Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№4 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Дағдарыстан шығу жолдары

Шикізатына сүйеніп, өндірісін өркендете алмаған Қазақстан әлемді қыспаққа алған дағдарыс бұғауынан  қалай шығады?  Қаржы әлеміндегі қатерлі құйыннан ұлттық экономиканы қалай аман алып қалуға болады? Жаһандануға жұтылып кетпеудің жолын сала мамандарынан сұрайық.

 

Жазушы Сұлтанәлі Балғабаев: «Дағдарыстан шығудың ең бірінші  жолы – санамызға сіңген бей­қамдықтан,қазақы кеңбалақ жүрістен, ысырапшылықтан арылу» дейді. Нарық  бәсекелестіктің заманы.  Еңбекқор, үнемшіл адам ғана ағынға қарсы жүре алады. «Үкімет бәрі жақсы болады деп айта беруге болмайды. Хрущев Үкімет басында отырғанда 80-ші жылдар коммунизм болады деген. Бұл сол сияқты. Бір анығы, жинаған қорымызбен биыл-келесі жылы шығамыз, содан кейін бұдан да қиын болуы мүмкін. Халықты соған дайындау керек» дейді СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ.

Дағдарыстан шығудың екінші жолы-ауылшаруашылын  дамытуда жатыр: «Ең үлкен байлық біздің мұнай, газ, темір, көмір емес, үлкен байлық біздің жеріміз бен суымыз. Осы екі байлықты дұрыс қоймай отырмыз. Өкінішке орай қазір көп адам ауылды тастап, қалаға келіп жатыр. Дағдарыстан зиян шегіп отырғанда  сол қаладан келген халық. Олар ешуақытта баспана ала алмайды».

Ал тарихшы Талас Омарбеков көшпелі қазақ қоғамында дағдарыс жиі болғандығын айтады.  Халқымыз оны «жұт» деп атаған. Жаһандануға жұтылып кетпеу үшін Ұлттық бағдарлама  жасау  керек. Онда теңгенің мүмкіншілігі ескерілуі шарт. «Ұлттық қорды жасауда, мен, ең бірінші- әлеуметтік бағдарламаны жасаған болар едім, егер мен билікте отырған болсам, дәрігерлерді, мұғалімдерді, зиялы қауымды қорғау, оларды қаржылай қорғау, дағдарыс жағдайында алатын жалақысын қысқартпау,  керісінше, жоғары деңгейде ұстап тұру» дейді тарих ғылымдарының докторы.

Тарихшының пайымдауынша, дағдарыстан шығудың тиімді жолы- Карл көкеміздің «Капитал» кітабын қайта оқып, «қосымша құны мен құн жүйесін» тәжірибеге енгізу керек. «Біз қазір Маркстің атын атауға да қорқамыз. Карл Маркс сол кезде –ақ дәлелдеген. Егер барлық фабрикалар шляпа шығарумен айналысса, онда дағдарысқа ұшырайды. Сол ашық айтылған кезінде. Бізде дәл сондай жүйе қалыптасты. Сауда жүйесінде де белгілі бір тауарды сырттан алып келіп сату, өндірісті ешқандай жоспарсыз жүргізу. Мін мұның арты осындай қиыншылыққа әкеліп ұрындырды», деп ағамыз ағынан .

 

Экономист Анар Рахымжанова «экономиканың негізгі күретамыры-банк», дейді Сондықтан қаржы құрылымдарын тұрақтандыру– дағдарып қалмаудың тиімді жолы. Сондай-ақ елді жұмыспен қамту, инвестициялық жобаларды іске асыру, электрэнергетика саласын жетілдіру, көлік инфрақұрылымын дамыту басты бағыт болуы тиіс.  « Бір механизмі бар. Біріншіден- мемлекеттік қолдау, екіншіден- мемлекеттік шығындарды ұлғайту, ішкі сұраныс азайып бара жатыр, соған қарсы өз сұранысымызды ұлғайту. Үшіншіден- қаржылық өнеркәсіптік нарықтарды тұрақтандыру. Ол үшін бірнеше шешім қабылдау керек»

 

Ал  академик Жасан Зекейұлының ойы «ауқаттылар барша  ағайынға көмек көрсету керек» дегенге саяды. «Кейбір байлар бар бір ғана итін бағып отырған, олардан халыққа келер соқыр тиын пайда жоқ. Біз оларды қолдамауымыз керек.  Олар осындай қысылтаяң уақытта  шағын жұмыс орындарын  ашып, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуы тиіс»

«Адам денінің саулығы -бірінші байлық» дегенімізбен,  қаржы құрсауы бұны да қармап үлгерген. Осы ретте «жеке медициналық мекемелер, алақанды Аллаға жаймай, антидағдарыстық бағытты өздері іздестіру керек», дейді ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫ

Қаржылық қиыншылық кейбір әнші-бишілердің қалтасын да біраз жұқартқан. Себебі тойлар азайып, гастрольдік сапарлар қысқарған. Жоспар көп, демейтін жұрт жоқ.  Әнші Айгүл Қосанова «қазақты қазаны емес, қасиетті өнері танытады» дейді.

Тоқсан ауыз сөзден түйгеніміз, дағдарыстан шығу үшін дамудың жаңа моделін ойлап табу керек. Қандай қиыншылық болмасын, ең алдымен өзіндік «менінімізді»,  тарихи санамызды, ұлттық болмысымызды, дінімізді, ділімізді,   ана тілімізді, мәдениетімізді дамытып, соны сақтап қалу жолында  күш жұмсауы қажет. Рухы мен мәдениеті биік халықтың  болашағы бекем, келешегі кемел. Ал ағымдағы  қаржылық қыспақ –уақытша құбылыс.

«Жас-Айға» келіп жасардым

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», Қазақтың осы бір әдемі мақалы көптің қамын  ойлайтын, аз уақыт ішінде елдің елеулі, халықтың қалаулы азаматтарына айналған  «Жас-Ай» емдеу орталығының мамандары сіздерге арналғандай. Осы орталықтың білікті бас дәрігері Жасан Зекейұлы медицина саласының  қыры мен сырларын жеттік білетін, кең пейілдігімен, жандүниесініңтазалығымен дүйімхалықтың бағажетпес  құрметіне  бөленіп  жүрген  абзал жан екендігіне көзім жетті. Адамның жанын түсіну жаны жайсаң адамдарда ғана болады. Мен көпті көрген кісімін. Жасым 66-да. Кәрілікке бой алдырмаймын десем де, жас келген сайын денсаулық та бір қалыпты болмайды екен. Осы орталыққа келгенге дейін менің қан қысымым бірде жоғарылап, бірде төмендеп тұрақсыз болды. Соның салдары болса керек үнемі басым ауырып, Тамағым кеуіп, құрғай берді. Оң жақ көзім жиі жасаурап, катаракта пайда болды. Есту қабілетім де жақсы болмай қалды.  Созылмалы пиелонефрит пен созылмалы өт қабының қабынуынан (холецистит), қалқанша без қызметінің бұзылуынан зардап шектім. Қысқасы ауруым көбеймесе, азайған жоқ.  Ақыры сіздердің орталықтарыңызға келіп, 3 курс ем алғаннан кейін, ауруымның барлығы ауыздықталды. Бойыма қуат кіріп, жігерлене түстім. Мұнда мен қызым Аида Нұрманованы да алып келдім. Қызым да артрит (буындары, оң жақ тобық буыны), остеохондроз сынды бірнеше аурулармен ауырған болатын. Бүгінде ол екі курс «ине терапиясы, пульт қою, шөппен қыздыру, банкі қою,  аяқ массажы, нүктелі массаж) ем алды. Енді үшінші курс ем алуға дайындалып жүр. Осы ретте менің және қызымның денсаулығын түзетуге септік еткен «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығы ұжымына шексіз алғысымды білдіремін. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жасап жатқан істеріңіз жемісті болсын!

