық ет болады. Саны қанша болса да, ер адам бойындағы бұлшық еттің үлесі 40 пайызды құраса, әйел­дер­де 30 пайызды алады. Бірақ қы­зығы, ірі денесіне қарамастан, адам бойында ең көп дегенде 700-ге жуық бұлшықет болса, кіп-кішкентай шегірткеде 900-дей бұлшық ет бар екен, ал кейбір жұлдызқұрттарда, тіпті бұлшық ет саны 4 мыңға дейін барады. Қалыпты жағдайда адам бойындағы барлық қан көлемінің ширек бөлігі бұлшық еттерде болады.

Зерттеу:Саумалдық (шпинат) адамның бұлшық етін жетілдіреді. Каролина университе­тінің ғалым­дарының айтуынша, шпи­наттың 300 грамының өзі бұлшықеттегі оттегі қажеттілігін 5 пайызға азайта­ды, соның әсерінен ет ұлпалары жылдам дами­ды. Тіпті оң нәтижеге көз жеткізу үшін көкөністі үш күн қатарынан осындай мөл­шерде жесек, жетіп жатыр екен. Ши­па­лы өнімнің құпиясы – оның құрамын­дағы нитраттар мен минералдарда. Бұл заттар ұлпаның қоректенуіне жауапты бөлшектері есебінен жасушаның энер­гиялық тиімділігін арттырады.

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

 

Тәтті және ащы бұрыштың емдік қасиеттері

Тәтті бұрыш жемістерінің құрамында дәрумендер, микроэлементтер, органикалық қышқылдар, ақуыздар мен майлар көп болғандықтан, гипо және авитаминозға, жалпы әлсіздікке, қан аздыққа, склерозға, жүрек, бауыр ауруларына, ағзадағы холестеринді шығаруға, тәбетті ашуға, ішілген тағамның сіңімділігіне әжептәуір септігін тигізеді.
Тәтті бұрыштың жемісіндегі шырын шашты және тырнақты нығайтады, көздің жас тармағының және майланған бездерінің жұмыстарын жақсартады. 1/2-1 стакан шырынға 1 ас қасық бал қосып, араластырып тамақтанардан 30 минут бұрын ішу керек.
Ащы бұрыш ең алдымен буын ауруларына, радикулитке, миозитке (суық тигеннен бұлшық еттердің қабынуы) жақсы көмектеседі. Ол үшін 1 стакан ащы бұрыш тұнбасына 2 стакан өсімдік майын қосамыз да, сырқырап, қақсаған буындарға таңып қоямыз.
Стаканның 4/1 бөлігіне ащы бұрыштың ұнтақтап салып, қалған 4/3 бөлігіне спирт немесе таза арақ құйып, тұнбаның әзірлеуге болады. Бұл тұнбаның 10-20 тамшысын тамақтанардың алдында ішсе, асқазан-ішектің ауруын емдейді, тәбетті ашады, асқазан сөлінің бөлінуін жақсартады.
Кейбір ғалымдардың айтуынша артық салмақтан арылу үшін ащы бұрыштан әзірленген тағамдарды көп тұтыну керек. Ол майлы жасушалардың бейтараптануына мүмкіндік жасайды.
Американың дәрігері Д.Джарвис есте сақтау қабілеті нашарлағанда, шаршағанда, әлсіздікте, тамаққа тәбет болмағанда сіңір тартылғанда, қол-аяқ жансызданғанда, буындар сырқырап ауырғанда, ұйқысыздықта ащы бұрыш пайдалы деген тұжырым жасаған.
Кейбір ғалымдардың мәліметтерінде европа халықтарына ас тұзының маңызы қандай болса, ыстық тропикалық аймақтағы халықтар үшін ащы бұрыштың маңызы сондай дейді.
Асқазан, ішек, бауыр, бүйрек ауруларында, асқазанның ойық жарасында, он екі сақиналы ішек, гастрит, холецистет ауруларында ащы бұрышты қолдануға болмайды.

