Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№5 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

Емдік шипамен қоса рухани сауықтым

Бала – өмірдің мәні, отбасының сәні. Гүлдің күннен қуат алатыны сияқты, бала отбасынан, жасаған ортасынан тәлім алады. Қандай ана болмасын өзегін жарып шыққан перзентін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, маңдайына күн тигізбей өсіреді. Мен де Аружанымнан аялы алақанымның жылуын аяған емеспін. Алайда мен берген жылу дүниеге кемтар болып келген  қызымның  денсаулығын түзетуге жетпеді. Талай емдеу орталықтарының табалдырығын аттадық, бірақ ешқайсысынан өнім болмады. Кейбір емханадағы дәрігерлердің емдегені былай тұрсын, аузынан «жазылып кетеді» деген жылы сөз де ести алмадық.  Соған қарап «қызым өмір бойы кемтарлықтың тауқыметін тартып өте ме?!» деп ішімнен қатты азаптанатынмын.

 

Мен қызыма 2000 жылы жүкті болдым. Іштегі нәрестемнің алты айлық кезінде-ақ денсаулығының қалыпсыз екендігіне толық көзім жетті. Дереу әке-шешеме хабарластым. Олар Алматыға алып келді. Оңтүстік астанаға келгеннен кейін төртінші күні қан қысымым көтеріліп, ауруханаға түстім. Одан кейінгісі есімде жоқ. Қалай босанғанымды да білмеймін. Жеті күн ес-түссіз жатыппын. Баланы операция жасау арқылы алыпты. Сол кездегі мен үшін ең ауры қызымның «туабітті сал ауруы» диагнозын есту болды. Арада аз уақыт өтпей мен жатқан балнициядан қызымды қалалық ауруханаға алып кетті. Операциядан соң денсаулығым қалпына келмей жаным қиналып жүрседе, дәрігерлерден азер рұхсат алып, қызымның қасына бардым. Сол сәтте оның түрін көргенде жаным түршігіп кетті. Шүйдесіне бейне қойдың бүйрегін шаптап қойғандай томпайып тұр. Басы да сопақ. Ертесіне операцияға алып кетті. Бірақ отадан кейінгі халы жақсы болмады.

Балалардың сал ауруы – нәресте ана құрсағында жатқанда, не туылған кейін миға зақым келуі салдарынан болатын табиғаты түсініксіз ауру екен. Сал ауруы – мүлде сал болып қалу, шала сал болу, қозғалыстың өршуі, денені дұрыс ұстай алмау сияқты белгілер арқылы көрініс береді екен. Бұл дертпен ауыратын сәбилердің психикасымен қатар, тілі, көру, есту қабілеттері нашарлап, тырыспалы талмалары ұстай беретін болса керек. Өкінішке орай бұл белгілердің барлығы да менің кішкентай нәрестелерімнің бойында бар екен.

Қызым 6 айлық кезінде отырмақ түгіл былқ-сылқ етіп жата беретін болды. Басын бір жарым жасында ғана дұрыс ұстай бастады. 2 жасына қарай себепсіз қалтырап-дірілдейтінді шығарды. Үнемі аузынан ақ көбік ағады. Тіпті қызым мектепке барар жасқа келсе де жөнді отыра да, аяғын баса да алмайтын болды. Жүрмек түгіл сөйлей де алмайды. «Баланың ақыл-есі, дамуы кешеуілдеген» деген комиссия шешімімен  мектепке де апармадық. Бірақ бейкүнә сәбиімнің бойынан өмірге деген ерекше құштарлық сезетінмін. Үнемі еркін қозғалуға талпынып, өзіне айтылған сөздерді тез түсініп алатын. Келген туған-туыстарды да жақсы таниды. Қызым ертегі мен музыка тыңдағанды, суреттер мен мультфильмдер көргенді ұнатады. Амал қанша? Талмасы ұстағанда шыбын жанымды қоярға жер таппай кетем. Балам қатарынан қалмаса екен деп тілеп, барымды осының денсаулығын түзету үшін жұмсадым. Банктердің бірінен несие алып та емдеттім. Қызыма тұрақты түрде  күтім керек болғандықтан, жұмыс істеуге де мүмкіндігім болмады. Сол себепті алған несиемді қайтару да қиындай берді. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, осындай қиын сәттерде күйеуіммен ажырастым.

Кезінде Әбу Насыр әл-Фараби «Мәртебесі, рухы биік шаһардың адамдары бір-біріне жақсылық жасауға құштар болады, өздерінің тамаша қадір-қасиеттерін бағалап, қабылдауға өзге де жұрттарды ынтызар етеді» деген екен. Осынау сан ұлттар береке бірлікпен, өзара түсіністікпен өмір кешіп жатқан қазақ даласында, Алатаудың бөктерінде орналасқан әсем Алматымызда жүректері жылылыққа толы мейірбан жандар, елі үшін, елінің болашағы үшін ішкен асын жерге қояр азаматтар аз емес екен. Құдай тілеуімді беріп, өмірімнің мәні, тірлігімнің сәні деп білер қызымды емдетуге, оның денсаулығын титтей болса да түзетуге ықпал ететін адам маған кезікті. Ол – Жасан Зекейұлы. Ол кісіге мені журналисттер жолықтырды. Суықтан тоңған торғайдай жанары жәудіреген сәбиімді ол алғаш көргеннен-ақ тек қайырымдылық пен шипа деп қағатын қанатының астына алды. Мейірімділік пен ізгіліктің жаршысындай болған Жасан ағаның адамгершілік қасиеті мені әбден тәнті етті. Нағыз азамат деп осы кісіні айтарсыз. Кішілігі қандай ағаның. Мейірім мен адамгерлішік жас талғамайды деген осы да.

Жасан ағамен дидарласқаннан кейін медициналық емінен бұрын рухани жан дүнием жадырап қалды. Қызымның келешегін ойлап, осы күнге дейін қорқыныш, үреймен өмір сүріп келген менің сол сәтте бастап жан жүйкем,  ойым сауықты. Әрине бұл ерекше ықыластың және әдемі сөздің әсерінен болған сауығу.  Аружаным Шығыс-тибет медицина орталығында  екі курс тегін ем алды. Нәтиже жаман емес. Қызым өздігінен жайлап қозғалып, қимылдайтын болды. Әуелі сабақ оқығысы келеді. Әліппе кітабында көрсетілген суреттерден аздап болса да сөйлем құрай бастады. Бұл күнде қызыма арнаулы мұғалімдер келіп, үйде сабақ береді. Құдай қаласа, енді үшінші курс ем алсақ, екі аяғын басып жүріп кетеді деген үмітім бар. Жасан аға жасай берсін! Қолы дерт көрмесін!  «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицинасы орталығының ұжымына асқар таудай абырой тілеймін! Елім үшін деп жасаған еңбектеріңіздің жемісін жей беріңіздер.  Орталықтағы әр дәрігердің отбасының босағасы бақытқа, шаңырағы шаттыққа  тола берсін!

