Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.

Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.

Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№6 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Шипасымен шуақ шашқан

Жиырма жастағы Ақжан Лебаеваның диагнозы – ревматиздік полиартрит.  Мамандардың  айтуынша, ревматизм – байқалмайтын және жүре дамитын ауру. Ең алдымен ол жүрек-қан тамырларының қызметін бұзады. Содан кейін өзге ағза мүшелеріне, бауырға, өкпеге, бүйрекке әсер етеді. Демек, ревматизм адам ағзасымен қоса тіндік жасушаларына да бойлап еніп, мүгедектікке дейін алып барады. Дәрігерлердің пайымдауынша, ревматизм суық тигізуден, зорығудан, жүрекке күш түсуден, дұрыс тамақтанбаудан, ағзаға қажетті дәрумендер, минералдар мен ақуыздардың жетіспеушілігінен, өзге де келеңсіз әрекеттердің салдарынан пайда болады.

Ақжанның қол-аяғы 3 жастан бастап ісінеді. Соңғы кездері қимыл-қозғалыстан мүлдем шектеліп қалады. Ай сайын ауруханаға жатып шығады. Талдықорғанның аты әйгілі дәрігерлерінің барлығына тексеріліп, кеңес алады… Денсаулығы оңала қоймағаннан кейін Алматыдағы ауруханаларда да жатып емделеді. Мұнда 4 түрлі дәрі беріпті, оны алты ай ішеді. Бірақ ісінген буындары одан әрі кеулемесе,  басылмайды.  Жалындаған жастықтың қызығын асыр салып, ойнап жүріп көрер кезінде қолы икемге, аяғы басуға келмей қатты қиналады. Түн ұйқысын төрт бөліп, жылаумен өткізеді. Бірақ ол күндер бүгін елес болып қалғандай…

Оның өмірін, денсаулығын түбегейлі  өзгертуге «Жас-Ай» журналы ықпал етті. Мұны ол өз сөзінде де айтады: «Баспасөз бетін айқара ашсам, маңдайы жазық, мұздай жүрекке күн нұрындай жылылық ұялататын кісіні көрдім. Сол сәттен менің «дертіме дауа табылар» деген үмітім үкіленіп, болашаққа деген арманыма қанат бітті. Жасан ағаға жолықсам, жазылып кетермін деген ой туды». Десек те ол күн алыс емес екен. Көзін ашып-жұмғанша журналда көрсетілген мекен-жай бойынша Шығыс-тибет медицина орталығына құстай ұшып жетеді. Жасан аға Ақжанды ағалық ақ пейілмен қарсы алады. Сөйтіп одан дәрігерлік көмегін аямайды. Тіпті оның мүмкіншілігін ескеріп, тегін емдейді. 40-қа жуық қызметкерге   жалақы беріп отырған басшы үшін бұл – үлкен жомарттық емес пе?! Ақжан «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының Қаскелең қаласындағы бөлімшесінде емделеді. Ем нәтижелі болды.

Сүйіспеншілік – адам баласының жүрегін қаяусыз сезімге бөлеп, рухына қанат бітіретін, жан дүниесін нұрлы қуанышқа бөлейтін, ең асқақ, ең пәк сезім. Осындай      тазалық  Жасан  ағаның бойында бар. Ол – оның Отанына, еліне, ата-ана мен бауырларына, жоқ-жітік пен кемтарларға, науқастарға деген мол мейірімі. Жасан Зекейұлының бойына ананың ақ сүтімен, әкенің ақ жолымен, жамағаттың ақ батасымен біткен жүрек пен көңіл тазалығы еш уақытта жоғалмасын!

Жанна Абайқызы

Дара тұлға – дәрігер

Серік Хайруллиннің 1999 жылдың 7 ақпанында әкесі қайтыс болғаннан кейін кенеттен басы ауыра бастайды. Одан кейін жүрегі айниды. Денесі дел-сал болып, мойны, арқа жақ, жауырын түгел ұйып ауады.   Атырау қаласында ауруханаға жатады, жеке невропатолог дәрігерге де қаралады. Дәрінің түр-түрін ішеді. Одан жазыла қоймайды, тіпті тренталды қантамырға жібергенде кері әсер беріп, бір ажалдан аман қалыпты. Оған  «вегетососудистая дистония» деген диагноз қойылған.

Серік Хояшұлының айтуынша, ол Жасан Зекейұлымен 2000 жылы мамыр айында танысқан. Шығыс-Тибет медицина орталығына баруға досы ықпал етіпті. Дара дәрігерге ауруын жіпке тізіп айтып береді. Жасан Зекейұлы оған «миыңа қан бармай тұр, мен оны емдеп жазамын» дейді.               «Жалпы, менің бір жыл бойы басым айналып жүрді. Таңертеңгісін сағат 9:00-дің шамасында бас айналу басталады. Қаладағы көп қабатты үйлердің төбесіне шығып қараймын. Төмендегі үйлер теңселіп,  тал-теректер қисайып, машиналар аударылып тұрғандай болады. Бір күні рөлде отырып көшеде тұрған машинаны барып соқтым. Ол маған кетіп бара жатқандай болып көрінді. Мұндай оқиға менде көп болды. Тағы бір күні немере ініммен сөйлесіп тұрып, «сен құлап бара жатырсың ғой» деп оны ұстай қалыппын, сөйтсем, басым айналып, өзім құлап бара жатыр екенмін» дейді Серік аға бізге берген сұхбатында.

Серік Хаяшұлы «Жас-Ай» орталығында 10 күн емделеді. Оған мұнда ине терапиясымен бірге тибеттік табиғи шөптерден жасалған дәрілер беріледі.  Емнің соңғы күні «енді жиырма күннен кейін жазыласың» деді. Бір жыл бойы аурудан әбден көз ашпаған адам бұған сене ме? Әрине, сенбейді. Сөйтіп ол күн санайды. Тура жиырма күн өткеннен кейін ол күндегі әдеті бойынша көшеге шығады. Бұрыңғыдай басы айналмайды. Үйлердің төбесі, өсіп тұрған тал-терек барлығы орнында. Өз көзіне өзі сенбей қайта-қайта қарайды. Дәл солай. Сол күннен бас ауруы сап тыйылады. Тамаққа тәбеті ашылады. Айтуынша, бұрын сөмкесінде дәрінің түр-түрі жүретін, тіпті ампуладағы баралгинді шприцпен қосып, жанынан тастамапты. Қазір, Құдайға шүкір, барлығы артта қалды.

Жанна Абайқызы

Дертке дауа дәругер

Өз өмірінде  тым болмаса  бір рет ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақанын сезінбеген адам кемде-кем  шығар.  Дәрігерлердің көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып,  жанға  батқан   ауру  сап тиылады. Дәрігерді адам жанының арашашысы десек, медбике –  оның  оң қолы.  Адамзат жанына дауа, тәніне шипа іздеген қасиетті мамандық иелерін  кейбіреулер дәрігер емес  дәругер деп атауды  ұсынуда. Мүмкін     дұрыс та  шығар.  Олар бәлкім,  қай-қайсымызды  да  ауру-сырқаудан емдеп, жанымызды сақтап  қалатын   Аллаһ Тағаланың   жердегі  өкілі  болар, кім  білсін.     Бізге  араша түсетін   қарулы сарбаз да,  оққағар қалқан да  – осы бір абзал жандар, халық айтпақшы «ажалсызға  себеп» болуда. Олар  қаншама адамның көңіліне шарапат сәулесін сеуіп,  дертіне  шипа  тауып, өміріне  нұр сыйлауда.   Дара жұрттың ішінде адамзаттың амандығы   үшін  түн қатқан,  табиғатынан дәрігер болуға жаралған жандар қаншама! Мейірімділік пен төзімділіктің,  адамгершілік  пен шипагерліктің нышанына  айналған жаны жайсаң Жасанға және халық пен дәрігердің арасындағы дәнекер болған «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығының мейірбикелеріне айтар біздің де алғысымыз шексіз. Жасанның адал еңбегін елі үшін жасаған адал еңбегін бағалау және  жұмыс  жағдайын  жақсарту жөнінен мемлекеттік   қамқорлықты  әлі  күшейткен  абзал деп ойлаймыз. Пікір кітабындағы ақ пейілмен жүректен ағылған келесі тілек осылай төгіледі.

