Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№7 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Дертке дауа дәругер

Өз өмірінде  тым болмаса  бір рет ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақанын сезінбеген адам кемде-кем  шығар.  Дәрігерлердің көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып,  жанға  батқан   ауру  сап тиылады. Дәрігерді адам жанының арашашысы десек, медбике –  оның  оң қолы.  Адамзат жанына дауа, тәніне шипа іздеген қасиетті мамандық иелерін  кейбіреулер дәрігер емес  дәругер деп атауды  ұсынуда. Мүмкін     дұрыс та  шығар.  Олар бәлкім,  қай-қайсымызды  да  ауру-сырқаудан емдеп, жанымызды сақтап  қалатын   Аллаһ Тағаланың   жердегі  өкілі  болар, кім  білсін.     Бізге  араша түсетін   қарулы сарбаз да,  оққағар қалқан да  – осы бір абзал жандар, халық айтпақшы «ажалсызға  себеп» болуда. Олар  қаншама адамның көңіліне шарапат сәулесін сеуіп,  дертіне  шипа  тауып, өміріне  нұр сыйлауда.   Дара жұрттың ішінде адамзаттың амандығы   үшін  түн қатқан,  табиғатынан дәрігер болуға жаралған жандар қаншама! Мейірімділік пен төзімділіктің,  адамгершілік  пен шипагерліктің нышанына  айналған жаны жайсаң Жасанға және халық пен дәрігердің арасындағы дәнекер болған «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығының мейірбикелеріне айтар біздің де алғысымыз шексіз. Жасанның адал еңбегін елі үшін жасаған адал еңбегін бағалау және  жұмыс  жағдайын  жақсарту жөнінен мемлекеттік   қамқорлықты  әлі  күшейткен  абзал деп ойлаймыз. Пікір кітабындағы ақ пейілмен жүректен ағылған келесі тілек осылай төгіледі.

 

Осыдан біраз жыл бұрын Мейіржан Жұматаевтың денесіне ақ дақтар шыға бастайды. Ақтаңдақ жылдан-жылға бүкіл денесіне жайлады. Бұл оның психикасына қатты әсер етеді.  Барлық дәрігерлер мен емшілерге қаралады. Олардың берген дәрілерін ішіп, мазь-майларды жағып көреді. Алайда уыс-уыс дәрінің ағзаға  кері әсері болмаса, пайдасын байқамапты. Бірақ көп ұзамай шығыс-тибет медицинасы жәйлі естіп, «Жас-Ай» орталығына келеді. Бас дәрігер Жасан Зекейұлының қарауында болып, екі курс ем қабылдайды. Бірінші курс емнен кейін-ақ ол денесіндегі ақ дақтардың қара қотырлана бастағанын байқайды. Екінші емдік курсқа дейін он күн демалады. Осы уақытта оның күннен күнге үдеріп өскен дақтары сейіле бастайды. Ал екінші курста өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Жалпы теріде пайда болатын ақтаңдақ іздерді «витилиго ауруы» дейді. Витилигоның пайда болу себебі әзірге беймәлім. Ақ халаттылардың айтуынша, көбіне ол күйзелістен (стресстен) және ағзада Е витамині жетіспегеннен пайда болады екен.

Жанна Абайқызы

 

Балдақпен келіп, вальс билеп қайтқан

Сара Ахмадинаның осыдан 5 жыл бұрын миына қан құйылып, инсульт алыпты. Күн сәл бұлттанса болды басы қысып ауырып, қатты қиналады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Барлық емдеу мекемесінің табалдырығын тоздырады. Қайда барса да сол көңіл-күйі бәз-баяғы түсіңкі қайтады. Енді қандай ем қабылдаймын деп әбден сары уайымға салынады. «Батар күннің атар таңы бар» демекші, Сара апайды айналдырған аурудың шипасы табылатын кез де келіп жетеді. Бірде Сара апайдың құдай қосқан қосағы,  юстиция генерал-майоры Әлімжан Ахмадинге таныс азаматтар кездесіп, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық журналын береді. Әлгі азаматтар  Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі  Жасан Зекейұлы,  шығыс-тибет емінің кереметі туралы көп  айтып,  осы медициналық орталықтың мекен-жайын береді. Сол мекен-жай бойынша жүректерінде үміт оты маздаған Сара апай мен Әлімжан ағай алып-ұшып дереу «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығына жетіп, даңқты дәрігер Жасан Зекейұлымен жолығады. Бар жағдайын  айтады. Тамыр арқылы диагнозын дәл қойған Жасан Зекейұлы: «қорықпаңдар, бұл ауруды емдеу  менің қолымнан келеді. Бір-екі курс емнен кейін мен жеңгемізді әлі жүгіртіп жіберемін. Әуелі Сіздер менің алдымда вальс билейтін боласыздар», дейді.  «Жақсы сөз жарым ырыс» деген. Расында, күрмеуге жетпейтін қысқа ғұмырда адам баласының жігерін  бір демде жасытып, бір мезетте шаттандыратын бір ауыз жылы  сөз ғой. Дәрігердің жылы сөзі олардың жабырқаған көңілдерін  жаздай жадыратып тастады. Олар Жасанға мол сенім артты. Артқан сенім ақталды да.

Сол жақ жарты денесі салданып келген Сара апай мұнда сол күні-ақ бірінші емдік сеансты бастап кетеді. Оған ине терапиясы, мың шөппен қыздыру, магниттік банкі, нүктелі уқалау терапиясы сынды бірнеше Шығыс–тибеттік емдеу тәсілдері қолданылады. Өз аяғымен баспалдақтан көтерілуге мұршасы болмай келген ақ жаулықты  ана бірінші сеанстан кейін-ақ өзін өте  жақсы сезінеді. Аяғын ептеп басады. Бұл сөзімізді Сара апайдың өзі де дәлелдейді: «Бірінші рет келген кезде баспалдақтан жолдасым мен дәрігерлер әрең көтеріп шығарған болатын. Маған ем қатты ұнады. Дәрігерлер де өте әдепті, сыпайы екен. Бір курстық емнен соң баспалдақтан өзім, ешкімнің көмегінсіз шықтым. Бұған бас дәрігер Жасанның өзі де таң қалып отыр. Үйде  ыдыс-аяқты отырып жуатын едім. Қазір тірлікті тұрып жүріп істейтін болдым. Белімнің ауырғаны да басылды. Бұрын кереуетке жата кеткім келетін. Қазір аурудың кесірінен амалсыз жатқан уақытымның орнын неғұрлым көбірек қимылдап, елге, отбасыма  әлде де болса еңбегімді сіңіріп толтырсам деймін». Сара апайдың сөзін жолдасы, юстиция генерал-майоры Әлімжан Ахмадин де қоштайды. «Мен 5 жыл бойы ауруы жанына қатты батқан жұбайым Сараны  «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығына  бас дәрігер белгілеген уақытта алып келдім. Келсек, орталықтың баспалдағы биік екен. Сараны бірнеше дәрігерлермен бірге өзім көтеріп әрең шығардық. Мұнда сау адамның өзінің көтерілуі қиын. Құдайға шүкір, бүгін кезекті емге келген кезімізде Сара баспалдақтан менің сүйемелдеуімсіз-ақ өзі көтерілгенін көріп, қатты қуандым. Бұл алған еміміздің нәтижесі.  Бұл кісіге мемлекеттен қолдау көрсетіп, халыққа жасап жатқан жақсылықтарын елеп-ескеріп, көмек етсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл кісі – халықтың адамы, халықтың емшісі. Бұл кісі – өте қасиетті, киелі кісі.Менің соған көзім жетті», деп көзіне жас ала отырып сөзін түйіндеді ол.

