Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№9 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Адамның бұл жалғанда жаны қымбат

Адамның бұл жалғанда жаны қымбат,

Тұратын жан ұялап тәні қымбат.

 

Ол тәнді тірі қылып тұрғызатын

Жүректен таралатын қаны қымбат.

Асқазан, өкпе-бауыр жұдырықтай,

Ет, тері, сүйек, сауыр – бәрі қымбат.

Тірліктің мұндай жақсы мүшелері,

Міндеті бұл тірлікте аман болмақ.

Мен Жасанға жотам сіресіп, дұрыс иліге алмай әрі асқазаным толып,  демала алмай келгенмін. Уақыт өте келе ауру аяқтан шалып құлатпас үшін, дәрігерге алдын-ала қаралуға бел будым. Дерт денеме әбден дендеп, жығылғасын емес, өз аяғыммен жүріп-тұра алатын, хал-қадірім жақсы кезде емделейін деп, ойымды жиеніме айттым. Ол бірден қолдап,  Алматыда Жасан Зекейұлы деген білікті дәрігер бар екенін айтты. Сөйтіп, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық орталығына келіп екі күн ем алдым. Алған ем бірден әсер ете бастады. Бұрын тұла бойым құрысып,  денемді біреу темірмен құрсап тастағандай өзімді қолайсыз сезінуші едім, қазір сол байлаудан босағандай әсерде жүрмін. Қимыл-әрекетім де, қол-аяғым да жеңілдеп қалды. Бүкіл денемнің құрыс-тырысы жазылды, сергекпін. Бірінші курс емім аяқталды, өзімді жайма шуақ жақсы сезінемін. Алғашқы курс емнің әсері жақсы болса да, жалғасты ем қабылдап жатырмын.  Жиенім де осы орталықтан ем алған. Ол мұнда аттан жығылып, омыртқасы зақымданып келген еді. Үш курс ем алғаннан кейін дертінен құлан-таза сақайып кетті. Бұл біріншіден бір Алланың қуаты, сосын Жасан баламның емінің нәтижесі. Жанымызды жадыратып, көңілімізге қуаныш ұялатқан Жасан балама айтар алғысым мол.

Шаймардан …

Еңбекші ауданы

Қазақстан ауылы

Қолына  құт қонған

«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының бас директоры Жасан Зекейұлына және Сіз ұйымдастырып, басқарып отырған ұжымыңызға мың алғыс! Сіздерге алғыс айту аз, тек Алланың мейірімі түсіп, көзден, тілден аман болыңыздар!

Мен сіздердің орталыққа келгенге дейін әртүрлі дерттердің азабын көп тарттым. Әуелі кейбір дерттер асқына бастады. Алланың жазғанына амалсыз мойынсұнып, тірі жүргеніме шүкіршілік ететінмін әрі дертіме шипа үшін Жаратқанға көп жалындым. Шын тілесең «Соқыр көзден жас шығады» демекші, Алла шипасын берді. Сіздердің орталыққа келіп 2 курстық ем алғаннан кейін талай сырқаттан арылып, бойым жеңілдеп сала берді. Өзімді бұрынғыдан әлдеқайда сергек сезінем. Қазір үшінші сеансты алып жүрмін. Осы емдеу орталығына құда-құдағиым, өзімнің туған балам да дән риза. Себебі барлығы дерттерінің дауасын қолына құт қонған шипагер Жасаннан тапты.

Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу-Нәсір әл-Фараби “Адамдар бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп,  бірлесіп салған қаласы ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын қоғам ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі  қол созатын  халық ізгі халық болады. Сол сияқты, халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектессе, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді” деген екен. Дәл осындай көмекті бізге Жасан жасады. Ендеше барша халқымыз  ізгі болсын десек,   бір-бірімізге  жәрдем  берейік. Қолдан келген көмегімізді аямайық.

Құрметті, Жасан інім!

Сіздің емдеу ордаңыздың босағасы берік болсын! Өрістеріңіз кеңейе берсін! Алланың берері мол болып, сіздерді әрқашан қолдап, қорғап жүрсін!

Шын ниетпен, емделуші

Бөлек Байқожақызы Аманбаева

10.02.2009 жыл

Жанары жарқылдаған қайырымды жан

«Кең болсаң кем болмайсың» деген қазақ даналығы қашанда  үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндейді. Мейірімділіктен бастау алатын бұл қасиет мұсылман баласын  қайырлы болуға тәрбиелейді. Қасиетті Құран Кәрімде, анығырақ айтсақ,  «Кәһф» сүресінде «Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Фердаус жәннаты қонақ үй болады» делінген.

Халық салт-дәстүрімен  астарлас  ислам шариғаты игілік атаулыны екіге бөліп қарастырады. Әуелгісі жасырын, демек сіз өзгенің қажетіне жарап жатсаңыз, бұл әрекетіңізді өзіңізбен бірге тек Жаратушы  ғана біле алады. Бұл жөнінде Пайғамбар хадистерінде «Сіздер садақаны солай жасаңдар, оң қолың берген нәрсені сол қолың білмей қалсын» деген.   Ал екінші түрі  халық пайдасына асырар, айтпасаңыз да көрініп тұратын қайырымдылық шаралар. Бір қуантарлығы – халық даналығымен ниеттес жандар саны артып келеді. Олар тарапынан жасалған қайырымдылық игілікке негізделген. Осы орайда халықаралық ғылымға сүбелі үлес қосып келе жатқан академик Жасан Зекейұлы да: «Соңғы үмітін үкілеп келген жандардың жүрегіне сенім отын жағу – барша адамзаттың  парызы»,– деп біледі. Бұл сөзімізге «Пікір кітабындағы» Меруерт Қалекееваның 2009 жылы жазған мына бір өтініші дәлел бола алады.