 

Құралай Омар

 

Тісті тазалау

Ауыз қуысы барлық індет пен уланудың негізгі көзі болып табылады. Ағзадағы індет шоғыры көбінесе тіс түбірінде немесе ауру тістің өзінде кездеседі.
Ауыздағы инфекция көптеген ішкі аурулардың тууына себепкер болуы мүмкін. Мәселен: буын қабынуы – артрит, жүректің ішкі қабының қабынуы – эндокардита, гипертония, көз, мұрын, құлақ қызметінің бұзылуына алып келеді. Бүйрек, жүрек, асқазан, ішек ауруларына соқтыруы мүмкін. Ағзаның бұзылуы мен жұқпалы ауруларға ұшырауын бәсеңдету үшін халық медицинасы тіс тазалаудың қарапайым әдістерін ұсынады.

Көптеген елдерде тіс щеткасының орнына ауызды қуыратын дәмі бар өсімдіктердің жұмсақ жерін пайдаланады. Алмұрт, жөке, апельсин ағаштарының өркені, балдыркөк, сәбіздің сабағы, қарақат, жидек, шетен ағашы, балқарағайдың жұмсақ бұтақтарынан арнайы таяқша жасайды. Таяқшаның ұзындығы 15-18 см, диаметрі 5-6 мм болу керек. Дайын болған таяқшаны суға салып, бір ұшын шайнап, шашақ жасау керек. 2-3 рет пайдаланғаннан кейін лақтырып тастаған абзал. Жақсы нәтиже беру үшін тіс ұнағын қолданады. Оған 10 пайыз ұнақталған ашудас қосуға болады. Егер таңертең және ұйықтар алдында бір бас сарымсақ жесеңіз, ағзаңыздағы микроб атаулы күшін жояды.

Тілді тазалау

Ауыз бен тіс сияқты тілді де жақсылып тазалап тұру керек. Эпителийдің жартылай бұзылған үлдірінің қалдықтары тілдің ұшына емес, түбіне жиналады. Йогтардың медицинасында оны тазалаудың бірнеше жолдары бар. Ең қиыны – көмекейдің түбіне саусақты тығу. Сұқ саусақ, ортаңғы және аты жоқ саусақты бірге көмекейге апарып, тілдің түбін жақсылап қырыңыз (шай қасықтың көмегімен де тазалауға болады). Бұдан кейін ауызды бірнеше рет таза сумен шаю керек. 1-2 минуттық тазалаудан кейін тілге өсімдік майын жағыңыз. Бұл шараны күніне екі рет таңертең, кешке жасау керек. Тамақтанып болған соң міндетті түрде ауызды шайған жөн. Диагноз қою барысында тіл денсаулықтан хабар беріп тұрады.

Көз күтімі

Ғалымдардың айтуынша, адам мәліметтің 70 пайызын көру арқылы алады екен. Ағзадағы қуаттың жартысы ойлауға, физиологиялық функция – ас қорыту, тыныс алу, бөліну, қозғалу сияқтыларға кетеді, ал қалған 50 пайыз көру қуатына кетеді.

Көз орталық жүйке жүйесінде орналасқан. Сондықтан көздің жай-күйі ең алдымен тамақтануға, бұлшық ет тонусы мен жүйке тұрақтылығына байланысты.Көз адамның айнасы. Көз жақсы көру үшін көзгигиенасын ғана сақтау жеткіліксіз, ой және дене тазалығын сақтау керек.

Көздің қырағылығын арттыру үшін көз тазалығына, жаттығуларға көңіл бөлген жөн. Ежелгі медицинада көз ауруларын емдеу, қырағылығын арттыруда Күн мен Айға айрықша мән берген. Күн сәулесі қанайналымды тездетіп, микробтарды өлтіріп, инфекцияны бейтараптандырады.

Күнге таң атқанда немесе батқанда қарау керек. Көзді үлкен қылып ашып, күнге көзден жас аққанша қарау керек. Көзі ауыратын адамдар күннің өзіне емес, бағытына, сәулесіне қарағаны жөн. Бірінші сеанстың ұзақтығы 1-2 минут, кейіннен 10 минутқа дейін жеткізуге болады.

