Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80
№1 «Жас-Ай» | Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

г.Алматы, Проспект Аль-Фараби, уг. ул. Розыбакиева
(ул. Витебскея № 42), новое название Жетысу 83а

 

г.Астана, ул. Куйши Дина 37/1

АЛТЫН ИНЕМЕН ЕМДЕЙТІН АЛТЫН ҚОЛДЫ АДАМНЫҢ ЕМІ… 

Терісінің 90 пайызы псориазға шалдыққан Әбусағит Молдахметов осы аурудың зардабын ұзақ жылдар бойы тартады. Науқастың айтуынша, емделмеген жері, көрінбеген медициналық мекемесі қалмаған ол арғысы Германия, бергісі белорус еліне дейін шарлап қайтқан. Ондағылардың бәрі дерлік жазылмайтын ауру деген диагнозбен шығарып салған.

Сөйтіп, соңғы үмітін арқалап, «Жас-Ай» Шығыс- тибет медициналық орталығына келеді. «Қазақ радиосындағы» «Денсаулық» бағдарламасынан орталықтың басшысы Жасан Зекейұлымен болған «Тибет медицинасының маңызы» тақырыбындағы сұхбатты естіп қалады. Сол себепті емдеу мекемесінен жазылармын деген сеніммен «Жас-ай» орталығына аяқ басады.

«Тіпті, қонаққа барудан қалдым. Түнемеге бірақ баратын жерлерге мүмкіндігі болса, қонбай, қайтуға тырысатынмын. Мұның бәрі – сол құрғыр аурудың кесірі,» – деп көз жасын бұлап келген науқас, екі курс емнен соң, өзінің айыға бастағанын  байқайды.

Мекеменің «Алғыс хаттар» топтамасына жазған лебізінде ол:«Алдымен Алланың ризашылығы, содан кейін осы медициналық мекеменің басшысы Жасан Зекейұлының алтын қолының емінің арқасында, екі курстан соң-ақ құлан-таза жазылдым» – деп еске алады.

Сөйтіп, ол үшінші курс емді толық бітірмей жатып, псориаз дертінен толық айығады. Түсінгенім – ауруынан жазыламын деген адам, емделетін жеріне сеніммен барғанда ғана, жақсы нәтиже болатын сияқты. Менің осыған көзім жетті,» – дейді орталыққа шексіз алғысын білдірген алматылық 58 жастағы Әбусағит Молдахметов.

***************************************************************************

ПЕРІШТЕ СЫЙЛАҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН!

 

Сегіз жыл перзент көтере алмай, ақырында бедеулік диагнозы қойылған Гауһар Кәрімова атты келіншек те ауруының емін осы орталықтан табады. Мұндағы дәрігерлердің басты ұстанатын медициналық тәсілі – кез-келген ауру түріне диагноз  қоймастан бұрын, ең алдымен ол дерттің себебін анықтайды. Осындай әдіспен Гауһар Кәрімованың ауруының себебін ішегінің қабысуы (спайка) ауруымен байланыстырады.

Бедеулік ауруын емдетемін деп Гауһардың да бармаған жері қалмайды. Соңғы кездері қаптап кеткен ақылы әйелдерді емдейтін медициналық мекемелердің табалдырығын қалтасындағы соңғы ақшасын түгескенше тоздырады.

Бәрібір жақсы нәтиже болмағандықтан, бір құрбысы арқылы инемен емдейтін «Жас-ай» орталығы туралы естіп, осында келеді. 2 курс емнен кейін, құрсақ көтереді.

Қазір Гауһар жүктіліктің жетінші айында. «Көптен күткен арманым орындалды. Тіл көзім тасқа, әрбір отбасына осындай үлкен қуаныш сыйлап отырған «Жас-Ай» тибет медициналық орталығы дәрігерлерінің еңбегі орасан деп білемін. Отбасымызға періште сыйлаған ақ халаттыларға деген  шексіз алғысымды қалай айтарымды да білмей отырмын,» – деп қуанышымен бөліседі.