Осыдан біраз жыл бұрын Мейіржан Жұматаевтың денесіне ақ дақтар шыға бастайды. Ақтаңдақ жылдан-жылға бүкіл денесіне жайлады. Бұл оның психикасына қатты әсер етеді.  Барлық дәрігерлер мен емшілерге қаралады. Олардың берген дәрілерін ішіп, мазь-майларды жағып көреді. Алайда уыс-уыс дәрінің ағзаға  кері әсері болмаса, пайдасын байқамапты. Бірақ көп ұзамай шығыс-тибет медицинасы жәйлі естіп, «Жас-Ай» орталығына келеді. Бас дәрігер Жасан Зекейұлының қарауында болып, екі курс ем қабылдайды. Бірінші курс емнен кейін-ақ ол денесіндегі ақ дақтардың қара қотырлана бастағанын байқайды. Екінші емдік курсқа дейін он күн демалады. Осы уақытта оның күннен күнге үдеріп өскен дақтары сейіле бастайды. Ал екінші курста өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Жалпы теріде пайда болатын ақтаңдақ іздерді «витилиго ауруы» дейді. Витилигоның пайда болу себебі әзірге беймәлім. Ақ халаттылардың айтуынша, көбіне ол күйзелістен (стресстен) және ағзада Е витамині жетіспегеннен пайда болады екен.

Жанна Абайқызы

Глаукома асқынса, ақыры соқырлыққа әкеледі

Бұл аурумен  80 мың қазақстандық таныс

Әлемде әрбiр үшiншi не төртiншi адамда суқараңғылықтың алғашқы белгiлерi кездеседi. Көз ауруларының ішінде кеңінен таралған, әрі асқынуы ауыр дерттің  дендеп бара жатқандығына офтальмологтар алаңдап отыр. Тіпті, статистикалық  деректер сексен мың қазақстандықтың аталмыш аурумен өз тәжірибелері арқылы таныс екендігін айтады.  Оның үстіне, ақ халаттыларды глаукоманың компьютер заманында жастарға жабысуы үрейлендіруде.

Келмеске кеткен кеңес үкіметінің тұсында емханаға емделуге келген жасы  35-тен асқан кез-келген науқас міндетті түрде көзінің қысымын өлшетіп тұрған екен. Өйткені,КСРО денсаулық сақтау министрлінің бұйрығы солай. Сөйтіп, көз  қысымында қандай да бір өзгерісі бар науқасты дәрігерлер міндетті түрде есепке алып, бақылап отырған. Ал, қазіргідей  компьютерге тәуелді жаһандану заманында, есепке алу былай тұрсын, себепсізден себепсіз көз дәрігерінің ешкім есігін қақпайды. Оған міндеттеп жатқан жан жоқ.

Жалпы офтальмология саласында көз дәрігерлері глаукоманы асқынуы жаман ауру ретінде қарастырады. Өйткені, ақыры түпсіз қараңғылыққа апаратын, аты айтып тұрғандай, айналаңдағы әдемілікті көру мүмкіндігінен айыратын глаукоманың емі де қиын.

ҚОС ЖАНАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚОРҚЫНЫШТЫ ДЕРЕК…

Эпидемиологиялық зерттеу орталықтарының соңғы он жылда бірнеше елге жүргізген зерттеу қорытындысының нәтижесі аталмыш аурудың айтарлықтай өсіп келе жатқандығын көрсеткен. Олар ұсынған мәлімет бойынша, 1996-2006 жылдары әлемде глаукомамен ауыратын науқастар саны 66 миллионға жеткен. Өкінішке орай ғалымдар 2020 жылдарға қарай бұл көрсеткіштің  79,6 млнға жетуі мүмкін екендігін ескертеді. Ал 2030 жылдары глаукомадан зардап шегетіндер саны тіпті екі есеге артуы мүмкін. Ал осы науқастардың сексен пайызы дамыған ел тұрғындары. Ғалымдар глаукоманың асқынуы салдарынан суқараңғылықтан зардап шеккендер санының да 5,2 млн.нан  9,1 млн. адамға артқандығын айтып, дабыл қағып отыр. Осы мәліметті растаған бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы да әлемде глаукомамен ауырғандардың он үш пайызының көзі мүлде көрмей қалатындығын алға тартады. Науқастың глаукома салдарынан суқараңғылыққа ұшырауы  катарактадан кейінгі екінші орындағы ауру көрінеді. Соңғы он жылда глаукоманың зардабынан соқыр болғандар саны 0,7 жеті пайызға артқан. Яғни он мың адамға көбейді деген сөз.

Көру бақытынан айырылған жандардың жедел өсіп бара жатқандығын ескерген ғалымдар былтырдан бері 6 наурызды бүкіләлемдік глаукомамен күрес күні деп атауды ұйғарды. Сөйтіп, «Глаукомамен күрес қоғамдарының бүкіләлемдік қауымдастығы» мен «Глаукомамен ауыратын пациенттердің бүкіләлемдік қауымдастығы»  аталмыш аурумен күреске қалың бұқараның назарын аудару және аурудың таралуын азайту мақсатында игі бастаманы қолға алды.

Аурудың пайда болу себебі…

Бұл аурудың пайда болу себебі түбегейлі зерттеліп бітпеді.  Бір ғана компьютердің өзі көзіміздің нашарлауына әкелетін факторлардың бірі.

Сондай ақ, көзге дұрыс күтімнің жоқтығы да қос жанарды ауруға шалдықтырады. Көзді сақтап қалу үшін, оның гигиеналық тазалығына аса мән беру маңызды. Бірақ табиғи өзгеріс, яғни адам қартайғанда, оның көзі қарауытып, глаукома ауруы пайда болады.

Тіпті адам ағзасында  өзге де аурулар туындаса, оның да әсері ең алдымен көзге тиеді. Мәселен, орталық және шеткі ми жүйесі, жүрек қантамыр аурулары, адам уланса да, ағзадағы зат алмасу процесі бұзылса да, ішкі секреция бездерінің зақымдануы да көзге әсерін тигізбей қоймайды. Сондай ақ қос жанардың бірінің ауруы екінші көзге де әсерін тигізеді.

Жаман дерттің дендеуінің тағы бір себебі, науқастардың өз денсаулықтарына салғырт қарауы. Ақ халаттыларды алаңдатып отырған жайт та осы. Науқастардың көбi көз жанары тым қатты әлсiреп кеткенде немесе  көзі мүлде көрмей қалғанда ғана көз дәрігеріне жүгінеді екен. Бірақ мұндай кезде медицинаның өзі дәрменсіз. Сөйтіп, асқынған аурудың, немқұрайлылықтың салдары сап сау адамның соқыр болып қалуына душар етпек.

Глаукома дертінің пайда болуының тағы бір себебі, бүгінде «жақыннан көре алатындығына тәуба жасаушылардың» көптігі екен. Көзәйнегі қалыңдап келе жатса да, қос жанарына немқұрайлылықпен қарап, мұны қалыпты жағдай ретінде қарастыру да сол көп себептің бірі. Сондықтан дәрігерлер айналамыздағы көзілдірік киюшілердің қаптап кеткенін көріп, «жалғыз мен емес қой» деген әдеттен аулақ болуға шақырады. Өйткені, көзілдірік әйнегінің қалыңдай түсуі – көздің көру өткірлігінің кемігені. Яғни глаукоманың айқын белгісі пайда болады.