Көру барысында бұлшық еттің бір бөлігіне үнемі салмақ түседі, ал кейбіреуі босаңсиды. Көзді дұрыс бағыттамау көздің көруін бұзады әрі түрлі көз ауруларына алып келеді. Ол үшін күнделікті мына жаттығуларды жасаған жөн.

1. Орталық тіреу. Көзді өзіңізден 48 см-дан алыс жердегі кішкентай затқа (майшамның жалыны, кішкене қара нүкте) бағыттаңыз. Көз әдеттегідей ашық. Кірпік қақпаңыз. Көзден жас аққанша сол затқа қараңыз. Өзіңізді өзіңіз қинамаңыз, жайлы болуы керек.

2. Мұрынға бағыттау. Денеңізді бос ұстаңыз. Мойынды тік ұстаңыз. Көзді мұрынға бағыттаңыз. Сеанстың ұзақтығы 1-2 минут, содан кейін көзді жұмып демалыңыз. 2-3 рет қайталаңыз.

3. Қасқа бағыттау. 1-2 минут аралығында көзді екі қастың ортасына бағыттау. Көзді жұмып, демалу. Бірнеше рет қайталау.

4. Оң иыққа бағыттау. Денені тік ұстап, көзді иық ұшына қарату. 1-2 минуттан соң демалыңыз.

5. Сол иыққа бағыттау. Бұл жаттығу алдыңғыға ұқсайды.
Әр жаттығуды жеке-жеке жасап үйренген соң, кешенді жаттығу ретінде айналысуға болады.

Жаттығудан соң бетті 3-4 секунд суық суға малып, көзді ашыңыз. Суық су көру мүшелерін жақсы әсер етеді. Бұлақтың, бастаудың, тұманың, сарқыраманың суымен жуған өте пайдалы.

Бауырды тазалау

Аурудың алдын алу үшін жылына 1 рет, ал емделу үшін 2 рет жасаған жөн.

Бірінші күн.Бауырды тазалауға дайындау. Таңертең клизма жасау. Күні бойы алма шырынын ғана ішу.

Екініші күн.Таңертең клизма жасап, сағат 19-ға дейін жаңа піскен алманың шырынын ішу керек. Сағат 19-дан бастап төсекке жатып, оң жаққа жылытқы қою қажет. Әр 15 минут сайын 3 ас қасық лимон шырыны мен 3 ас қасық зәйтүн майын ішеді. Екеуін ауыстыруға болмайды. 14-2-14 сағаттан кейін (5 сағаттан кейін де) лоқсу басталады. Холестерині бар қара-сұр ұйыған зат шығады. Дефекациядан кейін асқазанды 1,5 литр сумен шайған абзал.

Бүйректі тазалау

Бұл шараны қарбыз піскен уақытта бақшада жасаған дұрыс. Бір апта бойы қарбызбен, қара нанмен қоректену керек. Түнгі сағат 2 мен 3-тің арасы бүйректің биологиялық сағаты болып есептеледі. Сондықтан тас түсер алдында жылы сумен ванна қабылдау керек. Тоқтаусыз қарбыз жеу қажет. Осы кезде бүйрек астауы кеңіп, несеп жолы арқылы тас түседі. Егер тас ауырлықпен түссе, 2 таблетка но-шпа қабылдаңыз.

Лимфа мен қанды тазалау

 

Емшара 3 күнге созылады. 2 литр еріген қар суына 900 г. апельсин және 200 г лимон шырынын қосып, коктейль әзірлейміз. 1 ас қасық глаубер тұзын 100 г суға ерітіп, таңертең аш қарынға ішу керек. Сосын жарты сағат сайын коктейльден 100 грамнан ішкен жөн.

Құралай Омар

 

Басбармағыңыз қалай?

Адамдардың денсаулығын бас бармаққа қарап білуге болады екен.

 

Басбармағы өте жуан адам ызақор, ашушаң болады. Ал бас бармағы тым жіңішке, әлжуәз адамның көкбауыр, асқазаны әлсіз болады.

Бас бармағы иірілу – нерв әлсіреудің, басы аурудың, ұйқысы қашудың белгісі.