Ғайша Байғазина

Аида Нұрманова

Алматы қаласы

 

Жүрек қызметі және жүрек аритмиясы.

(Жүрек қағысының тездеуі)

 

Ірі өнеркасып орындары мен автокөліктерден шыққан улы түтін, жарақсыз газдар ауаны ластап, өкпе, тыныс жолы ауруларын туғызып қана қоймай, жүректің қалыпты қызмет функциясына да кері әсерін тигізіп отыр. Адамдардың күнделікті азықтану дағдысының өзгеруіне байланысты ет, жұмыртқа өнімдеріне деген сұраныс артып, құрамында холестерин мол тағамдарды көп тұтынудың салдарынан жүрек тәж артерия ауруы, ми қан тамыры тығындалу, қан майы жоғарлау, жүрек артимиясы, қантты несеп сияқты  аурулар саны да барған сайып артып келеді.

Адам денесіндегі қан айналысты ретке келтіріп, қанды бүкіл денеге таратушы – жүрек. Егер жүрек қағысы бір секунд үзілсе, қан айналысы да тоқтап адам жан үзеді.  Жүректі оң-сол жақ деп екі бөлікке, әр бөлікті жоғары-төмен екі қабатқа айыруға болады. Жоғары қабаты жүрек бөлімшесі, томенгі қабаты жүрек қарыншасы болады. Жүрктің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігі бір-біріне тұтаспайды. Жүрек бүйірі үш қабат мықты еттен құралған.

Жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғанда, қан қысым арқылы бүкіл денеге таралып, денеміздегі клетка, ткандарды қоректікпен және оттегімен қамтамасыз етеді. Қан жүректің оң жақ бөлімшесі арқылы оң жақ қарыншасына барып құяды, оң жақ қарыншаның жиырылуымен қан өкпеге барады да жаңа оттегі (ауа) сол жақ жүрек бөлімшесіне өтіп, сол жақ жүрек қарыншаға барады. Жүрек қарыншасы мен бөлімшесі аралығында немесе қантамырлаға жалғасқан жерлерінде қақпақша болады. Осы қақпақшалардың ритімді ашылып жабылуымен қан кері ақпай бір бағытқа қарай ағады.

Жүрек бір секундта тоқтамай бүкіл денедегі қан айналысты жүргізіп, неше миллиярд клетканы азықтандырса, бір жағынан зиянды, жарақсыз заттарды кері қайтқан қан ағысы арқылы  денемізден шығарып тастайды.

Денсаулығы жақсы ересек адамның жүрегі минутына 75 рет соғады. Әр бір рет соққанда 70 миллилитр қанды денеге таратып, бір күнде 7 миллион миллилитр қанды ығыстырып денеге таратады екен. 60 жасқа келгенде бір адамның жүрегі өмірінде  175 мың тонна қанды денеде тоқтаусыз айналдыратын болса керек. Осы қанды ұзындығы 1000 метр, кеңдігі 70 метр, тереңдігі 2.5 метр келетін тоспаға құйсақ бір көлшік жасауға болар еді.

Жүрегімізде және бір «автоматты меңгеру құрылғысы» бар. Ол үлкен мидың бір тұтас жетекшілігінде жүректің соғуына бұйрық жеткізіп отырады. Жүрегіміздің бір реткі соғуына шамамен 0.8 сеунт кетеді. Осы өте қысқа ғана уақытта жүректік жиырылу мезгілі оның 0.3-0.4 секунтын  ұстаса, оның ішінде жүрек бөлімшесінің жиырлуы 0.1 секунт, жүрек қарыншасының жирылуы 0.3 сеунт ұстайды. Қалғаны жүректің босауы мен демалу уақыты болады. Жүректе осындай еңбек пен демалысты бірлестірген қызмет тәртібі болғандықтан ол адам көз жұмғанша бір сарынмен өзінің қызметін тоқтаусыз атқара береді.

Өкінішке орай қазіргі кезде қалыпты жүрек әрекетінің бұзылуы адамдар арасында жиі кезіге бастады. Жүрек қағысы ритімінің бұзылуы жүрек ауруына шалдыққандарда, кейде сау адамдар арасында да кезігеді. Жүрек қағысы ритімінің бұзылуы кейбір адамдарда ешқандай қалыпсыз әсер байқалтпайды. Ал кейбір адамдарда қан ағысы динамикасы ауыр дәрежеде тосылып, өлімге душар етуі мүмкін.

Жүрек аритмиясы өте қатерлі дерт емес, тек одан дер кезінде сақтанып, алдын алу маңызды.  Сол үшін қажетті дене әрекеттерімен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды дағдыға айналдырған дұрыс.

 

Жүрек аритмиясының Клиникалық белгілері

Жүрек ритімі бұзылғанада жүрек қағу, жүрек қобалжу, тамыр тез соғу немесе арқырын соғу, тамыр мен жүрек соғу ритімі біркелкі болмау сияқты белгілер байқалады. Науқас шұғыл қимылдағанда, не жәй демалып отырғанда, жүрек қағысының ритмі кенеттен жиілеп, бір нәрседен қорыққандай тез қағатындығын байқайды. Кейбір адамдарда жүрек қағысының тездігі соншалықты, көкірек сүйегінің артқы жағы солқылдап, тынысы тарылады. Науқастың еріндері, бармақ ұштары көгеріп, әлсіздік пайда болады. Өте қатты соққан жүрек қағысынан науқастың кеудесі қысылғандай белгі береді.

Жүрек аритмиясын анықтау жолдары

Жүрек арифмиясын анықтау үшін жүректі толық тексертіп, жүректің таланшасы мен қарыншасында ешқандай ұлғаю өзгересі болмаса, тибет медицинасы ол ауруларды  емдеуге мүмкіндік береді. Бірақ біз жүрек соғысы қалыпсыздығын басқа жүрек ауруларынан айырып алғанымыз абзал. Қазіргі заманның қардиаграммалық аппаратына салып тексеріп, жүрек аритмиясының қаншалықты жиілігі асып тұрғандығын бақылаймыз. Жүрек қағысының қалыпсыздығы байқалғаннан кейін, сол науқастың жүрек ауруының басқа да аурулармен байланыстылығын анықтауымыз керек.

Зоб – қалқанша без қызметінің қалыпсыздығы. Қалқанша без қызметінің қалыпсыздығынан жүрек қағысының жиілеуі көп кездеседі. Ол ауру адамды қалқанша без қызметінің қалыпсыздығына қатысты қан анализін тапсыртып, жүрек кардиограммасын, эндокринолог маманға тексерту керек.

Астмалық ауруы бар адамдарды алдымен жүрек қағысы ауруына қатысы бар, жоқтығын анықтап алған дұрыс. Созылмалы жүрек бронхы ауруымен және созылмалы астма ауруымен ауыратын науқастардың ауру тарихына қарап диагноз қойылады.

Жүрек аритмиясының түрлері:

  1. Жүрек таланшасы, яғни жүректің қарыншасының әсерінен болған

жүректің қалыпсыз соғуы.

  1. Жүрек қуатының табиғи нашар болғандығынан пайда болатын

қалыпсыздық.

  1. Ерте шыққан толқын. Бұл жүректі тексеретін кардиограммалық

аппаратқа салғанда, толық жетілмеген ерте толқын пайда болады. Бұл жүрек таланшасының алдында пайда болған жүрек қалыпсыздығы.

  1. Тәж артериялық жүрек ауруы – жүрек тамырының қысылуынан болған

жүрек қалыпсыздығы.

 

Жүрек артимиясын емдеу жолдары:

Жүрек арифмиясында Ни-гуань, Шан-шие, Шы-мнь Шин-шу Джо-ние нүктелеріне ине салу арқылы жүрк қағысын реттеуге болады.

