Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№10 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Қазақтың қадірлі азаматы

 

Тарихи бетбұрыс кезеңде елінің ертеңін ойлайтын, халқының болашағына алаңдайтын, уақыт сынынан өткен, ұлтының ұлттық құндылықтарын сақтап қалу жолында аянбай тер төгетін жандарды халық – «азамат» дейді. Сондай азаматтардың бірі Жасан Зекейұлы десек, артық айтқандық емес.

 

Жасан Зекейұлының қабылдауында болып, дертіне шипа тапқан, өмір жайлы және одан өз орныңды қалай дұрыс табуға болатындығы туралы ақыл-кеңестерін тыңдаған, рухани жан-дүниеңнің қалауымен өмір сүргенде ғана мықты денсаулыққа, мол бақытқа әрі үздіксіз табыстарға қол жеткізе алатындығың жайлы ғылыми-танымдық тұжырымдарын естіген адамның екі жақты бей-жай күйде қалуы мүмкін емес. Сондай әсерде жүрген жандардың бірі ретінде мен қарапайым дәрігерден медицина саласы бойынша ғалым деңгейіне көтерілген, 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, Қазақстанда Шығыс-тибет емі медицинасының негізін қалаушы, реформатор жанның осыншалықты жоғары деңгейге көтерілуінің сыры, табиғи бітім-болмысы, азаматтық тұлғасы жайлы пікір білдіргенді орынды санадым. Жасанның жоғары кәсіби шеберлігі, білікті емшілігі Қытай елінің көп бөлігіне «Тәуіп», «Емші», кейіннен «Қасиетті әулие» атанған Бек атасынан қонған киелі қасиет деп ойлаймын. Жасан – білікті маман, өйткені он саусақтың құдіретімен талай жазылмайды делінген науқастарды емдеп, құлан таза айықтырып, бақыт сыйлады. Осыдан екі жыл бұрын өт жолымның қызметі бұзылып барып көрінгенімде қарапайым емдермен емдеп жазды, тәніме бірде-бір укол шаншыған емес, жатып ем алуыма да кеңес бермеді. Оның орнына менің күнделікті тамақтану тәртібімді сұрап, кейбір тағам түрлерін мүлдем пайдаланбауым керектігін айтты. Әңгімелесу барысында адам ағзасының қуат көзі тек қана тамақ емес екендігін аңғардым. Біздің өміріміз көбіне көп адам ағзасы тұтынатын энергиялардың сапасы мен деңгейлеріне байланысты болатындығын түсіндім. Өз кезегінде бұл энергия деңгейлерін адамның алдына қойған мақсатымен айқындалатынын білдім. Жасан жетістігінің келесі сыры оның алдына биік мақсат қоя білуінде және сол мақсатқа жету жолындағы талмай ізденісте, төгілген терде, бойындағы табиғи тазалықта деп есептеймін. Биік парасат Жасанды ерте жастан ғылыммен шұғылдануға итермеледі. Мамандығына қатысты классикалық медицинаның жетістіктерін терең меңгерді, ірі ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтап, тағылым алды. Алғашқы ғылыми еңбектерін жариялады. Елге, халыққа таныла бастады, болашағынан мол үміт күттіретін «Жас ғалым» атанды. Қол жеткенге тоқмейілсу, барды қанағат тұту Жасан бойына жат қылық еді. Бойындағы табиғи талант Шығыс-тибет медицинасын зерттеуге алып келді. Қытай еліндегі осы медицинаның ірі өкілдеріне шәкірт болды, оқыды, ізденді, зерттеді, күндіз күлкіні, түнде ұйқыны қойды. Классикалық медицинаны жетік меңгерген ғалымға, бұл биіктік те бағынды.

Әр елде медицина саласы бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізген ғалымдар аз емес, ғылымның бірнеше бағыттарымен айналысатындар да кездеседі. Алайда материалдық деңгейде қалып қоймай, рухани деңгейге көтерілетін, ұлттық мүддені жеке басының қажеттілігінен жоғары қоятындар санаулы. Осы ұлтжандылық, елжандылық сапа, қазақы бітім-болмыс Жасан Зекейұлын елге алып келді. Алла о баста болашақ тағдырына дәрігер, емші, ғалым болуды жазса керек, тарихи отанында да қанша кедергілерге қарамастан, Алматыда Шығыс-тибет орталығын ашып, халқына қызмет ету бақытына ие болды. 40 мыңнан астам қандастарына қызмет көрсетті, денсаулық сыйлайды, олардан ұрпақтармен қоса алғанда бұл бір өңірдің халқы деген сөз. Оның ішінде 5000-нан астам ағайындарға тегін ем жасап, рухани дүниесінің биік екендігін дәлелдеді.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, отандастарын емдей жүріп, «Жас-Ай» ғылыми танымдық журналын шығарып, ағартушылық қызметпен шұғылданады. Ол БАҚ бетіне берген ғылыми сұхбаттары арқылы қазақтың денсаулығы, ұлттың болашағы көбіне-көп қазақ тілінде сөйлеуге, ұлттық мәдениетті берік сақтауға, қазақы тәрбиемен өсіп, ұлттық тағамдарды тұтынуымызға байланысты екендігін үндейді. Әлемдік толғақты мәселелерге де көптеп тоқталып, жеке адамға да, тұтас ұлтқа қатысты мысалдарды көптеп келтіреді. Осыған қарап біз Жәкеңді тек, жеке көзқарасынан аспайтын тар өрісті жан емес, қайта ұлт туралы, әлемдік маңызды түйіндер туралы да көп ой қозғап, пікір білдіретін кемел тұлға екенін аңғарамыз. Сондықтан да Жасан медицина саласына, әлемдік ғылымның дамуына, ұлттық ғылымды өрге сүйреуге қосқан сүбелі еңбегінің арқасында 2009 жылдың желтоқсан айында «Вена халықаралық университетінің құрметті профессоры» атағын иемденсе, араға бір жыл салып, яғни 2010 жылдың желтоқсан айында Вена қаласындағы атақты Хофбург сарайында бүкіл әлем ғалымдарын тағы да бір рет  мойындатып, «Сократ» атындағы орденді кеудесіне тақты. Расында бұл қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш. Өйткені мұндай орденді тек халқына қалтқысыз қызмет еткендер ғана тағады. Жасан жұлдызы жарқырай берсін!