Жанна АБАЙҚЫЗЫ

 

Қышыма қотыр

Тері жұқпалы ауруларының бірі – қышыма қотыр(чесотка). Оны қышыма қотыр кенесі таратады. Қоздырғыш адамның терісіне жұққан сәттен-ақ өзіне «жәйлі орын» жасай бастайды. Ұрғашысы адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейеді, яғни терiге жұмыртқа салады. Бірер күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелер пайда болады. Демек қышыма кене адам үшін өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Әсіресе отбасы мүшелеріне тез тарайды. Яғни қышымамен ауырған адаммен тiкелей қарым- қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек –орындарын,iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн,сүртінетін орамалдарын, жөкелерiн(мочалка), қолғаптарын,  басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажет. Қышыма адамға үй жануарларынан жұғуы да мүмкін. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр пайда болады Сондай-ақ тазалық-індет тәртібін сақтамаған жағдайда қышыманы  моншадан, душтан, жатақханадан, пойыздан, қонақ үйлерден,  яғни кез келген жерден жұқтырып алуыңыз мүмкін. Аурудың жасырын кезеңi 7 күннен 10 күнге дейiн, кейде 1,5 айға дейiн созылуы мүмкiн. Эпидемиологиялық  тексеру нәтижелерiне қарағанда    қышымамен  әлеуметтiк  жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар  жиi ауыратын көрінеді. Қышыма жұқтырған адамдардың  ең көп саны  мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар  құрылғанда, яғни күзгi –қысқы уақыттарда тiркеледi. Соңғы кездері қышыма қотырдың қатты дуылдап қышып, адамның мазасын алмайтын, бөрткені де онша қаптап шықпайтын жеңіл түрі жиі кездеседі. Қышыманың бұл түрінде беті қанталап қабыршақтанған бірлі-жарымды ғана бөрткендер кездеседі.

 

Белгілері:

  • Қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде  бөртпелер және қышыма  пайда болады
  • Қышыма қотыр жұқтырған адамның денесінің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, әсiресе түнде қатты қышиды
  • Терiнi үнемi қасығанда оған микробтар  түсiп,  қышымаға   терiнiң iрiңдi  жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi
  • Денесін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады
  • Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен, саусақ аралықтарынан, тіпті тұла-бойдан да байқалады
  • Адам денесінде қотырдың ізі қалып, ұсақ бөртпелердің көбейіп кетуі
  • Қышыманың орны ақшыл-сұрғылт жолақтанып ине ұшының ізіндей болады, ізі тура сызықтай болмай, ирелеңкіреп бір-біріне қатарласа түскен үтір сияқтанып жатады.
  • Қышыманың бөрткені балалардың алақаны мен саусақтарының арасында, қарнына, шынтақтың бүгілетін тері қатпарына, балтырына, өкшесіне табанның ішкі жағына, құйрығына, иығына беті және басына шығады.
  • Емшек жасындағы сәбилердің көбінесе алақаны мен құйрығының ұшына, беттеріне шығуы мүмкін.

Тері ауруларының белгісі байқала салысымен-ақ дер кезінде дәрігерге көрініп, нәтижелі ем қабылдау  қажет. Қышымаға қарсы арнаулы емдi  терi ауруының дәрiгерi  ғана жүргiзедi. Ауырған адам өзiн-өзi емдеуге  болмайды Ең бастысы  науқас тұтынған заттардағы паразиттің көзін жою керек.  Қотыры бар адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе, ол созылмалы ауруға айналады. Қотыр, әсіресе, кешке қарай, жылы киінген кезде қатты қышиды. Қышынған адам денесін қасып қанатып та алады. Ол қанаған жер асқынып, іріңдейді.

Тазалық талаптары:

  • «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, ең алдымен адам таза болу керек
  • Апта сайын суға түсіп, іш киімін жиі ауыстыру керек. Әсіресе біреудің киім-кешегі мен заттарын пайдаланғаннан аулақ болыңыз
  • Қышыма қотыр жұқтырған адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары өзге отбасы мүшелерімен араластырылмай, жеке ұстаған дұрыс
  • Кірлеген киімдерді де бөлек жинап, бөлек жуған жөн. Яғни оны 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтақ сабын қосылған, қатты қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек
  • Киімді  тек үтіктеп кию керек
  • Сырқат жатқан бөлмені де күн сайын  2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен жақсылап сүрту керек
  • Науқасқа күтім жасағаннан кейін немесе оның жатқан жерін жинастырған кейін міндетті түрде қолды сабынмен жуу керек
  • Моншаға, душқа түскен кезде отыратын орындықты, сабын, сусабын, ысқы қоятын сөрелерді және жуынатын кіршені ыстық суға хлор араластырып жуған дұрыс
  • Біреудің жуынатын заттарын,  сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз
  • Әр адамның жеке сүлгiсi   және  жөкесi болғаны жөн
  • Жаңадан сатып алған  киiм-кешектi, iш киiмдi және  төсек жаймаларын мiндеттi түрде үтiктеген  дұрыс
  • Қышыма қотыр ауруының белгісін байқап,  күдiктенсеңізе дереу терi аурулары дәрiгеріне көрiнңіз
  • Дәрiгерге дер кезінде қаралу – ауруды айналасындағы адамдарға жұқтырмауға,  қышыманың  таралмауын және   одан тез сауығуын қамтамасыз етедi.