  • Бас бармақтағы бедерлердің қалыпсыз болуы:

Екінші буынына көп бедер түсіп, осы буынның бүкпесіндегі жолағы білінбеу – қарадай ашулану, басы ауру, ұйқысы қашу сияқты аурулардың белгісі.

  • Бас бармағының буыны қысқа болу:

Басбармағының буыны тым қысқа болып, қап-қатты болып иілмейтін болса, жоғары қан қысымы, бас ауру, жүрек ауру, құрысу сияқты ауруларға оңай шалдығады.

Бас бармағы барбиған жуан адам ызақор болады. Басбармағының ұшы барбиып тұру – тума жүрек ауруының белгісі.

Бас бармақтың сұқ саусаққа қараған жағының жолақты болуы – тыныс жолы қабынғандығының белгісі.

Жаңа туылған нәрестенің бас бармағының бірнеше айға дейін қалған төрт саусағының ішінде бүгулі тұруы дене қуатының әлсіздігінен дерек береді. Бұл жағдай бір жастан асқанға дейін өзгермесе, ақыл-естің кемдігін көрсетеді.

Ауру астан келеді

Астан соң денеде болатын кейбір белгілерге немқұрайлы қарауға болмайды.

Тамақтан соң іш кебу, жел шығару, кейде дәреті жиілеп, іші өту – асқазан төмендегендігінің белгісі. Ал орта жастағылар мен қарттардың іші кебуі, асқа тәбеті азаюы, арықтап жүдеуі – асқазан қатерлі ісігінің белгісі.

Тамақ ішкенде жұтына алмай қылғыну, су және көже сияқты сұйық тамақтарды ғана іше алу, кейде су да өтпей қалу – өңеш қатерлі ісігінің алғашқы белгісі.

Тамақ іше салып қарны ашу, кейде жоғары құрсағы ауық-ауық шағып ауру әрі запыран құсу, бұл жағдай тамақ ішкен соң басылып қалса, асқазан қабыну және асқазан жарасы ауруының алғашқы белгісі болуы мүмкін.

Мінез…

 

Мінездің өзгеруі көп жағдайда ағзада мынадай өзгерістердің болуынан болады:

Хром құмар өспе, қан диабеті, қалқанша без ауруы, В типті бауыр ауруынан талшықтану сияқты бауыр ауруының ауыр түрі, қуат әлсіреу, қан тамыр немесе нервтік тосылулар, т.б. Мінездің аяқ астынан өзгеріп, өзгерісі өте айқын болған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс. Дерттің асқынбауы үшін науқастың достары, жақындары оған жанашырлық танытып, онымен ерегесіп, есептеспеу керек.

 

Жерқонақ

Бұл – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Түйе саумалдық шаян мойын деп те аталады. Биіктігі – 60-90 см. Тамыр сабағы дөңгелек қыртысты келеді. Жапырақтары қандауыр тәрізді ұзын болады. Гүлі ақ немесе ақшыл, қызыл түсті келеді. Үш қырлы, жылтыр қара түсті жаңғақ жемісі болады. Таулы өңірлерде, әсіресе Алтай таулары мен Тянь-шань тауларында өседі.

 

Жинау және өңдеу

Жерқонақтың тамыры мен сабағы дәрі болады. Көктем және күзде қазып алып, топырағын тазалап, тамыр шашақтарын алып тастап кептіреді. Кермек дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары

1.      Бауырдың жедел қабынуына, сары типтегі бауыр қабынуына ем болады. 60 г.

жерқонақты суға екі рет қайнатып, қайнатпасына 30 г. қара шекер қосып, қайтадан қайнатады да, 200 миллиграм қалғанда дәріге пайдаланады, 100 миллилитрден күніне бір рет ішеді.

2.      Дизентарияға, ішектің, бауырдың, маңдай қуысының, жоғары тыныс

жолының қабынуына 80 г. жерқонақ пен 240 г. бақбақты қосып, талқандап, бал араластырып, 9 грамдық оқ дәрі жасап, күніне 3 рет ішеді.