Абай ЕРГЕШОВ,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№ 219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры,

ҚР Білім беру ісінің үздігі

 

Шарапаты мол шипагер

 

Қазақ елі ежелден жақсыны жанына тартқан бауырмал, пейілі кең, жаны жомарт, қонақжай халық екені белгілі. Өзім деген кісіге өзегін суырып, сый қылса сыпыра қылып,  жаяу қонаққа астындағы жалғыз атын түсіп беретін дархандығын әрқашан мақтан  тұтамыз.  Жасан ағаның қай жағынан алып қарасаң да халқымыздың осы  асыл қасиеттері бойына сіңген кемел азамат екенінің көзіңіз жетеді. Оның адамгершілік мол қасиеттерін бірге араласып, біте қайнасып жүрген дос-жарандары, туған-туыстары, шәкірттері ғана емес, «Жас-Ай» орталығынан ем алған бүкіл ел біледі. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» дейді, халқымыз. Жәкең науқастарға білікті ем көрсетумен қатар, оларға қайырымы мен көмегін де аяған емес.

Алматы облысы әкімдігінің қызметкері Ермек Әменов пен жұбайы Ұлдаш Бөрібаева Жасан Зекейұлының емдеу орталығына 2007 жылдың тамыз айында келеді. Бұған дейін Ермек Әменовтің  қан қысымы жиі көтеріліпті.  Апталап, айлап емханада жатқан. Мұнда келгенде әйелі Ұлпаш апайдың да жүрек қызметі нашар екен. Ерлі-зайыптылар он күндік емнен кейін сырқаттарынан сауықты. Ермек Әменовтің қан қысымы қалпына келсе, Ұлдаш апай үйіне өз аяғымен жүріп қайтты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылының тұрғыны Бейсенгүл Тортаева да мұнда аяқ-қолы істемей, жүріс-тұрыс, қимыл-қозғалысы әбден қиындаған соң келген екен. Бірер күндік емнен кейін-ақ оның өздігінен тұрып, жүре алатын халге жеткеніне куә болдық.

Отан Бәкірұлын да Жасан Зекейұлының алдына екі адам көтеріп алып келді. Ол инсульт алыпты. Денесінің бір бөлігі жансызданған. Есту қабілеті де жойылған. Тибет емінің әсері бірден байқалды. Бір апта ішінде орталыққа өзі жүріп келетін халге жетті. Есту қабілеті де біртіндеп қалпына келе бастады. 3 курстық емнен кейін денсаулығы негізінен қалпына келді.

Қалжан Қилыбаева Жасан ағаға 2006 жылдың наурызында келді. Диагнозы: созылмалы емшек дерті (мастопатия). «Жас-Ай» орталығына керден бұрын ауру оның  жанын жегідей жеген. Күн бұзылса, сәл мұздаса бітті  қатты қиналғанын айтады. «Алғашқыда аурудан көз ашпай, көңіл-күйіміз түсіңкіреп, шаңырағымыздан шаттық кете бастаған еді. Өйткені отбасымызда біраз уақыт бала болмады. Екі курстық емнен кейін кеудемнің сыздап ауырғаны басылды, құрсағыма бала бітті» дейді Қалжан.

Ұлтай да бала күнінен жүрек әлсіздігінің салдарынан тұрғылықты жері бойынша емханада есепте тұрған жандардың бірі. Ол туабітті жүрек дімкәстігінен зардап шегіп келеді. Ағзаға қажетті дәрумендердің жетіспеушілігінен жүрегі толық дамымай қалған көрінеді. Содан бала кезінен өте әлсіз, аурушаң болып өсіпті. «Ес білгелі далаға шығып бірде-бір ойнаған емеспін. Бірақ аурумен күресуден еш жалықпадым» дейді.  Мектепті жақсы бітіреді, жоғары оқуға түседі. Тұрмыс құрады. Бірақ баяғы жартас сол жартас. Ауру жиі азаптайды. Жүрегі қатты соқса сескенеді. Басы да жиі ауырады. Бірде Ұлтайды жолдасы Жасан Зекейұлына алып келеді. Бас дәрігер Ұлтайды жылы ілтипатпен қарсы алып, аурудың себеп-салдарын зерттейді. Сөйтіп қажетті ем тағайындайды. Қазір Ұлтай бұрыңғыдай ауруханаға айлап жатпайды. Жүрек соғысы реттелген. Бас ауруы  мазаламайды. Бала-шағасының ортасында ел қатарлы өмір сүріп жатыр. Талайдың алғысына бөленіп отырған Жасан ағаның халқына берер шапағаты көп болсын деп тілейік! Жәкеңнің өмірі ұзақ, денсаулығы мығым болғай!

 

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

 

Бас ауруын тудыратын басты себептер

 

Қандай факторлар бас ауыруын үнемі тудырады?

 

Бас ауруы негізінен бастың ткандарында, мысалы, бастың сыртқы артерияларында, бұлшық еттерінде, нерв ұштарында, бас сүйек түбінің қабығында, бас ішіндегі мидың қатты қабығында, қан тамырда және ми нервінде пайда болады. Ми паденхимасының өзінде ауруды сезетін нерв ткандары жоқ. Жоғарыда айтылған ауруға сезімтал түрліше ткандарда мынадай өзгерістер болғанда бас ауру пайда болады:

1) Қан тасмыр тартылғанда, қысылғанда, созылғанда немесе орыны ауысқанда  мына жағдайлар көп кезігеді: біріншіден, бас сүйектің ішіндегі аурулар өзгерісі(мысалы, өспе, қанды ісік, іріңді ісік, қалталы ісік). Екіншіден, ми ішкі қысымының артуы (мысалы, ми сулы ісігі, миға су жиналу,  вена қойнауына қан ұю, өспе немесе қалталы құрттың  қысуына байланысты тосылу, ми-жұлын сүйықтығы айналысының бөгелуі  сияқтылардан байқалады). Үшіншіден, ми ішкі қысымының төмендеуі(бел омыртқа тесілгеннен кейін немесе белден наркоздеуден кейін бел омыртқа сүұйықтығы сыртқа көп ағып шығуына байланысты мидың ішкі қысымы төмендейді).

2) Қан тамырдың кеңеюі сипатты бас ауру. Бастың ішкі сыртқы артериядары алуан түрлі себептермен кеңеюіне байланысты бас ауру пайла болады. Мысалы, бас сүйектің іші-сырты шұғыл, созылмалы қабынғанда, ауру қоздырғыш пен оның уының қан тамырды кеңейтуіне байланысты бас ауру пайда болады; Зат алмасу сипатты ауыру өзгерісі (Мысалы, қандағы қанттың төмендеуі, жоғары көмір қышқылды ацидемия және оттегі жетіспеуі); Улану сипатты аурулар (Мысалы, спиртпен улану, көмір тегі шала тотығынан улану), ми жараланғаннан кейінгі, талма ауруы ұстағаннан кейінгі ауру, жоғары қан қысымды ми ауруы(көбінесе, бүйрек қабынуынан, хромқұмар клетка өспесінен пайда болады), ми қантамырын кеңейтетін дәрілерді көп ішу сияқтылардың бәрі қан тамыр кеңеюі сипатты бас аурудың себептері болып табылады.