Сондай ақ бастың да себепсіз ауруы көз ауруының бір белгісі көрінеді. Әдетте қан қысымы жоғары адамдар ауа райы құбылса да басым ауырды, деп отырады. Сондықтан қан қысымы жоғары науқастар да абай болуға тиіс. Өйткені, қан қысымы көз қысымын тудырады екен. ан қысымы жоғары жандар да абай болғаны жөн. Қан қысымы көз қысымын тудырады. Ал көзінің қысымы көтерілуге бейім жандар ауруын асқындыртпай емдемесе, оның да арты суқараңғылыққа душар етеді екен. Сондықтан дәрігерлер мүмкіндік болса, көз қысымын өлшетіп тұруды дағдыға айналдырған абзал, деп кеңес береді.

Емі:

Жалпы окулистің алдына «көзім ауырды» деп бір рет те болса, шағымданып барғандарға белгілі бір нәрсе бар. Қос жанарыңыз үшін жеңіл желпі ем қажет болған күннің өзінде, оған қажетті дәрі дәрмектердің құны қымбат. Он бес теңгеге сатып алған анальгинмен көзіңіздің ауырғанын жаза алмайсыз. Оның сыртында көзді емдеу құны да арзан болмайды. Өйткені, он екі мүшеміздің бірі саналатын қос жанарымыз өте нәзік жаратылыс. Медицинада мидың iшiндегi нерв, яғни жүйке талшығының бiрi деп түсіндіреді. Демек, бiз көзбен емес, көз алмасына орналасқан ми қабатының айналадағы көрiнiстi қабылдайтын тамырымен көреміз. Шығыс медицинасында осы жүйке талшықтарын емдеу арқылы, глаукоманы емдеу қолға алынған. Мидағы көру орталығын медицина тілінде хиазма деп атайды. Екi көздiң жүйке талшығы осы орталықта қиылысатындықтан, екеуiнiң бiрi кем болса да, сау көзiң бiр-ақ сәтте көрмей қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да бір бірімен тығыз байланысты қос жанардың бірі нашарласа, екіншісіне шауып кетеді.   Сондықтан бір көздің ақауы болса, екіншісіне шаппай тұрып емдеткен жөн!
Біліп жүріңіз!

Егер көзіңізге абайсызда сілті, қышқыл тигізіп алсаңыз, оны дереу кранның суына  тосу – алғашқы жүзеге асыруға тиіс шара болып табылады.

Көзіңіз қызарса, кәдімгі пиязды суда қайнатып, аздаған бал немесе бор қышқылын қосады. Осы қоспамен күніне 4-5 рет шаяды.

Екінші тәсіл: шыны ыдысқа екі шай қасық жолжелкеннің (подорожник) піскен дәнін сеуіп, үстіне екі шай қасық салқын су құяды. Араластырып, тағы да алты ас қасық қайнаған су қосады. Суығанға дейін шайқап тұру керек. Сүзгіден өткізіп, көздің қабынған тұсына дәкеге малып басады.

Әзірлеген Ирина Советжан қызы

Ілме дерті

Ілме ауарайының өзгеруіне байланысты салқын тюден, тер қатудан, зорығып еңбек істеуден жонарқада пайда болаытын шаншу.

Ересек адамдар үшін бұл дерт «ілме», ал сәбилер үшін «шертпе» деп аталады. Ілменің түрлері көп, халқымыз ілмені қара ілме, қызыл ілме, ақ ілме, өткір ілме деп бірнеше түрге бөледі.

Ілме дертімен аурған науқастардың жонарқасы сұққылап, шаншып ауыра бастайды. Бұл белгі шұғыл басталады. Көп жағдайда тұтас жауырын сіресіп, қозғалтпай қалады. Науқас қатты жайсызданғанмен, қызуы көтерілмейді.  Арқаның сіресуі көбінде ұсақ қан тамырлардың тосылуынан келіп шығады. Ілмемен ауырған науқастың арқасына нақтап қарағанда қарайған түйіндердің барлығын көруге болады. Қазақ емшілігінде осы түйіндерді инемен іліп емдейтіндіктен, бұл дерт ілме атанған.

Ілмеге ешқашан сәл қарауға болмайды. Себебі ілменің өткір түрлері адам өмірін қиып кетуі мүмкін. Жаурыныңыз сіресіп, лоқсып, тыныс алу қиындап, жүрегіңіз тартса, сөйлеуге әліңіз келмей, буын-буыныңыз құрысып, қол-аяғыңыз ұйыса бұл ілме дертінің белгісі екені айқын. Мұндай кезде, бірден дәрігердің көмегіне жүгініп, не тәжірибелі жергілікті емшілердің емдеуінен өткен жөн.

Ілме дертінің ішіндегі ақ ілме ет пен терінің арасында суық ұстаудан пайда болады да, мұның бөрткені ақ түсті болады. Ал қызыл ілме, ет пен терінің арасындағы қан бұзылудан пайда болады. Мұның бөрткені қызыл болады. Қара ілме ақ ілме мен қызыл ілменің ең асқынған түрі болып, бұл ілме өте қатерлі келеді. Қара ілмемен науқастанған адамның арқасындағы қара ноқаттар көрінбей терінің ішіне шөгіп кететіндіктен, науқастың жонын, арқасын қолмен тарағанда, қаралтқым жолақ көрінеді. Мұндай жағдайда ілмені қию арқылы емдеу керек.

Қара ілмені қиып емдеу үшін науқастың арқасын суық сумен тараса, шөгіп кеткен ілме бөрткені қайтадан сыртына теуіп шығады. Содан кейін барып, ілмені қиып емдеуге мүмкіндік болады. Қара ілмемен ауырған науқастың өкпесі қысып, тынысы тарылады, не бір қол мен бір аяғы үйыйды. Тілі күрмеліп сөйлеуі қиындайды. Қара ілменің адам өміріне қаупі зор болғандықтан, оған ешқашан сәл қарауға болмайды. Күн суық кездері, не ауыр еңбектен соң бірден салқын суға түсіп, денені суытудан аулақ болған жөн. Керісінше жылы киініп, ілме болудан сақтану керек.

Жай ілмені емдеу әдістері:

Ілмені жаурынның 9 жерінен, жүректің үстінен 3 жерден үзіп, кіндікті оңға, солға бұрау керек. Сосын арқаны у сарымсақпен ысқылған жөн. Егер ілмемен аурған науқастың жағдайы ауырлау болса,  ілмені 11 жерден қиып, қан шығарғаннан кейін, арқаны тарап, уқалау керек.

Ілмені қиғанда жүректен (кеудеден), жаурыннан 5 тен жоғары, 17 ден төменгі тақ санмен қию керек. Егер науқас саусақтың ұшынан инемен піскілеуды (шабақтау) көтере алса, онда білектегі барлау тамырды буып қойып, он саусақтың біреуін ғана қалдырып қалған 9 не 7 саусақты инемен былқылдақ көбеден шабақтап, қысып қан шығару керек. Бұл кезде ең алдымен қара қан ағады, емді қызыл қан аққанға дейін жалғастыру керек. Егер науқас мұндай қадамға бара алмаса,  у сарымсақты жәншып, алақанға, екі табанға әбден өткізіп уқаласа, дерттің бетін аз болса да қайтаруға болады. Кейін ілмені сөзсіз үзіп тастау керек. Ілме дертімен көп ауыратын адамдар үнемі жанынан таза мысты тастамағаны жөн. Себебі адам жоқ жерлерде ілме ұстап қалғанда, мыспен кеудесін, жонын ысқыласа, ілменің бетін қайтарып, шұғыл қауіптен арылуға болады.