3.      Қызба аурулардың сандырағына, қол-аяқтың құрысуына, шиқан,

сыздауық, сондай-ақ асқынған жараларына қолданылады.

Пайдалану мөлшері: 3-9 г. жерқонақтың құрамында мошы қышқылы, ағаш майы, ағаш желімі қатарлы элементтер бар.

Жемжеміл

Бұл – көп жылдық өсімдік. Түйнек сабағы етті, хош иісті, бұрыш дәмдес келеді.

Жемжеміл шикі, кептірілген және қурылған түрінде емге қолданылады. Бұлардың ем кезіндегі әсері бір-біріне ұқсамайды, кермек дәмді келеді.

Ем болатын аурулары

1.      Суықтан тұмау тигенде 9 г. шикі жемжемілді 9 г. суға қайнатып,

тиісті мөлшерде қара шекер қосып ішеді немесе 9 г. перила топырағына 2 бас ұзын сарымсақтың ағын қосып қайнатып ішеді.

2.      Жұмыршақтағы қара желді айдауға шикі жемжемілдің  12 грамын

етке қосып қайнатып, сорпасын ішеді.

Пайдалану мөлшері: 3-9 г. жемжемілдің тамыр тәрізді сабағында ұшпа май болады, майдың құрамында жемжеміл спирті болады.

 

Жемжеміл қабығы

Жемжемілдің қабығы да кермек дәмді болады, денедегі суды айдайды. Денеде сулы ісік пайда болған жағдайда жемжеміл, мандарин, томар дәрі, ащы қарбыз қабықтарынан 9 г. алып суға қайнатып ішеді.

Күнтуды (Құтан шөп)

Бұл – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі – 15-50 см. Жалғыз әрі көп бұтақты тік өседі, төрт қырлы келеді. Қандауыр формалы жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлі қызғылт көк түсті, гүл күлтесі ұзын түтікше формалы болады.

Күнтуды тоған бойларында, сайлардың дымқыл жерлерінде, өзен жағаларында өседі. Іле, Алтай тауларында көп өседі.

Жинау және өңдеу

Күнтуді шөбі түгелдей дәрі болады. Шөпті жазда жинап алып, тазалап кептіреді.

Ем болатын аурулары

1.      Жұтқыншақ қабынғанда күнтуды шөбін жаншып, шырынын шығарып, үстіне дәнекер ұнтағын қосып, ауызды шайқайды.

2.      Бөбектердің қышыма бөртпесіне күнтуды шөбін жаншып нілін жағады.

3.      Күнтуды шөбін жаншып, суланған қотырға таңады.

4.      Қатерлі ісік (асқазан, өңеш) ауруына 60 г. күнтуды шөбі мен 60 г. итжүзімді суға қайнатып ішеді.

5.      Бауыр мен соқырішек қабынғанда  15 г. күнтуды шөбін, 90 г. итул дәнін, 15 г. түйнекқотанды суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 15-30 г.

Күнбағыс

Күнбағысты күнбағар, шекілдеуік деп те атайды. Күнбағыстың тұқымы, тұқым қағып алынғаннан кейінгі табақшасы, гүлі, тамыры, сабағының ішіндегі жұмсақ ақ  еті дәріге пайдаланылады.

Жинау және өңдеу

Толық ашылғанда гүлін, жемісі піскененнен кейін табақшасын, ақ етін жинап алып кептіреді. Тәтті дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары

1.      Күнбағыстың тамырын суға қайнатып,  суымен ауыз шайқаса, тіс қақсағанды, тіс еті қабынғанды басады.

2.      Жемістің тамырын талқандап, балшық дәрі жасап, оны шүберекке орап, жатырдың мойнына қойса, іштегі баланы түсіреді.

3.      Күнбағыс жапырағынан 12 г. жаншып, ыстық сумен ішсе, жүректі айнытып, құстырады.

4.      Ыстықтан күн өтіп бас ауырғанда 20-30 г. күнбағыс табақшасы мен бір жұмыртқаны шағып, бір шыны суға қайнатып, жарты шыны қалғанда тамақ артынан күніне екі рет ішеді.