3) Ми қабығы тітіркендірілуінен туылған бас ауруы. Бас ішінің шұғыл, созылмалы қабыну эксудатының(мысалы, мененгит т.б) немесе қанау сипатты ауруларға байланысты шыққан (мысалы, торлы қабықтың астыңғы қуысының қанауы, т.б) қанның ми қабығын тітіркендіруінен немесе ми сулы ісігінің мми қабығы мен оның қан тамырларын тартуынан бас ауру пайда болады.

4) Нервтің тітіркендірілуінен немесе аурудың зақымындануынан пайда болған бас ауру. Бас мойын нервтерінің басылуына немесе қабыну сипатты зақымдалуына яғни үшкіл нерв, қарақұс нервінің қабынуына немесе оны өспенің басуына байланысты бас ауру пайда болады.

5) Бас-мойын бұлшық еттерінің құрысуы сипатты жирылуынан пайда болған бас ауру. Бас-мойын бұлшық еттерінің құрысу сипатты жирылуының себебі кейбір науқстанушылар жөнінен ағанда әлі анықталған жоқ, ал кейбіреулерінің қатысты себептері анықталды. Мысалы, мойын омыртқа ауруы, шекті орындағы өспе, созылмалы іріңді ісік сияқты мойын аурулары мойын бұлшық еттерінің созылмалы рефлекістік керілуін тудыруына байланысты бас ауыруы пайда болады. Бұл бұлшық еттің керілуі сипатты бас ауруы деп аталады.

6) Радиоактивтік бас ауруы немесе шарпымалы бас ауру. Көбінесе көз, құлақ, мұрын және мұрынның қосымша қуысы, тіс, сондай-ақ үстіңгі мойын сияқты орындардың ауру өзгерісінің екі бетке қарай кеңеюінен немесе рефлекс жасауынан радиоактивтік бас ауруы пайда болды.

7) Писхикалық бас ауру – клиникада көбірек кезігетін тиіптердің бірі. Негізінен рухани немесе писхикалық факторларға байланысты пайда болатын бас ауру, көп кезігетіндері нерв функциялық бас ауру, истерия немесе жабығу, т.б.

Бас ауру тұқым қуалай ма?

 

Бас аурудың себептері тым күрделі, клиникалық бейнелері де алуан түрлі болғандықтан олардың тұқым қулайтын факторлары бар ма? жоқ па? деген мәселе жөнінде тоқ етерін айту қиын. Бас аурудың себептерінен алып қарағанда, мысалы: инфекциялану, улану, жарақаттану, өспе сияқты мүшелік бас аурулар тудыратын алғашқы ауру себептерінің тұқым қуалаумен қатыссыз екені шүбәсіз; Ал бас ауру тудыратын ми қан тамыр ауруларының тұқым қуалауы мүмкін. Біз негізінен бас сақинасы мен функционаольдық бас ауруының тұқым қуалау мүмкіндігін таныстырамыз.

Бас сақинасының тұқым қуалауы мәселесі жөнінде эпидемиологиялық тексеруге қарағанда бас сақинасының тұқым қуалау мөлшері 20-80 % болады екен. Тұқым қуалайтын бас сақинасы әйелдерде көп болып, анадан қыз балаға ұрпақ аралатып тұқым қуалайды. Мұның ішінде типтік бас сақинасының тұқымдық тұқым қуалау мөлшері 51% , жай типтегісі шамамен 21%  болып екеуі айқын парықталады. Ата-ананың екеуінде де бас сақинасы болса балаларының науқастану мөлшері 76,2%  болады. Тұқымдық тұқым қуалауы болымды болған адамдардың бас сақинасымен науқастанатын жасы кішірек, ауру барысы жай типтегі бас сақинасына қарағанда ұзағзырақ болады. Бас сақинасының пайда болуы, ауырласуы барысында  тұқым қуалау факторлары белгілі орын ұстайтынды шүбәсіз. Бірақ нақтылы қалай науқастанатындығы анықталған жоқ.

Нерв сипатты бас ауру психикалық сапа мен жасаған ортадағы факторларға байланысты пайда болады. Оның тұқым қуалауы бас сақинасы сияқты айқын болмайды. Қалыпсыз нервтік тітіркендіру, психикалық тежем, мазасыздық және қатты шаршап-шалдығу осы ауруға оңай шалдықтырады. Мұның керісінше рухани жақтан еркін көңілді болу науқастарға өте пайдалы.

Көңіл-күйдің бас аурумен қандай қатысы бар?

 

Қызмет, тұрмыс барысында алуан түрлі көңілсіздіктер болғанда немесе ренжу, ызалану, тебірену, дегбірсізденуден кейін басы солқылдап ауыратын жағдай көп адамның басынан өткен болу керек. Мұндай ауру белгісі жоғары қан қысым, ми артериясының қатаюы, нерв сипатты ауруы барлар да ерекше көрнекті болады. Сонымен бірге басы ауырғанда адам мазасызданып, оңай ашуланды. Бұл неліктен? Әсілі, адамның үлкен миында көңіл-күй қимылын басқаратын жоғары дәрежелі «жиек жүйесі» делінетін орталық нерв бар. Ол гиппо, өрік дәні, бөлік аумақ, біріккен қыртыс аумағы және томпақша мидың ішінара бөлігі сияқты органдарды қамтиды. Сондай-ақ, жиек жүйесі вегетативтік нерв қызметін ретке салатын негізгі орталық нерв, ол үлкен ми қыртысындағы аумақтармен, томпақша мимен және төр тәрізді құрылымдармен тығыз байланысты болады. Жиек жүйесінде нерв өткізуші денелер көп болатындығын сынақ-тексеру нәтижесі дәлелдеп отыр. Олар ауырту және ауруды басу барысында маңызды рөл атқарады; Гиппоның денедегі алуан түрлі тітіркендіруді қабылдап әрі сәйкесті көңіл-күй әсерін қоздырып отыратындығы да зерттеу арқылы анықталып отыр. Сондықтан көңіл-күй өзгерісі кезіндегі бас ауру негізінен жиек жүйесінің қатынасуынан болады.

Көңіл-күй нашар ықпалға ұшырағанда мұндай сезім сәйкесті қабылдағыш және өткізгіш арқылы үлкен ми қыртысы мен жиек жүйесіне жеткізіледі. Жиек жүйесі дереу көңіл-күй өзгерісінің сигналын астыңғы томпақша мидың вегетативтік нервінің жоғары дәрежелі орталығына ұқтырады әрі мый қосалқысының сәйкесті түрде гормон болып шығаруын, симпатикадық нервтің қозуын және қатысты химиялық зат бөліп шығаруын тездетеді. Жоғарыда айтылған нервтердің ішкі секрециялық реттеуінң нәтижесінде қан қысымы жоғарылап, қандағы ауру тудыратын заттардың қоюлығы артып, қан айналысы тездейді және ішінара ми қан тамырлары кеңейеді. Міне бұлар бас аурудың маңызды потологиылық-физиологиялық негізін құрайды.