Бұл инелер бір екі рет салынғанда-ақ,  жүрек қағысы ритмі реттеліп, қалпына түседі. Жүрек қағысын қалпына келтіруді діттейтін инелердің салынуының мақсаты –  жүректің сигнал қызметін, жүректің қалыпты соғысын жүргізіп тұрған нерв нүктелерін қалпына келтіру. Біз алдымен жүрек амортизмі, жүрек бұлшық етінің қабынуы және жүрек бұлшық етінің солуы, зақымдануы сияқты аурулардыдың клиникалық белгілерін дұрыс ажырата білгеніміз жөн. Мұндай ауруларды пайда болу себебіне, тарихына қарай саралап емдеген әбзал. Жүрек аритмиясының диагнозы дұрыс қойылып, клиникалық белгілері анықталғасын оны кешенді түрде тибет медицинасымен емдеуге мүмкіндігіміз мол.Тибет медицинасы бойынша жүрек аритмиясын мына нүктелерге ине салу арқылы емдеуге болады.

С-1. Цзу-цюань

С-5. Тун-ли

С-6. Инь- си

С-7. Шэнь

МС-2 Тянь-цюань

МС-6. Нэй

МС-7.  Да-мен

RP-4. Тунь-сунь

G1-4. -гу

GI-11. Цюй-чи

E-36 Цзу-сань-ли

J-14. Цзюй-цюе

J-17. Тянь-чжун

V-15. Синь-шу

V-21. Цзень-цзин

PC- 59. Ци-чуань

 

Жүрек қызметі қалыпсыз науқастар қатты ашуланудан, ерекше қуанудан, шаршаудан, қалыптан тыс тоя тамақ жеуден сақтану керек. Өйткені мұндай жағдайлар симпатикалық нервты қоздырып, бұйрек үсті безінің мол сүйықтық шығаруына акелетіндіктен жүрек соғуы тездеп, қан қысымы көтеріледі. Медицина ғалымдарының зерттеуіне қарағанда қатты ашулану жүрек етінің өлеттенуіне ықпал жасайтын басты фоктор екен.

Жүрек артимиясы бар науқастарға ауарайы өзгерісінің де әсері мол. Сондықтан науқастар жаздың ыстық күндері сусындықты мол ішіп тұрғаны дұрыс. Себебі күннің ысуына байланысты адамдар көп терлейтіндіктен денедегі су құрамы азайып, қан қоюланып, жабысқақтық дәрежесі артады. Қан ағысы баяулап, ағзадағы ткандардың оттегімен және қоректік заттармен қамтылуы азаяды. Сол себепті кейбір маңызды органдарда қан және оттегі жетіспейді. Сусындықты көп ішу денеден сыртқа буланып шыққан судың орынын толтырып, қанды сұйылтып, қан ағысын жақсылап, қан ұйығы пайда болудың алдын алады. Сондықтан әр күні долана, күнгей гүлі және қараөрік, рауағашты бықтырып сусын етіп ішіп тұрса, қан қоюлығын төмендетуге, қан қысымын түсіруге пайдалы.

Сыйыр сүті қандағы май құрамды азайтатын жүрекке пайдалы азықтық. Оның құрамында холестеринның баурырда бірігуін шектейтін элементтер көп. Сонымен қатар сыйыр сүтінің құрамында калтци мен оротин қышқылы мол болып, калтци жүрек етін қорғайтын басты элемент саналады. Сондықтан жүрек дертіне шалдыққан науқастар күніне жарым литір сүт не айран ішіп тұруды әдетке айналдырғаны дұрыс.

Жүрек артимиясына шалдыққан науқастар үшін ауа теңшегішті дұрыс пайдалана білу маңызды. Әдетте үйдің ішіндегі температура мен сырттағы температура арасында парық 80C тан аспау керек. қатты терлеп келіп ауа теңшегіштің алдына тұра қалу жүрек қызметі нашар адамдар үшін хаупті.

Жүрек қызметі нашар науқастар жүрек қан тамыр дәрілерін ішуді бірден тоқтатпағаны дұрыс. Егер дәрі ішуді бірден тоқтатса, жүрек шаншуы, жүрек артимиясы оңай қайталап, жүрек етінің өлеттенуіне акелуі мүмкін. Сонымен қатар тұтқиыл қимыл жасаудан сақтану керек. Өйткені тұтиыл қимыл жасаудан симпатикалық нерв қозып, жүрек қан тамыры жиырылып, жүрек етіне қан аз барып оттегі жетіспей қалады.

Таңғы сағат төрттен тоғызға дейінгі аралық, жүрек қан тамыр ауруларының ең қатерлі мезгілі саналмақ. Себебі осы аралықтарда қан ең жоғары ұю күйінде болып, фибриноген ең жоғары сатыда тұрады да қан ұйығы оңай пайда болады. Басыңызды төсектен көтергенде қан қысымы әдеттегі күйден 20 пайыз жоғарлайды. Сондықтан таңертеңгі уақыт миға оңай қан құйылатын, жүрекке қан жетіспеу, жүрек еті өлеттену, жүрек артимиясы себебінен тұтқиыл дүние салу ең көп болатын мезгіл. Сондықтан таңертең жүрек ауруларына қатысты дәрілерді ішу ең пайдалы. Алайда, қанның май құрамын түсіретін дәрілерді кешкі сағат 8 ден соң ішкен дұрыс. Мұның өнімі күндіз ішкенге қарағанда әлде қайда жақсы нәтиже береді. Жүрек артимиясы бар науқастар ауыз қуысының тазалығына көңіл бөлгені жөн. Себібі медицина ғалымдарының зерттеуіне қарғанда жүрек дертіне шалдыққан науқастардың көбінде ұқсамаған дәрежедегі ауыз қуысы ауруы бар екендігі байқалған. Мұның ішінде тіс түбінің қабынуы, тіс түбінің іріңді ісігі ең көп ұшыраған. Ғалымдардың қарауынша бостығында қабынуды қоздыратын болымсыз таяқша бактериялар ауру қоздыру барысында ішкітокцин шығарады, осы бактериялар мен токцин қанға өтіп, белгілі дәрежеге жеткенде қан ұйытып, қан пластинкасында өзгеріс тудырып, қан тамырды тығындайды. Олар қан тамырды тікелей тітіркендіріп, ұсақ артериялар құрысып, қан ағысы тосылып, жүрекке қан және ауа жетіспеу пайда болады. Сондықтан ауыз қуысының тазалығын сақтау өте маңызды. Егер тіс ауруына шалдыққан жағдайларда да дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

 

Геморрой

Ел де, өзің де көре алмайтын ауру

 

Ел арасында мынадай бір қызық тәмсіл бар: «Аурудың ең жақсысы – қышыма, қасыған сайын жаның кіреді. Ең жаманы – геморрой, не өзің көре алмайсың, не басқаларға көрсете алмайсың».

Геморрой – күрделі аурулардың бірі. Егер, тік ішектің аузы күйдіріп ауыртса, дуылдап қышып шыдатпаса, үлкен дәретке отырғанда ашық қызыл түсті қан тамшыласа, бұл геморрой ауруы пайда болды деген сөз.

Осы күні геморройдальдық көк тамырлардың, яғни көтенішек көк тамырларының канталаған түйіндер түзіп, кеселді түрде кеңуін біз геморрой деп атап жүрміз. Геморрой – сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы геморрой сыртқы түйнектердің ішектің аузын қысып тұрған бұлшык еттердің етек тұсындағы көк тамырдың зақымдануы салдарынан туындайды. Сондықтан оны байқау қиын емес.

Ішкі түйнектер керісінше тік ішекті қысып тұрған бұлшық еттің үстіңгі тұсындағы көктамырдың зақымдануы себепті пайда болады. Ішектің ішкі жағында тұрғандықтан олар көзге көрінбейді.