Дариға Махажанова

Алматы қаласы

2008 жыл. Қыркүйек

Жасанмен жеткен жеңіс!

Өмір қашанда тынымсыз еңбектен, ізденіңстен және белгілі бір мақсаттарға жету жолындағы жеңіс пен жеңілістен тұратыны шындық. Ал мен аурудың боданы болуға көніп, жеңілістің тұтқынына түскім келмейтін. Қашанда, жұдырықтай жүрегімде өзім жеткен жеңісттерімнің жалауы желбіреп желбіреп тұрды.  Өмір атты майданда қаншама қиындық көрсемде  әрқашан «Алға!» деп аттандым. Талай бөгеттерді бағындырдым. Асулардан астым. Жаныма жабысқан дерттің тауқыметін жеңіуде алдымен Алланың қолдауымен және Жасан Зекейұлының көмегімен жеттім.

2005 жыл. Жол апаты. Апаттан соң ес-түссіз жатыппын. Кейін аздап есімді жидым. Тілім де ақырындап сөйлеуге келді. Аллаһты аузыма алдым. Жаратушыға жалбарындым. Жаныма медет тіледім. Тәңір тілеуімді қабыл етіп, қуат берді. Сол апаттан бас сүйектерім зақымданып, миым  шайқалды.  Содан бастап басым мен белім ауырып, құлағым шуылдап, бітеле беретін болды. Бұдан сырт дәрет жолдарымның қызметі бұзылды. Ұмытшақтық пайда болды. Желкем тартып тұрды. Ауыру азабы шыбын жанымды шырқыратып шырылдатса да барлығына төздім. Шыдадым. Сол баяғы азаппен, дертпен арпалыс. Мен әйтеуір жеңіске осы тауқыметтен құтылатынымды сезетінмін. Сол үшін нәтижесі бар шипа іздедім.

Ақыры жолым болып, Жаратқаннан тілеген тілегім қабыл болды. Аллаһ Жасан Зекейұлына жолығудың сәтін салды. Бұл мен үшін ең бір бақытты кезеңдер еді. Қалпты өмір сүруге қанша талпынып, үміт үзгің келмесе де, кей сәтті мүлдем торығатын кездерің болады екен. Кейін жаныңа медет болар жақсы дәрігер тауып, өмірге деген құштарлығың қайта оянғанда тірліктің мұндай тәтті боларын бұрын соңғы білмеппін. «Шыбын жан тәтті» деп халқымыз бекер айтпапты. Адам денесiнде жеті жүздей нүкте болады екен. Жасан Зекейұлы – осы нүктелердің қайсысы қайда орналасқанын бес саусақтай жақсы бiлетін дәрігер. Ел арасында көп адамдар «ақ халаттылардың барлығы ине қоюдың шеберi емес, тек хирургтар ғана дәл нүктесін тауып қоя алады» деседі. Жасан бауырымның бір артықшылығы да осында. Себебі ол қытайда жүргенінде де, және Қазақстанға келгеннен кейін де күрделі дерттерге операция жасаған білікті хирург.  Кәнігі шебер әрбір инені өз нүктесіне дәл тауып қойғанда бұлт шалған қабағың ашылып, көзіңнен шуақ шашады. Нүктесіне дөп түскен инелер қозғалып, діріл қаққанда ғажайып бір  күйге енесің. Себебі өле бастаған жүйке жүйелері қайта тіріледі. Денеңдегі дерт біртіндеп айыға бастайды.

Ине емі көбіде пульт қою және шөппен қыздырумен қатар атқарылады. Бұл иненің әсерін күшейту үшін қойылады. Мәселен, қыздыратын шөптің құрамында 18 түрлі емдік шөп бар екен. Аллаһ сәтін салғанда осынадй шипалардың арқасында дертімнен айыға бастадым. Ем қабылдап жатқан кезімде маған қосымша банкі қойылып, аяқ массажы жасалып, нүктелі уқалаулар жүргізілді.

Нүктелі уқалау да ине қою сияқты дәл нүктесі тауылып жасалуы тиіс емдік әдістердің бір екен. Емнің бұл түріне жоғарыда айтылған 700-дей нүктенің кемінде 150-і дөп басылу шарт. Жасан Зекейұлының тәрбиелеп отырған шәкірттері мұны жетік меңгеріпті. Өйткені массаж маған ерекше әсер етті.

Жол апатынан кейін мен ауру азабын төрт жыл тарттым. Қатты қажыдым. Кей сәттері өмірден түңіліп те кететін едім. Сау кезіңдегідей күнделікті пайдалы дене әрекетімен шұғылдана алмағандықтан денеңдегі бұлшық еттерде босап, жансызданатын ұқсайды. Ал жоғардғы айтқандай нүктелі уқалау сол әбден жансызданған, әлсіреген бұлшық еттерді қатайту үшін колданылады екен. «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығында жасалған екі курстық емнің нәтижесінде менің ағзам қалыпына келіп, қан айналымым  жақсарды, бойымдағы күш-қуаттың артқанын байқадым, жүйке жүйем тынышталып, асқазанымның ас қорыту жұмысы да жақсарды, дәрет жолдарым қалыпты қызмет атқара бастады.

Орыс жазушысы Максим Горький айтқандай, әр адамның бойында құрылысшының құдіретті күші бар, сол күш жер бетін үлкен ғажайыптармен толтыруы үшін, оның дамуына, гүлденуіне ерік беру керек. Бойында мейірбандық пен адамды емдеудің ғажайып қасиеті бар  Жасан Зекейұлы сынды азаматтың өз Отанымызда бар екеніне мен қуанамын. Науқас жандардың басына түскен тауқыметті жеңілдетуге, ғұмырын ұзартуға үлес қосып жүрген адамға шын көңілден алғыс білдіремін!

Жарас Жүсіпәлиев,

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы

 

Сегіз қырлы, бір сырлы

Қиын-қыстау кезеңде жүрекке нұр болып құйылған мейір-шапағат ешуақытта ұмытылмасы анық. Қашанда адамның рухани байлығы оның өзгелерге жасаған қамқорлығынан да көрініс беретіні ақиқат. Адамзатты адамдықтың асқар шыңына алып шығатын да осы мейірімділік, ізгілік, игілік сынды асыл қасиеттер. Осындай асыл қасиеттерді бойына сіңірген Жасан Зекейұлы маған да шын жанашырлықпен, адал ниетпен, риясыз көңілмен жақсылық жасады.