Соңғы ғылыми жаңалықтарға негзіделгенде бас ауру адамның мінезімен де байланысты болатындығын, яғни көңіл-күйдің орнықсыздығы бас ауруды өте оңай тудыратындығын; сондай-ақ, бас сақинасы барлардың көбі бір мойын, күмәншіл, өркеуде екендігін анықталды. Сондықтан қашан да кеңпейіл, ашық-жарқын, көңілді жүруді әдетке айналдыру бас аурудан сақтанудың ең ұтымды шараларының бірі болып табылады.

 

Академик Жасан Зекейұлының ғылыми материалынан

 

Aдамды сымбаттандыратын, денсаулыққа пайдалы азықтар

Үйлесімді тамақтану сізды сымбаттандырып, жастық көктеміңізді жалындатады. Дұрыс тамақтанудың өнімі бірден көрілмегенімен, мамандардың кеңесі бойынша күнделікті тұрмыста азық-түлікті тұтынуды дұрыс сәйкестіре білсеңіз, бірнеше аптада-ақ оның өнімін көретін боласыз. Төменде адамның денсаулығын жақсартып, сымбаттандыратын бірнеше түрлі азық-түлікті таныстырамыз:

 

1. Сәбіз. Құрамында мол каротин болады да, витаминге айналады. Ол көзіңізді нұрландырып, көру қуатын арттырып, су қараңғы болудың алдын- алады. Шауһатты көбейтеді.

2. Қара бөлке. Қара бөлкені үнемі жесе,  адамды сергітіп, зейін қуатын арттырады. Қара бөлке  ағзаны барлық витаминдермен қамдап, адам денесінің қалыпты зат алмасуын кепілдендіріп, нерв пен бұлшық ет арасындағы байланысты жақсартады. Қара бөлке адмдардың ас қорыту қабылетін жақсартумен қатар,  аштыққа шыдамдылығын арттырады. Сондықтан қара бөлке адамды арықтататын азық-тұлык қатарына жатады.

3. Алмұрт. Алмұрт жесеңіз теріңіздің серпімділігін арттырып, бетіңізге әжім тұсірмейді. Алмұрт – витаминдерге өте бай жеміс.  Сонымен қатар ол беттің күнге күюінің алдын алады.

4. Бұршақ өркені. Мұндай өміршеңдік күші жоғары балауса өркен адам денесін сапалы белокпен қамдап, етті тағамдардың орнын баса алады. Бұршақ өркенін жеу бұлшық еттерді сомдап, ауруға қарсылық қуатты арттырады.

5.  Қырық қабат (капуста). Қырыққабаттың құрамында дәрумен мол. Ол тістің қанауының алдын алып, тіс айналасының қабынуынан сақтап, тісті қорғайды.

6. Қой еті. Қой етін жесеңіз дене пішініңіздің сымбаттылғын сақтайды. қой етінде дәрумен өте көп. Мұндағы амин қышқылы секілді заттар денесіндегі артық майларды шығарып тастауға септігін тигізеді.

7. Ірімшік. Ірімшікті көп жесеңіз тіс қызметін күшейтеді. Ірімшіктің құрамында мол калций  бар, ол адам сүйегінің мықты жетілуіне пайдалы.

8. Сарымсақ. Сарымсақ денесіндегі дәнекер тканьдар мен ұсақ буындарға пайдалы. Ол ағзаға қажетті бір сыпыра қоректіктермен қамдайды  және оның құрамында микро элементтерден селен бар, селен картаюдың алдын алады.

9. Бағлан балық. Бағлан балықтың еті дәмді, құрамында дәрумендер мол. Ол адам денесіндегі калцийды толықтап, сүйекті қатайтып, дене бітімін түзейді.

10. Көжекөк. Көжекөкті көп тұтыну дене қуатты арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Көжекөктің құрамында темір элементі көп, ол адам ағзасының энергия қабылдауын реттейді.

11. Картоп. Картоп дәрумендерге бай көкөністердің бірі. Оның құрамындағы калидің мөлшері жоғары. Ол адам денесінің клетка тканьынан қыруар мөлшерде су қабылдайды. Мұның дене салмағы артып кеткен адамдарға қарата өнімі өте көрнекті.

12. Бүлдірген. Бүлдірген адам денесінің зат алмасуын тездетіп, адам денесіндегі токсинды сыртқа шығарады. Егер оған азырақ қара бұрыш қосып жесеңңз, бұлдірген тіпті де дәмді болады.

13. Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтың құрамындағы жылулық мөлшері төмен, алайда онда мол бетин бар, ол шаш, тырнақ жане терінің өсіп- жетілуіне пайдалы.

Қой жүнінің шуасы

Шуаш қойдың жазғытұрымғы жабағы жүнінен алынады. Қойдың жүнін қазандағы суға салып қайнатып, жүнді сығып алып тастап, суын бірнеше рет сүзгіден өткізеді. Сүзінді суды шыны ыдысқа құйып, қоюланғанша қайнатады, қоймалжың болған кезде салқындатады. Қой жүнінің шуашы мына ауруларға ем болады:

1.      Тері жарылып қолға қиқақ түскен кезде шуаштың майынан белгілі мөлшерде алып, сүттің кілегейіне араластырып, жарылған немесе қиқақ түскен орынға (жуып тазалағанан кейін) күніне екі рет жағып, күн нұрына немесе отқа қақтап теріге сіңіреді.

2.      Белгісіз ісіктер пайда болғанда терінің бетін жуып, тазалап, шуаштан белгілі мөлшерде жағып таңып қояды, күн ара ауыстырып отырады.

3.      Буынның жел-құздан болатын ісігіне шуашты тері күймейтіндей етіп, отқа ысытып, дәкіге құйып, бүктеп, ауырған орынға таңады. Күніне бір рет ауыстырады немесе шуашты жылқының еріген майына араластырып, отқа, күнге қыздырып ауырған жерге жағады. Шуаштың құрамында сірке қышқылы, холестерин бар.

Академик Жасан Зекейұлының ғылыми материалынан

Еркектердің балалы болудағы ең тамаша жас шамасы

Ер адамдар қандай шақта әке болса ең тамаша болады? Францияның медицина мамандары өз елінің 2000 нан астам сарбаздарына тексеру жүргізіп, әке болатын адам 30-35 жас аралығында болса туған баланың ақыл-ойының соншама жақсы болатынын байқаған. Сөйтіп ол: «30-35 жас аралығындағы еркектердің спермасының өміршеңдік күші ең жоғары болады, бұл балалы болуға ең үйлесімді кез» деген қортынды шығарады. Мұны Францияның тұқым қуалау ғылымының маманы Морис те дәлелдеп отыр. Мористің зерттеуі нәтижесі де Шиерлоздің қортындысымен бірдей шығады. Әсілі ер адамдардың спермасының сапасы 30 жас кезінде ең жоғары қуаттылыққа жетіп, бұл жағдай 35 жасқа дейін жалғасады екен. Ал онан соң сперманың сапасы біртіндеп төмендей беретін көрінеді.