«Үйіңнің босағасын алтыннан соқсаң да, перзент сүймей өткен  адамның мейірі қанбас деп Шал ақын  айтпақшы, кез келген адам бұл  өмірде сәби сүйгісі келеді. Мен де сегіз жылдан бері нәрестелі болуды армандадым. Бармаған жерім қалмады. Хал-қадірім жеткенше талай ем алдым.  Ендігі үмітім – Шығыс-тибет медицинасында. Бірақ ем алуға әлеуметтік жағдайым жар бермейді. Тұрмыстық жағдайымды ескеріп, әлеуметтік қорғау қорларыңыздың атынан тегін ем алуға көмек көрсетулеріңізді сұраймын.

Өтініш иесі: Меруерт Қалекеева. 24 қыркүйек 2009 жыл»

«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының бас директоры Жасан Зекейұлы жас келіншектің бұл өтінішіне бей-жай қарамады. Жалпы сомасы 150 мың теңге тұратын 3 курстық емді тегін қабылдауға шешім қабылдады. Басшыларының қайырымдылық ісіне ұжым қызметкерлері де дән риза. Сөйтіп, Меруерт  өтініш жазған сол күні-ақ емін бастап кетті. Қазір қуанышында шек жоқ. Алла Меруертке бала сүйіп, ана болу бақытын бұйыртсын деп тілейік!

PS:

«Кең болған адамға бақыт-байлық, дәулеттің өзі қол береді», – дейді ата-бабаларымыз. Сол рас болар, сірә,  қайырымдылық көмек  көрсеткен азаматтардың  ісі  алға  басқанын көріп  жүрміз.  Жүзінен нұр төгіліп, жанары жарқылдаған мейірбан  жандар қолындағы  барымен  бөлісуге асығады. Жүректерден  жылулық  кетпесін  деп тілейік.  Арайлы еліміз бен кең-байтақ жерімізге Аллаһтың нұры  жаусын! Жүрегіне иман ұялаған,  ақкөңіл, кеңпейіл азаматтар қатары көбейе берсін!

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

Емімен ел алғысына бөленген

 

Ел ішінде өн бойында ерекше қасиет бар, емі шипалы,  аузы дуалы кісілер аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Жасан Зекейұлы дер едім.

Осы емдеу орталығына келмес бұрын (шамамен екі ай) менің күнделікті дене қызуым көтеріліп, бойымды әлсіздік биледі. Соны сезгеннен кейін бірнеше емдеу мекемелеріне барып, білікті деген дәрігерлерге қаралдым. Қан талдауларын бір емес, сан рет тапсырдым. Десек те көңілге қонымды нәтиже жоқ, дәрігерлер еш себебін таппады.

Көп ұзамай әкем академик Жасан Зекейұлымен танысқанын және оның адам емдеудегі біліктілігін, тамыр ұстау арқылы диагнозды дәл қоятынын айтты. Ақыры Жасан ағаға да жолығудың сәті түсті. Жы­лы шы­рай­мен қар­сы алған дәрігер маған  «Энтероколит» және «бруцеллез» деген диагноз қойды. Сөйтіп «Жас-Ай» медициналық орталығынан ем ала бастадым. Емнің үшінші күнінен бастап-ақ дене қызуым қалпына келіп, көңіл-күйім көтерілді. Жалпы ем алған он күннің ішінде әрім кіріп, ғани­бет күш-қуатқа кенелдім.

Өз кәсібінің білгірі Шығыс шипагеріне және «Жас-Ай» медицина орталығының ұжымына  алғысыңды ауыз­бен жеткізу мүмкін емес. Киелі ордаларыңыз ел алғысына тола берсін! Алланың нұры жауып, адал еңбектеріңіздің  жемісін жей беріңіздер!

Матқан Динара Молдағалиқызы

 

Гемофилия

 

Көп елде «Ханзадалар ауруы» атанып келе жатқан гемофилия кеселі өршіп келеді. Дүниежүзі мамандары осылай деп дабыл қағып отыр. Статистикаға сүйенсек, қазірге дейін жұмыр жер бетінде «гемофилия» ауруына 400 мың адам шалдықса, оның екі мыңға жуығы қазақстандықтар болып отыр.

Гемофилия – қан құрамында қан тоқтататын ақуыз және қанда қан ұйытатын VIII және IX фактордлардың  болмауынан немесе жетіспеуінен туа пайда болады. Дәлірек айтсақ, қанда VIII фактордың жетіспеуін гемофилия А, ал IX фактордың жетіспеушілігін гемофилия В деп атайды. Қанда қан ұйытатын IX фактордың жетіспеушілігі бұрын Кристмас ауруы (осы дерт бойынан алғаш рет табылған баланың фамилиясымен) деп аталып келді. Сондай-ақ  IX факторды Кристмас-фактор деп те атайды. Кристмас ауруын гемофилияның жеңіл түрімен еш айыра алмайсыз. Тұқым қуалайтын бұл қауіпті аурулармен  тек ұл балалар, ер азаматтар ғана ауырады. Бірақ дерт  әйел арқылы беріледі. Демек осы ауруға шалдыққан балалардың аналары тек тасымалдағыш болып саналады. Мәселен, күйеуі гемофилия ауруына шалдыққан әйелден ер бала туылса, ол міндетті түрде «ханзадалар ауруына» шалдығады. Ал қыз бала туылса ол гемофилиямен ауырмауы мүмкін, бірақ әлгі қыздан туатын болашақ ұл гемофилияға ұшырайды.