Халық емшілігінен

Пайдалы кеңес

Сусын дегеніміз шөлді басып, рухыңды серпілту үшін арнайы дайындалған ішімдік.  Кейбір сусындардың қоректік әрі дірілік қасиеті ерекше күшті.

Қышқыл сусын бауырға пайдалы. Ашты сусын жүрекке пайдалы. Кермек сусын өкпеге пайдалы. Тәтті сусын көкбауырға пайдалы. Тұзды сусынды қалыпты ішсе, сау адамдардың бүйрегіне пайдалы болды. Тек сусындарды орынды тұтыну керек.

Қымыздың рөлі – қымыз қан тамырлардағы кедергілерді ашып, рухты серпілтеді. Қымыз қуатты, жағымды райлы. Қымыз адамдар үшін шөлдесе сусын, қарны ашса азықтық әрі шипалы дәрі. Қымызда адам организіміне пайдалы заттар өте көп. Қымыздың құрамындағы дәрумендер ағзаға әртүрлі әсер етеді. Ас қортуды, нерв жүйелерін, жүрек, қан тамырларының қызметін жақсартады. Әсіресе нерв жүйесі ауруларына ем. Туберкулез ауруына шалдыққандар қымызды үзбей ішіп тұрса,  туберкулез таяқша микробі әсерінен бұзылған зат алмасуды ретке салады. Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметін қалпына келтіреді. Әрі организімде жүрілетін физологиялық, биохимиялық барысты күшейтеді.

Айранның рөлі.

Сиыр, қой, ешкі, сүтін сауып алғаннан кейін жақсы пісіріп, салқындатып барып ұйтқы қосып ашытылады. Айран – тәтті, дәмді, жылы райлы, жағымды сусын әрі қуаттық тағам. Асқазанды күшейтіп, баурдың қуатын арттырып, бүйрек қызметін жақсартады. Ас қортуға пайдалы.

Қатықтың (сүзбенің) рөлі – ұйыған айранды сүзіп,  сары суын шығарғаннан кейінгі сүзіндіні қатық немесе сүзбе деп атайды. Қайнаған су, тұз қосып, шалап жасап сусын  әрі дәрілік тағам үшін пайдаланылады. Шөлді басып денені қуаттандырады.

Шүбәттің рөлі

Шүбәт – түйе сүтінен ғана ашытылатын сусын. Әрі шипалық дәрілік тағамдар қатарына жатады. Түйе сүтінің майлылығы жоғары, калци құрамы баым болып, қымыз сияқты шүбәт та сусындық әрі шипалы дәрі. Ол ішек асқазан, өкпе ауруларына, калци құрамы кем болған ауруларға төтенше шипалы. Ыстық соғып аурған ауру адамның маңдайына (еңбегіне) жүрек түсына шүбәт көпіршігін жағып, салқын жерде тынықтырса, тез сергіп, сауығып кетеді.

Жоғардағыдан басқа сүттен жасалған көкірдің спирт құрамы ең жоғары болады. Қалыпты ішсе, қанды оңап, микропты жойып, денені қуаттандыруда табылмайтын күшті дәрілік тағамдардың бірі.

Бозаның рөлі

Боза – тары, күріш, борми, қонақ қатарлы астықтардан жасалатын тағам әрі сусын. Боза құрамында тирменге тартылатын тары немесе қонақ, борми (сақ) жармасы болады. Бұларды суға қаннатып қою ботқа жасайды. Оған аштқы (суға бөрттіріп өндірген арпа, тары, бидайдан жасалған аштқы) қосылады. Боза 6-8 сағатта ашиды. Оған қайнатып су қосып араластырады да таза ыдысқа сүзіп қояды.

Бозаны сақталуына және жасалу, дайындалу техникасына қарай жас боза және қорланған боза деп бөледі.

Жас бозаның күші 40-60 градус, қорланған боза 120-150 гадус болады. Боза қазақ, қырғыз, сала, дүңген халықтарының ұлттық сусыны. Қалыпты ішсе шөлді басып, рухты серпілтеді.

Бидай көженің рөлі

Бидай көже – бидайды шаң тозаңнан тазартып, аздап су сеуіп, дымқылдап, келіге түйіп түктеп,  қауызын шығарып желпіп тазартады. Қыпық пен қауздан тазартылған бидайды аз мөлшерде су құйып, келіге салып қайта түйіп жаншиды. Осылай жаншылған бидайды суға немесе сүтке салып, баппен қайнатып пісіреді. Көже пысқан соң айран, қатық, мейіз, тұз қосып ішеді.

Ашыған бидай көже тіпті де жағымды әрі дәрілік тағамдық қасиетке ие. Денені қуаттандырып, шөлді басып, рухты серпілтеді.

Арпа көженің рөлі

Арпа көже – бұл тағамның дайындалу барысы бидай көжені дайындаумен ұқсас. Тек арпаны суға қайнатып, пісіріп алу керек.

Арпа көженің қасиеті жүрек ауруына , қан қысым ауруына, қан құрамындағы холестеринді төмендетуге пайдалы. Дәрілік рөлі бидайға қарағанда тіпті де күшті.

Тары көженің рөлі

Тары көже – ақталған тарыдан, 150г, 1 литір су,  100г қатық, 15г тұз қосып қайнатып ішсе,  көздің көру қуатын арттырып,  шөл басу, денені қуаттандырудай дәрілік рөлі бар.

Күріш көженің рөлі

Күріш көже – бұл тағамның да дайндалу барысы бидай көжені дайындаумен ұқсас. Күріш көжені әзірлеу үшін көп күш кетпейді. Күріш көжені – 100г күріш, 1литір су, 0.5 литір айран (қатық), 15г тұз, 50г жүзім қатарлыларды қосып жасайды.

Күріш көженің ыстықты қайтару, дененің сусыздануының алдын алу, шөлді басу, денені қуаттандырудай тағамдық әрі емдік рөлі бар.

Бұршақ көженің рөлі – бұршақтың түрі көпб қызыл бұршақ, жасыл бұршақ, көк бұршақ, қара бұршақ, өрме бұршақ, құрғақ ат бұршақ, түйе бұршақ қатарлылар болып бөлінеді.

Бұршақтың құармында көптеген пайдалы элементтер бар. Тау бұршағы бәрінен құнды. Жасыл бұршақтан жасалған көже ыстықты қайтарады. Оның ыстықты басып, уытты қайнару, баурды жақсылау рөлі бар.

Бұршақ көже шөлді басып сусын болудан тыс,  жағымды сусындық тағамдардың бірі. Кіші қызыл бұршақтан жасалған көженің көкбауыр функциясын жақсылап, несепті жүргізу, дизенфекциялау, уыт қайтару рөлі бар. Бұл тамаша дәрілік тағам. Сондықтан жаздың ыстық күндері бұршақ көжесін ішіп тұру пайдалы.

Таңертең тамақ ішеудің зияны.

Қазір көптеген студенттер таңертең тамақ ішуге сәл қарайды. Алайда күндер өте келе бұл ауыр зардап әкелетінін біле бермейді. Англиялық ғалымдар өтіне тас байланған адамдарды тексеріп-зерттеу арқылы, бұл аурудың ұзақ уақыт таңертең тамақ ішпеумен тығыз байланысты екенін анықтаған. Өйткені үзақ уақыт қарын аш жүргенде өт қышқылының мөлшері азаяды. Ал холестериннің мөлшері өзгермейді, осыдан барып жоғары холестеринді өт сөлі пайда болады, оттегілі холостерин шектен тыс жоғарлап кетсе, ол жинала келе тасқа айналады. Сондықтан таңғы асты ішіп жүру денсаулық үшін аса маңызды.

Дәрілік тағамдардың науқастарға пайдасы

Дәрілік тағамдардың дәмі ашты,  тәтті, қышқыл, кермек, сор болып

бөлінеді.