****************************************************************************

 

АУРУМЕН АРПАЛЫСҚАН КҮНДЕР АРТТА ҚАЛДЫ 

Мақтағали Бектемесов алғаш  «Жас-Ай» орталығына екі адамның сүйемелдеуімен әрең келген. Ол кісіні медициналық орталыққа туыстары көтеріп алып келеді. Науқасқа – Омыртқа аралық диск жарығы, бел-құйымшақ омыртқалар острехондрозы деген диагноз қойылады.

Өмірінде алғаш рет, онда да тұра алмай қалатындай деңгейге жете науқастанған ҚазҰПУ-ніңпроректоры Мақтағали Бектемесовтің туыстары әрине қорқып кетеді. Өйткені, үш-ақ күн ішінде әшейін жеңіл-желпі сырқат емес, беломыртқа жарығына шалдығып, ауырып қалады.

Айналасы екі-үш күннің ішінде төсекке алып ұрған ауыр дерт Мақтағалидың туыстарын бірнеше медициналық мекеменің есігін қағуға мәжбүрлейді. Алайда, барған жерінің бәрі бұл дерттің бір ғана емі бар – ол операция жасау арқылы ғана жаза аламыз, – дейді. Пышаққа түсуге бірден шешім қабылдай алмаған ол, сұрастыра келе, таныс жолдас-жарандарынан естіп, «Жас-Ай» тибет медициналық орталығына келеді. «Жас-айды» нұсқап жібергендер осы медициналық мекемеден ем алған көрінеді.

Әуеліде аурудың жанына батқаны соншалықты, «Менің беломыртқамды алуға операция күтіп тұр. Сізге келіп, уақытымды текке өткізіп алмаймын ба?», -  деген күмәнін де жасырмайды. Оған «уақыт өткізіп алып, белінен тұра алмай қалмай ма?» – деп жұбайы да қосылады. Тіпті, бұл емнің қаншалықты кепілдігі бар деп сұрайды.

Орталық басшысы Жасан Зекейұлы  «Адам өміріне, әсіресе, денсаулыққа кепілдікті тек Алладан өзге ешкім бермейді. Ал ақ халаттылар Алладан асып ешнәрсе жасай алмайтынымыз хақ. Сізді алдымен Алла қолдасын! Алланың көмектескені сол -  Сізді бізге жіберіп отыр, – дейді. – Себепші болып, айығып кететініңізге көзім жетеді» – деген орталық басшысының сөзі оған қуат беріп, емін бірден бастап кетеді.

Сөйтіп, тибет медицинасы негізіндегі инемен емдеу тәсілін 10 күн үзбей алып, алғашқы бес күннен соң, емнің әсерін сезе бастайды.

«Үш күннен соң, түнімен ұйықтай алмайтын әдетімнен арылдым», – деген науқас, бес күннен соң, ешкімге сүйенбей, ақырын жүргенін айтады.  Тіпті, жұмысым қарбалас деп сұрануды  шығардым», – деген азамат аурумен арпалысқан ауыр күндерін бүгінде қуана еске алады.

Аяғым қатты ауырып, баса алмай, «Жас-Ай» медицина орталығына келдім. Дәрігер Жасан Зекейұлы тамырымды ұстап, бел омыртқамда жарық бар екенін айтты. Кейіннен рентгенде бел омыртқамда ауытқушылық бар екені анықталды.

Дәрігердің қарауынан кейін 3- күннен соң аяғымның ауырғаны басылды. 10 күндік сеанстан кейін анағұрлым жақсы болдым.

Жасан Зекейұлы бастаған ұжымға алғысым шексіз.

Данияр Есен

«Қазақстан» ұлттық телеарнасынан

***************************************************************************

Мен, Қилыбаева Қалжан 2006 жылдың наурыз айын ең сәтті күндерге балаймын. Себебі осы айдан бастап, Жасан ағайға келіп емделдім. Көп жылдан бері бала көтере алмаған болатынмын. Екі курстық ем қабылдағаннан кейін-ақ өзімнің жүктілігімді байқадым. Жасан ағайға алғысым шексіз. Әрдайым қолынан шипа кетпей, елдің ыстық ықыласына бөленуіне тілектеспін. Ұжымға алғысым шексіз.