Тибет емінде Қышыма қотырды емдеу үшін мына нүктелерге  ине

қойылады:

 

Өкпе меридияны

P-7. Ле-цюе

P-10. Юй-цзи

Тоқ ішек меридияны

GI-4. Хэ-гу

GI-11.Цюй-гу

Асқазан меридияны

E-36. Цзу-сань-ли

Көк бауыр, ұйқы безі меридияны

RP-6. Сань-инь-цзяо

RP-10Сюе-хай

Қуық меридияны

V-20. Би-шу

V-22. Сань-цзяо-шу

V-23. Шэнь-шу

V-25. Да-чай-шу

V-40. Вэй-чжуй

V-43. Гао-хуан

V-60. Кунь-лунь

V-62. Шәнь-май

ЖАННА АБАЙҚЫЗЫ

 

10 түрлі қоқыс азықтық

 

Жақында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар көп тұтынатын 10 үлкен «қоқыс» жемектіктердің тізімін жариялады.

 

1.      Майға пісірілген азықтықтар. Бұл түрдегі азықтар жүрек

қантамыры ауруларын оңай келтіріп шығарады. Майға қуырылған крахмалды азықтардың құрамында ракты пайда қылатын элементтер бар. Олар дәрумендердің ағзаға таралуын тежейді.

2.      Банкілерге шыланған салаттар. Бұл түрдегі азықтар қан қысымын

пайда қылады. Бүйрек қызметіне кері әсерін тигізіп, ішек және асқазанға зиян.

3.      Мәнерленген азықтар. (Әртүрлі ет өнімдері, калбаса.т.б) Бұл

түрдегі азықтарды шіруден сақтау үшін және рең беру мақсатында пайдаланатын қоспалар рак дертіне шалдықтыруы мүмкін.

4.      Печенье түріндегі өнімдері.(төмен темпратурада пісірілген бидай

ұнынан жасалғандары қамтылмайды). Бұл түрдегі азықтарға пайдаланылатын қоспалар бауыр қызметіне зиян. Бұл қоспалар дәрумендердің ағзада таралуына кері әсерін тигізеді әрі ыстықтығы жоғары, азықтық қуаты төмен болады.

5.      Газдалған сусындар. Газдалған сусындардың құрамындағы фосфат

кеслатасы мен көмір қышқыл кеслатасы денедегі калцийді сіміріп алады.

6.      Даяр азықтар. (дайын кеспелер, лапшалар, күпиткен азықтар)

Мұндай азықтықтардың тұз құрамы жоғары. Құрамына шіруден сақтайтын химиялық қоспалар қосылатындықтан бауыр қызметін зақымдайды. Мұндай өнімдердің азықтық қуаты жоққа тән, ыстықтығы жоғары.

7.      Концерваларға сақталған азықтар. Мұндай өнімдер

дәрумендердің қуатын төмендетіп, белоктің сапасын өзгертеді. Қоректік қуаты төмен, ыстықтығы жоғары болады.

8.      Мұздатылған азықтар. Бұл түрдегі азықтардың құрамында қаймақ

көп болғандықтан адамды оңай семіртеді.

9.      Қақтап пісірілген азықтар. Бұл түрдегі азықтар рак дертін пайда

қылуы мүмкін. Мысалы, бір тал кәуаптың құрамында 60 тал темекінің уы болады. бұл бүйрек және бауырдың жүгін ауырлатады.

10. Жеміс шырындарынан химиялық жолмен даярланған азықтар.

Бұл түрдегі азықтардың құрамында натрит кеслата тұзы бар. Әрі тұз құрамы жоғары болады  Бұл азықтарға қосылатын шіруден сақтайтын қоспалар бауыр қызметіне зиян.

 

Рактің алдын алу

1.      Үнемі бір түрдегі азықтықтарды тұтынбау, тамақтануда тамақтың

дәмділігі мен қоректігін теңшеуге мән беру керек.

2.      Аса тоя тамақтанбаған жөн. Тамақты үнемі қалыптан тыс жеу

ағзаға зиян.

3. Ас қорту жүйесінде жарақаты бар адамдар сыра ішпегені дұрыс. Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, асқазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан ары арттырып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

4. Темекіні коп тартпау керек .

5. Аш қарынға қызанақ жемеген дұрыс. Түзде тағамдарды аз тұтынып, күйдірілген азықтарды жемеу қажет.

6. Шектен тыс зорығудан сақтанып,  денені таза ұстау.

7 Қөңіл-күйді көтеріңкі ұстау.

Бал арасы шағып алса не істеу керек?

Егер сізді бал арасы шаығып алса, ішінде уы бар қалташығын кесіп жіберіңіз. Мұндай кезде бізі алынып кетуі мүмкін. Егер сізде бал арасының уына сезімталдық жоқ болса, ара мен  сонаның уын маса шаққандағыдай емдеуге болады. Ол үшін шаққан жерге салқын зат, немесе мұздатқыштан алынған мұзды басу керек. Ара шағып алған адам ыстық шайді көп ішкені жөн. Сонымен қатар, димедрол, супрастин немесе тавилгил түйме дақтарын беруге болады. Мүсәтір спиртінен (судың бес бөлігіне оның бір бөлігі) немесе жартылай сұйытылған арақпен сормақта жасап,  шаққан жерге басады. Егер қолда аталған дәрілер болмаса, шаққан жерді суық суға батыру, балшық түйірін немесе жолжелкен жапырағы езіндісін басу керек.

Бал арасы шаққан адам, ең жақсысы, дәрігерге қаралғаны жөн. Араның бір рет қана шағуы дененің ыстығын көтеріп, басты ауыртады, жүректі айнытып құстырады. Артериялық қысымды төмендетеді, демікпе құбылысы пайда болады. Араның ауыз қуысын шағып алуы тіпті қауіпті. Мұндай жағдайда көмекей ісініп тұншығудан адам өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан ара ұясынан аулақ болған жөн.

Ашығудың пайдасы

Адам науқастанғанда немесе жарақат алғанда пайда болатын ауырсыну сезімі мен дене қызуы ас қорыту сөлдерінің бөлінуін тежейді. Салдарынан тамақ дұрыс қорытылмайды. Дұрыс қорытылмай бұзылған тамақ онсызда әлсіз ағзаны улайды. Керісінше әлсіретеді де, ауру ұзаққа созылып асқынады. Кофе мен шай ас қорытуды тежейді. Жасанды дәрумендер ағзаға сіңбей қалдыққа айналады. Ауру асқынған кезде адамда пайда болатын тәбеттің ашылуы – алдамшы сезім. Ас ішілгенімен, дұрыс қортылмайды, салдарынан науқас мазасызданып, қызыуы көтеріледі.  Сондықтан ауру басталып әлсіздік пайда болғанда, тәбет жоғалғанда, қызу көтерілгенде, тіл құрғап өңезделгенде бірден ашыға бастаған абзал. Бұлай істегенде сырқаттың беті тез қайтып, ауырсыну сезімі азаяды. Дене қызуы қайтып, асқынулар да болмайды. Әдетте, дәрігердің бақылауынсыз бұлай ашығу 3-4 күн болу керек. Яғни дене температурасы түсіп, тіл өңезі тазарғанға дейін. Бұл кезеңде сұйықтықты көп ішу қажет.