АҚШ-тың туу ғылымының маманы Бико да, 30 жастағы еркек ең тамаша әке бола алады дегенді тұрақтандырады. Өйткені осы мезгілде еркектерде денелік сапа абзалдылығынан сырт, кәсібі тұрақты, экономикалық күйі жақсы, балаларын бағып-қағу шарт-жағдайы кемелді болудай ерекшелікке ие болады.

Нашар дағдылардан арылған соң қандай кезде жүкті болған жөн?

Спиртті ішімдіктер, әсіресе жоғары гадустағы ақ арақтар еркектердің перзентті болу қабілетіне өте зор ықпал жасайды. Оның үстіне әйелі жүкті болған соң, ұрпағының ақыл-ойының кедергіге ұшырау мүмкіндігі арақ ішпейтіндердікінен әлде қайда жоғары болатындығын дәлелдеп көрсетіп отыр. Сондықтан арақты көп ішетін адамдар балалы боламын дейді екен, арақ ішуден тиылу керек. Арақтан тиылған соң дереу балалы болса да болмайды, ең кемінде үш ай аралату керек. Өйткені сперманың жаңалану уақыты шамамен үш ай болады. Темекі тартудың еркек спермасына жасайтын зияны да өте зор. Адамдар темекіні қойған соң бірден бала алуға асықпағаны жөн. Әуелі шипаханаға барып сперманың қалыптылығын тексертіп, сперма ахуалын білу керек. Сперма аздығы, сперма әлсіздігі барлар әуелі емделіп, ұрпақ сүйюды онан соң ойлағаны жөн.

 

Аурудың алғашқы белгілері

Аурудың да мінезі бар…

Әр адамда өзіне тән мінез болады. Дегенмен мінез тұтқиылдан өзгеріп жатса оған мән бергеніңіз жөн. Өйткені кейбір аурулардың әсерінен де мінез өзгеріске ұшырап жатады. Айталық, Хромқұмар өспе, қантты несеп ауруы, қалқанша без ауруы, В типті бауыр ауруынан талшықтану сияқты ауыр бауыр ауруы, қуаты әлсіреу сияқты аурулардың салдарынан да адам мінезінде қалыпсыздық байқалады. Мінез өзгерісі өте айқын болғаны анықталған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралып, емделгені жөн. Мұндайда науқас адамның ауруын асқындырмау үшін оның маңайындағылар, жақын жанашырлары оған түсіністікпен қарап, көмектескендері жөн.


Қақырығыңызға қарап жүрсіз бе?

Қақырықтың түсінен, пішінінен, иісінен, мөлшерінен, адам денесінде пайда болған аурулардың белгісін байқауға болады.

Қақырықтың түсі:

Сау адамның қақырығы түссіз немесе ақшыл болады. Егер қақырықта онан басқа түс пайда болса, оны белгілі аурудың белгісі деп білген жөн. Айталық қақырық жасыл түсті болса бұл сары аурудан, өкпенің үлкен бөлімі қабынуынан, өкпені жасыл іріңді таяқша бактерияның инфекцилауынан пайда болады. Ал қызыл түс қан немесе қан белогынан пайда болуы мүмкін. Мұндай белгі өкпе рагы, өкпе тубуркулезі, өкпе қан сорғыш құрт ауруы, тыныс жолы кеңею, тыныс жолы қабыну, өкпе жедел сулы ісігі қатарлы ауруларға шалдыққандарда көп болады. Қан қызыл қақырық өкпе тубуркулезінің алғашқы кезінде пайда болады. Алқызыл көпіршік қақырық жедел сулы ісігінің белгісі. Егер қақырық қара түсті болып келсе ол ұзақ уақыт темекі тартқандарда немесе шаң-тозаңның ішінде жүргендерде көп болады. Ал қоңыр түсті болып келсе ол созылмалы өкпе қанталау сипатты жүрек ауруының белгісі.

Қақырықтың формасы:

Жабысықақ қақырық. Бұл жабысқақ мөлдір қақырық тыныс жолының жедел қабынуы, өкпе қабыну, вирустық өкпе қабыну ауруларының белгісі.

Іріңді қақырық. Сары немесе жасыл сары, ірің клеткалары мен өлеттенген ұлпалардың ұнтағы мол ілескен қақырық тыныс жолы қабыну, өкпе іріңді ісігі, тыныс жолы кеңею қатарлы аурулардың белгісі.

Қанды қақырық. Бұл өкпе тубуркулезі, тыныс жолының кеңеюі, өкпе үлкен бөлімінің алғашқы қабынуы, тыныс жолының созылмалы қабынуы, тыныс жол-өкпе рагы қатарлы аурулардың белгісі.

Қақырықтың иісі:

Қанды күлімсі иіс өкпе рагы, өкпе тубуркулезі қатарлы ауруларда кездеседі. Өкпе іріңді ісігі, тыныс жолы кеңею, соңғы мезгіліне өткен қатерлі өкпе өспесі қатарлы ауруға шалдыққандардың қақырығы жиркенерліктей сасық болады.

Қақырықтың мөлшері:

Қақырықтың бірте-бірте молаюы тыныс жолының жедел қабынуы ауруынан пайда болады. Ал айқын түрде молаюы тыныс жолының созылмалы қабынуы, тыныс жолы кеңею, өкпе іріңді ісігі, тесілу сипатты өкпе тубуркулезі, өкпе сулы ісігі қатарлы аурулардан пайда болады.

Академик Жасан Зекейұлының ғылыми материалынан

 

Қант қызылшасы

Ем болатын аурулары

 

1.Қант қызылшасын сірке суымен, қышымамен араластырып ішкізсе, көкбауырдағы бөгеттерді ашады.

2. Бір жақ шеке ауырғанда, аяқ-қол қалтырағанда қант қызылшасының суын балмен араластырып, мұрынға таңса ауыру жеңілдейді.

3. Құлақ ауырғанда, қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.

4. Шаштағы бит пен қайызғақты кетіру үшін қант қызылшасы жапырағының суымен шашты жуады.

5. Іш кірнесіне қант қызылшасын қышқыл сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.

Пайдалану мөлшері: 40 грамға дейін. Қант қызылшасының құрамында саротин бар.

Қауын сабағы

Қауынның сабағы аздап улы болады.