Дәрілік тағамдар мен науқас адамдардың қатынасы өте маңызды. Өйткені науқас адамдарда суықтық, ыстықтық, әлсіздік, беріктік, сыртқы, ішкі, салқын, жылы қатарлы әртүрлі райлар болады.

Қарбыз, жер қастамы, үйрек еті қатарлылар тәтті дәмді, суық райлы келеді. Түйе еті сор дәмді суықтық,  теңіз шаяны сор дәмді суықтық, көк бұршақ, сиыр сүті, жұмыртқа ағы тәтті дәмді салқын райлы болады. Қой еті де тәтті дәмді жағымды ыстықтық. Сиыр еті, тауық еті, жұмыртқа сарысы, жыланбалық, қарабалық,  қысқыш бақа жұмыртқасы қатарлылар тәтті дәмді, жылы райлы.

Сутасбақасы, қаз еті, су жаңғағы тәтті дәмді, қоңыржай, жағымды райлы болады. ..

Салқындық қасиеттегі дәрілік тағамдардың рөлі – суықтық тағамдармен ұқсас болғанымен өнімі сәл баяуырақ болады.

Құрғақ, ыстықтық қасиеттегі тағамдардың рөлі – жемжеміл, даршын сияқтылар суықты айдап, ішті жылытатын, қуаттандыру рөлі бар. Әрі түрлі суықтық ауруларды емдеуге болатын дәрілік тағамдардың барлығын, ыстықтық дәрлік тағамдар деп атайды.

Жылылық дәрілік тағамдардің рөлі – бұл ыстықтық қасиеттегі дәрілік тағамдармен ұқсас болғанмен емдік өнімі сәл баяу болады.

Ашты дәмді дәрілік тағамдар – жемжеміл, қызылбұрыш, жалбыз қатарлы ашты араластырылған тағамдардың барлығы да қанды салқындатып, тұмауды емдеуге қолданылады. Ашты дәмді тағамдардың терлету рөлі болады. Лимон (жүйзі) қабығы араласқан тағамдар желді айдап, аурғанды басады. Асқазан кеуіп, іш аурғанға ем болады. Аю балдырған, мақсары араласқан тағам қанды күшейтіп, қақырықты түсіреді. Етеккір қалыпсыздығы, мертігіп жаралану қатарлы ауруларды емдеуге қолданылады.

Тәтті дәмді дәрілік тағамдар – қуаттандыру, дене тепе-теңдігін өлшеу рөлі бар. Мысалы, мергия, сармия, жантақ шырыны араластырылған тағамдар адамды әлдендіреді. Бол мен қайнаған суды араластырып ішсе, ішті жұмсатады. Пысқа оймақ гүл араластырылған тағамдар көкбаур, асқазан қатарлы организмдерге баяу ықпал жасайды.

Қышқыл дәмді дәрілік тағамдар – мұндай дәрілік тағамдардың денені жирылту, бекемдеу рөлі бар. Шие ұрығы араластырылған тағамдар әлсіздіктен шыққан терді басып, шауҺаттың мезгілсіз төгілуіне шипалы.

Кермек дәмді дәрілік тағамдар – құрғақтықты дымқылдатып, ішті жүргізу рөлі бар. Мысалы, шерменгүл, сары арша шырыны араластырылған тағамдар құрғақты дымқылдатып, іштегі ыстықты айдайды.

Сор дәмді дәрілік тағамдар – ішекті жібітіп, үлкен дәретті жүргізу рөлі бар. Мысалы, мули ұлуының жұмсату әрі ыдырату рөлі бар. Мұндай тағамдар қақырықты түсіріп, лимфа туберкулезіне ем болады. Ашкөк шырыны, талык араластырылған дәрілік тағамдар кіші дәретті жүргізеді.

Қуаты әлсірегендерге берілетін тағамдар – қазақ халқы әлсіздік деп әдетте желден болатын әлсіздікті меңзейді. Көбінде қалпсыз азықтану,  ұзақ уақыт салмақты аурудан, тума кемстіктен немесе жүре келе пайда болған тепе-теңсіздіктен дене қуаты әлсірейді.

Үнемі кезігетін әлсіздік – жел әлсіздік, қан әлсіздік, салқын әлсіздік және жылы әлсіздік деп төрт топқа бөлінеді. Қуаты әлсірегендерге дәрумендік азықтықтарды толтырып берумен бірге, әртүрлі қуаттық дәрілік тағамдарды да беру керек.

Жел әлсіздікке берілетін тағамдар

Жел әлсіздік дегенміз – бүкіл денеде жел жетіспеуден болатын, немесе белгілі бір органзизмнің қалыпты қызметіндегі әлсіздіктен туылатын патологиялық құбылыс. Жел әлсіздіктік себебі өте көп. Көбінде қатты шаршағанда, дене қуаты әлсіз қарттада, ұзақ уақыт созылмалы аурумен аурғанда, сондай-ақ денедегі желдің бұзылуынан да пайда болады.

Жел әлсіздіктің басты белгісі өң ағару, денесі әлсіреу, рухы сәлдеу, бүкіл денесі салғырттану, демі сығылып, сөз азаю, көп терлеу, асқа зауқы соқпау, асқазаны, тік ішегі төмендеу, жатыр түсу қатарлы ішкі организімдерде бөгде құбылстар болады. Тілі көкшілдеп қалыңдайды, ерік ішкі бүйіріне азу тіс табы түсу, тамыр соғуы әлсіреу қатарлы белгілер көрінеді.

«Әлсіздікті әлдендіру» жолымен емдеу қазақ емкостерінің әлсіздікті емдеудегі негізгі принцибі. Желден болатын әлсіздікті желмен толықтайды. Жел толықтайтын дәрілік тағамдардың түрлері өте көп. Мысалы, мергиялық дәрі араласқан тағамдар, жаужұмыр, аю өті, бүғы, марал еті, жылқы, кірпі, тауық еті, бөдене еті сорпасы, сармия, шылан, қызыл мия қатарлы көптеген дәрілік тағамдардың барлығы желден болатын әлсіздіктің алдын алатын дәрілік тағамдар болып табылады.

Қан әлсіздікке берілетін тағамдар.

Қан әлсіздік дегеніміз – салқын қан жетіспеу. Дене қуатынан айрылудан келіп шығатын патологиялық құбылыс. Үнемі кезігетін қан әлсіздік үш түрге бөлінеді:

1.      Қан түкіру, қан құсу, үлкен дәретпен, несеппен бірге қан келу, етеккір көбею. Туыттан кейінгі қан кету немесе жарақаттанудан қанау сынды көптеген қан кетуден болатын қан әлсіздігі.

2.      Ұзақ уақыт созылмалы ауруларға шалдығудан немесе ішекте паразит құрт ауруы  болуы себепті қан көп жетіспеуден болатын қан әлсіздігі.

3.      Асқазан, көкбаур қызметінің әлсіздігінен, ас қорта алмаудан, ас сіңбеуден, тағамның қоректік нәрі қанға өте алмай, немесе тағамның түрі аз болып, витаминдік қоректіктердің жетіспеуі, қандағы оттегі жетіспеуі, қатарлы қан құармының келу қайнары азаюынан келіп шығады.

Қан әлсіздігінің басты белгісі – өңі ағарады немесе сарғаяды. Ерні,

трнағы қан жетіспуденш көкшілдейді. Мұнадй ауруларда үнемі бас айналып, көз шыбарту, жүрегі қағып, нервсі шаршау сияқты белгілер болады және қол-аяқ ұйып, есінен танады. Түн ортасында ұйқысы қашады. Көп түс көреді. Тілік көкшілдеп, тілінің үстіне жұқа ақ өңездер пайда болады. Тамыр соғуы жіңішке әрі әлсіз болады. Қан әлсіздік ауруын негізінен қан толтыру әдістерімен емдейді.