 

Құрметті «Жас-Ай» ризамыз саған.

Халықты шипалы емдеуге даяр болған.

Ұл-қыздарың мерейі үстем болсын.

Аман жүр қазақ үшін Жасан балам.

Қазақтың рухын жоғары бағалаған,

Иязы иман жүзді көп екен адам.

Жасан, Серік ағалардан өнеге алған,

Медбике қыздарыма табыс тілейді Ғапура апаң.

*************************************************************************

Мен, Ғапура Сейдолдақызы сол жақ денем сал болып, Жасайға жүре алмай келген едім. 10 күннің ішінде өзім жүріп тұратын халге жеткізген Жасан Зекейұлының «Жас-Ай» медицина орталығына алғысымды білдеремін.

Алла Тағаланұры жауғыр балам Жасанға ризашылығымды білдіремін. Басым ауырып, қан қысымым көтеріліп, көзімнің де қан қысымы көтеріліп, бетімнің жүйкесіне сауық тиіп, бірнеше жылдан бері азаптанған едім. Мұрным гайморит. Жасанға келіп, 4 курс ем қабылдап барлық дертімнен айығып шықтым. Дәрігерлердің, медбикелердің ілтипаты ауруымның жеңілдеуіне көмектесті. бір қабақ шытқанын байқамадым. Үлкен кісілерді ата анасындай көріп сыйлап, асқан қонақжайлылықпен қабылдап, ақ көңілімен шығарып  салды. Барлық ауруың жылы-жылы сөздерінен кейін жазылып кеткендей күй кешесің.

Бірнеше күннің ішінде өз бауырларымдай жақын тартып кеткен медбикелерге, дәрігер балаларыма амандық тілеймін. Адамгершіліктеріңізді құдай қолдап, Алланың нұры жаусын. бір-біріңмен ағайындай сыйласқан ұжымдарың берік болсын.

66-жастағы апаларың Аянкүл Тараздан.

 

**************************************************************************

Адамға денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ қой.

Өзінің шын жүрегімен, терең білімімен, біліктілігімен ауруларға адал еңбек етіп, денсаулығына шипа жасап отырған Жасан Зекейұлына , медбике қыздарға үлкен адамгершілік алғысымды білдіремін. Қолдарыңызға құдай қуат берсін.

Ілім беру ісінің үздігі,

Құрмет белгісінің иегері

Ұстаз Тенеиев Дәуіт

Жаркент қаласынан

Халықаралық ақындар айтысының жыр мүшәйралардың жеңімпазы

Қайрат Құл-Мұхаммед

Көзінен шипагердің нұр кетпейді,

Ізінен жақсылардың гүл көктейді.

Жақсының жақсылығын айту парыз.

Қалай алғыс айтуға тіл жетпейді.

сіздердей жаны жайсаң абзал жанды,

неге жұртым шынайы үлгі етпейді.

Халық үшін ашылған емханамыз,

Арманның биігіне шын беттейді.

Жасасын біздің ЖасАй емханамыз,

Іздерді халық солай құрметтейді.

«ем» деген күрделі нәрсе. Адамды сөзбен де, дәрімен де емдеуге болады. ЖАСАЙда оның екеуі де бар. Алдағы уақытта Жасанның орталығы халыққа кеңінен танылуын қалар едім. Себебі біздің елімізге мұндай орталықтар қажет ақ.Құны да төмен, дәрілері де арзан орталыққа келіп өзімді біліті маманның қолында екендігімді сезінгенімде Аллаға шүкіршілік етемін. Б айналайын, аған Алла разы болсын. Елге деген қызметің елеулі болсын.

 

Денсаулық, дене жаттығулары, тамақ жайындағы даналар сөзі.

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу – білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе.

 

Ғабит Мүсірепов

Егер тән ауырса көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылыс.

Әл-Фараби

…адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.

Әл -Фараби

Жігітке мықты дәулет амандығы,

Қанағат барға етпесе надандығы.

Нұржан Наушабаев

Жігітке дәулет те көп, байлық та көп,

Қызығы дүниенің есен – саулық.