Қан құрамында аталған фактордың болмауынан тамырдан қан кетіп, ішкі органдарға, етке немесе буындарға құйылады. Буындардың ішіндегі қабықтарды ісіндіріп, оның   жұмысын тоқтатады. Соның салдарынан адам мүгедек болып қалады. Гемофилияға шалдыққанда пайда болатын қанның ұюы буындардың қатты зақымдануына (буынның қанап қабынуы) және ағзаның басқа да зақымдануына әкеп соқтырады. Науқас  кез келген жерін кесіп алса, көпке дейін қан тоқтамай қояды. Бұл өмірге қауіпті деген сөз. Мамандардың айтуынша, қан тамырда тұрғанда ғана қан болып есептелсе, ал тамырдан шығып кеткеннен кейін уға айналады. Сол себепті  бұл дүниежүзін алаңдатып отырған қауіпті ауру. Алайда дәрі-дәрмек жеткілікті болса, оны емдеуге болады.

«Гемофилия ауруына шалдыққан мүгедектер қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, ТМД құрамындағы елдермен салыстырғанда гемофилия ауруына шалдыққандардың жағдайы біздің елде күрделірек көрінеді. Тіпті, оларды емдейтін арнайы орталық та, білікті мамандар да жоқтың қасы. Дәрі-дәрмек құнын да науқастардың қалтасы көтермейді. Гемофилия ауруын  «Иммунат» дәрісі арқылы емдеуге болады. Оның бір құтысы 24 мың теңге. Ал сырқаттардың ай сайын алатын жәрдем ақысы бұл қажетті қанағаттандыра алмайды. Сондықтан гемофилиямен ауыратын науқастар үшін дәрі-дәрмектерді тегін таратуға қаулы шығарды.

Денені жарақаттап алған кезде препаратты 10 минуттың ішінде қолдану керек. Әйтпесе қан тоқтамай қояды.

Аурудың белгілері:

*қанның ұюы нашарлайды;

*тамырдан, мұрыннан, кейде тісінен  қан кетеді;

*денені жарақаттап алса, қан тоқтамайды;

*буындарға, бұлшық еттерге, ішкі ағзаларға қан құйылады;

*гематурия-несепте қан байқалады;

Емдеу:

Өткен ғасырларда медицинаның әлі де толық жетіле алмауына байланысты гемофилиямен ауыратын науқастар ұзақ жасай алмайтын. Алайда бүгінгі медициналық мүмкіндік осы дертке шалдыққан науқастарды дертінен құлан-таза айықтыра алмаса да, ұзақ жылдар өмір сүре алуына жағдай туғызып отыр. Әрине, тұрақты ем-дом алып, дәрі-дәрмегін уақтылы ішіп тұрса ғана. Сондай-ақ жедел жәрдем дер кезінде көрсетілсе.

Гемофилияны патогенетикалық емдеу

Науқастарға қан ұйытатын гемопрепараттар құяды. Әсіресе, «Криопреципитат» препаратын қолдану тиімді. Қажет болған жағдайда қан құйылады, бірақ қанның құрамы түрлі инфекциялық аурулардан тексеріліп барып құйылады.

Симптомдық емдеу

Бұл ем негізінен, гемартроз, яғни буындарына қан құйылған науқастарға  қолданылады. Зақым келген буындарды таңып тастайды (иммоблизациялайды), қабынуға қарсы дәрілер тағайындалады,  глюкокортикоидтар пайдаланылады. Жарақаттар қаннан тазартылып, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен ерітілген пенициллинмен жуылған соң қан аққан жерді жақсылап  дәкемен орау қажет.  Гемофилия ауруын емдеуде, қанның құрамындағы гемоглабиннiң деңгейi кенеттен төмендеген кезде қанның құрамын ештеңемен алмастыра алмайсың. Гемофилияның  А түрінде сол мезетте жаңа қан құю керек болса, гемофилия В-да донор қанын құя беруге болады. Жай қан кетуді тоқтату үшін 30-50 мл қан құйса жетіп жатыр. Ал күрделі, көп қан кеткен жағдайда көп қан құюға тура келеді (кішкентай балаларға 1 кг дене салмағына 5 мл, ал ересектерге бір реттік дозасы 150-200 мл) болады.

Соңғы кездері гемофилияның А түрінде антигемофильді плазмалар (бір реттік дозасы 50-100мл), эплисон-аминкапрон қышқылымен бірге антигемофильді плазмалар, құрғақ антигемофильді плазмалар енгізіледі. Сонымен қатар, антигемофильді глобулин (бір реттік дозасы 5 мл) пайдаланылады. Науқастар  А, В, С, D дәрумендері мен фосфор тұзы мен кальцийге бай тағамдармен тамақтану қажет. Жержаңғағын жеген пайдалы. Қатты зақымданбаған гемартрозды емдеуде науқас адам көп демалса да жеткілікті. Ауырған буындар гипстік лонгетпен 3-4 аптаға  таңып тасталады. Ол дәрігердің жіті бақылауында болу керек.

Дәрігер кеңесі: Гемофилиямен ауыратын балалар денесін жарақаттап алудан сақтану керек. Тіс жұлдыру қауіпті. Ауыз қуысын тазалағанда сақ болып, ауырған жағдайда білікті тіс дәрігеріне көрінген абзал. Денеңізді болмашы жарақаттап немесе кесіп алсаңыз, алғашқы медициналық көмек туралы білгеніңіз пайдалы. Ауруыңыз туралы жазылған мәліметтерді өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Тіпті оны мойныңыздағы алқаңызға немесе қолыңыздағы білезікке тағып немесе жабыстырып қойсаңыз да болады. Ол Сіз жазатайым оқиғаға тап болғанда, көмек көрсету үшін қажет.