Үнемі қолданылатын қан толықтайтын тағамдар – Аю балдырғаннан жасалғаған дәрілік тағамдар, алма шырыннан, ақ шұғынық, пықсқан оймақ гүл, араб желімі араласқан тағамдар, кептірілген бала жолдасынан жасалған тағам, ұлар, бөдене, дәрілік тауық еті сорпасы қатарлы нәрлі қуаттық витаминдік тасамдар.

Салқын әлсіздікке берілетін тағамдар

Салқын әлсіздік дегеніміз – адам денесі салқын мен жылының тепе-теңдік дәрежесінен айрылып, салқын әлсіздік жағы басымырақ болғанда келіп шығатын патологиялық өзгеріс. Салқын әлсіздіктің келіп шығу себебі күрделі болады. Кейбіреулердің дене қуаты салқын әлсіздікке жататындықтан,  күрделі ауру болмағанмен де, көбінде салқын әлсіздіктің белгісі көріле береді. Шұғыл ыстығы асу, ұзақ уақыт төмен қызу қатарлы ауру белгісі байқалады.

Салқын әлсіздіктің негізгі белгілері:

Түстен кейін сәл қызады, екі шықшыты, табаны және алақаны қызады, аузы құрғап жүрегі қағады. Түнде суық тер шығады. Кіші дәреті азаяды, үлкен дәреті қатаяды. Тілінің үсті қызады. Тамыры жіңішке әрі нәзік соғады.

Салқын әлсіздікті салқын дәрілік тағамдармен толықтайды. Сарана, алақат тамыры араласқан тағам, тасбақа қабығы, су тасбақа тұяғы араластырылған тағам сияқтылар.

Жылы әлсіздікке берілетін тағамдар

Жылы әлсіздік дегеніміз – денедегі жылы жел жетіспеуден болатын патологиялық құбылыс. Қарттарда және кейбір созылмалы ауруларда көп кезігеді. Басты белгісі өңі ағарады, суықтан қалтырайды. Қол-аяғы мұздайды, денесі дәрменсізденеді. Кіші дәрет түнып молайады. Түнгі несебі көбейеді, үлкен дәрет сүйылады, кейде беті, қол-аяғы ысиды. Тіл үсті көкшілдеп ағарады, тамыр жіңішке әрі әлсіз соғады. Жылы әлсіздікті жылулық дәрілік тағаммен толықтайды.

Жылулық дәрілік тағамдар – бұғы-марал жүрек қаны, еті, мүйіз шырыны, албұршақ, ошаған, етті сұңғыла, құрт шөп қосындылары араластырылған дәрілік тағамдардың бәрі салқын, суық, әлсіздік тағамдарына ем болады.

Аурудың алғашқы белгілері

Бет терісінің әжімі

Көздің төңірегінде доға тәрізді «күлкі әжімі» пайда болу – денедегі сіңір ұлпалары әлсірегеннің және есту қабілеті төмендегеннің белгісі.

Көздің астыңғы жағына жарты ай тәрізді білеуленген әжім түсу – бүйрек, қуық,  жүрек ауруларының белгісі.

Мұрынның қырына «+» формалы әжім түсу – жұлын немесе бүйрек бөлімінде ауру өзгерісі туылғандығының белгісі.

Маңдайына әжім түскендердің шекесі ауырғыш болады.

Оң жақ бетіндегі әжім, сол жақ бетіндегіден терең болу – бауыр ауруының белгісі.

Маңдайындағы әжімдер бір-біріне ұласпай толқын сияқты болып тұрғандар – жабығу ауруына шалдығып, көңіл-күйі тұрақты болмайтындар.

Мұрыннан ерінге дейін ұзын, көлбеу әжім түсу – жүрек ауруының белгісі.

Маңдайына орақ формалы әжім түсу – аяғында ақау бар екендігінің белгісі

Ерніне ұсақ әжім түсу – асқазан ауруының белгісі.

Аузының үстіңгі, мұрнның астыңғы жағына әжім түсу – гормон қимылының әлсіз екендігінің белгісі.

Иегіне және астыңғы ерніне әжім түсу – ішек, асқазан, геморой ауруларының белгісі

Өкше ісу

Терең вена қан тамырларында тосылу пайда болса, адамның өкшесі іседі және аурады. Аурған жақтағы балтыры ісіп, қол тигізбейді. Қартайған адамдар осы ауруға  алғаш шалдыққанда, балтырының арт жағы ғана ауырады. Кейін келе өкшесінде сулы ісік пайда болып, балтырдың екі жағындағы бұлшық ерттерді басқанда балтыры қатты ауырады.

Ревматизм сипатты буын қабыну. Бұл әйелдерде көп кездеседі. Буындарда ауру өзгерісі туылып,  көбінесе қол-аяқ буындары шұғыл қозғалған кезде қатты аурып, ісіп бастырмайды.

Қара меңнің қатерлі белгісі

Мең барлық адамда болады. Әр адамда орта есеппен 20 мең болады. Меңнің көбі қара аз сандысы қоңырқай болып, формасы, үлкен-кішілігі әртүрлі.  Кейбір меңдер шыққан жері ұрымтал, айталық, табан, өкше, алақан, бел, жыныс мүшесі қатарлы жерлерге шыққандықтан, оңай қажалып және тітіркеніп, кейде ракқа, қатерлі қара уытты өспеге айналады.

Денедегі қара меңнің ракқа айналғалы тұрғандағы белгісі:  қара меңнің өсуі кенет тездеп, өңі онан ары қарайып, түбі қатайып, көлемі үлкейеді. Мең үстіндегі терілердің қан тамырлары кеңейіп, түбінде түйдек дымқыл пайда болып, кейбіреуі қышып, күйіп, аздап ауырады. Қара меңді кесіп алып, болмаса,  жұлып алса,  оның орнына қалың ұсақ мең шығып, жұлдыз сияқты шашырап, шет-шеті қызарып, қол тиіп кетсе болды су ағып, базданып, жарылып қан шығады. Үстіндегі бедері жоғалады. Тері қабаты мен нақ терінің ұштасқан жеріндегі мең ракқа оңай айналады.

Меңінң ракқай айналуына неше ай немесе неше жыл уақыт кетеді. Меңнің шыққан жерін, үлкен-кішілігін, өң-түсін, түк шыққан, шықпағандығын қадағалап жүру керек. Осы күдіктердің бірі байқалғанда емханаға барып, тексертіп, диагнозын дер кезінде анықтату керек.

Қобалжу

Қобалжу көп адамдарда тез басылып қалатын уақыттық аңыс. Үнемі басылмай қалыпты тұрмысқа ықпал жеткізгенде ғана ауыр деп саналады.

Әдетте екінің бірінде сасқалақтау, ойын шоғырландыра алмау, ұйқысы қашу, көп түс көру, жүрегі қағу, алақаны терлеу, қол-аяғы дірілдеу, іші өту, кейде тыныс алуы қиындау сияқты белгілер көп болады.

Қобалжу көбінде үрейленуден, зорығудан туындайды.

Қобалжуды емдегенде оны тудырған ортадан шығып кету, еркін қимыл жасау, бір мезетке дейін басылмай қойған кезде шипагерге айтып, қобалжуға қарсы дәрілермен емделу керек.

Семіздік

Дене салмағы адамның қалпты салмағынан 20пайыз асып кету қалпсыздық, 30 пайыз асып кету семіздік болады. Семіздік мына аурулардың белгісі:

Қалқанша без қызметінің төмендеуі. Бұл кілегей сұйықтығы ісігі деп те аталады. Денесі семіріп, майы жүйкесіне, шүйдесіне жиналып, беті толып, тырсылдап кетеді.