Мен  «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығығының Алматыда екенін 2009 жылы Ақтау қаласындағы бір танысымнан естіп білдім. Ол кісі маған «Жас-Ай» республикалық Шығыс-тибет медициналық ақпараттық журналының №1 санын берді. Сонда академик Жасан Зекейұлының инемен емдеу туралы жазған мақаласын оқып, осы медицина орталығына барып емделуге құштарлық пайда болды. Жолдасым екеуміз мамыр айында келіп емделдік. Бірінші он күндік ем-домның әсерін сезіне бастадым. Менің буындарым ауыратын еді. Емнен кейін малдас құрып отыруға шамам келді. Жолдасыма да ем жақсы әсер етті. Жасан Зекейұлының «Мен өзімнің қазақтарымды емдеу үшін келдім» деген сөзі мені қатты толғандырды. «Шіркін, осындай ұлтжанды азаматтар мемлекетіміздің барлық саласында болса, еліміз өркениетті мемлекет болып, 50 елдің қатарына тез жетер едік!» деген ой келеді.

Мен орталыққа екінші рет келгенімде де Жасан Зекейұлы өзінің көрегенділігін танытты. Құшақ жая қарсы алып, көңіл-күйімді сұрап, жылы сөздерін айтып жанымды жадыратып тастады. Өзің үміт артып, медет болар деп келген дәрігеріңнің жақсы сөзі адамды ем алмастан бұрын сергітіп тастайды екен. «Менің өзімнен, болмаса шәкірттерімнен  ем аламын десеңіз де өз еркіңізде» деді Жасан. Себебі маған аз уақыт жатып емделу керек болды. Содан Қаскелеңде бөлімшесі бар екен,  сонда жатып, шәкірттерінен ем алдым. «Сенің кім екеніңді, қандай адам екеніңді айтайын, ұстазыңды көрсет» дейді екен ғой бұрынғы даналар. «Жас-Ай» орталығынан Тибет емінің қыр-сырын меңгеріп, білім нәрімен сусындап шыққан шәкірттері де ұстазының ұлағатты екенін танытты.

Қыркүйек айында үшінші рет ем алуға келдім. Бәрі керемет. Денсаулығым түзелді. Амандық болса осы медицина орталығымен қарым-қатынасымды үзбей емделіп тұрамын. «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалсын кемеңіз» депті шығыс ақыны Рудаки. Жаны жомарт жандарға істеріңіз арқашанда жемісті болсын демекпін! Бір-бірімізге қолдан келген көмекті аямай, алғысқа бөлене берейік! Кісілік пен адамдық, әл-Фараби айтқандай, даналық пен қайырымдылықтан, ізгілік пен танымнан тұрады. Батырға тән қаһармандығымызды, азаматқа тән адамгершілігімізді, ержігітке тән сегіз қырлы, бір сырлылығымызды жоғалтпайық, ағайын!.

Амангелді Ахабаұлы,

зейнеткер,

Ақтау қаласының құрметті азаматы,

Маңғыстау облысы әкімі жанындағы

«Парыз» қоғамдық қорының директоры

 

Асқазан қыжылы

Адамдардың табиғи ет-сүт өнімдерінен ажырап, жасанды азықтарды тұтынуға дағдылануы мен спиртті ішімдіктерге әуес болуы, асқазанның қалыпты қызметін бұзады. Соның салдарынан асқазанның созылмалы қабынуы, асқазан түгінің жатуы, асқазан қыжылы сынды дерттер пайда болады.

 

Асқазан қыжылы(изжо́га) –  көкірек  тұсынан басталып, өңешке дейін созылатын кеуде тұсындағы жайсыздық немесе ашығандай әсер алу. Бұл көбінесе асқазаннан өңештің сілті ортасына түсетін қышқылдың әсерінен пайда болады. Медицинада мұны асқазан сөлі қышқылының артуының белгісі деп қарайды. Мұндай сезім көбінесе тамақтан кейінгі бір сағаттан соң, не қалыпсыз дене әрекеті мен ауыр дене еңбегінен кейін білінуі мүмкін. Сонымен қатар, қыжыл диафрагмальды грыжа, асқазан жарасы, гастрит, эзофагит кезінде де пайда болады.

Адамдардың ас ішу уақытының тұрақты болмауы, асқазан қыжылын тудыратын басты себептердің бірі. Егер адамдар біраз уақыт тамақ ішпей аш жүріп, бірден тоя тамақтанса, болмаса тамақтан соң дереу ұйықтап не моншаға түссе, ас қорту кезінде асқазанға қажетті оттегі толық жетіспейтіндіктен бұл асқазанның созылуына, кейін келе асқазан қыжылына алып келеді. Сондықтан астан соң ешқандай дене әрекетінсіз аз уақыт кеудені тік ұстап отыру пайдалы. Медицинада қыжыл жүрек қан тамырлары және жүйке жүйесі аурулары әсерінен де пайда болады деп қаралады. Сондықтан қыжыл тек азықтықтар әсерінен болады деу қате көзқарас.

Халқымыз «ауру астан» деп бекер айтпаған. Қазіргі кезде адамдар қолайлылығына қарай көп тұтынуға дағдыланған жасанды азықтардың адам денсаулығына кері әсері өте мол. Себебі мұндай азықтықтар ұзақ уақыт сақталу үшін химиялық қосылыстар арқылы қатырылатындықтан ондағы қышқылдар ас қорту жүйесінің қалыпты қызметін бұзуы мүмкін. Шала дайындалған қышқылды тағамдарды көп жеуден мысалы, ұннан жасалған тәтті тағамдарды, жаңа демделген кисельдерді жегеннен кейін де көп адамдарда асқазан қыжылы пайда болады. Дегенмен бұл аса қауіпті емес. Асқазанға тамақ жақпаудан пайда болатын мұндай сезімдер жиі кезігіп жатады. Бастысы асқазан дертіне шалдығудан сақтану керек. Ол үшін асқазан қышқылын арттыратын тағамдарды, жасанды азықтарды аз тұтынуға дағдыланған жөн.

Асқазан қыжылынан жүкті әйелдер де көп зардап шегеді. Себебі токсикоздың әсерінен олар көп құсады, құсықтың әсерінен өңеш тітіркенетіндіктен, әрі жүктіліктің екінші бөлігінде уақытша болатын асқазанның кардиальді бөлігінің функциональды жетіспеушілігінен асқазан қыжылы пайда болады. Мұндай кездерде тамаққа тәбет азаяды. Асқазан ауруы бар науқастарда қыжыл көбінде кекірумен қатар келеді. Мұндай дертке шалдыққан науқастардың тамақтанған соң көкірек тұсы ашып, ыңғайсыздық пайда болады. Көбінесе қыжыл түзу жатқанда, еңкейгенде күшейеді.