Төреқожа Қанқожаұлы

Өміріңді байлық қыл, пайдасы болсын ізгілік.

Жүсіп Баласағұн

Бас аман болса, бөрік табылады.

Қорқыт ата

Жігіттің дені сау болса сол – дәулет

Құтып

Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді

Сайф Сараи

Дене құбылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз  - тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен руһ бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Ибн Сина

Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді

Ибн Сина

Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл – қуатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш – қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.

Ибн Сина

Өмір қимыл қозғалыты талап етеді.

Аристотель.

Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбейді

Сайф Сараи

Шақтап жесең – рахат көресің,

Көп жесең – кіріптар болып өлерсің.

Ильяс Назами

Егер ұзақ өмір сүргің келсе… онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер.

Ибн Сина

 

Бел омыртқа жарығы

Бел омыртқа жарығы – қазіргі таңда жиі кездесетін аурулардың  біріне айналып отыр.

 

Адам жасы ұлғая келе, сүйек майы мен сүйектің өзіндегі кальцилік өзгеріс пен тарамыстарының серпінділігінің азаюына байланысты омыртқа арасында дәнекер болып тұрған сіңір созылмалы түрде ішкі ағзаның әлсіреуінен, қабынуынан желіне бастайды. Ұзақ уақыт бойы желінуге ұшыраған сіңір созылып,  жұлынға тікелей әсер етеді. Міне, осыдан келіп бел омыртқасы жарығы пайда болады. Ішке қарай қысқанжағдайда адам орнынан тұра алмай қалады. Ал, оң жаққа қысқанда, екі жақтық жұмыс әрекеті  түгелдей қалыпсыздыққа ұшырайды.

Бел омыртқа жарығының пайда болу себептері ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі себеп – қалыпты тұрмыстық жағдайда бел омыртқаларының әрқайсысына, яғни, белдемелеріне ішкі қысым арқылы күш түсуі. Соның әсерінен омыртқа арасындағы сіңір қысымға ұшырап, пішінін өзгертеді.

Сыртқы себеп – қалыпты тұрмыс әрекетінде, жұмыста үнемі белдің бір қысымдық өзгеріске ұшырауынан  немесе шектен тыс қимыл жасаудан пайда болады. Бірқалыпты әрекет барысында кенеттен ауыр салмақтағы заттарды көтерсе, омыртқа арсындағы сіңірлер қысымға ұшырап, шегінен асып кетеді. Бел омыртқа ортасындағы сіңір тарамшалары ауыр салмаққа шыдай алмай, жарылады немесе таяды.

Сыртқы себептің келесі түрі бар. Ол адам бір орыннан қозғалмай отырып, белдің қатып қалуынан бел омыртқа арасындағы сіңірге баратын астық дәрумендік қан айналым жүйелері жабылып қалады да,  сіңірдің жақсы өспей, қатып қалуы мүмкін. Осындай өзгерістен барып, бел омыртқасының жарығы немесе бел шойырылу орын алады.

Сыртқы себептің өзге де түрлері көп. Оның ішінде жарақат алу. Мәселен, түрлі жағдайда  бел омыртқаға жарақат түссе немесе сыртқы қысымдық күшпен ұрылу әсерінен омыртқа  жарығы пайда болады.  Көп уақыт суық жел өтінде отырып, жұмыс істеген адамның бел омыртқасында  суықтан сары су жиналып, сіңірлерде өзгеріс пайда болады. Қалыптылық дәрежесі бұзылады. Сөйтіп, ісініп,  қабына бастайды. Тарамыстана түседі. Бұлшық ет тартылып, бел омыртқасындағы табиғи қимылдауға тиісті бел омыртқалары өзара қысымға ұшырайды. Бұл дами келе осы бел омыртқасының жарығына алып барады.

Клиникалық тексеру

Бел бұлшық еттерінің қимылдау дәрежесін еңкейген адам тізесін бүкпей қолын жерге тигізе алатындығымен анықтауға болады.