Ескерту:

  1. Қан кетуді тез емдеңіз. Қан кету неғұрлым жылдам әрі сапалы тоқтатылса, ауру да соғұрлым тез басылып, буын, бұлшық ет және ағза мүшелерінің зардап шегуі азаяды.
  2. Үнемі өз қалпыңызды, дене бітіміңізді сақтаңыз.  Бұлшық еттеріңіздің мықты, берік болғаны өзіңіз үшін пайдалы. Яғни кез келген кішігірім жарақаттауларға өзіңіздің күш-жігеріңіз төтеп бере алады. Сондықтан дәрігеріңізден спорттың қай түрімен, қандай жаттығулармен айналысқан дұрыс екендігін сұраңыз.
  3. Аспирин немесе  құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілерді ешқашан ішпеңіз. Себебі ол қан кетуді күшейтіп жіберуі мүмкін. Сондықтан мамандардан қандай дәрі ағзаңызға зиян келтірмейтіні туралы кеңес алыңыз.
  4. Өзіңіздің емделіп жүрген дәрігеріңзге немесе медбикеңізге жиі қаралып тұрыңыз. Гемофилияны емдейтін орталықтарда денсаулықты қалай күту керек жолдарын үйретеді.

Ақиқат: Дүниежүзі дәрігерлері қазақтардың жеті атаға дейін қыз алыспау салтын дұрысқа шығарып отыр. Себебі әлемде көптеген халықтар өздерінің жақын туысқандарымен неке құратындықтан, түрлі генетикалық қауіпті кеселге көп шалдығады екен.

Жанна Абайқызы

 

Аурудың алғашқы белгілері

Нәрестелердің үнемі саусағын соруына жай қарамаңыз

 

Нәрестелердің саусағын  соуры немесе бармағын емуі кейбір аурулардың әсерінен болған әдет. Бұл патеголиялық психика мен психоз ілімінде «әрекет тосылу», «әрекет қалыпсыз болу»,  «нашар әдет» т.б. деп аталады. Бұл әдет жалпы алғанда бала сасқалақтағанда немесе қамығып уайымдағанда болады, кейде ұйқысы қашады. Тісін қайрайды, тез ашуланады.

Егер нәресте бұл әдетін ұзақ уақытқа дейін қоймаса, оны белгілі бір аурудың белгісі деп қарау керек. Нәрестелердің саусағын соруының алдын алу және оны қойғызу үшін оны қате емізуден аулақ болу, нәресте жылағанда-ақ емізе салмау керек. Нәрестеге тамаша тұрмыс әдетін қалыптастырып, бұл әдетін қойғызу, түзету керек.

Алақаннан ауру белгісін білу

Алақан барбиып ісіп, саусақтары ұю – жүрек ауруының белгісі;

Алақан, саусақ сіңірінің көгеріп бадыраюы – ішекке дәрет қатқанның белгісі;

Тұтас алақан қалыңдап, саусақтары қысқарып барбию – ми өспесінің белгісі;

Алақан терілерінің қатпарлануы – асқазан-ішек жолы өткір ауруының белгісі;

Алақанның ағаруы – қан аздықтың, қан кетудің, өкпеде ауру пайда болғанның белгісі;

Алақанның қуарып сарғаюы – рактың белгісі;

Алақанның алтын сары түске өзгеруі – бауыр ауруының белгісі;

Алақанның жасыл тартуы – қан аздықтың немесе көкбауыр, асқазан ауруының белгісі;

Алақанның қылаң тартуы – ішек қызметі кедергісінің белгісі;

Алақанның көгеруі – қан айналысы кедергісінің белгісі;

Алақанның қараюы – бүйрек ауруының белгісі;

Алақан ортасының қарайып кетуі – ішек-асқазан ауруының белгісі;

Алақанның тым қызарып кетуі – құрысу ауруының пайда болғандығының белгісі.

Өкше ісу қайсы аурулардан дерек береді

Бір жақ немесе екі жақ өкше ісу мына дерттерден болуы мүмкін, терең вена қан тамырларында тосылу пайда болу. Бұл кезде өкше ауырады және  іседі. Кейде бір жағы ауырады, ауырған жақтағы балтыры ісіп, қол тигізбейді. Кәрі, әлсіз адамдар осы ауруға шалдыққанда, алғашында балтырының арт жағы ғана ауырады, өкшесінде сулы ісік пайда болып, балтырдың екі жағындағы бұлшық еттерді басқанда балтыры қатты ауырады.

Ревматизм сипатты буын қабыну. Бұл әйелдерде көп болатын ауру. Көп буындарда ауру өзгерісі туылып, көбінесе, қыдырма болып, қол-аяқ буындарында көп болады. Шұғыл қозған кезде буын қатты ауырып, ісіп бастырмайды.

Шынашақтың қалыпсыздығына қарап аурудың белгісін білу.

Шынашақ тыныс алу жолдары мен жыныс мүшелерінің жағдайынан дерек беретін белгі.

Сау адамдардың шынашағы жіңішке, түзу, буыны бір келкі, тегіс, әдемі болады. Аты жоқ саусақтың жоғары буынына жетіп тұрса, өлшемге толымды есептеледі.