Халық арасында асқазан қыжылын емдеудің бірнеше жақсы тәсілдері бар. Солардың ішіндегі ең коп қолданылатын түрі кәдімгі ас содасын қолдану арқылы қыжылды басу. Бір стақан қайнаған жылы суға бір шымшым ас содасын араластырып суды суытпай ішу керек. Асқазан қыжылы бар науқастар жылы минеральды су, сүт ішуге дағдыланғаны дұрыс. Себебі сүт асқазанға ең жеңіл әрі пайдалы тағам. Кей жағдайларда медициналық көмір ұнтағын сумен араластырып ішу арқылы да қыжылды басуға болады. Асқазан қыжылын басудың тағы бір тиімді жолы картоптың жаңа сығылған сөлін пайдалану. Бұл бір жағынан созылмалы гастриттің алдын алуға да әсер етеді. Картоп сөлін тамақтан 15-20 минут бұрын күніне 4 рет 1/4 стақаннан ішіп тұрсаңыз емнің өнімділігін екі аптадан соң-ақ байқайтын боласыз. Егер қыжыл басылса емделуді тоқтатпаған жон. Бұл тәсілді асқазан жұмысын жақсарту үшін күніне екі рет жалғасты қабылдай беруіңізге болады.

Қарапайым тұрмыста қыжылды емдеудің түрлері өте көп. Егер 80-100 г алма не сірке қышқылын тамақтанар алдында күніне бір рет 2-3 апта қабылдасаңыз, қыжылдан құтылуға болады. Құлмақ ұнын қоңыр түске жеткенше қуырып, үгітіп, елеп, күніне 3-4 рет пышақтың ұшымен алып, жей берсе де қыжылды басуға септігін тигізеді.

Егер қыжыл жарты ай ішінде аптасына үш реттен артық қайталанса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Өйткені асқазанның өзгеде қатерлі дерттерінің әсерінен қыжыл сезімі көп пайда болуы мүмкін. Қыжыл кей жағдайда тамақтан уланудың әсерінен де болады. Уланудың алғашқы белгілері тамақтанғаннан кейін 30 сағаттың ішінде білінетіндіктен әсте асқазан қыжылына сәл қарауға болмайды. Дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгініп, қажетті ем қабылдап тұру өзіңіз үшін қауіпсіз әрі пайдалы. Қыжылдан көп зардап шегетін науқастар майсыз асқан ет, құс еті, балық өнімдері және буға пісірілген тағамдарды көбірек тұтынуы керек. Жұмсақ пісірілген мұндай өнімдер ас қорту жүйесіне көп күш түсірмейді. Шығыс медицинасы бойынша көңіл-күйдің тұрақсыздығы да асқазан ауруына алып келеді. Өйткені қатты ашуланудан адамның бауыр қызметі бұзылып, асқазанға қан жетіспейді. Яғни қан айналысының қалыпсыздығы салдарынан жасушалық, ұлпалық меридияндар (жанканалдары) бұзылатындықтан, асқазанда болатын қатерлі ауруларды туғызады. Сондықтан әр қашан қыжылға сәл қарамай, дер кезінде себебін

анықтап, дәрігердің көмегіне жүгініп отыру керек.

Қыжылды тибеттік емдеу тәсілдері бойынша емдегенде мына нүктелерге иен қойылады.

Асқазан меридияны.

E.18. Жу-гэнь

E.20.Чэн-мань

E.38.Тяо-коу

E.44. Нэй-тин

Қуық меридияны.

V.20. Ни-шу

V.21. Вэй-шу

Алдыңғы-ортаңғы меридиян.

J.11. Цзуянь-ли

J.12. Чжунь-вонь

J.13.Шан-вонь

VB.34.Ян-лин-цюань

Меридияннан  тыс нүкте.

Чи-чжун (кіндік айналасындағы 4 нүкте)

Жоғары кеуде нүктелері:

E.25.Тянь-шу

E.36.Цзу-сань-ли

J.6. Ци-хай

RP.4. Гунь-сунь

Төменгі кеуде нүктелері:

GI.4.Хэ-гу

GI.2.Эр-цзянь

E.42. Чун-ян

F.13.Чжан-мэнь

 

Мамырбек Төкеш

 

Көкжөтелге

Көкжөтелге шаянды кептіріп талқандап, піскен жұмыртқамен бірге бір жолда жеп тауысады. Осылайша үш күн жалғастыруы керек.

 

Көккептердің өтін ақ шекерге араластырып, он күн ішсе, дерттен айығуға болады.

Балалардың жас шамасына қарай, лайықты мөлшерде борсық өтінен ақ шекерге тамызып жегізсе,  көрнекті өнім береді.

Ас қабақ тұқымын қыздырған тас кірпіштің үстіне қойып кептіріп, талқандап, қызыл шекер суымен күніне бірнеше рет ішкізу керек.

Қызыл мияның тамырын қайнатып ішсе, жөтелді жоғалтады.

 

Іш өтуге

Ақ ерменді қайнатып ішсе, іш өтуді (дизентерияны) тоқтатады.

Созылмалы іш өтуге ит мұрыннан 20-30г суға қайнатып ішсе пайдалы.

Бір балықты (өзен балығы болса тіпті жақсы) азырақ тұз салып, суға қайнатып, піскеннен кейін бірнешеге бөліп жеу керек.

100г шайды қайнатып, оған 60г балды қосып ішсе өнімі көрнекті болады.

Қой сүйегін күйдіріп, талқандап әр ретте 12-15г нан күніне 2-3 рет қайнаған сумен ішудің іш өтуге пайдасы мол.

 

Түберкулезге

Түлкінің кептірілген өкпесін талқандап, күніне 4-5г қайнаған сумен ішеді.

Түйе шұбатынан күнде таңертең үзбей 500 грамнан бір ай ісше, өкпе туберкулезі толық сақаяды.

Шігірткенің аяқ сызық қанатын, мұртын алып тастап, маймен қуырып нәтиже бергенге дейін жесе, өнімі көрнекті болады.

У сарымсақтан лайықты мөлшерде күніне бірнеше рет жейді, немесе у сарымсақты сірке қышқылына бірнеше тәулік шылап қойып жесе де болады.

Құлмақтан 5-6грамды қайнаған сумен бықтырып шай орынында ішсе, көрнекті ем болады.

 

Күйікке

Күйікке иттің майын тартса пайдалы.

Кептердің майы жақсы ем.