Жинау және өңдеу

Әбден пысқанда қауынды жинап алып, тазалап кептіреді.

Ем болатын аурулары

1.      Тамақтан уланғанда құстыруға тура келсе, 1-2г талқандалған қауын

сабағын қайнаған сумен ішкізсе, 15-20 минуттың ішінде құсады. Егер құса қоймаса, сол мөлшерде тағы да ішкізу керек.

2.      Мұрынның етті өспесіне талқандалған қауынның сабағынан белгілі

мөлшерде алып, мұрынға насбайша атса, мұрыннан сары су тамып, өспе кішірейеді.

Ескерту:  Қауын сабағының құрамында милотоксин болғандықтан, ішкеннен кейін асқазан жүйкелерін тітіркендіреді де, жүрек айнып құсады. Кейбір деректерге қарағанда денеге сіңбейді, денені сусыздандырып, уландыру құбылысын болғызбайды. Бұл емді абайлап жасау керек.

Пайдалану мөлшері: тұқымынан 9-15г, сабағынан 2-6г. Қауын тұқымының құрамында май, аз мөлшерде белок (глобулин), глиукоза, өсімдік майы, литин, холестерин, старин және май қышқылы бар. Қауын сабағындағы құстыратын зат – милтоксин.

 

 

 

Қырықбуын

Бұл – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биктігі 30-80 см. Сабағы тік, шоқталып өседі, бұтақсыз, буынды, қуыс өзекті келеді. Буындарындағы дөңгелене орналасқан қабыршақ тәрізді жапырағы сабаққа жабысып тұрады. Сабақ ұшындағы қыруар бүршікті масақ басы үшкірленіп бітеді де, күреңітіп көрінеді. Қырықбуын тау бөктерлерінің шөпті жерлерінде, орман жиектерінде, өзен жағасында, сызды желерде өседі.

Жинау және өңдеу

Қырықбуынның жер үсті бөлігі дәрі болады. Жазда және күзде жинап алып, турап кептіреді. Дәмі тәтті аздап кермектеу, усыз болады.

Ем болатын аурулары

1.      Көз перделеніп, жас аққанда 30г қырықбуынды майдалап,

талқандап, оған белгілі мөлшерде қойдың бауырынан қосып балшық дәрәі жасайды да, тәңертең және кешке 6г ішеді.

2.      Қан аралас іш өткенде 15г қырықбуынды суға қайнатып, күніне екі

рет жылыдай ішеді.

3.      Көтенішек айналғанда қырықбуыннан тиісті мөлшерде алып, өртеп,

күлін ұсақтап, айланшыққа себеді.

4.      Ұрылып, соғылу салдарынан ас қорыту жүйелерінен, жатырдан қан

шыққанда қырықбуын, гүлбуын және бейзыден белгілі мөлшерде алып, жеке-жеке талқандап, електен өткізіп, барлығын қосып араластырып, бұл дәріні денеге жағады әрі ішуге де болады. Денеге жағу үшін дәкіге ұнтақтап дәрілеп салып, қан шыққан орынды орап байлайды. 2 грамнан күніне 4-6 сағатта бір рет ішеді.

5.      Бауырдың қабынуына (сары ауру) 30г кептірілген қырықбуынды

суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.

6.      Көз мүйіз пердесі қабынғанда, жел тиіп көзден жас шыққанда  9г

қырықбуынды, 9г шашагүлді, 6г қызыл шұғынықты суға қайнатып ішеді.

7.      Қырықбуынның белгілі мөлшерін суға қайнатып, сүйелді жуады

немесе таңып қояды.

Пайдалану мөлшері: 4.5-9г. Қырықбуынның құрамында белок, минералды тұздар (кальций, темір) бар.

Қарағай шайыры

Өңдеу әдістері: 7-15 жылдық қарағайды таңдап алып, өткір құралмен қарағайдың қабығын түбінен ала «Y» формасында ойса, күн қызғанда қарағай шайыры ағып шығады. Мұны ыдысқа салып, жинаға шайырге су қүйып буландырады. Су буға айналғанда түбінде қарағай шайыры қалады да, суығанан кейін қатты зазтқа айналады. Мұны өңделген шайыр деп айтайды. Қарағай шайыры ашты, дәмді, улы болады.

Ем болатын аурулары

1.      Шиқанға, жазылмаған жараларға, қышыма бөртпеге, жарадан қанды тиюға, күйікке ем болады.

2.      Жілік кемігінің созылмалы қабынуына, сүйек туберкулезіне 500г өңделген шайыр120г камфира, 180г, інжу қорғасын ұнтағын, 250г гипс, 60г бернеол үпілмәлік ұрығынан қосып талқандап, жасалған балшық дәріні жараның аузына таңады.

3.      Балаларға қышыма бөрткен шыққанда 120г  өңделген шайыр, 60г күйдірілген гипс, 10г күйдірілген ашудас, 3г сандарас қосып талқандап, майға өлтіреді де балшық дәрі жасап, бөрткенге жағып дәкімен таңып қояды. Күн ара ауыстырады.

4.      Өңделмеген шайыр екі түрлі болады. Бірі – жабысқақ шайыр, екіншісі, түйме шайыр деп аталады. Қазақ оташылары жабысқақ шайырды сынықты таңуға, шыққан буындарды орнына түсіруге пайдаланады. Түймеш шайырды әйелдер, жастар ауызға салып шайнайды. Бұл тісті тазартады және шынықтырады. Майлы тамақ жегеннен кейін шайырды шайнаса, тамақтың тезірек қорытылуына пайдасы болады.

Қарағай қылқан жапырағы

Қарағай қылқан жапырағының дәмі ашты, усыз келеді.

Ем болатын аурулары

1.      Қан табақшаларының (пластинкаларының) азаюынан тері астына

қан ұйығанда 60г қылқан жапырақ, 30г ақбас бетеге, 15г агорномияны араластырып, суға қайнатып, күніне екі реттен бір жеті ішу керек.

2.      Тауықкөз соқыр адамдар қылқан жапырақты тазалап жуып, су

қосып, қайнатып, 200 немесе 30-60миллилитиден күніне үш рет ішеді.

3.      Бір уыс қылқан жапырақты суға қайнатып, қайнатпасымен үсіген

орынды жуса жазылады.

4.      Жүйке әлсіздігіне,  А, В, дәрумендері жетіспеушілікке қарағайдың

жаңа жиналған 15г қылқан жапырағын суға қайнатып, шекер қосып ішеді.

5.      Өкпе туберкулезіне жаңа қылқан жапырақтан 30г, саранадан 30г

қосып суға қайнатып күніне бір рет ішеді немесе 15г қылқан жапырақты су қосып езіп, нілін ішеді.