Таңертең тамақ ішпеудің зияны

Қазір көптеген студенттер таңертең тамақ ішуге селқос қарайды. Алайда күндер өте келе бұл ауыр зардап әкелетінін біле бермейді. Англиялық ғалымдар өтіне тас байланған адамдарды тексеріп-зерттеу арқылы, бұл аурудың ұзақ уақыт таңертең тамақ ішпеумен тығыз байланысты екенін анықтаған. Өйткені үзақ уақыт қарын аш жүргенде өт қышқылының мөлшері азаяды. Ал холестериннің мөлшері өзгермейді, осыдан барып жоғары холестеринді өт сөлі пайда болады, оттегілі холестерин шектен тыс жоғарылап кетсе, ол жинала келе тасқа айналады. Сондықтан таңғы асты ішіп жүру денсаулық үшін аса маңызды.

Сусын дегеніміз – шөлді басып, рухыңды серпілту үшін арнайы дайындалған ішімдік.  Кейбір сусындардың қоректік әрі дәрілік қасиеті ерекше күшті.

Қышқыл сусын бауырға пайдалы. Ащы сусын жүрекке пайдалы. Кермек сусын өкпеге пайдалы. Тәтті сусын көкбауырға пайдалы. Тұзды сусынды қалыпты ішсе, сау адамдардың бүйрегіне пайдалы болады. Тек сусындарды орынды тұтыну керек.

Қымыздың рөлі – қымыз қан тамырлардағы кедергілерді ашып, рухты серпілтеді. Қымыз – қуатты, жағымды райлы. Қымыз адамдар үшін шөлдесе сусын, қарны ашса азықтық әрі шипалы дәрі. Қымызда адам ағзасына пайдалы заттар өте көп. Қымыздың құрамындағы дәрумендер ағзаға әртүрлі әсер етеді. Ас қорытуды, нерв жүйелерін, жүрек қан тамырларының қызметін жақсартады. Әсіресе, нерв жүйесі ауруларына ем. Туберкулез ауруына шалдыққандар қымызды үзбей ішіп тұрса,  туберкулез таяқша микробі әсерінен бұзылған зат алмасуды ретке келтіреді. Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметін қалпына келтіреді. Әрі ағзадағы физиологиялық, биохимиялық барысты күшейтеді.

Айранның рөлі

Сиыр, қой, ешкі, сүтін сауып алғаннан кейін жақсы пісіріп, салқындатып барып, ұйытқы қосып ашытылады. Айран – тәтті, дәмді, жылы райлы, жағымды сусын әрі қуаттық тағам. Асқазанды күшейтіп, бауырдың қуатын арттырып, бүйрек қызметін жақсартады. Ас қорытуға пайдалы.

Қатықтың (сүзбенің) рөлі – ұйыған айранды сүзіп,  сары суын шығарғаннан кейінгі сүзіндіні қатық немесе сүзбе деп атайды. Қайнаған су, тұз қосып, шалап жасап сусын  әрі дәрілік тағам үшін пайдаланылады. Шөлді басып, денені қуаттандырады.

Шұбаттың рөлі

Шұбат – түйе сүтінен ғана ашытылатын сусын. Әрі шипалық дәрілік тағамдар қатарына жатады. Түйе сүтінің майлылығы жоғары, кальций құрамы көп болып, қымыз сияқты шұбат та сусындық әрі шипалы дәрі. Ол ішек асқазан, өкпе ауруларына, кальций құрамы кем болған ауруларға шипалы. Күн өтіп ауырған адамның маңдайына (еңбегіне) жүрек тұсына шұбат көпіршігін жағып, салқын жерде тынықтырса, тез сергіп, сауығып кетеді.

Жоғарыдағыдан басқа сүттен жасалған көкірдің спирт құрамы ең жоғары болады. Қалыпты ішсе, қанды тазалап, микробты жойып, денені қуаттандыруда таптырмайтын күшті дәрілік тағамдардың бірі.

Бозаның рөлі

Боза – тары, күріш, жүгері, сияқты дәнді дақылдардан жасалатын тағам әрі сусын. Боза құрамында диірменге тартылатын тары немесе жүгері жармасы болады. Бұларды суға қайнатып, қою ботқа жасайды. Оған ашытқы (суға бөрттіріп өндірген арпа, тары, бидайдан жасалған ашытқы) қосылады. Боза 6-8 сағатта ашиды. Оған қайнатып су қосып араластырады да, таза ыдысқа сүзіп қояды.

Бозаны сақталуына және жасалу, дайындалу техникасына қарай жас боза және ұзақ сақталған боза деп бөледі.

Жас бозаның күші 40-60 градус, қорланған боза 120-150 градус болады. Боза – қазақ, қырғыз, сала, дүңген халықтарының ұлттық сусыны. Қалыпты ішсе шөлді басып, рухты серпілтеді.

Бидай көженің рөлі

Бидай көже – бидайды шаң тозаңнан тазартып, аздап су сеуіп, дымқылдап, келіге түйіп түктеп,  қауызын шығарып, желпіп тазартады. Қылпық пен қауыздан тазартылған бидайды аз мөлшерде су құйып, келіге салып қайта түйіп жаншиды. Осылай жаншылған бидайды суға немесе сүтке салып, баппен қайнатып пісіреді. Көже піскен соң айран, қатық, мейіз, тұз қосып ішеді.

Ашыған бидай көже өте жағымды әрі дәрілік тағамдық қасиетке ие. Денені қуаттандырып, шөлді басып, рухты серпілтеді.

Арпа көженің рөлі

Арпа көже – бұл тағамның дайындалу барысы бидай көжені дайындаумен ұқсас. Тек арпаны суға қайнатып, пісіріп алу керек.

Арпа көженің қасиеті жүрек ауруына, қан қысым ауруына, қан құрамындағы холестеринді төмендетуге пайдалы. Дәрілік рөлі бидайға қарағанда күштірек.

Тары көженің рөлі

Тары көже – ақталған тарыдан, 150г, 1 литр су,  100г қатық, 15г тұз қосып қайнатып ішсе,  көздің көру қуатын арттырып,  шөл басу, денені қуаттандыру сынды емдік рөлі бар.