Косин күрделі ауруы. Мұнда бүйрек безі қызметі үдеп, қыртысы қалыңдап, секрация молайғандықтан бір сыпыра аурудың белгісі көрінеді. Беті толып, қызарып, қан қысымы жоғарлайды. Әйелдердің етеккірі тосылады немесе бұзылады. Ерлерде белсіздік пайда болады. Қарны жоны семіз, аяқ-қолы арық болу «сентрге» тартқан семіздік делінеді.

Аралық ми сипатты семіру. Жыныс қызметі жаппай төмендейді. Шыжыңдық пайда болып, ми электр кескіндемесі (кардиограммасы) арқылы тексергенде қалпсыздық байқалады.

Семіздіктен жыныс мүшесі тұрақсыз болу ауруы. Инфекция, өспе және сыртқы жарақат сияқтылардың зақымдалуынан тәбет, май секрациясы, жыныс безі қызметінде қалпсыздық туылып, семіреді. Мойны, кеудесі, қарны, арқасы, құйрығы семіз, білегі балтыры арық болады.

Қантты несеп ауруы. Орта жастан асқаннан кейін қатты семіріп кеткендер қантты несеп ауруы бар-жоғына назар аудару керек. Осындай семіру пайда болған кезде дер кезінде дәрігерге қаралып тексерілу қажет.

Қасқыр жем

Қасқыр жем – ет жеңды, тік өсетін көп жылдық өсімдік. Биіктігі 10-25см. Түп жағындағы жапырақтары ұзын, дөңгелектеу келеді де, қабатталып, дөңгелене өседі. Гүлі солғын түсті немесе солғын сары түсті болады. Таудың тасты беткейлерінде өседі.

Жинау және өңдеу

Қасқыр жемнің жер үсті бөлігінен дәрі жасалады. Жаз бен күнзде жинайды да, топырағынан арылтып, қайнап тұрған тұрған суға бір рет батырып алып, кептіреді. Қышқыл дәмді азырақ улы келеді.

Ем болатын аурулары!

Қанды тыйяды және күшейтеді. Жарақаттың аузын қуырады.

1.      Мұрыннан аққан қанды тоқтату үшін 500г жас қасқыр жемді

жуып тазалап, жәншіп нілін алады. Оған 15г шекер қосып араластырып, ыдысқа салып кептірсе, қатты денеге айналады. Осыны 1,5-3г-нан екі рет қайнаған сумен ішеді. Ашты, қышқыл тітіркендіретін заттарды жеуге болмайды.

2.      Баурдың шұғыл қабынуына 60г қасқыржем мен 30г арпа өркенін

суға қайнатып ішеді.

3.      Балалардың шошыну ауруына 15-18г қасқыр жемді суға қайнатып

ішеді.

4.      Несеп ылайланып келгенде, қасқыржемді суға қайнатып, ақ шекер

қосып ішеді.

5.      Кептірілген қасқыр жем шөбін өртеп,  күлін алып, өсімдік майын

араластырып, денедегі қышыма бөрткенге жақса, ауырғанды басып, қышығанды тоқтатады.

6.      Ұзаққа созылған шиқан, сыздауыққа қасқыр жемнен белгілі

мөлшерде алып, азырақ ас тұзын қосып, жаншып, дайындалған дәріні жараның бетіне күніне екі рет жағады.

7.      Езуге ауздық шыққанда, қасқыржем мен жемжемілден белгілі

мөлшерде алып, азырақ тұз қосып,  жәншіп жағады.

8.      Отқа немесе суға күйген күйікке қасқыр жем мен аршаның жас

бүрін қосып жаншып, жараға таңады не кептіріп, ұнтақтап жараға себеді.

9.      Тістің еті ісініп, ауырғанда, қасқыр жем мен ашудастан тең

мөлшерде алып, суға қайнатып ауызды шайқайды.

Жалпы пайдалану мөлшері 15-30 г болу керек.

Қоңырау гүл

Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 30-90см, тамыры жуан әрі білеуленген етті болады. Сабағы тік, дара кейде бұтақтан өседі. Жапырағы кезектесіп орналасады, жұмыртқа формалы, кейбіреуі сопақ қандауыр тәрізді, жиегі ара тісті болады. Түп жағындағы жапырағы біршама үлкен болады да, қарама-қарсы, кейбіреуі дөңгеленіп өседі. Гүл шоғыры ұшына орналасады. Гүлі қызғылт, көк түсті, қоңырау тәрізді болады. Қауашақ жемісі шар тәрізді, көп тұқымды келеді. Қоңырау гүл Іле бойында көп кездеседі.

Жинау және өңдеу

Шөптің тамырынан дәрі жасалады. Күзде тамырын қазып алып, қыртысын қырып тастап, кептіріп, жұмсартып турайды.

Аштылау, кермек дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары

Өкпені тазалап, суықты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді басады, ісікті қайтарып, іріңді айдайды.

1.      желөкпе жөтеліне (кеңірдектің созылмалы қабынуы), түнде

сырылдап мазасыздануға 30г қоңыраугүл мен 60г қызыл мияны суға қайнатып, қайнатпасынан күніне екі рет ішеді.

2. кеңірдек жолының шұғыл қабынуына қоңырау гүлдің 4г-ін

ұнтақтап, мәнерлеп, балалардың несебінен бір үлес қосып, қайнатып, тұндырып, жылыдай ішеді.

3. жұтқыншақ қабынғанда, 60г қоңырау гүлге 3 шыны су қосып қайнатып, бір шыны қалғанда күніне 30миллилитрден үш рет ішеді.

4. өкпенің іріңді ісігіне қоңырау гүлден 9г, алақаншадан 3г,  көк асқабақ дәнінен 15г шабдул дәнінен 9г, ақжүректен 6г, ұшқат гүлінен 15г, түйнекқонақ дәнінен 9г, қызылмиядан 9г араластырып, суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері:

3-9г мөлшерінде пайдаланады. Қоңыраугүлдің құрамында қоңырау гүл гликозиті, өсімдік спирті және күрделі молекулалы қант бар.

Қойбалдырған

Қойбалдырған – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 80-100 см. Тамыры жуан әрі ұзын, сыртқы қабығы қоңыр түсті, иісі жағымды. Қуыс өзекті, сабағы тік өседі. Жапырағы кезектесіп орналасады. Жапырақшалары сопақтау немесе ұзын дөңгелек тәріздес. Жиегінде ара тістері болады. Жапырақ сабағының түп жағында жалпақ қынапшасы бар. Жапырағында жиі өскен қысқа түтікшелері болады. Күрделі шатырша гүл шоғыры басында өседі. Гүл сабағында жиі өскен қысқа, жұмсақ түтікшелері бар. Кішкене гүлі ақ түсті болады.

Сулы аңғарларда, теріскейдегі ылғалды беткейлерде, орман арасында өседі.

Жинау және өңдеу

Қойбалдырған тамырының емдік қасиеті көп. Көктем, күз мезгілдерінде қазып алып, жуып тазалап, кептіріп, турап сақтайды.

Ем болатын аурулары

1.      Желқұз қоздырған созылмалы буын қабынуға қой балдырғаннан 9г,

тұт ағашы бұтағынан 15г, қарағайдың бұтақ буынынан 9г, тікенді ұшқаттан 30г, шыланнан 10 талын суға қайнатып ішеді.

6. бел аурғанда 6г қой балдырған, 15г кеңөзек, 12г қазтамақ гүлді суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 3-9 г

Қызыл шұғынық

Бұл да көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 50-80см. Негізгі тамыры анық қарақоңыр түсті болады. Сабағы жалғыздан өседі. Түзу сызықтары болады, төменгі жағы қызғылт, көк түсті, түксіз жылтыр келеді. Жапырағы кезектесіп орналасады. Қызыл шұғынық орман етектеріндегі көлеңкелі және ылғалды жерлерде өседі. Алтай, Тиян-шан тауларында кездеседі.