Шынашақтың әртүрлі, қисық болуы – тыныс жолында ауру бар екенін білдіреді. Шынашақтың тым қысқа болуы, көбінесе, бес мүше ауруынан болады. Шынашақтың 2-буынының кіп-кішкене болып, жіңішкеріп тұруы бүйрек әлсірегенінің, қисая жіңішкеріп тұруы – әйелдердің тұқым қуатының әлсірегенінің белгісі.

Шынашақтың тұқым қуатының 3-буынының қызарып теңбілденуі – өкпесі әлсірегеннің белгісі. Шынашақ қатты бүгіліп тұрғанда асқазан, ішек,  асқорыту жолы ауруына оңай шалдығады. Шынашағының жолағы ретсіз болғандар өз денесі әлсіз болудан тыс, балаларына да дариды. Шынашағы ағарып, әлсіреп тұрғандар ішек жолы ауруына оңай шалдығады.

 

Боз ермен

Боз ермен – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биктігі 100-ге дейін жетеді. Сабағы түксіз, тік өседі, сабағында жырашығы болады.  Көп бұтақты, көкшіл немесе сарғыш жасыл түсті келеді. Жапырағы кезектесіп ораналасады. Сағақсыз бүтін жиекті, жапырағы таспа тәрізді немесе қандауыр формалы  болады. Шар тәрізді шоқ бас сары гүл шоғыры күрделі  шашақ құсап орналасады. Гүлі түтікше тәрізді, сары болады.

 

Биік таудың күнгейі мен астықтың аңыздарында өседі.

Жинау және өңдеу

Боз ерменнің жер үсті бөлігінен дәрі жасалады. Ерменді жаз маусымында гүл ашудан бұрын орып алып, көлеңкеде кептіріп, жасаған кезде ұсақтап турайды.

Ем болатын аурулары:

1.                  Тұмау тигенде 30-60г боз ерменді суға қайнатып ішеді.

2.                  Тұмау жөтеліне 12г боз ерменді, 3г қызылшаны, 6г ұсақ жапырақты жалбызды, 6г қызыл мияны суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 3-1,5 г

Сарана (лалагүл)

Сарана – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 80 см. Сабағы қабыршақты жұмытқа формалы, етті, сарғылт түсті болады, жалғыз тік өсетін сабағы жылтыр, түксіз келеді. Сағақсыз жапырағы кезектесіп, майсасы жаңа өсіп келе жатқанда дөңгелектеніп орналасады. Жапырағы қандауыр формалы, бүтін жиекті болады. Гүлі сабақ басында немесе сабақ қолтығына өсіп, көкшіл, қызыл түсті болады, жапырақшалары сыртына қарай қайырылып тұрады. Қауашағы төңкерілген жұмыртқа формалы, алты қырлы келеді. Қалың орманды тауларға, шөпті, көлеңкелі, ылғалды жерлерге, Алтай тауларына көп таралған.

Жинау және өңдеу

Сарананың қабыршақты сабағы емге қолданылады. Күзде жер үсті бөлігі қурағанда қазып алып, қабыршақтарын бір рет қатты қайнатып, кептіреді. Шикідей немесе бал қосып, өңдеп пайдаланады.

Ем болатын аурулары:

1.      Созылмалы жөтелге сарана мен шыланнан 30г қайнатып, бірнеше күн жейді.

2.      Кеңірдекшелердің қабынуына 15г сарана мен 9г өгейшөпті суға қайнатып, белгілі мөлшерде бал қосып, күніне екі рет ішеді.

3.      Жүйке әлсіздігіне, жүректің қысылуына, ұйқысыздыққа 15г сарана мен 15г зейіншөпті сауға қайнатып ішеді.

4.      Кеңірдекшелердің қабынуына 1 дана нашбұрт, 9г сарана, 15г ақшекерді екі сағат буға пісіріп, салқындаған соң жейді.

5.      Жүйке әлсіздігінен ұйқы қашқанда 15г сарана, 15г қышқыл шыланды, 9г зейіншөпті суға қайнатып ішеді.

6.      Сом, шиқан жараларының аузы шықпағанда, сарананы жаншып, тұз қосып жараның аузына тартады.

7.      Құлақ естімегенде және ауырғанда кепкен сарананы талқандап, 6 грамнан қайнаған сумен ішеді.

Пайдалану мөлшері:

6-15г. Сарананың түбіндегі жапырағында көп түрлі алколоид, крахмал, белок, май бар.

 

Сабынкөк

Бұл көп жылдық шөп тектес өсімдік. Қаратамыр, қаражұмыр деп те аталады. Биктігі 60-120 см. Томар тамырының төменгі жағы екі ашалы, сыртқы қабығы қоңыр түсті, іші қарақоңыр түсті, сабағы төрт қырлы, без тәріздес келеді, түбіт түкшелері болады. Төменгі жағының жапырағы қарама-қарсы, жоғары жағының жапырағы кезектесіп орналасады. Жұмыртқа немесе қандауыр формалы, жиегінде ара тістері болады. Ашалы гүл шоғыры шашақ тәріздес шашыла орналасады. Гүлы қаракөк түсті, гүл сағағы жіңішке әрі ұзын, түкті келеді. Қауашақ жемісі жұмыртқа формалы болады. Алтай тауларында өседі.

Жинау және өңдеу

Сабынкөктің тамырының емдік қасиеті жақсы. Тамырын күздің соңында қазып алып, қураған сабағын кесіп тастап, тазалап, шала кептіріп, үйіп қояды. Арада 3-4 күн өткен соң, тағы бір рет кептіріп, жапырақтап турап тастайды. Кермектеу сор дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары:

Қабынуды сауықтырады, уытты қайтарады, денедегі суды реттейді, жұтқыншақты, тамақты майдалайды.