5.      Тісі ауырғанда күнбағыстың бір табақшасы мен алақат тамырын суға қайнатып, нілі шыққанда оған тауықтың бір жұмыртқасын жарып салып, пісіріп жейді.

6.      Етеккір кірнесіне 30-50 г. күнбағыс табақшасын суға қайнатып, қара шекер қосып ішеді.

7.      Несеп жолына, бүйрекке тас байланғанда  90 г. күнбағыс сабағының өзегін (сабақ ішіндегі ақ еттен) суға қосып қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.

8.      Несептің лайланып келуіне  60 г. күнбағыс сабағының өзегі мен 30 г. балдыркөк тамырын суға қайнатып, күніне бір реттен бірнеше күн ішеді.

9.      Қуық тұтылғанда 15 г. күнбағыс сабағының ақ өзегін суға қайнатып ішеді.

10.   Көк жөтелге күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып, бықтырып, тиісті мөлшерде шекер салып ішеді.

11.   Асқазанға ас батып сіңбегенде күнбағыс тамырынан, аскөктен, арпа бедияннан қажетті мөлшерде алып суға қайнатып ішеді.

12.   Үлкен және кіші дәрет тоқтап қалғанда күнбағыстың жас тамырын жаншып, суға шығарып, балмен қосып, 15-30 г. ішеді.

13.   Жіңішке ауруға 30 г. күнбағыс тамырын суға қосып, қайнатып ішеді.

14.   Жарық ауруына 30 г. күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қосып ішеді.

15.   Жоғары қан қысымы ауруына 30 г. кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 г. сәйсағызды суға қайнатып ішеді.

16.   Қан аралас іш өткенде 30 г. күнбағыс тұқымын суға бір сағат қайнатып, шекер қосып ішеді.

Пайдалану мөлшері: Тұқымынан 15-30 г. қайнатып ішуге  (жапырағын) 6-24 г., ал тамырынан 15-30 г., күнбағыс сабағының өзегінен 9-15 г. Құрамында май, белок, кофеин қышқылы және күрделі органикалық заттар бар.

 

Қалақай

Қалақай – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Ол  шақпа шөп, қышыма шөп деп

те аталады. Биіктігі – 15-30 см. Өн бойында шақпа түктері болады. Төрт қырлы сабағы тік өседі, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Аталығы мен аналығы бөлек түптерде болады. Гүлі жасыл түсті келеді.

Шақпа шөп таудың жылғаларында, жол жағалауларында, беткейлерде, қалың шөпті жерлерде өседі.

Жинау және өңдеу

Қалақайдың жер үсті бөлігі дәрі болады. Шөпті жаз, күз мезгілдерінде орып алып, турап кептіреді. Кейде тамырын да дәріге қолдануға болады. Кермектеу, ащы дәмді келеді.

Ем болатын аурулары

1.      Жел-құздан буын қабынғанда, қалақайдан қажетті мөлшерде алып қайнатып, қайнатпасымен ауырған орынды жуады.

2.      Босанғаннан кейінгі құрыспаға, жас балалардың шошыма ауруына қалақайдың жапырағы мен сабағынан азырақ алып, суға қайнатып ішеді.

3.      Есекжембіге жас қалақайдың жапырағын жаншып, шырынын жағады.

4.      Жылан шаққанда жас қалақайдың жапырағын жаншып, жараның аузына таңады.

5.      Қалақайдың жас жапырағын жаншып, мұрынға жапсырса аққан қанды тыяды.

6.      Қалақайдың жас жапырағын сығып, алынған сығындығы күйікке жақса, жараны жазады.

Қалақай тамыры

Қалақай тамыры ащы дәмді, улы болады.

Ем болатын аурулары

1.      Мақау ауруына қалақайдың 12-18 г. кепкен тамырын суға қайнатып ішеді.

2.      Қышыма бөрткенге қалақай тамыры мен қылша тамырынан 60 грамнан суға қайнатып, жараны жуады. 2-3 рет жуғаннан кейін сары су ағады, артынан тағы жуу керек.