Қалақайдың (шақпашөп) жас жапырағын жаншып, нілін сығып алып, күйік жарасына күніне бірнеше рет жақса жара тез сауығады.

Лайықты мөлшердегі қарағкай қабығын күйдіріп, көмірге айналдырып, талқандап, електен өткізіп жараның беті тазартылған соң, су шыққан орынға себеді. Су шықпаған орынға күнжіт немесе өсімдік майларын жақса пайдалы.

Шикі рауа ағаштан лайықты мөлшерде алып, талқандап, жұмыртқаның ағымен араластырып жағу керек.

Қанаған суға күйгенде жас ошағаннан лайықты мөлшерде алып, жаншып, күйікке жалғасты бірнеше рет жағады.

Күйген орынға сірке суын жақса, ауырғанын басып, қабынудың алдын алады.

Бұғының қу мүйізін күйдіріп, күлін сиыр майымен араластырып жақса тез өнім береді.

Қаз, үйрек етінің қасиеті

Қаз, үйрек еттері дымқыл ыстықтық болады. Денені қуаттандырып,  ісікті қайтарады. Жасаңғырату, шәшті қарайту, теріні жұмсарту рөлімен қоса қайызғақты жоғалтады.Үйрек етінің дымқыл суықтық қасиеттегісі әлсіз адамдарға қуат береді.

Тауық, қырғауыл, ұлар етінің қасиеті

Тауық еті қашанда ыстықтыққа бейім. Әсіресе мекиян тауық еті дымқыл ыстықтық болады. Көкбауыр мен асқазанды қуаттандырады, желқұзды қуалап, бүйректі жақсартады. Тауық еті туыттан кейінгі әлсіздіктен айықтыруға пайдалы. Жалпы құс етін табиғатыңызға қарай орынды пайдалана білсеңіз көптеген ауруларды емдеуге болады. Ал, қасиетін дұрыс айыра білмесеңіз айықпайтын ауруларға кірптар ететін жағлайлар да кездеседі. Сондықтан да қазақ халқы «ауру астан» десе керек.

Қырғауыл еті – құрғақ ыстықтық. Сіңімді, қан толтыру, ішкі ағзаларды қуаттандыру қатарлы қасиеттерге ие. Қырғауыл миын кептіріп пайдаланса, үсік тастауға, жарақатқа, нерв әлсіздігіне шипалы ем болады. Тауық пен қырғауыл еті сорпасының қуаты тау мергиясынан да артық. Сондықтан аурудан айыға алмаған әлсіз адамдарға , қуаттандырғыш азық әрі шипалы дәрі.

Ұлар еті – ыстықтық.Ұлар еті денені қуаттандырып, етті жетілдіреді, қан толтырып, қанды тияды. Желқұз бен ревматизімге, асқазан, ішек әлсіздігі мен жарақатқа ем. Ұлардың миы ми аурулары мен нерв әлсіздігінеде жақсы шипа. Сондықтан қазақ халқы ертеден «ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?» деген тәмсіл арқылы ұлар етінің дәрілік қасиетіне тамаша баға берген.

Торғай еті. Құрғақ, ыстықтық қасиетке ие. Зиянсыз, уытсыз. Торғай етінің денені қыздыру, семірту, сіңірді күшейту, жүректі қуаттандыру және бүйректі қызметін дұрыстау рөлі бар. Торғай еті піскеннен кейін анар жеміс шырынынан немесе сірке суынан қосып жесе тез сіңеді. Суықтан болған әрқандай ауруға шипалы ем болады. Жыныстық гормонды күшейтіп, шауһатты (сферманы түзейді) көбейтіп, әрекетін күшейтеді. Әсіресе торғайдың миының рөлі ерекше қасиетке ие, тамаша дәрі.

Бөдене еті жылылық қасиетке ие. Еті дәмді болып, денені қуаттандырып, ішкі құрылысты жақсылайды. Демікпеге пайдалы. Сүйек бұлшық еттерін жетілдіріп, сіңірге қуат  береді. Өкпеге, көкабуырға пайдалы. Бөдене жұмыртқасы денені жұмсартып, адам клеткаларын қуаттандырады.

 

Ерін өзгешелігінен аурудың белгісін білу

Әдетте сау адамның ерні қызарып, албырап тұрады.  Егер ағзаңызда  дерт пайда болса,  ерінінде әртүрлі өзгешелік пайда болады.

 

Ерін ағару. Ерін ағару талықсудан, қолқа қақпақшасының толық жабылмауынан және қан аздықтан пайда болады. Ерін ағару жатыр ауруынан да пайда болуыда мүмкін.

 

Ерін қызару. Еріннің қып-қызыл болып кетуі жедел қызу ауруынан пайда болады. Көкбауыр қызбасы, тамақсау қатарлылардан да ерін қызарады. Көп жағдайда еріннің бөртіп қызаруы жасырын әлсіздік ауруына жатады. Егері үстіңгі ерін қызарып, астыңғы ерін бозарып тұрса, жүек, бүйрек қызметінің қалыпсыздығының белгісі. Еріннің ал күрең болуы қан ұйығандықан болады. Бұл өкпе-жүрек аурулары барларда, айталық ревматизм сипатты жүрек ауруы, тәж тәрізді артерияның қатаюынан болған жүрек ауруы, өкпе ісігі т.б. ауруы барларда көбірек кезігеді.

Ерні қызарып құсу – асқазан қызуының белгісі. Ерні қан қызыл болып кету – қызба ауруының белгісі болады.

Ерні қараю. Ерні қарайып, кеберсу – аурудың салмақты, қатерлі болғандығының белгісі. Ерін жиектері қарайып кету – көбнесе бүйрек қызметі тоқтағандықтың белгісі болады. Еріннің кеберсіп қараюы – арықтағанның белгісі. Ал еріні қошқыл тартып, теңбіл болып кетсе, ас қорыту жүйесінде ауру бар екендігінің белгісі болады.

Жоғары ерні теңбілденіп қараю – созылмалы жоғары бүйрек безі қызметі қатаюының белгісі. Еріні қараю – геморойдың кесірінен болады.

 

Тіл өңезінің қалыпсыздығы көп түрлі аурудың белгісі

 

Адам сәл жайсызданғанда ауру алдымен тіл өңезінен сигнал береді.

Ақ өңез. Тілге ақ талқан сияқты өңез жиналып қалу – уытты ыстықтан болатын оба ауруының белгісі деп қаралады. Тіл өңезінің қалың, ақ, жылтыр болуы тыныс жолының созылмалы қабынуының, бүйрек қабынуының,  демікпенің, тыныс жолының кеңеюінің белгісі болады. Бұл кезде жөтел қақырық молаяды. Тілдің ортасын ақ өңез басып кету – он екі елі (бармақ) ішек қызметінің қалыпсызданғандығынан дерек береді.