1.      Бадамша бездің және жұтқыншақтың қабынуына сабынкөктен 9г, тікенді ұшқат гүлінен 9г,  борпылдақ саңырау құлақтан 6 г, жалбыздан 3г,  қызыл миядан 3г араластырып, суға қайнатып ішеді.

2.      Өкпе қабынғанда 12г сабынкөкті, 6г қылшаны, 30г шикі гипсты, 9г тұқтамыр ақ қабығын 9г ақжүректі суға қайнатып ішеді.

3.      Мойын лимфа туберкулезіне сабынкөктен 15г, ақжүректен, қарабас шөптен 15г (отқа қақтап кептіріп, талқандап суға ерітіп) суға қайнатып, күніне бір рет ішеді. Емдеу мерзімі 10 күн.

4.      Тамыр тығындалып қабынғанда: 1) сабынкөктен 30г, тікенді ұшқат гүлінен 30г, аю балдырғанан 9г, қызыл миядан 30г суға қайнатып ішеді. 2) сабынкөктен 30г, аю балдырғанан 15г, мудан тамыр қабығынан 9г, шабдол дәнінен 9г, тікенді ұшқат гүлінен 30г, жібек қараған қабығынан 30г, жауынқұрттан 9г, қызыл миядан 9г суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері:

3-15г. Сабынкөктің құрамында өсімдік спирті, май қышқылы, кендір қышқылы, стеарин қышқылы, қант, аз мөлшерде алкалоид бар.

Екпе қалампыр

Бұл шөп – қытай қалампыры, балық шөп деген аттармен де белгілі. Қалампыр көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 30-40 см. Тік сабақты, топтасып өседі, жіңішке және ұзын буындары айқын көрініп тұрады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, таспа және қандауыр тәріздес, бүтін жиекті, түп жағындағы қынапшасы сабақты болады. Кейбірінің гүлы дара, кейбірінің гүлі бірнешеу болып арасы алшақ өседі.  Гүл тостағаншасы силиндр тәрізді, бес жапырақшалы, ұшы бөлініп, таспа тәрізденіп көрінеді. Гүлі солғын қызыл түсті немесе күлгін түсті болады. қауашақ жемісі ұзын, дөңгелектеу, ұшы ойықтау келеді. Қалампырды, көбінесе, қолдан өсіреді.

Ем болатын аурулары

1.      Несеп жолы және қуық қабынғанда екпе қалампыр шөп, таспа жоңышқа, жолжелкен ұрығы, қызыл мия, ағаш шырмауық, рауғашты қосып талқандап 6 грамнан ішеді.

2.      Қынап сыртының баздануына, сулы бөртпеге екпе қалампыр шөптен белгілі мөлшерде талқандап ауырған жерге себеді немесе қайнатып сумен ішеді.

3.      Кіндік қызарып қабынғанда, екпе қалампырды талқандап, өсімдік майына араластырып, балшық дәрі жасап ауырған жерге таңады.

4.      Қызыл өңеш және тік ішек рагына екпе қалампыр тамырының 30-60 гамын суға қайнатып ішеді.

5.      Етеккір тоқтағанда, уытты жар шыққанда қалампыр емге қолданылады.

Пайдалану мөлшері:

4,5-9 грамға дейін. Екпе қалампырдың құрамында белок, фосфор

қышқылы, А дәрумені бар

Желайдар

Желайдардың мақтабас, ақбас шөп, құтырған төбет сынды өзге де аттары бар. Мақтабас көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 20см. Өн бойында жиі өскен ақшыл түсті түтікшелері бар. Жапырағы түп жағына өседі, жапырақ сағасы ұзын әрі жіңішке, қос қауырсынды, жарма алақанды келеді. Бас гүл оранышы көп айрықты, айрық алақаншалары таспа тәрізді болады, бас гүл шоғыры басында салбырап өсіп тұрады, гүлі қызғылт көк түсті өседі. Тұқымша жемісі шоқбастанып өседі. Ұшында ақ түсті қауырсын тәрізді түкшелік аналық мойны бар. Тау беткейлерінде қалың ормандар да өседі.

Жинау және өңдеу

Желайдардың тамырының көп дертке шипалық қасиеті бар. Оны көктем немесе күзде қазып алып, жапырақтап турап сақтайды. Кермек дәмді усыз болады.

Ем болатын аурулары

1.      Гүлін майдалап талқандап, қанаған мұрынға үрлесе қанды дереу тияды. Басқа мүшелерден аққан қанды тоқтату үшін де қолданылады. Жараланған жерге сепсе, қан тиылады.

2.      Жапырағын, сабағын арпа сабағымен қосып қайнатып ішсе, несепті айдайды, омыраудың сүтін молайтады, етеккірді жүргізеді.

3.      Дизентерияға желайдардан 15г, сары марал оттан 6г, жаған қабығынан 9г, қызыл шұғынықтан 9г, шыңжан ағаш шырмауығынан 9г қосып араластырып, суға қайнатып ішеді.

4.      Етеккір сарғыш түске боялып, күлімсі иістеніп келуіне 18г желайдарды, 9г сарыағашты, 15г түйнекқонақты суға қайнатып ішеді.

5.      Қайталанған теміреткіге жел айдардан тисті мөлшерде алып, жаншып таңады.

Пайдалану мөлшері.

9-15г. Желайдардың құрамында анамонин, сопонин, гликозойд бар.