3.      Қан тасығанда аяқ-қол ұйығанда 30 г. қалақай тамырын суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: қалақай тамырынан 15-30 г. жапырақ және сабағынан 3-9 г. Қалақайдың құрамында А, В, С, дәрумендері бар.

Қымыздық (щавель)

Қымыздықтың адам ағзасына пайдасы ұшан-теңіз. Оны дәстүрлі және халық медицинасында көптеген дертке дауа ретінде қолданған. Емдік қасиеті өте жоғары.

Қымыздықтың құрамында С, В1, К дәрумендері, каротин, эфир май бар; онда көбінесе органикалық қышқыл, сондай-ақ минералды заттар (кальций, магний, темір, фосфор) шоғырланған. Емдеу және аурудың алдын алу үшін өсімдіктің жапырағын да, тамырын да, тұқымын да пайдаланады. Қымыздық авитаминоз, құрқұлақ, анемеяны емдеу үшін қолданылады. Құрамындағы С дәрумені темірдің сіңірілуін тездетіп, гемоглобинді көтереді. Көп мөлшерде қолданғанда ішті айдайды, аз болса керісінше, іш тоқтатады. Қышқылдығы төмен гастритте асқазан сөлін ынталандырып,ас қорытуды жақсартады. Халық медицинасында өтті айдау үшін қымыздық шырынынан біраз беретін болған. Тамыры мен жапырағынан жасалған тұнба қан тоқтату және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады.

Жапырағы мен тұқымының бырыстыратын, ауруды басатын қасиеті бар. Жапырағы жараны жазады, қабынуға, токсиндерге, құрқұлаққа қарсы күшке ие. Жапырағының қайнатпасы өттің жасалуын қамтамасыз етеді. Қан кетуде, түрлі аллергиялық бөртпелер мен қышымада тағайындайды.

Қымыздық бауырдың, өттің, ішектің жұмысын жақсартады. Жапырағының қайнатпасын уланғанда уды қайтару үшін ішеді, ал тамырының қайнатапсын іш өткенде, ревматизмде, бел ауырғанда қолданады. Тоқ ішектің қабынуы, энтероколит, асқазан-ішек ауруларында геморрой, артқы тезіктің жарығында тұтынғанда жақсы нәтиже береді. Климакс кезінде қымыздық таптырмайтын ем болып табылады.

Қымыздықтың құрамында С, К дәрумендері мен кальций бар болғандықтан,қызылиектің қанауында жақсы ем болады.

Бел ауырғанда, ревматизмде 1 ас қасық жас тамырына 1 жарым стакан су құйып, 15 минут қайнатып, 2 сағат тұндырған соң 2 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек.

Қуық қабынғанда 500 г қымыздықты 1 литр суға 10 минут қайнатып, ваннаға (36 градус) құйып, 8-10 минут қымыздық ваннасын қабылдау қажет.

Баспаға және ыстық түсіруге жас жапырағы мен жұмсақ сабағын ыстық сумен жуып, ұсақтап езу керек. Қатты мата арқылы сүзіп, 3-5 минут қайнату керек. Тоңазытқышта сақтап тәулігіне 3 рет тамақ уақытында 1-2 ас қасықтан тұтыну қажет.

Іш өткенде: 2 ас қасық ұсақталған тамырына 300 мл ыстық су құйып, 30 минут су буында ұстап, 10 минут салқындатып, дәкені 2-3 қабаттап сүземіз. Дайын болған тұнбаны күніне 3 рет 2 ас қасықтан тамақтанудан 30 минут бұрын қолдану керек.

Есіңізде болсын, қымыздықтың пайдасымен қоса зиянды жағы да бар. Оны жиі қолданса, бүйректе тастың пайда болуы ықтимал. Тұз алмасу дұрыс болмағанда, бүйректің, ішектің қабынуында, қышқылдығы жоғары гастритте, асқазан және ащы ішектің ойық жарасында, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Қымыздық кальцийдің сіңуін тежейді де, остеопорозға алып келуі мүмкін.

 

Дайындаған Құралай Омар

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80