«Анатомиялық тұрғыдан алғанда бұл екі түйнектің бір-бірінен айырмасы жоқ. Ішкі түйнек те, сыртқы түйнек те көкшіл- қызғылт түсті, үстінен саусақпен басқанда былқылдап тұрады. Сырттағы түйнек көбіне ішкі түйнекпен бірге пайда болады. Ал ішкі түйнек өз алдына бөлек те түзіле береді», – дейді дәрігерлер.

Геморрой ауруы көбінесе мынадай себептерден туындайды екен.

Біріншіден, тік ішектің, яғни көтенішектің аса көп тараған бұл сырқатына көбінесе көк тамыр қабырғасының жүре келе пайда болған өзгерістері, қан тамыры құрылымының әлсіздігі себеп болады.

Екіншіден, іштің созылмалы қатуының, бір орында тапжылмай отыратын жұмыстың салдарынан, Үшіншіден, ащы тамақты көп тұтыну мен тоя тамақтанудың әсерінен болса, Төртіншіден, арақ- шарапқа қатты әуестік осы ауруға оңай шалдықтырады екен.

Геморройдың мынадай белгілері бар:

Ауырған адам дәретке отырған кезде қатты қиналады. Көтенішек түйіні кеселі асқынған кезде тік ішектен қан кетеді. Аурудың асқынуы көбінесе осылай білінеді. Дегенмен, геморрой зардабы тек қан кетумен шектелмейді. Емделмеген  жағдайда көтенішек түйіндері қабынып, ол қан тамырларының қабынуына алып келеді. Мұндай кезде көтенішектегі түйіндер ісініп, катайып, қатты ауырады, қайта-кайта дәретке отырғың келгендей алдамшы сезім пайда болады. Дәретке отырған кезде ауырсыну сезімі бұрынғыдан бетер күшейеді, кейде тіпті дене қызуы да көтеріліп кетеді.

Асқыну екі бағытта дамиды. Оның алғашқысында көтенішектегі түйіндер біресе қабынып, ісініп, біресе басылып, ақыры іші қанды іріңге толып, кейін ол жарылып, орынын тесік немесе тілік түріндегі жарақат басады. Бұл жарақаттың ауруы бұрынғы түйіннен гөрі жанға батып, азапқа салады.

Геморройдың асқынуының екінші түрі,  қаназдық сырқатын тудырады. Қан кетуі салдарынан тәндегі темір элементі азаяды. Тағы бір айта кететін жайт, көтенішектің ішкі жағындағы түйіндердің асқынуы оның аузындағы шырышты қабаттың сыпырылып түсуіне, түйіндер орнының құрысып, жиырылуына әкеліп соғады. Мұның аяғы коп қан кетуге ұласады.Сондай-ақ, ішкі жағындағы түйіндер көтенішектің аузынан сыртқа шығып, бұлтиып тұрады. Бұл көтенішек аузын зақымға ұшыратады.

Геморрой  ауруына қандай ем түрлерін жасаған абзал?

Бүгінгі медицина бұл сырқатқа шалдыққанда ең алдымен емдәмдік (диета) тәртіп пеп тазалық сақтау керек дегенді айтады. Яғни, төмендегі бірнеше түрлі тәртіп бойынша жүру керектігін ескертеді:

Дәретке жүйелі түрде отырып, нәжісті іште сақтамай, ішекті босатып тұру шарт. Алкогольден, кофеден тыйылып, ащы тағамды жемеуге тырысу керек. Дәрет жүрмей, іш қатқан кезде іш жүргізетін дәрі-дәрмек ішуге болмайды. Өйткені олар ішекті қабынуға ұшыратуы мүмкін. Оның орнына аздап парафин майын ұрттап жіберіңіз.

Криотерапия немесе криохирургия сырқатты емдеудің негізгі түрлеріне жатады. Ол көтенішектегі түйіндерді суықпен тоңазытып алып тастау. Бұл мақсатқа сұйытылған азот, өте салқын температурадағы басқа да газдар қолданылады. Криохирургияның ең жақсы жері  ауыртпай, жанға тимей жасалады әрі ауруханаға жатуды қажет етпейді. Бірак, түйіндер ота жасала салғанда кетіп қалмайды. Олар 5-6 күннен кейін кызарып, ісінеді, сөйтіп екі аптаның ішінде ғана біржола айығады. Криохирургияны геморройдың барлық түрлерінде қолдануға болмайды, оны емдеуші дәрігер анықтайды.

Ем- домнан еш өнім болмағанда, түйінді хирургиялық жолмен алып тастауға тура келеді. Геморрой ауруы тым қорқынышты емес, бірақ, сақтанбаса күрделі ауруға апарып соғады. Ең жақсысы, аурып ем іздегенше, аурмайтын жол іздегеніміз абзал.

Геморойды емдеуде мына нүктелерге ине қойылады.

Тік ішек меридияны.

G1-4. Хэ-гу

Тоқ ішек меридияны.

G1-11. Цюй-чи

Асқазан меридияны.

E-36. Цзу-сан-ли

Көк бауыр, үйқы безі меридияны.

RP-2. Да-ду

RP-6. Сомь-цнь-цзяо

RP-10. Сю-хай-сан

Жүрек қабы меридияны.

MC-5. Цзянь-ши

Өт қабы меридияны.

VB-34. Ян-мен-цюань

Артқы-ортаңғы меридияндар.

T-1.Чае-цян

T-2. Яо-шу

T-4. Мин-мэнь

T-20. Бай-хуэй

Меридияннан тыс.

PC-68. Чае-фэн

PC-70. Чжу-чжан

PC-80.Ся-чжуй

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ

 

Ажарландыру

♦  Картопты үнемі жесе бүйректі әлдендіріп, денені қуаттандырады. Сонымен қатар семіздіктен ысылтып әсемдікті арттыра түседі. Картопты жапырақтап турап бетке жақса жүзіңізді нұрландырады. Мұның себебі картоптың құрамында белок, С және Е дәрумендері біршама мол.

 

♦ Жаңғақтың құрамындағы А дәрумені сиыр сүтімен барабар, оның құрамында ағызаны қуаттандыратын дәрумендер бар. Жаңғақты үнемі жесе дене қуаты күшейіп, тамаққа тәбеті артады. Теріні жұмсартып, шаштың ағаруының алдын алады.

♦ Қызғалдақ гүлінің құрамында көптеген дәрумендер бар. Ол ажарды сақтап, ақ шашты азайтады және асқазанды қуаттандырып, ішекті тазартады. Қолдану әдісі: қызғалдақ гүлін салқын жерге кептіріп, ұнтақтап, балға араластырып домалақтап жасау керек. Әр күні 10 түйірден күніне 3 рет, 3 ай жалғастырып ішу қажет.

♦ Суытылған қайнаған судың ажарландыру рөлі бар. Мұндай сулардың құрамында ауа аз болады.  Суытылған қайнаған суды ішсеңіз  терінің серпімділігін арттырады. Сонымен қатар су теріге оңай сіңіп, тері астын ұлпаландырып, жылтыратып, теріні жұмсартады.

♦  Әр күні жатар алдында бетке жұмыртқаның ағын  жағып, таңертең ерте жуса, беттің терісі жылтырап майланады.

♦ Таңертең бір стакан таза лимон суын ішсе денедегі улы заттарды жойып, дақтарды азайтады және бет теріні жұмсарту, майдалау рөлі бар.

♦  Алма қабығымен немесе қарбыз шапағымен әр күні бетті сүртсе бет майланып ағарады.

♦ Жаңадан көктеген жабайы жоңышқаны жаншып, шырынын дақ түскен бетке жағып тұрса, беттегі дақ жоғалады.

♦  Қоян қанын  ыстықтай бетке жақса, беттегі қара дақты жоғалтады.

♦ Қырғауылдың саңғырығын бетке жақса әртүрлі дақтарды жоғалтады. Екі қабат әйелдердің терісін жұмсартып әрлендіреді.

♦ Суық торғайдың (шұбар торғай немесе қыстық торғай деп те аталады) саңғырығын бетке сүртсе, секпіл дақтар мен бөрткенді жоғалтады.