Адам беті тегіс төсекке жатып, тізесін бүкпей, екі аяғын бірдей жоғары көтереді.  Бел омыртқасы сау адамдар, медицинада дәлелденгендей, 90 градус жасап көтере алады. Ал бел омыртқасында жарық пайда болған  адамдар 45, 30 градус бұрыш жасап қана көтереді. Кейбір науқастар, тіпті, аяқты қозғаған кезде-ақ, белінің ауырғанын бірден байқайды.

Бел омыртқа жұмысын түрлі жүйке жасушалары басқарып отырады. Оны дәрігерлер тексеру аппаратымен денені сызып  тексереді. Сызған нәрсені сезінуі әлсіз болса, онда осы белгісіне қарап, ол науқастың бел омыртқасы  жарығымен ауыратындығын анықтаймыз.

Денені тексерудің де көп жақтары бар. Ауру адам екбетімен жатып, арқасынан, бел омыртқасынан тартып, көкірек омыртқасына дейін барлық омыртқаны дәрігер адам қолымен басып көреді. Сонда бел омыртқасының ортасындағы жарығы бар жерде дәрігердің қолы тиер-тиместен науқаста ауырсыну пайда болады. Сол арқылы ауырсыну нүктесін табады.

Ауылдық мекемедегі дәрігерлер ауруды осы анықтау тәсілдеріне қарап,  диагноз қояды. Қазіргі медицина ғылымының жаңа жетістіктері – дәрігер тексеріс жасағаннан кейін, тез арада анықтаушы құрылғыларға барып, қаралуды нұсқаймыз. Алдымен рентген мен компьютерлі томографиядан, болмаса магнитті резонансты тексеруден өткіземіз. Ол нәтиже біздерге күдікті болып тұрған диагнозға қай жерде, қай нервтің қысылып тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді. Қай бел омыртқасының жарылғандығын, ішке, әлде сыртқа немесе оңға, болмаса солға тайғандығын анықтап, ол ауруға диагноз қоюға толық негіз бар.

Егер ауырған адамның қозғалуға мүмкіндігі болмаса, оны қатты төсекке жатқызып, қозғалтпай, емдеу мекемелеріне алып барады. Науқас таяқ көмегімен жүре алатын болса, оны ептеп сүйеп апару керек. Қазіргі дамыған Қытайдың өзінде бел омыртқасының жарығын тоқсан пайыз отасыз (операция) емдейді. Өйткені бел омыртқасы оталарын жасау аса қауіпті. Мұндай қадамға аса қажетті жағдайда ғана барады.

Осы тұста, Қытай тибет медицинасы өзінің мүмкіндігін жақсы пайдаланады. Бел омыртқаларындағы жарық болған сіңірді арнаулы нүктелерге ине қою арқылы жазуға болады. Қозғалыс жүйесін инелердің әсерімен қоздырып, ішке тайғанын сыртқа, шетінегенін оңға жылжытып қалпына келтіреді. Ол кезде инені қыздыру, әр инені бір жарым екі минуттан қыздыру талап етілетіні сөзсіз. Инеге қосылатын жүйкенің тартылуын қуаттандыратын қосымша құрылғы қосылады. Қазіргі заманға сай физиоем жүргізіледі. Қан жүріп, өзгеріс басталғанда, ауру да тыныштала бастайды. Өте ауыр дәрежедегі науқастың тыныс алуын, ауырған жерін жеңілдету нүктелері бар. Соған ине қойып, ауыруды тыныштандырады.

Ал оның көмегі де аз болса, қазіргі заманғы тыныштандыру инелерін пайдаланамыз. Содан кейін магнитті банкілер қойылады. Ол банкілерді бел омыртқасынан ары-бері жүргізеді. Сол кезде банкілердің пайдасымен тартылып қалған сіңір немесе омыртқа жарығы қалпына келе бастайды. Осындай ем әдісін әр күні жарты сағаттан бір сағатқа дейін жүргізіп, он күндей ем алу керек. Сол он күн барысында науқастың бел әрекетінің жеңілдеуі бақыланады. Үлкен, кіші дәретінің талдау қорытындысына қарап, ем әсерінің   болған, болмағандығы анықталады. Тұрмыстық қимылға белсенділігі қаншалықты деңгейде екені   анықталады.