Пайдалану мөлшері: жаңасынан 30-60г. Ал денеге жағу үшін қажетті мөлшерде жасалады. Қылқан жапырақтың құрамында А дәрумені, В1, В2 С, Е, К дәрумендері де кездеседі.

Қарағай гүл тозаңы

Жинау және өңдеу

Қарағай гүл тозаңын көктемде гүл ашқан кезде аталық гүлінің масағы жиналып алынады. Масақты кептіріп, сүзгіден өткізіп сақтайды, тәтті, дәмді усыз болады. Өкпені тазалап, қанды тияды. Дененің қуатын арттырып, жел-құзды айдайды. Асқазанның он екі елі ішек жарасына, қан түкіруге, суланған сарыбас қотырға, қан тиюға қолданылады.

Пайдалану мөлшері: 3-6г. Құрамында май және пигменттер бар.

Мақсары

Бір жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 100 см болады, көп бұтақты сабағы тік өседі. Сырты ақшыл сары түсті, ұзын сызықты келеді. Сағақсыз жапырақтары кезектесіп орналасады. Қатты жапырағының жиегінде сирек тікендер өседі, шоқ бас гүл шоғыры басында орналасқан. Гүлі қызыл түсті, тұқымша жемісі ақ түсті жұмыртқа формалы болады.

Ем болатын аурулары

Қанды күшейтіп, етеккірді келтіреді. Ісікті қайтарып, ауырғанды басады.

1.      Нәресте іште өліп қалғанда, баланың  жолдасы түспеген жағдайда белгілі мөлшердегі мақсарыны қайнатып 2-3 үлес ішеді.

2.      Құлақтан бұлық аққанда 1г мақсары мен 30г ашудасты талқандап, құлақтың ішіне бүркеді.

3.      Жығылып жараланғанда 1г қара андыз, 1,5г мақсары және 1,5г қызыл мияны талқандап қайнаған сумен ішсе болады.

4.      Қартайып еті қашқан адамдарды қуаттандыру үшін 30г мақсарыны жаншып, оны 250г суға қайнатып, самасын сүзіп тастап, белгілі мөлшерде қызыл шекер қосып, 30миллиграмнан бір мезгіл ішеді.

5.      Етеккір келгенде (ереккір бірнеше ай келмей іштің төменгі жағы ауырғанда) 9г аюбалдырғанды, 9г қызыл шұғынықты, 6г иісті тамырды, 9г шабдул дәнін, 9г мақсарыны суға қайнатып ішеді.

6.      Емшек сүтін суалдыру үшін 6г мақсарыны 15г қуырылған тәбеттік қорытқыны, 15г қуырылған арпа өркенін суға қайнатып ішеді.

7.      Қызыл мұрын ауруына мақсарыдан 9г, қызыл шұғынықтан 9г, шабдул дәнінен 12г, иісті тамырдан 9г, шикі жемжемілден 3 тал, екпе сарымсақ ағынан 3 бөлігін суға қайнатып, суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 1,5-6г.

 

1.«Баланың балтыры сыздаса, ананың жүрегі ауырады» дейді. Менің ұлым биыл мектепке барады.  Туа бітті бел-омыртқа жарығы( грыжа) ауруымен ауырады. Бұрын бел-омыртқа жарығы егде кісілерде болушы еді. Қазір жаңа туған сәбилерде де көп кездесуде. Оның себебін білесіздер ме? Оған қоса,  құлыным қатты қуанғанда, жылағанда, кіші дәретін де, үлкен дәретін де бойында ұстай алмайды. Бұтына памперс кигіземіз. Балама «гидроцефалия» деген диагноз да қойылған.  Басында арнайы түтікше бар. Мен баламның болашағына алаңдаймын. Өзім де әбден қажып кеттім. Қандай ақыл-кеңес айтасыздар?

Алмагүл Үсенбиева.ШҚО

Жауабы: Бел-омыртқа жарығы жас талғамайды. Онымен қарт кісілер де, орта жастағылар да, жасөспірімдер де, тіпті балалар да ауыра береді. Негізінен балалардың бел –омыртқасына зақым келгендіктен, анасы аяғы ауыр кезінде оқыстан құлап қалса, құрсақтағы балаға зақым келсе, дәрумендік қуаттық, әсересе ағзада кальций мөлшері кем болса немесе босану барысында артқы тартылу күшінен, баланың бел-омыртқасына зақым келуінен, жүйке талшықтары қысылып қалуы сынды себептерден болады. Сондықтан бұл баланың диагнозын сол жергілікті емханаларда қаралған медициналық жеке кітапшасымен, туыт кезіндегі анықталамық қағазымен,  рентген көрсеткіштерін өзімен алып келсе,  біз соған қарап көреміз. Бел-омыртқа жарығының қосымша зардабы–кіші дәретті ұстай алмау жағдайының болуы. Сондай-ақ басындағы су мөлшері де ықпал етуі мүмкін. Су ми(гидроцефалия), жүйкелік жүйелердің бұзылысынан болса, яғни бас мида денені басқарып отыратын арналар, ми жүйелері бар. Соларға ем жасап көрген абзал.

2. Мен жүкті кезімде тұмауратып қатты ауырдым. Дәрігерлер түрлі антибиотиктер тағайындады. Мен мамандардың айтқан кеңесінің барлығын айна қатесіз орындадым. Сөйтсем, оның барлығы шаранаға кесірін тигізеді екен.  Менің қызым дімкәс болып туылды. 1-2 айлық кезінде  операция жасалды. Әлі күнге дейін өздігінен  жүріп, тұра алмайды. Тексертсем, аяғының  жүйке талшықтары үзіліп кетіпті.  Біз тұрғылықты жеріміз бойынша емханада, невропатологта тіркеудеміз.  Десек те дәрігерлер баламның жай-күйін білуге өздігінен еш келмейді. Сіздердің емдеу орталықтарыңызға апарып қаратсам, балам шауып кетердей болады. Бірақ өзім бала күтімімен үйде отырғаннан кейін қаражатым жоқ болып қатты қиналып жүрмін….

Аңсаған Дүйсен. Алматы қаласы

Жауабы: «Үмітсіз шайтан» дейді. Алла аурумен бірге шипасын да беріп жатады. Біздің тәжірибемізде өздігінен тұра, жүре алмайтын мешел, туабітті сал ауруымен ауыратын  балаларды алып келіп, шипалы емін алып, өздігінен отырып, аяғын ептен басып, жүріп қайтқан балалар да  көп кездеседі. Сондықтан мидағы жүйке талшықтарының зақымдануынан болған жағдайда баланы кәмелеттік жасқа толғанға дейін емдеп, байқап көрген дұрыс. Сіздің айтып отырған клиникалық диагнозыңыз жәй қарапайым айта салатын диагноз болмауы тиіс. Ол жан-жақты медициналық тексеруден өткен, дәлелденген диагноз болуы тиіс. Сол дәлелденген диагноздар қолыңызда болса, балаңызды емдетуге қаражатыңыз расында жоқ болса, бізге өтініш жазуыңызға болады. Бізде арнаулы қор бар, сол қорда мәселе қаралып, шақыртуға лайықты болса, хабарласамыз. .