Сары өңез. Ас қорыту жүйесінде түрлі ауруы бар адамдарда, асқазан, ішектің созылмалы қабынуында, асқазан жарасы, бүйен қабыну, дағдылы іш қату, ас қорытуы нашарлау қатарлы асқазан-ішек қызметі бұзылғандардың тіліне сары өңез пайда болады. Сары өңездің қалың-жұқалығы аурудың ауыр-жеңілдігіне байланысты.

Әртүрлі жедел жұқпалы ауруларда, айталық таралғыш менингит, В типтегі менингит және сүзек дифтериясы ауруларына шалдығып, әрі дерт асқынған кезде тілде сары өңез пайда болады және ауыр дәрежелі өкпе қабыну, бауыр қабыну ауруларына шалдыққан кезде де, тілінде сары өңез пайда болады.

Қызу ауруы. Қызу ауруына шалдыққандардың тілінде көбінде сары өңез пайда болады. Адамның дене температурасы жоғарылаған кезде, денедегі сұйықтықтың жұмсалымы жоғарлап, сілекейі азайып, ауыз қуысы құрғап, қабынудан пайда болған секрациялар мен микро заттар тілге жиналып, өсіп-өнетіндіктен тіл өңезі сарғайып кетеді.

Күреңіту. Тіл өңезінің күреңітуі өт немесе қақпа вена қан тамырлары жүйесі қызыметінің қалыпсызданғандығының белгісі болуы мүмкін.

Қызару. Тілдің сол жағының ерекше қызарып кетуі – ұйқы безінің алғашқы қабынуының белгісі болы мүмкін.

Тілдің күйіп шанышқылап ауруы көп түрлі себептерде пайда болады. Айталық рухани ауртпалықтың ауырлауы, қамығу, ішкі күйзеліс, В витаминінің   жетіспеуі, аллергия қатарлылар.

Балалардың қорылдауы аурудың бір түрлі белгісі

Балалардың қорылдауы көп кезігетін жағдай. Көп адамдар мұны баланың жақсы, тәтті ұйықтағандығының белгісі деп есептейді. Іс жүзінде мұндай емес. Қайта ол аурудың бір түрлі белгісі.  Балалардың қорылдауының ең көп кезігетін себебі – өсу денешігінің қатты семіріп кетуінен болады. Көп жағдайда өсу денешігінің семіріп кетуі қабынудан пайда болады. Мысалы, ангина, мұрын қабыну ауруы сияқты. Қатты семіріп үлкейген өсу денешігі мұрын қуысын бітеп алып, тыныс жолы тарайғандықтан бала ұйықтаған кезде қорылдайды. Қорылдау баланың денсаулығына және бет әлпетіне ықпал жасайды. Ата-аналар баласы қорылдағанда емханаға апарып тексертіп, себебін анықтатып, қажетті емдік шаралар қолданғаны дұрыс.

 

Қарандыз немесе қарақурай. (конопля)

Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 15-50 см. Томар тамырлы. Тік өсетін сабағының ұзын жолды қырлары болады. Жапырақтары түп жағында кезектесіп орналасады. Жапырақ жиегінде ретсіз ара тістері бар. Өзен жағаларында, егістік алқаптарда, ылғалды жерлерде көп өседі.

 

Жинау және өңдеу.

Бұл шөптің тамырының дәрілік қасиеті мол. Көктем мен күзде қазып алып, сабағын алып тастап, топырағынан арылтып, жапырақтап турап тастау керек. Дәмі ащы кермек, уытсыз болады.

Көкбауыр мен асқазанды қуаттандырады, тәбетті ашады, ауырғанды басады. Іштегі баланы тыныштандырады.

1.      Бас ауруына және ұмытшақтыққа бірден бір ем. Қара андызды жаңбыр суына шылап,  нілі шыққан кезде, суын мұрынға тамызса, бас ауырғанды басады. Қарандызды талқандап, суға шылап (илеп),  маңдайға немесе самайға басса, ұмытшақтықты азайтады.

2.      Қарандыз тамырын тұмау тарқалған үйге тұтатып, түтінін искесе, тұмауды бәсеңдетеді, тұмау тиюдің алдын алады.

3.      Көкірек ауырғанда, жөтелгенде 4г қарандызды талқандап, ермен суымен ішсе, ауруды жеңілдетеді.

4.      Талқандап, електен өткізген қарандыз ұнтағын бал мен жақсылап араластырып күніне 3-4 рет жаласа, кеудедегі қақырықты тазалайды. Асқазан, көкбауыр және ішкі ағзаларды қуаттандырады.

5.      Жылан шаққанда 4г қарандыз ұнтағын, жүзім шырынымен ішсе, уытты терінің сыртына шығарады.

6.      Жүйке салдарынан асқазан қызметі бұзылғанда 9г қарандызды суға қайнатып ішеді.

Таңқурай

Таңқурай (малина). Бұл жапырақ төгетін көп бұтақты өсімдік, биіктігі 60-100 см. Өне бойында жиі өскен нәзік тікендері болады. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Ұзын сағақты, сабағының басындағы жапырақтары үлкендеу, жиегінде ретсіз ара тістері болады. Сұрғылт ақ түсті гүлі бар, жемістері сабағының басына орналасады. Таулы жерлерде көбінесе қорым жиегінде өседі.

Ем болатын аурулары.

Белсіздікке, шәуһаттың тоқтамауына 15-20г таңқурай жемісін суға қайнатып, бірнеше күн ішеді.

Бүйрек әлсіздігіне, несептің жиі-жиі келуіне 15 г таңқурайды, 15 г сары мияны, 9 г жаужұмырды, 9г таует сіркесі мен 9 г бұғы мүйізі желімін, 9 г албұршақты суға қайнатып ішсе өнімі көрнекті болады.

Тал.

Тал биік өсетін ағаш. Жапырағы кішкене, ұзыншақ, гүлі көктемде жапырағымен бірге көктейді, сарғылт түсті, азырақ хош иісі болады. Талдың ең жақсысы су бойында өседі.

Жинау және өңдеу.

Гүлін жазғытұрым үзіп алып, көлеңкеде кептіреді. Жапырағын күз маусымында кептіріп сақтайды. Тамырын күздің қай мезгілінде болса да алуға болады. Гүлі, тамыры, жапырағы дәмді, усыз болады.

Ем болатын аурулары.

Бөртпенің терінің бетіне шықпауына, бадамша бездің ісінуіне, тілмеге, күйікке, тіс аурулырына пайдаланады.

Несептің түсі өзгеріп келсе, аз мөлшердеге тал жапырағын қайнатып шай орынында ішеді.