Күріш көженің рөлі

Күріш көже – бұл тағамның да дайындалу барысы бидай көжені дайындаумен ұқсас. Күріш көжені әзірлеу үшін көп күш кетпейді. Күріш көжені – 100г күріш, 1литр су, 0.5 литр айран (қатық), 15г тұз, 50г жүзім қатарлыларды қосып жасайды.

Күріш көженің ыстықты қайтару, дененің сусыздануының алдын алу, шөлді басу, денені қуаттандыру сияқты тағамдық әрі емдік рөлі бар.

Бұршақ көженің рөлі. Бұршақтың түрі көп. Кызыл бұршақ, жасыл бұршақ, көк бұршақ, қара бұршақ, өрме бұршақ, құрғақ ат бұршақ, түйе бұршақ болып бөлінеді.

Бұршақтың құрамында көптеген пайдалы элементтер бар. Тау бұршағы құнды. Жасыл бұршақтан жасалған көже ыстықты қайтарады. Оның ыстықты басып, уытты қайтару, бауырды жақсарту рөлі бар.

Бұршақ көже шөлді басады. Кіші қызыл бұршақтан жасалған көженің көкбауыр функциясын жақсартып, несепті айдайды. Сонымен қатар дизенфекциялау, уыт қайтару рөлі бар. Бұл – тамаша дәрілік тағам. Сондықтан жаздың ыстық күндері бұршақ көжесін ішіп тұру пайдалы.

 

Іш кебу қайсы аурулардың белгісі?

Іш кебу төмендегідей бірнеше аурулардың белгісі болуы мүмкін.

 

Асқазанның шұғыл кебуі. Тамақты тойып ішкенде іш кебеді, қатты ашулану, қатты ауру, суық тию себептерінен де іш кебеді. Жоғарғы құрсақ немесе кіндік үсті аяқ астынан үздіксіз тырсылдап ауырып, жоғары құрсақ кеуіп, басқанда ауырады.

Асқазанның төмендеуі. Онда іш кебу, асқазан ауру, жүрек айну, басы айналу қатарлы белгілер болады.

Асқазан-ішек нерв қызметі ауру. Бұл кезде іш кебу, ентігу,  құсу, іш ауру, дәрет жиілеу, іш өту қатарлы белгілер болады.

Ішек түйілу. 24 сағат ішінде аяқ астынан іш кебеді. Оған  қоса құрсақ қатты ауырады.

Жүрек әлсіреу. Іш кебу, аяқта сулы ісік пайда болып, тыныс алуы қиындайды. Әсіресе түнде үдеп кетсе, денедегі сұйықтық жиналып қалғанын білдіреді. Бұл қанталау сипатты жүрек әлсіреуден пайда болуы мүмкін.

Бүйрек қабыну. Іш кеуіп, кіші дәрет азайса, бүйрек қабыну пайда болған болуы мүмкін.

Ас қортуы нашарлау. Тамақ ішкеннен кейін бірнеше сағатқа дейін іш кеуіп, осырық пайда болса, бұл ас қортуының нашарлауынан пайда болуы мүмкін.

Әйелдерде етеккір келгенде және етеккір келетін кезде іш кебу оңай пайда болады. Қайта-қайта дәрет жиілегенде іш кебеді. Іш кебу семіздік ауруының бір белгісі болуы да мүмкін.

Ауруды шаштың түсіне қарап білу

Қазақтардың шашы, көбінесе, қара не қарақоңыр болады. шаштың қап-қара жылтыр болуы дененің сау екендігінің белгісі.

Шаштың ағаруы. Орта жастардағылар мен қарттардың шашының ағаруы физологиялық қалыпты құбылысқа жатады. Ал жастар мен жас өспірімдердің шашы ағарса, бұл – бүйрек қуатының төмендегендігінің белгісі. Оған қоса, жүрек әлсіреуі, жүрек қанының азаюынан болады. шаштың тез арада молынан ағаруы әрі ашушаң күйгелек болып, беті қызарып, еріндері бозару – бауыр ауыруының белгісі. Жастардың шашының тым ерте ағаруы туберкулез, асқазан, ішек ауруы, қан аздық, артерияның қатаюы сияқты аурулардан болады. Онан басқа ақтаңлақ, теңге қотыр, таз ауруы себебінен де шаш ағарады. Сонымен қатар, шаш ағару жүрек тәж ауруымен қатысты екені зерттеулерде дәлелденіп отыр.

Қара шаш. Қара шаш – сары нәсілділер шашының түсі. Бірақ шаштың шектен тыс қара болуы да қалыпты жағдай емес. Ғалымдар шаштың тым қарайып кетуі немесе бұрын онша қара емес шаштың аяқ астынан қарайып кетуі рак ауруына шалдығудың белгісі деп қарауда.

Қызыл немесе қызыл күрең шаш. Шаш қызыл немесе қызыл күрең түске өзгерсе, бұл арсен мен қорғасыннан уланғандықты білдіреді.

Шаштың сарғайып, сиреп қурауы – қан жетіспеушіліктен, ағза қызметінің  қалыпсыздығынан дерек береді.

Егер шашыңыздың түсінде аяқ астынан өзгеріс байқалса, дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінуді ұмытпаңыз.

 

Әйелдердің омырауында болатын аурулардың белгісі

Қалыпты жағдайда әйелдердің оң, сол омыраулары тепе-тең сияқты көрініп тұрады. Бірақ көп әйелдердің омырауы тепе-тең болмайды. Бір жағы үлкен, бір жағы кішкене, бір жағы биік, бір жағы аласа болады.

Әйелдердің  омырауында мынадай жағдай байқалғанда барынша назар аудару керек:

Үрпінен сүт шығу. Омырауда баласы жоқ кезде, омырауды қысқанда немесе сорғышпен сорғызғанда үрпінен сүт шығуы ми қосалқысындағы сүт безі өспесінің белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайға селқос қарамай, дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Үрпінен қан шығу. Омырауын қысқанда не сорғышпен сорғызғанда қанды секрация немесе сарғыш сүйықтық шығу – омырау безі рагының алғашқы белгісі болуы мүмкін.

Омырауы ауру. Сыздап немесе батып ауырады. Омырауға қол тисе болды үрпісі немесе кей жерлері батып ауырады. Омырау ауруы физиологиялық ауру және патологиялық ауру болып екіге бөлінеді. Жастық кезде етеккір келуден бұрын, жүкті кезде босанғаннан кейін және жыныстық байланыс жасағанан кейін омырауының сыздап ауруы, физиологиялық ауру түріне жатады. Ал патологиялық ауруларды әр түрлі себептер туғызуы мүмкін. Омырау талшығы рагы 25 жасқа келмеген, некеленбеген қыздарда көп кезігеді. Омырауда шет-шеті айқын қатты бөлек пайда болып, жылтырап тұрады. Қол тигізбей ауырады. Жайшылықта көп білінбейді. Омырау талшығы рагы көбінде операция жасатып жазылып кететін қатерсіз ауру.