Жинау және өңдеу

Қызыл шұғынықтың тамыры дәрі болады. Тамырды көктем мен күзде қазып алып, тазалап, шашақ тамырларын, шіріген тамырларын алып тастап кептіреді. Кейде жастай жапырақтап турап тастайды. Бұл усыз шөп.

Ем болатын аурулары!

1.      Жарым дене салданғанда, бет ауыз қисайғанда, 9г қызыл

шұғынықты, 30г тинақты, 9г аю балдырғанды, 5г иісті тамырды, 9г шабдол дәнін, 9г мақсарыны, 1,5 жауын құртын және шаянды суға қайнатып ішеді.

2.       Қан ұйып, бауыр үлкейгенде, тамыр бөгелгенде, қан тамыр

түйілгенде, қызыл шұғынқтан 60г, қарамықтан 25г,  аю балдырғаннан 30г, доланадан 60г, шабдол дәнінен 18г, мақсарыдан 30г, гүлбуыннан 60г қосып талқандап, 9г-нан таңертең және кешке ішеді.

3.      Етеккір шаншуына, бой бұзылуға 9 г шұғынықты, 9г арпа бедияны,

9г аю балдырғанды, 6г иісті тамырды, 9г уылдырықты, 9г құралай құмалағын, 9г жабайы ермен жапырағын, 9г тырна гүлді суға қайнатып ішеді.

4.      Емшек безінің шұғыл қабынуына 90г қызыл шұғынық пен 30г

қызыл мияны суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері: 5-9г  қызыл шұғынықтың тамырының құрамында ұшпа май, ағаш майы, жұмсартқыш зат, қант, крахмал, желімді зат бар.

Қылша

Қылша – тік өсетін, кішкене бұта тектес көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30-80см, тамыры жуан әрі қатты болады. Сабағы ағаш тектес жуан әрі тік өседі. Сұрғылт қоңыр түсті болады. Жас сабағы көп бұтақты, сұрғылт жасыл түсті, буыны жіңішке әрі қысқа келеді. Құрғағанда сындырса ортасынан сары көңір түсті ұнтақтар шығады. Дәмі ашты болады. Жапырақ алақаны қабыршақ тәрізді, гүлі дара жынысты келеді. Жидегі қызғылт  түсті, етті болады. Көбінесе аласа тау бөктерлерінде, өзенді тау жылғаларында өседі. Тян-шан, Алтай тау сілемдерінде көп болады.

Ем болатын аурулары

Жатырды тазалайды, ішті жұмсартады. Кепкен қылшаны қайнатып, суын ішсе, ен қалтасындағы жарықтың, қуықтың, бүйректің ауырғанын басады. Орынсыз терлегенде 9г қылша тамыры мен 30г арпа өркенін суға қайнатып ішеді. Аяқтың шуашына 30г қылша тамырын, 15г оротропинды, 25г гипсты ұнтақтап, аяққа себеді.

Пайдалану мөлшері:

Бұтағынан 1,5-6г, тамырынан 3-6 г болу керек.

1. Құрметтi, «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығының ұжымы! Менің жасым 45-те. Бес жылдан берi радикулит, яғни құяң ауруымен ауырып келемін. Бұл аурудың қалай пайда болатынын бiлгiм келедi. Дәрiгерлер «жазылатын ауру»дейдi. Осы мәселенiң анық-қанығын бiлсем деймін?

Гүлсім Таугелдиева

Атырау қаласы

Жауабы: Құяң ауруының пайда болу себептері өте көп. Құяң – жұлын миынан шыққан нервтердің қабынуы. Құяң ауры кезінде ауру сезімі күшейеді. Себебі омыртқааралық дискі нервті қысады немесе бұлшық еттер жиырылып қалады. Шығыс-Тибет медицинасында құяң ауруының бірден-бір емі – ине терапиясы және тибеттік шөптер. Сіз бізге келіп емделсеңіз, құяң ауруынан құлан таза айығасыз.

2. Ұят та болса айтайын. Менің қыз кезімнен етіккірім тұрақты келмейді. Оның себебін әркім әр қалай айтады. Гинекологтарға да қаралдым. Олар «гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы» дейді. Тұрмыс құрып, бала-шағалы болдым. Бәрібір бәз-баяғы қалпы. Ішім жиі  бүріп ауырады.  Сіздерге барып қаралсам қалай болар екен?

Дәмеш Сақтұрғанова

Семейден

Жауабы: Шығыс-Тибет медицинасы аурудың шығу себебін анықтайды. Сондықтан ең алдымен гормондық тепе-теңдік неден бұзылды, соның себеп-салдарын нақты анықтап барып, ем жүргізіледі.

3. Мен «Жас-ай» Шығыс-Тибет медициналық журналының жарыққа шыққан 5 санын да сатып алып, ішіндегі мақалаларды үзбей оқып шықтым. Журналдан әжептәуір медициналық сауатым ашылды. Мен үш жыл бұрын қыстыгүні Солтүстік Қазақстан облысына туыстарымның үйіне қыдырып барған едім. Ондай көк тайғақты көрмеген басым абайсызда құлап қалдым. Сол кезде ет қызуымен біліне қоймауы керек, кейіннен белім, жамбасым ауыра бастады. Осы күні ұзақ отыра да алмаймын, жамбасым жиі ұйиды.  Таңертеңгісін тіпті өз шұлығымды өзім кие алмаймын. Тексерілсем, жамбас, ұршықтың басындағы шеміршек желінген немесе мүжілген,  сіңір созылған дейді. Ол қандай ауру? Емі бар ма?

Бақыткүл Тазабекова

Жауабы: Сіздің негізгі ауруыңыз: жарақаттан кейінгі артроз. Шығыс-Тибет медицинасының емі – ине терапиясы. Ине терапиясы – шаршаған, тіршілігін жойған нерв жасушаларын (клеткаларын) оятып, қан айналымды жақсартады. Ине терапиясының 1 курс емі 10 күн. Негізінен 3 курстық ем алсаңыз нәтижелі сауығасыз. Ине терапиясына қосымша тибеттік емдік шөптер, дәрумендер беріледі.

4. Мен қырықтың қамалын бұзғанша «аурудың» не екенін білмедім. Болуы мүмкін аурулардың алдын алуға тырыстым. Жылына бір рет болса да дәрігерлік тексерулерден өтіп тұрдым. Мен суға түсіп, күнге қыздырынғанда бала кезімнен жақсы көремін. Өткен жылы Қапшағайдың жағасында демалып жатып, ес-түссіз талып қалдым. Ақ халаттылар «инфаркт» деген диагноз қойды. Жүрегім сыр бергелі бір жыл болып қалды. Шығыс-Тибет медицинасында инфарктті жазуға бола ма?

Кенжебек Қоқымұлы

Алматы облысы

Жауабы: Шығыс-Тибет медицинасында «инфарктан кейінгі кардиосклероз» ауруларын емдейді. Жанды нүктелерге қойылған ине іштегі ағзаға өз «бұйрығын» беру арқылы оны оятады, қан айналымды жақсартады, ұйып қалған қанды таратады. Оянған нүктелер адам денінің саулығын қалпына келтіреді.

5 Биыл жыл басында рентгенге түскен едім. Нәтижесінде маған «омыртқа жотасының мойын бөлігіндегі спондилез» деген диагноз қойылды. Дәрігерлер маған «жедел түрде операция жасату керек» дейді. Мен үзілді-кесілді қарсылық танытып келемін. Мұны отасыз емдеуге бола ма?

Жолдыбай Есқараев

Қызылорда облысы

Арал ауданы

Жауабы: Сіздің диагнозыңызбен ота жасалғанда ешкім сауығып кетуге  кепілдік бере алмайды. Себебі операция жасалғаннан кейін екі қолыңыз істемей қалуы мүмкін ғой. Сондықтан ине терапиясын алып, қосымша тибеттік шөптермен емделгеніңіз дұрыс.

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.

Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80