♦ Кекіліктің  саңғырығы денедегі секпіл дақтарды кетіруге көмектеседі.

Шаштың көріктілігін сақтау

♦  В6 дәрумені адам денесіне қабылданған соң  қан айналысы арқылы бас теріге әсер етеді. Шаштың түсуінің алдын алып, ақ шаштың пайда болуын баяулатады.  Шашты қара әрі жылтыр етіп көрсетеді.

♦ Ақ жусанмен үнемі басты жуып түрса, шаштың өсуіне және қалыңдауына пайдасы бар.

♦ 100g қалақай жапырағын бір қалақ сірке су қосылған 750 ml суға қайнатып басты жуса, шаш түсуін тоқтатады.

♦ Басты тұзды сумен жуса, шаш түсуінің алдын алады.

♦ Аптасына  үш рет қара сабынмен басты үзбей бір ай жуса қайызғақ жоғалады. Май құрамы аз шаштарды үнемі қара сабынмен жуып түрса, шаш қара қоңырланып, әдемі көрінеді. Әрі бірте-бірте май құрамы артады.

♦  Әр күні кеште 3 дана жаңғақ жеп тұрса, шаштың түсуінің алдын алады. Сондай-ақ ағарған шаштардың қараюына пайдасы бар.

♦  Сиыр сүтімен бас жуса қайызғақты кетіріп, шаштың жылтырлығын сақтайды.

♦  Аю майымен басты майласа шашті өсіреді.

Мінез-құлықты жақсы сақтау

♦ Адамдардың мінезінің тұрақсыз болуы, калций жетіспеуінен болады. Олар калций құрамы жоғары тағамдармен азықтануы қажет.

♦ Ауыз жаппай сөйлейтін адамдардың үлкен миындағы В дәрумені кемшіл болғандықтан, күні бойы сапылдап сөйлейтін болады. Сондықтан олар қара бидаймен көбірек азықтануы немесе сиыр сүтіне бал қосып ішсе пайдалы.

♦ Оңай ашуланатын адамдардың көбі созылмалы калций жетіспейтіндерге жатады.  Сол себепті теңіз өнімдерін әрдайым жеп тұрғаны жөн.

♦ А, В, С, дәрумендерінің жетіспеуі салдарынан адам қорқақтау болып қалады. Мүмкіндігінше қызыл бұрыш, балауса, бамбук, балық, жеміс-жидектерді көбірек жеп тұрған пайдалы.

Ми қызметін жақсарту

♦ Жылқы жүрегін қуырып жесе ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің нашарлауына ем болады.

♦ Жұмыртқа миды қуаттандырады және бойды өсіреді. Жұмыртқа сарысындағы фосфорлы  май, холестерин, ұрықтық сары зат нерв жүйесіне, дененің  толықсуына және бойдың өсуіне пайдалы. Балалар мен жастар  жұмыртқамен үнемі азықтанып тұрғаны дұрыс.

♦ Балалардың үлкен дәреті  ұзақ уақыт қатып қалса, орталық нервтерді уландырады. Зейінін шоғрландыруға кесірін тигізіп, есте ұстау қабілетін төмендетеді. Сондықтан үлкен дәреттің қатып қалуына немқұрайлы қарауға болмайды.

♦ Таңертеңгі  астың қоректігі мол, сапасы жақсы болу керек. Таңертеңгі аста белок құрамы жоғары тағамдарды жейтін балалардың ойлау қабілеті жақсарады.

♦ Балалардың ұйқысы шала болмай қанып ұйқтау қажет.  Бастауыш мектеп оқушылары әр күні 10 сағат, орта мектеп оқушылары 8-9 сағат ұйықтағаны жөн. Егер балалардың ұйқысы қанбаса, олардың зейін шоғырландыруына кері әсерін тигізеді.

♦ Балалар тәтті тағамдарды көп жемеу керек. Тәтті тағамдарды көп жейтін балалардың зейін-зердесі біршама төмен болады. Өйткені тәтті тағамдар тәбетті төмендетіп, белок пен дәрумендердің сімірілуін азайтады. Денеге азықтық жетіспейді, үлкен мидың өсіп жетілуіне  кері әсерін тигізеді. Сондықтан балалардың алғыр, қағылез болуы үшін оларға белок пен дәрумендері бай тағамдарды көбірек жегізген жөн.

♦ Нерв қызметінің қалыпсыздығынан ұйқы қашатындар әр күні жатар алдында айраннан бір кесе ішіп жатса, нерв тынышталып ұйқысы жақсарады.

 

Мұрын қышу

Әдетте аурулардың ішінде мұрын қышу ауруы жиі кездесіп жатады. Бұл ауру пайда бола бастағанда адам түшкіреді, мұрыннан су ағады, мұрын қуысы күйіп ауырады.

 

Мұрын қышу мына аурулардың белгісін білдіреді:

Гүл тозаңы ауруы. Бұл ауру әр маусымда  кезігеді,  «аллергиялық мұрын қабыну» деп те аталады. Мұрын қышу ұстамалы болады, ауыр-жеңілдігіне қарай әртүрлі, жалғасу уақыты тұрақсыз келеді.

Тұрақты аллергиялық мұрын қабыну. Бұл аурудың басты белгісі ­– мұрын қышу. Мұндағы мұрын қышу гүл тозаңынан жеңіл болады.

Жедел мұрын қабынуының алғашқы белгісі:

Мұрын қуысы және мұрын бөлімі  қышып, қайта–қайта түшкіртеді;

Орта мезгілге келгенде мұрын қышуы бәсеңдеп жойылады;

Сұйықтық молайып, бүкіл денеде ауру белгісі байқалады.

Бұдан басқа тіс, танау қабынуы, мұрын бөрітпесі қатерлі аурулар пайда болған кезде де мұрын қышиды. Мұрын қышудың алғашқы белгілері  сезіле бастағанда мұрынды қолмен қалаймақан ұстамау керек. Қайта дер кезінде дәрігерге көрініп, ем қабылдау қажет.

Тіс түбінің қанауы

Тіс түбінің қалыпсыз қанауы тіс түбі және жиегінің қабынуы ауруының белгісі болуы мүмкін. Тіс түбі қабынғанда қызарып ісіп, шет–шеті базданып, бір нәрсе тиіп кетсе болды қан шығады. Ал тіс жиегі қабынғанда тіс түбі қабынуының белгілерінен тыс, тіс босайды, тіске тамақ қыстырылып қалады.

Тіс ұлпаларының өсуі.

Мұнда тістің түбі бұлтиып өседі. Өскен ұлпалар тістің бетін жауып алады. Тістің түбі, тіс қаңқасы өскен ұлпалардың астында қалып, қан шығады.

Тіске қақ тұру.

Тістің арасына қыстырылып қалған қалдық тамақтардың бактериялануынан пайда болады. Бұл тіс түбі қанауының басты себептерінің бірі. Сондай-ақ, С дәрумені ұзақ уақыт жетіспегендіктен, тіс түбі ұлпаларының ұсақ тамырларының кеуіктігі артып, сіңірімділігі жоғарылап, оңай қанайды. Назар аударуға тиісті жәйт: гемофилия, қан пластикасы сынды қан ауруына шалдыққан науқастарда  тіс түбі қанайды. Сондай-ақ қан обыры ауруына шалдыққандардың 80 пайызында алғашқы кезде тіс түбі қанайды.

Тіс ауруы тістің ғана ауруы болмауы мүмкін. Сондықтан, тістің түбі бірнеше күн қанап басылмаса және ауыз қуысынан бөгде иіс шықса, оған қоса буыны қақсау, қызу, мұрыннан су ағу және басқа да қатерлі аурулардың белгісі байқалса, дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет.