3. Менің емшектегі балам жиі жылайды. Бірақ неге жылайтынын білмеймін. Тамаққа тоймай жүр ме деп, қосымша тамақтар да беремін. Одан емес.  Педиатрларға да, невропатологтарға да қараттым. Олар баламның бойынан қандай да бір дерт таппады.  Жасан Зекейұлының теңдессіз дәрігер екенін естіп, біліп жүрмін. Сіздерге апарсам, себебін айтасыздар ма?

Гүлфатима.  Тарбағатайдан

Жауабы: Сіздің балаңыздың мазасызданып, жылай беруі міндетті түрде бір аурудың көрінісі. Қарны тоқ, көйлегі көк, дені сау бала бекерден-бекер жылай бермейді. Сондықтан жергілікті жердің дәрігерлері берген тексеру қағаздарын бізге жіберіп көріңіз. Ең дұрысы медицинасы толық дамыған, барлық мүмкіндіктер бар Алматы сияқты алып шаһардың диагностикалық орталықтарынан өткен дұрыс. Сәбилерде бас сүйек ішіндегі қысымның көтерілуі жиі кездеседі. Сондай-ақ магний, кальция және фосфорлық, калийлік, иондық заттардың кемшілігі де баланың денсаулығына әсер етеді. Ішек әрекетінің баяулығы, асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы, жабысқақтың (спайка)  салдарынан да мазасызданады. Сондықтан баланы жіті тексеру керек.

4. Мен түнде қорқынышты түстер көремін. Үнемі біреулер қуып келе жатады, мен қаша, жүгіре алмай қиналамын. Сөйтіп шошып, қатты терлеп-тепшім оянамын. Жүрегіме ауа жетпей біраз дегбіремін. Қайта ұйықтай алмай дөңбекшимін. Жүрегімді үрей билейді.Күні бойы содан мазам кетіп жүреді.  Бұдан қалай құтылуға болады?

Қалыбек Құрдас. Қарағанды қаласы

Жауабы: Қорқынышты түстер жиі көретін, соның салдарынан терлеп-тепшіп, алқынып, жүрегі ұстап  қиналып оянатын адамдардың ең алдымен жатар орны жайлы болуы керек. Жүрегі ауа жетпейтіндей бастырылмай ұйықтау керек. Ұйықтар алдында қорқынышты кинолар көрмеуі керек. Жақсы ойлап, Алладан түннің тыныштығын, бастығ амандығын тілеп ұйықтау керек. Егер жатар орныңыз жайлы болса, тек жақсы ойлар ойлайтын болсаңыз, сонда да қорқынышты түстер көрсеңіз, онда тексерілу керек. Бізге келсеңіз де болады. Яғни  жүрек-қан тамырлары қызметін, тәж артериялық жүрек ауруының бастапқы кезі бар ма, ми қантамырларында қысылу бар ма, оттегі жетіспеушілік бар ма,  соның барлығын тексеріп, нақты диагноз қойып, соған сай ем жүргізу керек. Арнайы психологиялық зерттеулерге байланысты қорқынышты түстерді басқа адамға айтуға болмайды. Жаман түсті басқа адамға айтса, ол есте мәңгі қалып қояды. Түсті тек жақсылыққа жору керек.

5. Менің қызым 3-сыныпта оқиды. Шашы аппақ қудай болып ағарып кетті. Ағзада дәрумендер жеткіліксіздігі деуге келмес, өйткені мен барлық тапқан-таянғанымды соның аузына құйып жатырмын. Қызымды сыныптастары кеміте бастады. Ол оған намыстанып, жүйке жүйесіне сызат түсіріп келеді.  Мұны емдеуге келе ме? Білікті дәрігерлер қайда бар екен?

Самал Күлтенова.  Оңтүстік Қазақстан облысы

Жауабы: Баланың шаш ағаруы медицинада сирек кездеседі. Ол көбіне  химиялық заттардың, қоршаған ортаның залалынан, экологиялық ахуалдан болады. Тұқым қуалаушылық әсер етеді. Баланың өзінің генінде шаштың ерте ағаруы болса немесе  шаштың қара бояуын бөліп шығаратын жасушалардың жұмыс істемеуі салдарынан да болады. Сондықтан баланы жан-жақты тексертіп, нақты себебін анықтатып, табылған себебіне байланысты қан тазарту керек па, жоқ әлде шаштың түбіндегі қан тамырлардың жұмысын немесе  шаштың қара бояуын шығарып отыратын жасушалардың жұмысын жақсарту керек па, соны анықтап, жақсы емдейтін жолдарын біз көрсете аламыз. «Шашым ағарды, мен қартайып барамын» деп сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Сабырлы болу керек. Өйткені жүйке жүйесіне кінәрат түсіріп алуы мүмкін. Болмаса денсаулыққа зиянын тигізбейтін шаш бояуларымен уақытша бояп қоюға болады.  Шаштың ерте ағаруын емдеуде мүмкіндіктер бар. Шаштың ерте ағаруын емдеуде сөзсіз ине терапиясын алуды бірінші кезекте ойластыру керек. Өйткені шаштың ерте ағаруы шаш түбіндегі тамырларда шашты қара бояп тұратын бездер қызметінің нашарлауынан болады. Ине тарапиясы шаш түбіндегі қан айналысын жақсартады.

6. Күннен – күнге ұмытшақ болып барамын.  Қойған затымды ғана емес, естігенімді де ұмытып қаламын. Бір құлағымнан кірсе, екінші құлағымнан шығып кетеді. Есте сақтау қабілетімнің төмендеуіне не әсер етіп жүргенін білмеймін. Мұны дәрі-дәрмексіз, табиғи  емдеуге болады ма?

Қуатбек. Көкшетаудан

Жауабы: Ұмытшақтық  аурудың бір түрі. Оны асқындырмай емдеп, алдын алу керек. Емдейтін негізгі жолы – ми қан тамырларының қан айналысын жақсартып, мидың қуаттығын арттыру керек. Дәрумендер ішіңіз.  Кез келген адам ұмытшақ болмауға өзін тәрбиелеуі, соған машықтануы керек. Оқып, жаттап, есте сақтау қабілетін арттыруға бейімделуі керек. Ұмытшақтық ауруының мида жүзден астам нүктесінің барлығында тамырларды кеңейтетін, емдейтін көздері бар. Ине терапиясы арқылы емдеп, толық жазылып шығуға болады.

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80