Омырау безі қабыну. Омыраудың кей бөлігі қап-қатты болып, үсті қызарып,  қолтық лимфа безі шошынып,  ісіп кетуі – омыраудың жедел қабынуының белгісі болуы мүмкін.

Бір жақ омырау өте үлкен болып, қысқа уақыт ішінде дереу өсіп үлкейіп, әрі білеуленіп, батып ауырғанда,  әсте, елеусіз қарамау, дер кезінде емханаға барып тексерілу, қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтау керек.

 

Қымыздық

Бұл – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сиыр құймышақ, тайқұйрық деген атпен де белгілі. Биктігі 1м. Тамыры жуан, ортасынан жарып қарағанда сары түсті болады. Сабағы тік әрі жіңішке келеді. Жапырақ алақаны тар, ұзын сопақша формалы, сабағы қысқа,  қайың тектес болады. шашақты гүлі шоғырлы, жемісі үш қырлы сопақша келеді.

 

Көл, жар қабақтарында көп өседі.

Жинау және өңдеу

Қымыздықтың тамыры көп ауруға ем. Күз маусымында тамырын қазып алып, кептіріп турайды. Шөбінен де, жапырағынан да дәрі жасалады.

Ем болатын аурулары

1.      Қуық тұтылғанда 9-12г қымыздықтың тамырын қайнатып ішеді.

2.      Қан құсқанда, үлкен дәретке қан аралас келгенде қымыздықтан,

тікенқурай және жер бояудың өртеген күлінен 12г, қуырылған томаға шөптен 9г суға қайнатып ішеді.

3.      Көз қызарғанда, 3г қымыздықты талқандап, ананың омырау сүтімен

араластырып, буға пісіріп көзге таңады және 9г қымыздық тамырын суға қайнатып ішеді.

4.      Қымыздықтың тамырынан белгілі мөлшерде алып, жаншып, сыздауыққа таңады.

Пайдалану мөлшері: 9-12г

Қышы тұқымы

Бұл – бір жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағы кезектесіп орналасады, сары түсті гүл шоғыры сабақ басында өседі. Жемісі ұсақ, шар тәрізді болады. қышы көп жағдайда қолдан егіледі.

Жинау және өңдеу

Қышы тұқымының дәрілік қасиеті жақсы. Қышыны күзде орып алып, кептіру керек. Дәмі ащы, усыз болады.

Ем болатын аурулары

Тәбетті арттырады. Суықты шығарып, желді айдайды, қақырықты түсіреді. Ісікті қайтарып, ауырғанды басады.

1.      Тұмауратып тер шыққанда, ақ қышының тұқымынан белгілі

мөлшерде алып, талқандап, илегеннен кейін кіндікке жапсырып, үстінен қыздырған кірпіштің ыстығын өткізеді.

2.      Жел-құздан тізе буыны ісіп ауырғанда, қышыны талқандап, сірке

қышқылына немесе балға араластырып, ауырған жерге таңады.

3.      Сыртқы жарақаттарға қышыны талқандап, балмен араластырып,

илеп, ауырған жерге таңса, қыбынуды қайтарады, ауырғанды басады.

4.      Көздің еті өсіп, перделенгенде, бір тал қышыны көздің ішіне салып,

біраз тұрғаннан кейін алып тастап, жұмыртқаның ағымен көзді жуады.

5.      Қышыны талқандап, жемжеміл суына араластырып, түскен қастың

орнына таңса, қас біртіндеп өсіп қалпына келеді.

6.      Ұстамалы талма дерті қозғанда, тұмаудан басы ауырғанда, қышыны

талқандап,  спиртке шылап, ауырған жерге жағады, қамырша илеп табанға да тартады. Болмаса қышыны суға қайнатып аяқты малу қажет.

7.      Жөтелге, қақырықты демікпеге ақ қышы, парила және жомарт

тұқымдарынан 9г алып,  суға қайнатып ішеді.

8.      Жүкті әйелдердің қан қысымы көтерілгенде 30г қышы тұқымын

суға қайнатып, әр күні кешке аяқты малу керек.

Ескерту: қышыны денеге жағуға да болады. Аз уақыт өткен соң қышы жағылған жерді тазалап жуып, жұмыртқа ағымен не өсімдік майымен майлау керек. Өйткені қышының теріге кері әсері болуы мүмкін.

Қырлы шөп

Бұл – биіктігі 40-60см айналасында өсетін көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры көлденең өседі. Жалғыз сабақты, түксіз,  жылтыр келеді. Жапырағы жұмыртқа формалы, ұшы қандауыр тәрізді, ұзындығы 6-12см болады. кезектесіп орналасады. Жапырақтың үстіңгі беті жасыл, астыңғы беті ақшыл, күлгін түсті болады. Сәуір, мамыр айларында гүл ашады. Тұқымы домалақ, піскеннен кейін қара түске өзгереді.

Жинау және өңдеу

Қырлы шөп көктем мен күзде қазып алынады. Сабақ жапырақтарын алып тастап, тамырға жабысқан құм-топырақтарды тазалап, тамыры құрғағанша көлеңкеде кептіреді. Ұсақ тамырларды алып тастап,  тағы да қолмен уқалап кептіру қажет. Сосын тамыры жылтыр, жұмсақ болғанда ауа алмасатын орынға қойылады.

Ем болатын аурулары

1.      Іш қызып, таңдай кепкенде, несеп жиі келгенде, 15г қырлы шөпті

суға қайнатып ішеді.

2.      Әлсіздіктен терлегенде, аяқ-қолы дәрменсізденгенде  15г қырлы

шөппен 7г әсем салуияны суға қайнатып ішеді. Әлсіздіктен болатын жөтелге15-30г қырлы шөпті етке қосып қайнатып, сорпасын ішіп, етін жейді.

3.      Қырлы шөптің тамырын ұнтақтап, балмен қосып қайнатып, тосап жасап, күнде жеп отырса, белсіздікке, жыныстық шабыттың қалыпсыздығына ем  болады.

Пайдалану мөлшері: 15г дейін.

Қояншөп

Бұл – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры түйнекті жуан болып, бытырай өседі. Ұзындығы 4-10см. Сабағы жіңішке болады. жапырақтары жіңішке болып, екі-үштен топтасып өседі. Гүлі жапырақ қолтығына орналасады. Жемісі домалақ, қызыл түсті болады. сабағының ұзындығы 2 метрге дейін барады.