 

Құлақтың шыңылдауы

Құлақтың шыңылдауы – сырттай дыбыс естілмеген кездегі қалыпсыз дыбыс түйсігі, көбінесе, ол аурудың алғашқы белгісі болып табылады. Жүрек ауруы пайда бола бастағанда  құлақтың шыңылдауы көбейеді. Яғни құлақ иірімі қызметінің бұзылуынан  жүрек соғысы нашарлауы  мүмкін.

Қан қысымы, қандағы май құрамы жоғары, әсіресе 50 жастан асқан орта жастағы адамдардың  құлағы аяқ астынан шыңылдаса немесе шыңылдауы асқынса, адам денсаулығына мән беру керек. Өйткені, құлақ ішінің шыңылдауы орта құлақтың қабынуының алғашқы белгісі болса, құлақтың іші шағып шыңылдауы  жоғары қан қысымы ауруына шалдығудың бір белгісі болуы мүмкін. Сондықтан құлақ шыңылдағанда, оған немқұрайлы қарамай, мамандардың кеңесіне жүгініп,  тиісті ем қабылдау қажет.

Көздің қанталауы

Көздің қанталауы, яғни көздің ішіне қан дағы немесе қан жолақшасы пайда болу көп түрлі аурулардың белгісі болып табылады.

Көздің шаршауы. Көз қанталағанда адам көп тынығатын болса, ол  өздігінен жоғалып кетеді. Жараланудан және жұқпалы аурудан сақтанып, С дәруменін ішіп, ішінара жерлеріне өсуге қарсы көз дәрі жағып жұқпалы аурудың алдын алу керек.

Қантты несеп ауруы. Қантты несеп ауруы барлардың жіңішке қан тамыры әлсіз болғандықтан, көзі қанталау құбылысы үнемі қайталанып тұрады.

Қан ауруы. Көзі қанталаумен қоса мұрыннан қан ағу, терілерінің астынан қан шығу, буын-буыны қақсау, денесі қызу белгілері байқалса, ол қан ауруының сақтық белгісі болуы мүмкін.

Мүйіз қабығының таралғыш, қанталағыш сипатты қабынуы. Ол « қызыл көз ауруы» деп те аталады. Бұл аурудан айығу үшін көзді тұзды сумен шәйіп, ішінара бөлігіне вирусқа қарсы дәрі жақса жазылып кетеді. Оны белсенді түрде емдетуден сырт, өзара жұғымдалып таралудан сақтануға назар аудару керек.

 

Нәрестелер қарашығының сарғыш тартуы көздің  тор қабығындағы клетка өспесінің белгісі

Нәрестенің  көзі қисайып, қарашығы сарғайып, көз алмасы үлкейсе, ол – көздің тор қабығына  клетка өспесі шыққандығының белгісі. Көздің тор қабығындағы клетка өспесі –    нәрестенің  көзінде пайда болатын қатерлі өспе ауруы. Мұндай ауру көздің ішін қатты ауыртады. Бұл көздің ішінен қан шығудан және көз алмасының үлкеюінен пайда болады.  Көздің тор қабығындағы клетка өспесі сары түсті болып келеді. Ол едәуір үлкейіп, қарашығының іші ағарып жарық сындырғанда ғана байқалады. Өспе көздің нерв жүйесі арқылы  бас сүйектің  ішіне қарай жайылып миға, қан арқылы тұтас денеге тарап, өлімге душар етеді. Оны дер кезінде байқап, емдету керек. Нәресте ауруын айта алмайтындықтан, ерте байқау оңайға соқпайды. Сол себепті ата-аналар нәресте баланың қарашығы ақсары болса, қарадай жылай берсе, барынша көңіл аударуы тиіс

 

Жалбыз

Жалбыз – ұзақ жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 80-100 сантиметр, кейде бір метрге дейін өседі. Өн бойынан хош иіс аңқып тұрады. Сабағы төрт қырлы, қуыс өзекті, буынды болады. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, кең қандауыр тәрізді болып келеді. Сопақша жапырақ жиегі ара тісіне ұқсайды. Жалбыз тау шатқалында, сулы аңғарда, жазық жердегі арық жағалауларында, бұлақ пен бастау маңында, сазды жерде өседі.

 

Жинау және өңдеу. Жалбыздың жер үсті бөлігінен дәрі жасалады. Оны жаз маусымында гүл ашудан бұрын орып алып, көлеңкеде кептіреді.  Дәмі ашты, усыз болады.

Ем болатын аурулары:

♦  Ыстық тұмауға жалбызды суға қайнатып ішеді.

♦ Белгілі себептерден ішкі органдардың ыстығы көтеріліп, көз қызарып ісінгенде, ерінге ұшық шыққанда жалбыздың 10 грамын суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.

♦ Жас балаларға қызылша шығып, денесі қызғанда, жұтқыншағы ісінгенде, дауыс қарлыққанда 3-4 грам жалбызды қайнатып, суына аздап қант қосып ішкізеді.

♦ Жас бөбекке тұмау тиіп, денесі қызғанда  жас жалбызды тиісті мөлшерде алып, суға бір қайнатып, бір метрдей көк түсті шүперекті жалбызшалап баланы орап, қалыңдау жауып терлетеді. Бұдан кейін дене ыстығы біртіндеп қайтады.

♦ Қызылша шығып, қызып жөтелгенде, 3 грамм жалбыз, 6 грамм түт ағашы жапырағын, 3 грамм қоңырау гүлді суға қайнатып ішеді.

♦ Мұрыннан қан тоқтамағанда, жас жалбызды жаншып,  суын шығарып, мұрынға тамызады. Егер кепкен жалбыз болса, аздап суға қайнатып, суына мақтаны шылап, мұрынға тығады.

♦ Құлақ ауырғанда, жас жалбызды жаншып, шыққан шырынын құлаққа тамызады.

Пайдалану мөлшері: 3-9 грамм жалбыздың құрамында ұшпа майы болады. Ал, май құрамында жалбыз спирті, ментон және жұмсартқыш заттар бар.

Жолжелкен

Бұл ұзақ жылдан бері өсіп келе жатқан өсімдік. «Бақа жапырақ» деп те аталады. Биіктігі 10-15 сантиметр. Ұзын жапырағы сабақ түбіне орналасқан. Жапырақ алақаны сопақтау, бүтін жиекті, оң беті жасыл, сырт беті күлгін жасыл түсті болады. Кішкене гүлі жай масақ формалы, қуашақ жемісі жарық қақпақты, тұқымы сопақтау қара қоңыр түсті келеді. Бұл шөп жол бойында, арық жағаларында өседі.

Жинау және өңдеу. Жолжелкеннің тұқымы мен шөбі дәріге пайдаланылады. Әбден піскеннен кейін тұқымын тазалап, шикідей немесе қуырып жасайды. Шөбін жаз күндері жұлып алып, жас күйінде турап кептіріп  жасайды. Дәмі тәтті, усыз келеді.

Ем болатын аурулары:

Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.

Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.

Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.

Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді.

Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.

Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады.

Жауқазын

Жауқазын – ұзақ жылдық ұсақ шөп тектес өсімдік. Көктемде ерте шығады. Биіктігі 5-30 сантиметр. Шар формалы. Жер асты сабағының сыртында қоңыр түсті перде тектес қабыршақтары бар. Жер үсті сабағы тік, бұтақсыз болады. 2-3 жапырағы сабақтың түп жағында өседі. Жіңішке ұзын таспа тәрізді түзу жүйелі, бүтін жиекті жапырақ түбі созылмалы болады. Қауашақ жемісі ұзын, дөңгелек формалы, үш қырлы келеді. Тау беткейлері мен егістіктің араларына өсіп шығады.

Ем болатын аурулары:

Асқынған шиқанға, лимфа туберкулезіне және дененің сарғаюына қолданылады.

1. Тамақ бездері қабынғанда, 15 грамм жауқазынды қайнатып ішеді.

2. Ісік пайда болғанда, жауқазынды  жаншып, шыққан нілін жараға жағады.