Дизентерия болып, дәрет көп жалқақтанса (сұйылса) талдың жапырағын қайнатып, күніне екі рет ішеді.

Талдың жапырағын бықтырып қайнатып, азырақ тұз салып, суымен асқынған қотырды жуады.

Қастың түсуін тоқтату үшін талдың жапырағын кептіріп, талқандап, жемжеміл суымен араластырып, қасқа жағады.

Шиқан шыққанда, сүт безі қабынғанда, талдың жапырағын суға қайнатып, самасын сүзіп тастап, қоюланғанша қайнатып, дәрі қоймалжың болғанда, жараның аузына таңады.

Пайдалану: 3-6г шамасында дененің сыртына белгілі мөлшерде жағады.

Қамыс. камыш тростник

Қамыс – көп жылдық, биік әрі тік өсетін шөп тектес өсімдік. Тамыры, сабағы көлденең өседі. Көп буынды болады, буындарында өркені болады. Қандауыр тәрізді, ұшы өте үшкір жіңішке жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлі үкі тәрізді шашақты, сабағының ұшар басына орналасады. Сазды жерлерде, көл, өзен жағаларында өседі.

Жинау және өңдеу

Қамыс тамырының емдік қасиеті мол. Қазан айларында қазып алып, ұсақ шашақты тамырын және өркенін алып тастап, тазалап жуып, кептіріп, ұсақтап турап тастау керек. дәмі тәтті, усыз болады.

Ем болатын аурулары.

Ыстықты қайтарып, денедегі сұйықтықты көбейтеді. Құсықты тоқтатады.

Өкпенің іріңді ісігіне, кеңірдекшелердің кеңеюіне 30 г қамыс тамырын, 15г түйнекқонақты, 9г шабдолды, 30г көк асқабақ дәнін суға қайнатып ішеді.

Жүйке әсерінен құсқанда қамыс тамырынан 15г, қызанақ (памидор) сабағынан 6г, жемжемілден 3 тал жапырақшалап кесіп, суға қайнатып, салқындағанда ішеді. Қамыс сабағы ыстық көтерулуге, шөлдеуге, қызылшаға, дененің сарғаюына, асқазанның ыстығы асып құсуға, несептің аз әрі сарғайып келуіне де жақсы емдік қасиеті бар.

Қызылша сыртқа шықпағанда, 30г қамыс тамырын, 7 тал аскөк тамырын, 6г бақа жапырақты суға қайнатып ішеді.

Моншақжүзім

Моншақ жүзім – көп жылдық бұта тектес өсімдік. Сабағының ұзындығы мөлшермен 2-3м болады. Саусақ тәріздес жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көк түсті жапырағына қарама-қарсы орналасады. Ауа-райы ыстық жерлерде егіледі.

Жинау және өңдеу.

Моншақ жүзімнің жемісінің көп дерттерге жақсы емдік қасиеті бар. Күзде піскенде жинап алып көлеңкеде кептіреді. Дәмі тәтті, усыз болады.

Ем болатын аурулары.

Қызылшаны сыртқа шығарады, несепті молайтып, уытты қайтарады.

Қызылша сыртқа шықпағанда, 15г моншақ жүзімін, 9г қамыс тамырын, 9г аскөк тамырын суға қайнатып ішеді. Кей жағдайда тек моншақ жүзімінің 15г суға қайнатып ішсе де болады.

Несеп жолы қабынып қызғанда, іштегі бала тынышсызданғанда да пайдаланса жақсы өнім береді.

Пайдалану мөлшері 2.5-4.5г шамасында болу керек. моншақ жүзімнің құрамында әртүрлі қант, дәрумендер және темекі қышқылы болады.

Қарағай

Қарағайдың бұта, буындарының дәмді кермек, усыз келеді.

Жинау және өңдеу.

Жылғылған қарағайдың бұтағындағы шайырлы буынын кесіп алып, ұсақтап турап кептіру керек.

Ем болатын аурулары.

1.      Желқұздың әсерінен болған буын қабынуға 9г қарағай бұтақ буынын, 6 г қой балдырғанды, 9 г бірсаларды, 9 г тұт ағашы бұтағын араластырып суға қайнатып ішеді.

2.      Тіс қақсап шыдатпағанда 30г алақат тамыры қабығын, 30 г қарағай

бұтақ буынын суға қайнатып, ауызды шайқайды.

3.      Терінің қабынуына қажетті мөлшердегі қарағай бұтақ буыны мен

ащы ерменді бірнеше күн спиртке шылап, теріге жағады.

Можы

Халық емшілері можыны ертеден түрлі ауруларды емдеуге көп пайдаланған.

Ем болатын аурулары

 

1. Іш өтіп, үлкен дәреттен ұзақ уақыт қан келгенде 3г талқандалған можыны қайнаған сумен ішеді.

2. Жараланып қан шыққанда, жараланған жерді спиртті мақтамен тазалап сүртіп, талқандалған можыны сеуіп таңады.

3. Можыны сірке суына қайнатып, піскеннен кейін жаншып, тістің құрт жеген қуысына тығып қойса, ауырғанды басып, тісті шіруден сақтайды.

4. Бөбектердің кіндігі сыртқа үлкейіп шыққанда можыны суға қайнатып, жаншылғаннан кейін кіндікке таңса жазылады.

5. Можыны суға қайнатып, сумен шашты бірнеше рет жуса шашты қарайтады.

6. Можыны майдалап талқандаған соң електен өткізіп, насбай ретінде атса, мұрыннан аққан қанды тоқтатады.

7. Кеңірдекше қабынғанда бір дана можыны ауызға салып, суын жұтса,  тамақтың жыбырлағанын ауырғанын басады. Ішуге 4г ға дейін беріледі.

Мүсәтір. (хлорлы аммони)

Бұл сызық ақ түсті кристал

 

Тотияйын

Жинау және өңдеу

Мыс кендерінен қазылып алынады. Немесе күкірт қышқылы мен мысты химиялық жолмен әрекеттерстіру арқылы да алуға болады. Бұл зат ауада оңай ыдырайтындықтан, аузы берік ыдысқа сақталады. Кермек дәмді, улы болады.

Ем болатын аурулары

Бидайдың үлкендігіндей тотияйынды шыны түбіне құйған сиыр сүтіне езіп, дәрі әзірлейді. Теміреткінің айналасын тазаланған инемен тырналап, қанды сары суын шығарып, әзірленген дәріні күніне екі-үш рет жағады.