 

1. Менің жасым 43-те. Диагнозым – гастродуоденит, яғни асқазан-ұлтабар қабынуы.Кейбір білгіштер диета ұстау керек дейді. Сол дұрыс па?  Бұл  ауру қауіпті емес пе? Алдын ала Рахмет!

Қармыс Сарбалаев

Жезқазған қаласы

Жауабы: Асқазан-ұлтабар қабынуы көбіне асқазан жарасы және түрлі асқазан ауруларының әсерінен болады. Үнемі аш жүру, дұрыс тамақтанбаудың да ықпалы зор.  Сондықтан асқазаны сыр берген науқастар өз денсаулығына мән беру керек. Тамақты асығып-аптықпай ішу, дұрыстап шайнап жеу, көбіне жеңіл тамақтар жеген жөн. Сондай-ақ өте ыстық немесе өте суық ішуге болмайды. Асқазан дертіне шалдыққан науқастар қышқыл, ащы тағамдардан, спирттік ішімдіктерден аулақ болулары керек. Шылым шекпегені дұрыс.Ас ішіп отырып басқа жұмыстармен айналыспауы тиіс. Сүт өнімдерін көп тұтыну керек. Айран, ірімшіктің ағзаға пайдасы мол. Өте майлы, тұзды, кептірілген, сүрленген, қуырылған тағамдарды көп тұтынбағаны абзал. Ең бастысы көңіл-күйді бір қалыпты ұстауға тырысу қажет. Ашуға бой алдырмау тиіс.  Бұл дертті дер кезінде емдетпесе, соңы созылмалы дертке, яғни асқазанның ойық жарасы, асқазан өспесі, асқазан ұлтабар қабынуының асқынған түрі сынды ауруларға ұласуы мүмкін. Тибет медицинасында бұл дерттің емі табылады. Яғни арнайы нүктелерге ине қойылады, ол инелердің басын жүз түрлі емдік шөптермен  қыздырады. Жан арналары ашылып, науқастың қан айналысы жақсарады. Асқазаны дұрыс жұмыс істей бастайды.

 

2. Сәлеметсіз бе, Шығыс-Тибет шипагері! Біраздан бері мені өт тасы мазалап жүр, дәрігерлер «тастың көлемі үлкен,  операция жасатыңыз» дейді. Операциясыз емдеу жолы болса, кеңес беріңіздерші.

Жазира

Алматыдан

Өтке тас байлану медицинада әлі толық зерттелген жоқ. Кейбір науқастар ауруын асқындырып алады. Оның арты өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл дерт дер кезінде және түбегейлі емдеуді қажет етеді. Ем адамның дене қуатына, аурудың пайда болу себебіне, тас санына және  диаметріне, көлеміне байланысты жүргізіледі. Егер өт диаметрі бір сантиметрден асқан көп тастарға толса, онда өт қалтасын сылып алып тастайды. Отаны білікті дәрігерлер жүргізген жөн. Сондай-ақ операциясыз емдеу әдістері де қолданылады. Ол аурудың ауыр немесе жеңіл түріне байланысты. Тибет емі кез келген тасты түсіреді деуден аулақпыз. Өтте тастың көлемі кіші және саны аз болса,  отасыз емдік тәсілдер жүргізуге болады. Ол үшін диагнозды дәл қою маңызды.

3. Мен 4 баланың анасымен. Алғашқы екі ұлымды өзім табиғи босандым. Кейінгі екі қызымды қан қысымым жоғарылап, кесерово тілігі операциясымен босандырды. Қазір, өзімді жайсыз сезінемін, салмағым да төмен, күш-қуатым жоқ. Дәрумендер ішкенімен, оңалар емеспін. Артық қозғалсам, шаршап-шалдығып қаламын.  Төрт баланың қамымен, өз өзіме қарауға да мұршам жоқ. Бірақ денсаулығым жақсарса деймін!

Гүлпара

Сіз ешқашан ауруыңызға селқос қарамаңыз. Салмағыңыз тіптен төмендеп кетуі мүмкін. Дәрігерлік тексеруден өтуді ұмытпаңыз.  Иммунитеттің төмендеуі, дене қуатының әлсіреуі адамды ауруға шалдықтырғыш келеді. Сондықтан қуаты мол, құрамында дәрумендер көп ұлттық тағамдарды тұтынған абзал. «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына келіп, кеңес алуларыңызға болады. Тибеттік емдік шөптерден жасалған дәрумендер адамға қуат береді, иммунитетін көтереді, жеңіл жүруіне ықпал етеді, еңбекке ынтасын арттырады. Сіз үшін ешкі сүті – ең қажетті азық. Ешкі сүтінен әзірленген тағамдарды жиі тұтыну – сіздің қазіргі хал-күйіңіз үшін ең қажетті  емдік тәсіл. Иммунитетті көтереді деп бет алды тамақтана беруге болмайды. Тамақтанудың тәртібін сақтаған жөн. Көңіл-күйді көтеріңкі ұстауға тырысыңыз. Жаңа сойылған малдың қарнының түгін аршымай қайнатып, сорпасын ішу және оны жеу пайдалы. Сүйектердің кемігін шығарып шауып, сәбіз қосып қайнатып ішу де жақсы әсер береді. Денеде темір қуаты жетіспеген жағдайда даттанған темір шегемен алманы піскілеп жеу қажетті темір элементін толықтайды.

4. Мен босанғаннан кейін бала күтімімен үйде көп отыра алмадым. Күнкөріс қамымен 6 айдан кейін жұмысқа шығып кеттім. Баламды емшектен дұрыс шығармаған болуым керек, қазір кеудем, төсім ісіп, сыздап  ауырады. Емшегімде сүт түйір-түйір болып қатып қалған сияқты. Оны таратуға бола ма?. Операциясыз емдеу жолын айтсаңыздар!