Пайдалану мөлшері: 3-6 грамнан аспауы керек. Құрамында спирттік ішімдік, крахмал бар. Жауқазынның азырақ уы болады. Сондықтан пайдаланғанда абай болған жөн. Уланудың  белгісі – жүрек айнып құсады, дене қызады, тамаққа тәбет тартпайды. Мұндай жағдайларда дәрі ішуді тоқтатқан жөн.

Жабайы долана

Долана – жапырақ төгетін кішілеу бұта тектес өсімдік. Биіктігі екі метрден асады. Бұтақтарында ұзын тікендері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Сопақ, дөңгелек тәрізді үш айрықты болып келеді, жиегінде ара тістері бар. Қалқанша гүл шоғыры басында өседі. Гүлі ақ түсті немесе солғын қызыл түсті, жидек жемісі ашық қызыл түсті болады. Долана үстірт жерде, тау аңғарында, қалың бұта арасында, өзен жағасына шығады. Тянь-шань тауларында кездеседі.

Жинау және өңдеу. Долананың жемісін, жапырағын, тамырын, гүлін дәріге пайдаланады. Жемісін күзде піскен кезде жинап алып, кептіреді. Одан кейін қуырып, солғын сары түсті болғанда пайдаланады. Жапырағын да күзде жинап алып, кептіріп сақтайды. Гүл ашқан кезде гүлін жинап алып, көлеңкеде кептіріп, дәрі жасайды. Долананың қасиеті – қышқыл дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары:

1.Ас қорыту қызметі бұзылғанда, қуырылған долана, қуырылған арпа өркені, мандарин қабығынан 9 грамнан суға қайнатып ішу қажет.

2. Іш өткенде долана мен қара шекерден 30 грамнан суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.

3. Босанғаннан кейінгі іш ауырғанға 60 грамм қуырылған долананы, 3 грамм мақсарыны, 9 грамм бедианды суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.

4. Шай орнына тиісті мөлшерде долана гүлін ішсе, қан қысымын төмендетеді.

5. Долана – таспа құртты түсіру үшін де қолданылады. Бір килограмм долананы( кепкенінен 500 грамм) тұқымынан тазартып, түскі сағат 15:00 тен бастап, кешкі сағат 22:00 ге дейін жеп бітіру қажет. Кешкі тамақты жемеу керек. Сол күні таңертең 60 грамм жаңғақты суға қайнатып, қоса әзірлеп қойса, сағат 22:00 де бір шынысын ішіп, төсекте жатып демалу қажет.

Егер үлкен дәрет келетіндей болғанда, бір мезет кешіктіріп отырған жөн. Өйтпегенде түгел түспейді. Егер қысты күні болса, жылы суға үлкен дәретке отырған дұрыс. Өйткені құрт суыққа жиырылып, түгел түспей қалуы мүмкін.

Пайдалану мөлшері: Жапырағы мен гүл тиісті мөлшерде алынады. Жемістің құрамында С дәрумені, алма қышқылы, қант бар. Тамырынан 30-60 грамм.

Қарамық

 

Қарамық – бір жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 30-60 сантиметр. Жоғарғы бөлігінде жуан буынды бұтақтары екі ашалы. Қарама-қарсы орналасқан жапырақтары қандауыр формалы, түп жағы сабақты орап тұрады. Ашалы гүл шоғыры басында өседі. Гүлі солғын, қызыл түсті келеді. Қауашақ жемісі жұмыртқа формалы. Домалақ тұқымы қара түсті болады.

Жинау және өңдеу. Қарамық тұқымының дәрілік қасиеті бар. Жазда тұқымы піскенде орып, тұқымын қағып алып, тазалап кептіреді. Шикідей немесе жарылғанша қуырып дәрі жасайды. Қарамық кермек дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары:

Қанды күшейтіп, етеккірді келтіреді, сүт шығарады, ісікті қайтарады.

1.Омыраудан сүт шықпағанда 9 грамм қарамықты, 9 грамм қоңырау басты, 12 грамм ашты қарбыз тамырын, 9 грамм дагор балдырын қосып, суға қайнатып ішу қажет.

2.Омырау сүті азайғанда немесе сұйық болғанда, 9 грамм қарамықты, 6 грамм аю балдырғанды, 30 грамм сары мияны араластырып, суға қайнатып ішеді.

3. Емшек безі қабынғанда, 9 грамм қарамықты, 75 грамм бақбақты, 12 грамм ашты қарбыз дәнін, 9 грамм қарабас шөпті араластырып, суға қайнатып ішу керек.

4. Бел шойырылғанда, қарамықты қуырып, талқандап, 6 грамнан күніне екі рет ішеді.

5. Етеккір тоқтамағанда, 15 грамм қарамықты, 9 грамм мақсарыны, 9 грамм шабдол дәнін араластырып, суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 4,5-9 грамм. Қарамықтың құрамында сапонин, май, қант бар.

Ескерту: жүкті әйелдерге мұндай дәріні қолдануға болмайды.

Боз арша(екпе арша)

Боз арша – бұта тектес дара өсімдік. Сабақтары  жер бауырлай көлбеп өседі. Аталығы мен аналығы бір түпте болады. Аршаның ерекше хош иісі аңқып тұрады. Жапырақтары бұтағына жабысып, қаптай өседі. Қара түсті шар тәрізді немесе сопақша жемісі, сыртында ақ түсті тозаңдары болады. Жылдың төрт мезгілінде де жап-жасыл болып тұрады. Тау бөктерінде, көбінесе жайлауда өседі.

Жинау және өңдеу. Аршаның бүрін жылдың төртінші айында үзіп алып, көлеңкеде кептіреді. Жемісін тамыз, қыркүйек айларында жинап алады.

Ем болатын аурулары:

♦ Жүйке жүйелерін тыныштандыруға, буын қабынып, ісінгенге, шаш түскенге, көзден жас аққанға ем болады.

♦ Қан тамырының қатаюынан қан қысымы жоғарлағанда, жүрек шаншығанда аршаның бүрінен белгілі мөлшерде алып, суға қайнатып, күніне екі рет ішсе, жоғарлаған қан қысымы бірден төмендейді. Ұйқысы қашқан адам жатарда ішіп жатса, жақсы ұйықтайды. Көңіл сарайын ашады. Ашушаң әйелдер үнемі ішіп жүрсе, ашушаңдығынан айығады. Аршаның кепкен бүрін жатар алдында аздап тұтатып қойса, үйде жағымсыз иіс болмайды.

 

Жаңғақ жапырағы

Ем болатын аурулары:

1.      Ақ кір көп келгенде, жаңғақ жапырағының онын екі жұмыртқамен бірге суға қайнатады да, жұмыртқаны жейді.

2.      Жаңғақ жапырағынан белгілі мөлшерде алып, суға қайнатып, қотырды жуады.

3.      Белдің, аяқтың қақсап ауырғанына 60 грамм жаңғақ жапырағы мен үш жұмыртқаны суға бірге қайнатып, піскеннен кейін, жұмыртқаның қабығын сыдырып тастап, күніне үш реттен 14 күн бойы жейді. Емдеу барысы 14 күн. Ескеретін жайт – жұмыртқа қоңыр түсті болғанша қайнату керек.

Жаңғақ қабығы

Ем болатын аурулары:

1.      Етеккір кірнесіне жаңғақтың 60 грамм қатты қабығын отқа күйдіріп, күлін талқандап ішеді.

2.      Емшек безі қабынғанда, жаңғақ қабығын отқа күйдіріп, талқандап, күлін спирттік ішімдікпен ішеді.

3.      Жаңғақ қабығын қайнатып, қотыр, теміреткіні сумен бірнеше рет жуады.

Жаңғақ майы

 

Ем болатын аурулары:

Жаңғақ майы дәннен алынады.