Жинау және өңдеу

Қояншөпті күзде қазып алып, тамырларының түйнегін топырақтан арылтып, ұсақ тамырларын қырып тастап, суға қайнатып, кептіру керек. Қоян шөп, көбінесе, қолдан егіледі.

Ем болатын аурулары

1.      Жөтелге мергиядан (емтамыр), қоян шөптен, пысырылған оймақ

гүлден тең мөлшерде алып, суға қайнатып ішсе жақсы ем болады.

2.      Жөтелге, қан құсуға қоян шөптен 30г, спария өсімдігі, қызыл мия,

өрік дәні, ақ жүрек, есек желімнен 15г-нан талқандап, балмен қосып дәрі жасап, күніне бірнеше рет ауызға салып сору қажет.

3.      Бадамша бездің қабынуына, жұтқыншақтың ісуіне, қояншөптен,

спария өсімдігінен, қас бояу тамырынан, қоңыраугүлден 9 грамнан алып, оған қызыл миядан 6г қосып суға қайнатып ішеді.

4.      Қарттардың іші қатуына қоян шөптен 240г, спария өсімдігі, қой

балдырған, кендір дәні, шикі оймақгүлден 120грамнан қосып қайнатып, қоймалжың дәрі жасап, күнде таңертең және кешке бал қасықпен ішеді.

5.      Жарыққа (ен қалтадағы) 15-20г жаңа қояншөпті суға қайнатып

ішеді. Омырау сүтін келтіру үшін 60г қояншөпті етпен қосып,  қайнатып, етін жеп, сорпасын ішу қажет.

Пайдалану мөлшері: 6-12г.

 

Қойжуа

Қойжуа – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 50-70см.

Жуасы домалақтау, ақ түсті шашақ тамырлы болады. сабағының төменгі жағындағы жапырағы таспа тәрізді келеді. Гүлі сабағының басында өседі. Шар тәрізді көптеген ұсақ қызғылт, көк немесе көгілдір түсті гүлдері болады.

Тау беткейлерінің күнгей жағындағы қалың шөптің араларында өседі.

Жинау және өңдеу

Қойжуаны жаз, күз мезгілдерінде қазып алып, тазалап жуып, қалдық сабағын және шашақ тамырын алып тастап, қайнаған суға пісіріп, сонан соң кептіреді. Пайдаланар кезде талқандайды.

Ем болатын аурулары

  1. Желөкпеге, көкірек сығылып ауырғанда 9г қойжуаны суға қайнатып

ішеді.

  1. Дизентарияға қойжуа мен сары ағаштан 9 грамнан суға қайнатып ішеді.
  2. Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына қойжуа ұнтағынан 3 грамнан күніне үш рет қантты сумен ішеді.

Пайдалану мөлшері: 4.5- 9г.

Қарлығаш шөп (сүмелек)

Қарлығаш шөптің биіктігі 30-125см айналасында болады. Өнбойында

қысқа түтіктері бар. Тамыры сарғыш, қоңыр түсті, кермек дәмді болады. Сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақты келеді. Жапырақтары алақанға ұқсас кезектесіп өседі. Орманды тау етегінде, тау беткейлерінің ылғалды жерлерінде өседі.

Жинау және өңдеу

Қарлығаш шөптің емдік қасиеті өте жоғары. Жаз бен күз айларында

жинап алып, кептіреді де таурап жасайды.

Ем болатын аурулары

1.      Киімдердегі битті өлтіру үшін аз мөлшердегі қарлығаш шөпті суға

қайнатып, суымен киімдерді жуады

2.      Тіс ауырғанда 3-4г қарлығаш шөпті суға қайнатып, суымен ауызды

шайқайды. Жұтуға болмайды.

Пайдалану мөлшері: 0.6-0.9г. қарлығаш шөптің құрамында қарлығаш шөп сілтісі бар.

Ескерту: қарлығаш шөптен уланғанда, жас бұршақ, аскөк, жемжемілден белгілі мөлшерде алып, қайнатып қара шегіртке қосып ішеді.

Сиырдың шикі сүтін ішу керек.

Қара өрік

Бұл – бұта тектес кішілеу ағаш. Көп бұтақты болады. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Сағағы ақ түкті, жапырақ жиегі ара тісті келеді. Жемісі қара күрең түсті, қышқыл дәмді болады. қара өріктің жемісінен дәрі жасалады. Жемісін пысқан соң жинап алып кептіреді.

Іштегі ыстықты басуға, тұмауға, іш өтуге, жөтелге қолданылады.

Пайдалану мөлшері: 15-30г.

 

Қазiр шілденің шіліңгір ыстығы болатын шақ. Десек те биылғы жазда  ауа райы бiресе суып, бiресе ысып кетiп жатыр. Бұл құбылу адам денсаулығына әсер етедiме?

 

Жігер Жайсанұлы

Шығыс Қазақстан облысы

Ыстық өтудің ең үлкен зияны – адам ағзасындағы табиғи иммунитет көздерін бұзады. Адам ағзасындағы энергияның сақталып тұруы температураның тепе-теңдігіне байланысты. Егер температура бір қалыпты болмаса, қуаты төмендеп, әлсірейді ыстық тез өтеді. Егер ыстық өту ауыр дәрежеде болса, іш тоқтамай өтеді. Басы айналып, есінен тануы да мүмкін. Алғаш медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда, адам ағзасының сусыздануы – өмірге қауіп төндіретін жағдай. Сонымен қатар аптап ыстықтың салдарынан қан айналыс жүйесі арқылы денеге тарайтын натрий, хлор, магний, фосфор сияқты элементтердің тепе-теңдігі бұзылып, миға және басқа да ағзаларға қажетті қоректік заттар жетіспейді. Бұл көптеген созылмалы ауруларға алып келеді.

 

Құрметті «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығының ақ халатты абзал жандары. Менің 2003 жылы туған балам Нұрбек Әлибекұлы 7 айлық кезінде ыстығы көтеріліп,  қатты ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға жаттық.Сол кезде ауруды анықтау үшін жұлыннан су алған болатын. Нәтижесінде «Іріңді минингит» деген диагноз қойды. Кейін соның зардабынан құлыншағымның бір құлағының естуі нашарлап кетті. Тіпті екінші құлағы да жиі ауырады, тосын дыбыстарды естимей қалады. Биыл мектепке барады. Мен баламның құлағы келешекте мүлдем естимей қала ма деп алаңдаймын. Мұны  емдеуге бола? Рахмет.