Баспа болғанда (тамақ жедел қабынуын), 7 г тотияйын мен 15 г жібек құрт қозасынан (қуырып) қосып талқандап, тамақтың ішіне үрлейді. (сілекейді жұтпау керек)

 

  1. Менің балам жиырма жасқа толды. Мектеп қабырғасынан-ақ оның тай-құлындай бірге тебісіп өскен достары дұрыс болмады. Ерте жастан қатарластарына еліктеп шылым шекті,  ішімдікке әуес болды. Шымкенттегі жоғары оқу орындарының біріне бар жиған-тергенімді сатып, оқуға түсірдім. Онда да түзу жолға түспеді. Жалпы ішімдікті қалай қойғызуға болады? Темекіден арылудың жолы бар ма?

 

Төленді Жансейітов

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Отырар ауданы

Ж: Балаға алдымен маралдық тәрбиеден гөрі рухани тәрбие берген маңызды.Оларға киер киіммен, ішертін асын тауып беріп, жылы жаймен қамтамасыз етуідің өзі тәрбие деп түсінетіндер бар. Бұл – тек қана ата-ананың ұрпақ алдындағы парызы. Ал рухнаи тәрбие – ұлттық мінезге құрылған, дни сауатты, қоғамдағы барлық былық пен жаман әдеттен ада адам болып қалыптасу. Бұл үшін балаға кішкентай күнінен бастап, кішіні аялап, үлкенді құрметтейтін, өзгелерге мейіріммен қарайтын мінезді үйреткен жөн. Халқымыздың хисса, батырлар жырын көп оқытып, ауыз әдебиетімен барын барынша сусындату керек. Ал темекі мен арақтан аулақ ету үшін түрлі салауатты өмір салтын насиқаттайтын, темекі мен арақтың зиянын ашашап тұрып түсіндіретін басылымдарды көп оқыту керек. Мысалы біздің орталықтың жанынан шығатын «Жас-Ай» журналы салауатты өмір салтын насиқаттайтын, әрі әр сан сайын арақ-темекінің зиянын түсіндіретін бірден бір басылым. Өзін-өзі күтпей, мұндай зиянды заттарға көп үйір болған адамның бауыр қызметі  нашарлап,  өкпе, тыныс жолы ауруларына тез ұшырайды. Тіптен ауыр болған жағдайда рак өсплерін туғызуы мүмкін.

Шығыс-тибет медицинасы бойынша адамға арақ-темекіні іздетпейтін нерв нүктелері болады. Сол нерв нүктелеріне ине қондыру арқылы арақ темекіге екінші жоламайтындай етіп емдеуге де болады. Дегенмен мұндйа нервтік емдеуден гөрі балаға психикалық тәрбие беру ең маңызды. Ата-аналар әрқашан балаға мән беріп отыруы керек. Оның көңіл-күйін біліп, салауатты өмір салтын ұстанып жетілуіне демеу болуы тиіс. Сонда ғана бала қоғамның көлеңкелі тұсынан аулақ жүреді.

  1. Сәлеметсіз бе, академик Жасан Зекейұлы! Сіз секілді маған көмек бере алатын дәрігер бар екенін естігенімде менің сауығуға деген үмітім оянды.  Мен бала күнімнен мүгедекпін. Жалғандағы аурудың барлығы менің бойыма жиналғандай. Менің көзіме  катаракта, құлағыма есту нервінің невриті диагнозы қойылған. Бұдан басқа асқазан қабынуынан(гастрит), өт қабының қабынуынан(холецистит), қуық асты безінің қабынуынан(простатит), жүрек  қыспасынан (стенокардия) бейнет шегіп келемін. Сіздерде емдік курс қанша уақыт жүргізіледі және қалай емдейсіздер?

Бекзат Жолжелкенов

Павлодар қаласы

Жауап: Шығыс-тибет медицинасының негізгі емі – ине терапиясы. 1 курстық ем 10 күн және қосымша тибеттік шөп дәрілер беріледі. Сіздің айтып отырған дерттеріңізбен біздің орталыққа келіп ем алып, ауруынан құлан таза айыққан науқастар көп.

 

  1. Мен тік ішектің қабынуынан (проктит) зардап шегіп келемін. Шығыс-Тибет медицинасында бұл ауру қалай емделеді?

Жұмабек Қанатбаев

Жезқазған қаласы

Жауап: Шығыс-Тибет медицинасында проктит, яғни тік ішектің қабынуын ине терапиясы арқылы емдейді. 1-2 курс ем алу керек.  Бұған қосымша тибеттік емдік шөп дәрілер және мазьдар беріледі.

 

  1. Мен зейнеткермін. Жасым 68-де. Мені біраз уақыттан бері беломыртқам мазалап жүр. Компьютерлік томографиялық тексерулерден өттім. Онда маған  остеохандроз, бүкіл омыртқаның протрузиясы, омыртқааралық жұлынның артрозына ұшыраған деген диагноз қойылды. Сіздерге барып емделгім келеді, бірақ қалтам көтермейді ме деп қорқамын.  Емдік курстарыңыз қанша тұрады және бұл аурулардан жазыламын ба?

Күлбағила Сеңгірбаева

Атырау облысы

Жылыой ауданы

Жауап: Біздің емдеу тәжірибемізде мұндай аурулар жиі кездеседі және дерттеріне дауаны осы жерден тапқан сырқат адамдар көп. Оның барлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Бас дәрігердің бұйрығы бойынша біздің медицина орталығымызда зейнеткерлер мен мүгедектерге айтарлықтай жеңілдіктер жасалады.  Сіздің де келіп ем алуыңызға болады.

 

  1. Мен жүктіліктің алтыншы айындамын. Баспам(ангинам) жиі көтеріледі. Тыныс алуым қиындайды. Анемиямын(қаназдық).Қан қысымым көтеріңкі болады. Жүктілік кезінде ем жасалады ма?

Сандуғаш Әбусейітова

Жамбыл облысы

Мойынқұм ауданы

 

Жауап: Жүктілік кезінде ине терапиясын алуға болады, яғни жүктілікке кері әсері болмайтын нүктелерге ине қойылады.

 

  1. Менің шашым бұрын ұстара өтпейтіндей қалың әрі қайратты болатын. Отыздың ордасын бұзбай жатып шашым ағарып, ағарып қана қоймай шашым түсіп, төбем таз болып қалды. Не істесе болады?

 

Нұрсағит Басшыбай

Астана қаласы

Жауап: Шығыс-Тибет медицинасының басты ерекшелігі –ауруды туғызатын себебін тамыр ұстау арқылы дәл анықтау. Аурудың себебі анықталған соң белгілі нүктелерге ине қойылады. Ине терапиясымен бірге тибеттік емдік шөптер, сонымен қатар шаштың өсуіне және қараюына көмектесетін, шаштың түбіне жағатын сұйықтықтар беріледі.

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80