1.      Құлақтың ішіне жара шығып аурғанда, су аққанда, жаңғақ дәнін жаншып, майын құлаққа жылыдай тамызады.

2.      Орта құлақ қабынғанда, жаңғақ дәнін жаншып, майын шығарып, оның үш грамына биік пиян қосып, құлақтың ішіне тамызады.

Пайдалану мөлшері: 9-18 грамм

Қарабас шөп

Бұл өсімдік тектес шөп. Биіктігі 30 сантимер. Өн бойында жіңішке ақ түкшелері болады. Сабағы бұтақсыз. Төрт қырлы келеді. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сопақшалау, бүтін жиекті немесе болымсыз ара тісті болады. Гүлі қос ерін формалы, қара көк түсті келеді. Гүлі сабақ ұшында дөңгелене орналасып, масақ гүл шоғырын құрайды. Гүл шоғырының түбін бір топ жапырақ тәрізді гүл оранышы орап тұрады. Бас гүл ораншының ұзын түктері болады. Қарабас шөп тау етегіндегі дымқыл жерлерде өседі. Тянь-шан, алтай тауларында көп кездеседі.

Жинау және өңдеу. Қарабас шөптің гүл шоғыры ауруға ем. Жарма гүл масағы сола бастағанда, үзіп алып, кептіреді. Шөбінен түгелдей дәрі жасалады. Қарабас шөп кермек дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары.

Көз қарауытып, бас айналғанда, 60 грамм қарбас шөпті 15 грамм мұзқанытқа(науатқа) қосып, қайнаған суға бықтырады. Әбден бығып болған соң, тамақтың артынан ішеді.

Қызылшаның алдын алу үшін 60 грамм қарабас шөпті суға қайнатып, күніне бір реттен үш күн бойы ішеді.

Тұйықсыз баспаға 60-90 грамм шөпті суға қайнатып ішеді.

Жоғары қан қысымына, бас ауруға 30 грамм қарабас шөпті, 15 грамм алақат жемісін, 4,5 грамм шашагүлді, 15 грамм шикі оймақгүлді араластырып, суға қайнатып ішеді.

Көз қызарып аурғанда 24 грамм қарабас шөпті, 9 грамм шегір гүлді, 4,5 грамм жалбызды араластырып, суға қайнатып ішеді.

Тышқанқорыққа( лимфа туберкуезіне) 75 грамм қарабас шөпті, 9 грамм  ақжүректі, 9 грамм жауқазынды араластырып, суға қайнатып ішеді.

Өкпе түберкуезімен аурғанда, қарабас шөпке 2,5 литр су қосып қайнатып, самасын сүзіп тастаған соң, 0,5 литр қалғанша қайнатып, оған қара шекерден белгілі мөлшерде қосып, 2 милиметрден күніне үш рет ішеді.

 

1.Мен 15 жылдан бері псориаздан зардап шегіп келемін. Қазір тері аурулары диспансерінің есебінде тұрмын. Алайда емі көмектеспейді. Сіздер  мені емдей аласыздар ма?

 

Қырмызы Нұркенова

Шығыс Қазақстан облысы

 

Жауап: Псориаз – тері ауруына жатады. Оны емдеу үшін аурудың шығу тарихын және оның себептерін анықтау керек. Сол арқылы тері ауруын асқындырмау жолдарын іздестіреміз және ауруды толық емдейміз. Өйткені, бұл ауруды емдеу тәжірибесі бізде қалыптасқан. Ине терапиясы арқылы жан арналары (меридиан) ашылады да ішкі ағзалардың қызметі жақсарып, тері қалпына келеді.

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

2. Сәлеметсіз бе, құрметті «Жас-ай» шығыс-тибет  медицина орталығының ақ халатты абзал жандары! «Жас-Ай» медициналық ақпараттық журналынан  сіздердің талай ауруға дауа болғандарыңызды оқыдым. Менің ауруымның жайы мынадай: Биыл алпыстың асуына шықтым. Полиартриттен азап шегіп жүрмін. Екі қолымның буын сүйектері қатты ауырады. Қолдарымның күші жоқ, ештеңе көтере алмаймын, аяғым бастырмайды, тізелерім осал, оның үстіне, бұлшық еттерім созылған көрінеді. Енді орнымнан тұрудың өзі мұң болды. Мен талай жерге бардым, алайда ем қонбады. Сіздерге үміт артуыма бола ма?

Жеңіс Байдәулетов

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Жауап: «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығында артрит, полиартрит ауруымен ауыратын науқастарға ине терапиясымен бірге магнитті банкі, тибеттің шөп дәрілері және нүктелі уқалау емдері жүргізіледі. «Үмітсіз шайтан». Үмітіңізді үзбеңіз.    Сіздің ауруыңызға ұқсайтын талай адам келіп жазылған. Сол үшін  бізге келіп ем қабылдап, ауруыңыздан айығуға үміт артсаңыз болады.

 

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

3. Үш  жыл бұрын маған қант диабеті деген диагноз қойды. Бұрын, яғни жастау кезімде көрсеткіш 4 болып еді, қазір 8-ге жетіпті. Сусамырды  шығыс-тибет медицинасында түбегейлі емдеуге бола ма?

Ақгүл Аршанова

Қызылорда облысы

Жаңақорған  ауданы

Жауап:  Шығыс-тибет медицинасында сусамырды толық емдеу тәжірибеден өту үстінде.  Бұл аурудың туу және өрбу себебі науқастың жүйке жүйесінің бұзылғандығымен байланысты. Ал шығыс-тибет медицинасы оның басты себебін, яғни жүйке жүйесін ретке келтіреді. Сонымен қатар асқазан асты без қызметін және секрециялық без қызметін қалпына келтіреді.   Біздің емдеу орталықта осы аурудан емделген науқастар көп.

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

4. Менің кіші ұлым 23 жаста. Көптен бері пиолонефритпен ауырады. Дәрігерлер бүйрекке тас байланған дейді. Мұның емі қалай болады екен?

 

Жолдасбек Ермұратұлы

Алматы қаласы

Жауап: Бүйрек – адам ағзасындағы маңызды бөлшек. Сондықтан, бүйрекке залал келтіретін азықтықтар мен жүйесіз әрекеттерден сақтанған жөн. Біздің медицина орталығымызда қолданылатын инені мың шөптің қоспасымен қыздыру емі бүйрек қызметін айтарлықтай жақсартады. Сондай-ақ бүйрек қабынуына және бүйректегі тасты сыртқа шығаруға арнайы тибеттің шөп дәрілері беріледі.

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++

5. Сегіз айдан бері буын-буыным қақсап, жүре алмаймын. Ертеректе қариялар «күн бұзылғанға бұзыламын» деп отырушы еді. Мен де бүгін дәл сондай күй кешіп жүрмін. Екі аяғым бірдей ісіп кетті. Дәрігерлер ревматизм дейді. Медициналық мекемелердің де біразына барып емделгендей болдым.  Укол, система алғанда жаным кішкене жай тапқандай болады. Бірақ артынша қайта ауырады. Ауруды асқырдырғым келмейді. Сіздер қандай кеңес бересіздер? Нәтижелі ем қанша курстан тұрады? Қосымша шөп-дәрілер беріле ме?

Бағдагүл Бейбітжанқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Кентау қаласы

Жауап: «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығында «ревматизм» диагнозымен келіп, ауруынан толық айығып кеткен науқастар көп.  Біздің негізгі еміміз табиғи ем, ине терапиясы. Бір курс ем  10 күн. Ревматизм ауруынан құлан-таза айығып кету үшін үш курс  ем алуыңыз  және бұған қосымша шөптік дәрілер ішуіңіз керек. Жыл сайын осындай тұрақты ем алып, үш жыл бойы осы емді орнықтыру керек.

 

Сауалдарға жауап берген:

«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина

орталығының бас директоры,

академик Жасан Зекейұлы,

дәрігер Бибігүл Тұрсынәліқызы

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80