Нұрлыгүл

Жалпы баланы екі жасқа дейін емізген дұрыс. Баланы емшектен ерте айыру өзіңізбен қоса сәбиіңіздің денсаулығы үшін де зиын. Сіздің омырау сүт бездеріңіздің қабынуы содан болған. Бұл дертті шұғыл емдеген жөн. Білікті мамандарға қаралыңыз. Мамандар ота жасауға шешім қабылдауы мүмкін. тыңыз. Сіз әлі жассыз. Әлі талай ұрпақты дүниеге әкелесіз. Сондықтан өз денсаулығыңызға жүрдім-бардым қарамаңыз.  Жиналған түйіндерді отасыз таратуға күш салғаныңыз дұрыс. Тибет емі бойынша сүт безіндегі түйіндерді тарату нүктелері бар, сол нүктелерге ине қою арқылы және тибеттік шөп дәрілерді пайдалану арқылы емдейді. Емдік дәрілерді уақытылы  қабылдап,  қатып қалған сүт бездерін таратуға болады. Емді үзбесеңіз, бұдан айығуға болады.  Біздің орталыққа келіп,  қажетті емдік шараларды шұғыл бастау өзіңіз үшін пайдалы екенін есте сақтаңыз.

 

5. Менің арқа омыртқа сүйектерім жанды қоярға жер тапқызбай қақсап ауырады.  Мазалағалы көп болғанымен, дәрігерге дер кезінде қарала алмадым. Ауру әбден жанымды жегідей жегенде барып, ақ халаттылардың көмегіне жүгіндім. Ол кезде сүйек ауырғаны бұлшық етке ауысқан болатын. Содан невропотолог бұлшық етіңе суық тигізгенсің деп дәрі-дәрмек, арқаға жағатын май жазып берді. Соны ішкеннен кейін бе аздап қойған болды. Бірақ осы соңғы 1-2 айда қайтадан қатты мазалап жүр. Дәрігерге барсам, енді «остеохондроз» дейді. Ауру бір, диагноз екі түрлі?

Алтынбек

Сіздің ауруыңыз бір ауру екі диагноз емес, бір ауру – бір диагноз. Аурудың алғашқы белгілері басталысымен дәрігерге қаралып,  дұрыс ем қабылдамағансыз. Ауруды әбден асқындырып алғансыз, тіпті созылмалы түрге ауысқан. Созылмалы бел ауруының көбі остеохондроз, нервтік ісінуге алып келеді. Халқымыз «ауруда – шаншу, сөзде – қаңқу жаман» деп бекер айтаған. Шаншуға әсте жай қарауға болмайды. Мұның соңғы созылмалы бел ауруларына жалғасуы мүмкін. Тибет емі бойынша остеохондроз ұстаған жерге ине қою әрі тибеттік шөптермен қыздыру арқылы нәтижелі ем жүргізуге болады.  Сондай-ақ нүктелі емдік уқалау да жақсы әсер етеді.

6. Қант диабетінің көздің көру қабілетінің нашарлауына ықпалы бар ма?

Қасен Қиқымұлы

 

Қант диабеті дертінің көздің көру қабілетіне тигізетін кері әсері өте көп. Осы дертпен ауырған науқастардың 90 %-ның ең алдымен әлсірейтін ағзасы – көз. Сондықтан дертке шалдыққан науқас дәрігерлердің бақылауында болып,  қанттың деңгейі тұрақты ұстап тұру қажет. Сондай-ақ көзге зақым келмейтін жағдайларын қарастыру қажет. Заманауи медицина бұл дертті емдеуге қауқарлы. Арнайы дәрі-дәрмектер қоры да жеткілікті.  Кейбір науқастарға өмір бойы дәрі ішу тағайындалады. Одан қорықпаңыз. Мұның барлығы ауруды емдеу және ағзаның өзге мүшелеріне кері әсерін тигізбеу үшін жасалып жатқан емдік тәсіл.

7 Менің әкемнің бүйрегі ауырады. Диагнозы: «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі». Жылдар бойы гемодиализге барып, қан тазартып жүрген еді. Жақында Қытайға барып, бүйрегін ауыстырып келді. Ендігі арман бүйректің қызметін жақсартып, сау бүйректі аман алып қалу. Шығыс-Тибет емінің бүйрекке шипасы бар ма?

Жарас

Дер кезінде емдік шараларды алмағандықтан, әкеңіз бүйрегін асқындырып алған. Тіпті бүйрегін ауыстыруға тура келді.  Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ең қауіпті аурулардың бірі. Операциядан кейін бүйрек қызметі толық реттелгенше едәуір уақыт қажет. Осы уақыт аралығында гормондық және өзге де дәрі-дәрмектер беріледі.  Оны ота жасаған мамандармен ақылдасып қабылдау қажет. Шығыс-тибет емінің бүйрекке шипасы өте зор. Яғни созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің алғашқы клиникалық белгілері біліне бастағанда қолданылады. Бұл ем белсіздікке де, басқа бүйрек дертіне де қолданылады. Бүйрек ауруының көбі бүйрек жұмысының дұрыс ретке келмеуінен болады. Сол себепті Тибет емі бүйрек қызметіне тікелей әсер ететін бүйрек арналарын ашу арқылы, істен шыққан жасушаларды тірілту арқылы жүргізеді. Сондықтан бүйрегіңіз сыр берсе, дереу емге жүгініңіз.

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80