 

Әнипа Сүйіндікқызы

Талдықорған қаласы

 

Іріңді менингитті емдеуде ауруға қарсы көптеген антибиотик дәрілер бар. Осы химиялық дәрілердің әсерінен баланың есту қабілетіне зақым келуі мүмкін. Егер диагнозы дұрыс қойылып, емі табылып жатса, жазылмайтын ауру жоқ. «Үмітсіз шайтан»дейді халқымыз. Іріңді менингит болды екен деп баланы емдетпей қоюға болмайды. Құлақтың естімей қалуын Шығыс-тибет медицинасы бойынша емдеп көруге болады. Құлақтың нерв тамырлары жасушаларының өлуі себебін құлақ естімей жатса, бұған алтын иненің көмегі тиіп қалар. Тым құрығанда қазіргі есту қабілетін сақтап қалудың өзі аса қажет. Емдетуге шешім қабылдасаңыздар, кез келген уақытта хабарласуларыңызға болады.

Ассалаумағалейкум, Жасан Зекейұлы мырза! Менің өткен Қарағанды қаласында оқитын студент қызымды автокөлік қағып кетті. Содан қызым бір айдай комада жатты. Аз-маз есін жиғаннан кейін де біраз уақыт ауруханада емделді. Қызымның  басы   жарылып, қарақұсынан  қатты  соққы алған. Нақты диагнозы: жарақат салдарынан болған  ми   ауруы,  созылмалы  асқыну  жағдайы. Жарақаттан кейін мида су  жиналуы, оң жақтағы төбе-самай сүйегінің  ақауы,  ұстамалы талма. Дәрігерлердің  айтуынша, миға құйылған  қанның  ұйып  қалуы – мидың    қатты зардап шегуіне соқтырған. Нәтижесінде  қызымның  тынысы тарылды. Оны тұншығудан құтқару үшін, кеңірдегіне операция жасалып, түтікше орнатылды.  Кейінірек  ас қабылдау үшін өңешіне тағы бір түтікше қойылды. Онысы әйтеуір аздап болса да тәуір болып, үйге шықтық.  Содан бері студент қызымызды озимиз үйде бағып отырмыз. Отбасымызды асыраушы жалғыз өзім. Табысым да мардымды емес. Қатты қиналып кеттім. Қызымның жайы да аса оңала қоймады. Сізге барып қаралсам деймін. Жеңілдік жасала ма?

Мұхит Мәуленұлы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

 

Сіздің балаңыздың науқасы ең жақсысы жергілікті емдеу орындарының бақылауында болғаны жөн. Себебі ұзақ жол жүру салдарынан науқастың жағдайды кез келген уақытта қиындап, дерттің асқынуы болуы мүмкін. Шығыс емі бойынша біз науқасты өзі тамақ іше алатын жағдайда, яғни, қуатты кезінде ғана емдей аламыз. Ал қаржылай қажетті көмек жасауға болады.

Құрметті, «Жас-Ай» журналының ұжымы. Менің де Сіздердің білікті дәрігерлеріңізге қояр көкейімде жүрген бір сұрақ бар еді. Менің ұлым қазір 5-сыныпта оқиды. Бала кезінен бері әлі күнге дейін түнде төсекке дәрет сындырып қояды. Дәрігерлер несеп жолдарына, яғни қуығына суық тиген дейді. Мұны Сіздер емдей аласыздар ма?

 

Гүлғайша Бектұрғанова

Жаңатұрмыс ауылы

Егер сіздің балаңыздың ауруы  нервтік тепе-теңсіздік салдарынан болған шыжың ауруы болса, Шығыс-тибет емі бойынша 80-90 пайыз нәтижелі емдеуге болады. Егер баланың бүйрегінде тума ақау болса немесе тұқым қуалау сипатты дерт болса емдеуде айтарлықтай нәтижеге жету қиын. Дегенмен де қажетті емдік шараларды қолданып көруге болады. Шығыс тибет медицинасында мұның бірден бір емдеу қағидасы – бүйректі қуаттандырып, іштегі суықты айдап, бүйрек қуық бездеріндегі істемей қалған каналдарды ашу. Ине терапиясымен бірге инені шөппен қыздырып, ыстық күйінде қою маңызды. Шыжыңды емдеуде жүректі қуаттандыру, несеп жолдарын тазалау, көкбауырдың жұмысын жақсарту, мидың ойлау қабілетін арттыру, дене қуатты күшейту, кіші дәретті тоқтататын дене әрекеттерін жасату да өте маңызды. Жалпы талаптарға сәйкес кешенді емделгенде науқастардың 95 пайызы толық жазылып кетуге мүмкіндік бар. Шыжың ауруы(энурез) негізінен бүйрек жұмысының нашарлауы себебінен, осы органмен байланысты ішкі секреция бездері жұмысының бұзылып, қуықтың жұмыс істеуінің нашарлауынан, дәреттің қуықтың ішіндегі сақталу процесінің төмендеуінен пайда болады. Тұқым қуалауда көбіне балаларда, ал керісінше бүйрек жұмысының нашарлауы себепті үлкен кәрі адамдарда кездеседі. Басқа да сыртқы жарақаттан, көлік апаттарының кесірінен де шыжың ауруы пайда болып жатады

Менің салмағым 30 жасқа дейін 50 келі ғана болды. Қазір 35 жастамын. Салмағым 99 келі. Күннен күнге салмақ қосудамын. Мамандарға қаралсам, әрқайсысы әр түрлі диагноз қояды. Бірі «гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы» десе, бірі «қылтамақ» дейді, ал енді бірі «қалқанша без қызметінің бұзылуы» дейді. Құрметті жасан аға, Сізді тамыр ұстап, нақты диагноз қояды деп естідім. Қабылдауыңызға қашан барып қаралсам болады. Жалпы семіздіктің сыры неде? Бұрыңғы қалпыма қайтіп келе аламын ба?

Семіздік ауруының пайда болу себептері әр түрлі болады. Соған қарай әр түрлі ем қолданылады.Егер семіздік гормондық жүйелердің қалыпсыздығынан болса, гормондық тепе-теңдікті реттеу қажет.  Ал зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан немесе зат алмасудың тосылуы себебінен болған семіздік дерті болса, мұны да нәтижелі емдеуге болады. Егер салмақтың күннен күнге артуына ағзадағы кейбір дерттердің әсері болса, яғни бүйрек қызметі нашарласа, ішек жолдары нашарлау себепті семірсе де қажетті ем-дом жасауға болады. Тек бұрынғы медициналық мекемелерде тексеруден өткен барлық қағаздарыңызды алып келуіңіз шарт. Сізді қайталай аппараттардан өткізбес үшін, бұл қағаздардың көмегі зор. Ал тамыр ұстау арқылы семіздік дертінің себебін жүз пайыз анықтау қиындық тудырады. Негізі семіздік емдеп жазуға болатын дерт.

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80