Науқастың осы бел ауруымен қосымша бүйрек, бауыр, жүрек жұмысының, аяқтардағы ісіктің бар жоғының бақылануын қатаң ескеру керек. Өйткені, бел омыртқасының қысылуы бел омыртқасының айналасындағы ішкі органдарға да әсер етіп, бүйрек жұмысын нашарлатуы мүмкін. Сондықтан бел ауруын емдегенде, қосымша ауруды да емдеуді қолға алған ләзім.

Бел омыртқасы жарығының қысылуында да  ауру асқынбай тұрғанда жақсы нәтиже береді. Ем неғұрлым ертерек басталса, аурудың қайтуы да тез болады. Созылып кеткен ауруларды да емдеуге болады. Бірақ оның емделу уақыты да ұзарады. Қатып қалған омыртқа арасындағы сіңірлердің қалпына келуі де қиын.

 

Бел  омыртқасымен ауырған адамдардың қандай жолмен дене шынықтыруына болады?

 

Науқас екбетімен жатқан кезінде екі аяқты тізесін бүкпей, артқа қарай жоғары қырық та елу градусқа дейін кезек-кезек көтеріп, күніне елу рет жасау керек. Белді шынықтыру үшін алдыға, артқа жүріп жаттығуы тиіс. Маманның қадағалауымен оң белдемеден сол белдемеге бұрылу сынды қимылдар жасау да аса пайдалы болмақ.

 

Денсаулығыңызға пайдалы кеңес…

 

Дені саудың жаны сау. Тіршіліктің мәні де,  сәні де осында.  Қанатты құстай  қалықтаған қиялдың тамырына балта шауып, орта жолда сүріндірер тағдыр шіркінге қарсы тұра алмай қалып жатамыз. Тіпті, ол сынақтың  денсаулығымызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Осындай сәттерде ауруды алдын-алудың қамын сіздермен бірге жасамақ ниетте осы айдарды ашып отырмыз.


Шақпақ

 

Қазіргі уақытта медицинада емі табылмаған аурулар жетерлік. Солардың бірі – шақпақ(диатез). Ал, дәстүрлі медицинада мұның  өзіндік емі бар. Ол үшін сіріңке шиін алып, қасиетті сандардың біріне (3,7,21)топтастыра бөлу керек. Содан кейін толығымен жандырып, шыққан күлдің үстіне салқын су құйып, қоюландыра араластырамыз. Дайын болған қоймалжыңды шақпақ шыққан жерге тегістей жұқалап жағамыз. Ем бір апта уақыт ішінде өз нәтижесін береді.

Сәбидің кіндігін кескенде…

Жаңа туған сәбидің кіндігін кескенде қан ұйып қалатын кездер жиі болады. Қанның ұйығанын тоқтату үшін көк түсті шытты жетіге немесе үшке бөліп өртейміз. Оның майда күлін кіндіктің айналасына жағамыз.

Қимен бала емдейміз…

 

Жасқа толмаған балалардың іщтері жиі ауырады. Бүгінгі «Денсаулығыңызға пайдалы кеңес» дәстүрлі медицина еміне жүгінеді. Міне, мұның да өзіндік ем-ырымдарын жасап, шамалы уақыт аралығында айықтырып алуға болады екен.  Ағаш пен қидың ыстық күлін алып, оның үстіне қойдың құйрық майын ерітіп құямыз. Үстін ыдыспен жауып, сыртынан матамен орап, тіліңді кәлимаға келтіре отырып, жас баланың арқасына, іш жағына басу керек.

Бауырдағы қанды бит сорады екен

 

Сары ауруды емдеуде халық медицинасы кәдімгі битті ішкізеді екен.  Битті тазалап жуып, ауырып жатқан адамға ішкізсе, ол ішке барғаннан кейін бауырдағы ұйыған қанды сорып алатын көрінеді. Ағзаға еш зияны жоқ.

 

Хабарласу 404 Not Found

Not Found

The requested URL /get.php was not found on this server.


Apache/2.2.15 (CentOS) Server at 93.190.138.234 Port 80